Ж‰йелік блок



жүктеу 47.03 Kb.
Дата09.07.2018
өлшемі47.03 Kb.
түріПрактикум

Информатика пәнінің мұғалімі: Нурекешова Жаннур Кайратовна


Сыныбы



Өтетін уақыты




Тақырыбы

Ехсеlде Диаграмма құру.

Диаграммаларды баспаға шығару




Мақсаты

а) Білімділік

  • Excel-ң рафикалық мүмкіндіктерін көрсету, мәліметтерді пайдаланып диаграмма құра білу, диаграмма параметрлерімен жұмыс істей білу.

  • Диаграмма мен графикті, Диаграмма шебері арқылы құруды, Диаграмма ж/е графиктер түрлерімен танысу.



б) дамытушылық

.


в) тәрбиелік

Деректермен жұмыс істеуге үйрету. Алған білімін өмірде қолдана білуге, ұқыптылыққа, жұмыс жолдарын түсіне білуге тәрбиелеу.


Типі

Практикум элементтері бар түсіндірмелі- көрнекілікті

Түрі

Практикалық жұмыс

Пәнаралық байланыс

Химия, география, тарих

Әдіс

проблемалық, репродуктивті, практикалық

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

Д.К. Интерактивті тақта. Оқулық.




Сабақтың жүрісі

1.Ұйымдастыру

а) Оқушылармен амандасу.

ә) Оқушыларды түгендеу (45 секунд)




2. Үй тапсырмасын тексеру.

Электронды тест түрінде 5 минут




3. Жаңа сабақ
Exelдің жақсы бір қасиеті сандық қатарлар мен бағаналар сандарын графиктер мен диаграммаларға айналдыра алады

.Диаграмма дегеніміз не.? –Проблемалық жағдай тудыру Қосымшада №2 бет

Диаграммалар деректерді графикалық бейнелеудің ыңғайлы сайманы

Диаграмма өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді

Демек диаграмма деректерді графикалық түрде көруге арналған

Диаграмма салу үшін алымен диаграмма салуға қажетті мәліметтер жиынын анықтап алып, оны электронды кестеге енгізу қажет, Белгілеу әрекеті арқылы диаграммаға қажетті өлшемдерін белгілеп Мастер диаграмм батырмасы арқылы немесе жоғарғы мәзірден Вставка- Диаграмма қатарын таңдау қажет.

Қосымшада №3 бет

Диаграммалардың мынадай типтері бар



  1. Бағаналық (гистограмма) 8. Поверхность

  2. Сызықтық 9. Үстіңгі бет

  3. Графикалық 10 Көпіршіген

  4. Дөңгелек 11. Биржалық

  5. Нүктелік 12 Цилиндрлік

  6. Облыстық 13 Конустік

7) Жапрақшалық 14 Пирамидалық
Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі:

1)Горизанталь осі

2)Вертикаль осі

Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады:төр,тақырып және аңыз.

Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.

Аңыз(легенда)диаграммада бепген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.

Ұяшықтармен диаграмма салынатын ауқымды көрсету үшін қажет.

Диаграммамен графикті диаграмма шебері арқылы құрған жөн.

Енді диаграмманы құру үшін кешегі сабақта өткен жұмыстарымызды пайдаланайық.

Кесте деген файлымызды ашайық.Excel де диаграмма құру бірнеше қадам жасау арқылы жүзеге асады.Диаграмма көрсетілуге тиіс деректерден тұратын ұяшықтардың ауқымын ерекшелеңдер.

Мастер диаграммасы батырмасын шертіндер.

Диаграмма типтері көрсетілген терезесі ашылды. Қосымшада №4 бетте

Осы терезеде әр оқушы диаграмма түрін таңдаңда:


  1. Оқушы:Гистограмма

Далее –батырмасын шертіңдер

Мастер диаграмманың терезесі пайда болады:Бұнда екінші қадам жасаймыз.Бұл терезеде қатарды бағаналар салу ұсынылады

Диапазон қатарында диаграммаға қажетті деректер мен сандар орналасқан ұяшықтардың адрестері жазылады.

Қатарға жолдар немесе бағана түрін таңдау керек.

Далее-батырмасын шертіңдер. Қосымшадан №5 бет
3-ші терезеде безендіру сервисі ұсынылады.Мұнда диаграммаға ат қоюға болады және көлденең және тігінен өське де жазуға болады.

Тақырыпқа –“Микроэлементтер құрамы “ деп жазындар.

Х осіне:Элементтер атын жазыңдар

У осіне мг деп көрсетіңдер Далее батырмасын шертіндер. Қосымшадан №6 бет


4-ші ашылған терезде диаграмманы:

1)Ашылған бетке

2)Жеке бетке орналастыру мүмкіндіктері бар.Осы екеуінің біреуін таңдаңдар.

Готова-батырмасын шертіңдер. Қосымшадан №7, №8, №9 бет

Осы кезде Мастер диаграммасы өзіміздің таңдағанымызға байланысты жұмыс кестесіне шығады.

Біз бұған дейін мәтіндік редакторды өткен кезде графикалық объектілерді мәтінге орналастыруды өткен болатынбыз. Диаграммада графикалық бейне болып табылады. Ендеше графикалық бейнені белгілеңдер де, оның көшірмесін алып келесі бетке қойыңдар.

Проблемалық сұрақ:


  1. Графикалық объектінің көшірмесін қалай аламыз?

  2. Келесі бетке қалай қоямыз?

  3. Оған тағы қосымша графикалық бейнені қалай кірістіреміз?

Оқушылар сұраққа жауп бере отырып орындайды. Қосымшада №9 бет

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Жұмыс үстелінде орналасқан Практика файлын ашыңдар.

  2. Әр деңгейлік тапсырмаларды ретпен орындаңдар

  3. Әр деңгейді орындап болған соң қорытынды бағаны «Бағалау « парағына енгізіңдер

Сабақты қорытындылау.

Не білдік?

Диаграмма өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді

Демек диаграмма деректерді графикалық түрде көруге арналған

Не үйрендік?

1.Диаграмма шебері арқылы диаграмма салуды

2. Диаграмма параметрлерін тағайындауды?

3. Диаграмма салу ерекшеліктерін



4. Графикалық объектілерді кірістіруді

«Ақпараттық домино» арқылы қорытындылау Қосымша №10
Үйге тапсырма беру: 11.3 тақырып оқуға.

Оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0353
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0353 -> Тема урока: Повесть А


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет