Монополиялық тексеру жұмыстарына авиациялық жанармайды сақтауға арналған цистерналарды жалға беру қызметіне жоғары баға қоюы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сңлтеме жасап хабарлайды. 

Фото: instagram.com/aktau_airport_official

Маңғыстау облысындағы бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті "Ақтау халықаралық әуежайына" қатысты тергеуді қайта бастады. 

“Авиаотынды сақтау ерекше тауар нарығына жатады. Әуежайда қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, авиакомпаниялар тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін авиациялық отынның сақталуын әуежайдың өзі қамтамасыз етуі керек. Алайда оның орнына әуежай заңнамада көзделген тікелей міндеттемесінен өзін-өзі шеттетіп, резервуарды тиісті тауар нарығындағы ең жоғары бағамен авиакомпанияларға жалға берген”, – делінген хабарламада. 

Алайда әуежай монополияға қарсы ведомствоның уәжімен келіспейтінін мәлімдеді.

“Әуежай монополияға қарсы органның тексеру жүргізу туралы бұйрығын заңсыз деп тану және күшін жою жөнінде сотқа талап арыз түсірген. Ұзаққа созылған (1 жыл 3 ай) сот нәтижесінде Жоғарғы соттың қаулысымен талапкердің шағымы қанағаттандырылмады”, – деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.