Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Сағындық Тоғамбай Әзірбайжанда өтіп жатқан турнирдің алтын жүлдесі үшін жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Олимпиада комитеті

Сағындық Тоғамбай Баку қаласында өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” турнирінің ақтық сынына шықты. 92 келі салмақта сынға түскен спортшы жартылай финалда ресейлік Рамазан Ханалиевпен жұдырықтасып, үш раунд бойы қарсыласты қыспаққа алып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңіске жетті. Енді отандасымыз финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері, Әзірбайжанның намысын қорғайтын кубалық  Лорен Альфонсо Домингеспен жекпе-жекке шығады. 

  • Қазақстан боксшылары халықаралық турнирде 6 алтын жеңіп алды
  • Әлем чемпиондары олимпиада ойындарына барады

Айта кетейік, бұған дейін олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржановтың алғашқы айналымында ұтылып қалғанын жаздық.  


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.