Жұмыс бағдарламасы «Әлеуметтік экономикалық жоспарлау»



жүктеу 0.7 Mb.
бет7/8
Дата29.08.2018
өлшемі0.7 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

БАРЛЫҒЫ


-

4

2

117


3.2 Теоретикалық курстың мазмұны
3.2.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау теориясының пәні

Әлеуметтік нарықтық шаруашылық мемлекеттік реттеудің жэне сонымен қатар элеуметтік-экономикалық болжамдаудың жэне жоспарлаудың объектісі болып табылады.Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудегі мемлекеттің рөлі. Экономиканы мемлекеттік басқарудың түрлері. Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау мемлекеттік басқарудың бір формасы ретінде. Нарық жағдайындағы элеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлаудың объективті қажеттілігі және мүмкіндігі. Жоспаралаудың түсінігі. Болжау мен жоспарлаудың арақатынасы. Жоспарлау деңгейлері. Жоспарлаудың пәні. Жоспарлаудың объектісі мен субъектісі.

Жоспарлау ғылымының қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдармен байланысы. Міндеттер мен курстың құрылымы.
2- тақырып Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі

Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау жүйесінің жалпы сипаттамасы. Жоспаралды, жоспарлы, және есептік құжаттар. Жоспаралды зерттеулер мен өңдеулер. ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті және стратегиялық жоспарларының негізгі бөлімі мен кескіндерінің, сонымен қатар фирмалардың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының жалпы сипаттамасы.


3-тақырып Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемесі

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың методологиялық жүйесінің қүрылымдық элементтері. Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлаудың логикасы, оның мазмүны. Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлауға жүйелі түрде келудің маңыздылығы. Жоспарлаудың әдістемелік принциптері мен сипаттамалары. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудағы көрсеткіш түсінігі және олардың классификациясы. Болжау мен жоспарлауды өңдеу әдістері туралы түсінік. Жоспарлы жобалау мен есептеудің жұмыс қабылдауы. Жоспарлау мен болжаудың ірілеген әдістері, толық есептеу әдістері. Факторлар бойынша жоспарлы есептеудің әдісі. Экстрапроляция. Мақсаттық-бағдарламалық әдіс. Нормативті әдіс: технико-экономикалық, экономикалық, әлеуметтік нормалалар мен нормативтер. Варианттылық жақындаулар әдісі. Жоспарлаудың баланстық әдісі. Материалдық, еңбектік, қаржылық және әлеметтік баланстар. Критикалық жол әдісі. Жоспарлаудың оптимизациялық әдістері. Формалды емес оптимизация әдістері. Экономика математикалық әдістер.


4-тақырып Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрылымы

Болжамдау мен жоспарлауды ұйымдастыру жасау әдістері туралы түсінік. Аналитикалық және жоспарлы әдістер. Жоспарлы органдар жүйесі. ҚР-ң экономика жэне бюджетті жоспарлау министірлігі, оның қүрылымы жән негізгі функциялары. Жоспарлаудың салалық және аймақтық органдары. Жоспарлаудың жергілікті (фирма ішілік) органдары. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау технологиясы. Мемлекеттік жоспарларды бекіту мен өңдеудің кезеңдері мен жүйелілігі. Жоспарлы іс-шаралар мен көрсеткіштерді орындаушыға жеткізу. Мемлекеттік жоспардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.


5-тақырып Шет елдегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

Дамыған мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесінің зерттелуінің маңыздылығы. Шет елдегі макрожоспарлау теориясының қалыптасуы. Постиндустриялды қоғамда әлеуметтік жэне экономикалық институттарды рационалды жоспарлау.АҚШ-тағы экономикалық жэне элеуметтік реттеу тәжірибесі: экономикалық -математикалық модельдеу мен болжамдау, перспективті баланстар, бюджеттеу.АҚШ-тағы фирма ішіндегі жоспарлау тәжірибесі. Франциядағы элеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесі. Франциядағы үлттық жоспарлауды жетілдіру бағыттары. Жапониядағы әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесі. ҚХР-ның элеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретіндегі жоспарлы жэне нарықтық реттеудуң өзара байланысы.


6-тақырып Стратегиялық жоспарлаудың әдістемелік негіздері

Стартегиялық жоспарлаудың пайда болуы. Шет елдегі негізгі стратегиялардың мектептері. Стратегия туралы түсінік. Базалық және функционалдық стратегиялар.Стратегиялық балама. Стратегияны жүзеге асыру кезеңі ретінде стратегиялық жоспарлау және стратегиялық басқару. Аймақтық стратегиялық жоспарлардың тиімділігін анықтау Кәсіпорынның стратегиялық жоспарының тиімділігінің көрсеткіштері.


7-тақырып Стратегиялық жоспарлардың тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздері

Стратегиялық жоспарлаудың мәні және негізгі мақсаты.Басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтаудың негізгі қадамдары. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің тиімді қызмет етуінің негізгі факторлары.Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың тиімділігін бағалаудың критерилері.Стратегиялық жоспарлардың жүзеге асыру тиімділігінің интегралдық көрсеткіштері. Кәсіпорынның стратегиялық жоспарының тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер


8-тақырып Қоғамның әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарлау

Мемлекеттің әлеуметтк саясаты қоғамның әлеуметтік проблемаларын реттеудің басты құралы. Қоғамның әлеуметтік саясатын әзірлеудің негізгі принциптері.

Халықтың өмір сүру деңгейін стратегиялық жоспарлау. «Халықтың әл-ауқаттылығы» категориясының мазмұны және оның «өмір сүру деңгейі», «өмір сүру жағдайы», «өмір сүру сапасы» сияқты түсініктермен байланысты. Өмір сүру деңгейін болжауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.

Халықтың кірісінің негізгі түрлері және оларды есептеудің әдістемесі. Халықтың кірістері меншығындарының баланстық схемасы. Халықтың күн көру минимун есептеудің әдістері. Кедейшілік проблемасы және оны жоспар негізінде шешудің мүмкіндіктері.


9-тақырып Ғылыми-техникалық прогресті стратегиялық жоспарлау

Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) қоғамдық –экономикалық заңдылық ретінде және оның маңыздылығы. ҒТП-ның мерзімделуі. Нарықтық экономикада зерттеу және өңдеу жүйесін құрудағы негізгі модельдер. Дамыған мемлекеттердің ғылыми-техникалық саясаттарының маңызды факторлары: өндіріс компанияларының жоғары инновациялық белсенділігі, бәсекеге қабілетті фирмалардың болуы, елдердің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті дәрежеге бағытталуы; экономикалық өмірдің аса маңызды аймақтарын мемлекеттік реттеу.

Қазақстан экономикасының құрылымдық ерекшеліктері және елдің индустриалды-инновациялық дамуын жеделдетудің объективті қажеттілігі. Қазақстаннның қазіргі мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаты және негізгі басымдылықтары.

ҒТП-ы стратегиялық жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштердің жүйесі. ҒТП-ы сипаттайтын көрсеткіштерге қойылатын талаптар.

ҒТП-ы басқару әдістреі. Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға дейінгі стартегиясы. Маңызды ғылыми-техникалық проблемаларды шешудің мақсаттық бағдарламалары және оларды әзірлейтін негізгі кезеңдер.
10-тақырып Ұлттық экономиканың құрылымын, пропорциясын және қарқынын стратегиялық жоспарлау

Қоғамның экономикалық потенциалының түсінігі. Нарықтық экономика жағдайында қоғамның экономикалық потенциалын қолдаудың тиімділігін арттыру және негізгі аспектілері. Экономикадағы пропорцияның түрлері:жалпы экономикалық; салааралық; ішкі салалық; ішкі өндірістік. Пропорциялардың жиынтығы ретінде экономикалық құрылым туралы түсінік. Экономика құрылымының түрлері: өндірістік, әлеуметтік, салалық, аймақтық.

Біртектілік дәрежесіне қарайтиімділікті көрсетудің тобы: тиімділіктің қорытынды көрсеткіштері; еңбек тиімділігінің көрсеткіштері; өндірістік қорлар мен капитал енгізулердің тиімділік көрсеткіштері; материалды ресурстар тиімділігі көрсеткіштері. Жаңа техниканың тиімділік көрсеткіштері; сыртқы экономикалық байланыстрадың тиімділік көрсеткіштері.

Шумптердің экономиканы циклдық жаңарту теориясы. Н. Кондратьевтің, П Милюковтің, М. Туган-Барановскийдің экономиканың өзгеруінің циклдылығы туралы ілімдері.

ҚР экономикасының қазіргі даму кезеңіндегі құрылымы және негізгі тенденциялары. Экономикалық ілгерілеу туралы түсінік. Экономикалық ілерілеуді болжаудың әдістері; экономикалық-математикалық әдістер (өндірістік функциялардың моделі, әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу т.б.) баланстық әдістер, ұлттық есеп жүйесін пайдалану (ҰЕП).
11-тақырып Аймақтық дәрежеде стратегиялық жоспарлау

Аймақтық стратегиялық жоспар туралы түсінік. Аймақтық стратегиялық жоспарды әзірлеудің негізгі қағидалары. Аймақтық стратегиялық жоспардың құрылымы:аймақтың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына баға беру, аймақтың жоспраланған кезеңдегі миссиясы мен дамуының басты мақсаты, экономикалық дамуы, әлеуметтік даму, күтілетін нәтижелер. Стратегиялық міндеттерді орындауда SWOT – талдауды қолдану. SWOT- талдауды жүргізудің кезектілігі.

SWOT-талдаудың негізгі нәтижелері.
12-тақырып Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы орта мерзімді жоспарлаудың рөлі

Индикативтік жоспарлаудың мәні. Индикативтік жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі. Индикативтік жоспарлаудың қызметтері. Индикативтік жоспарлаудың эволюциясы.

Қазақстанда орта мерзімді жоспра туралы түсінік, оның жүйесі және құрамы. Орта мерзімді жоспардың индикативтік сипаты. Орта мерзімді және бюджеттік жоспарлардың өзара байланысы.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде орта мерзімді жоспардың орны.

Стратегиялық жоспарлар, ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы; ҚР Үкіметінің Бағдарламасы орта мерзімді жоспарларды әзірлеудің негізі ретінде.
13-тақырып ҚР тұрақты дамуға көшу Концепциясын жүзеге асырудағы индикативтік жоспарлау негізгі құрал ретінде

Елдің тұрақты дамуы туралы түсінік. Елдің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму векторлары ажырамас бір тұтас ретінде. Елдің стратегиялық мақсатты табысты жүзеге асырудағы ҚР-ң тұрақты дамуға көшу Концепциясының маңыздылығы. Концепцияда белгіленген мақсаттық параметрлері жалпы елдің , салалардың , аймақтардың және экономика субъектілері дамуының индикативтік жоспарлаудың негізі ретінде. Елдің тұрақты дамуға көшудің ұзақ, орта, және қысқа мерзімді жоспарлары.



14-тақырып ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары

Республикалық орта мерзімді жоспардың негізгі бөлімдері. Республикалық орта мерзімді жоспарды әзірлеудің негізгі кезеңдері және бекіту тәртібі. Республикалық орта мерзімді жоспарды жүзеге асыруды бақылау.


15-тақырып Облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарлары

Аймақтық саясаттың мақсаты мен міндеттері. Аймақтық саясаттың негізгі бағыттары мен басымдылықтары. Аймақтық саясатты іске асырудың механизмдері мен құралдары.

Облыстардың орта мерзімді жоспардың негізгі бөлімдері.

Облыстардың орта мерзімді жоспарын бекіту және әзірлеу тәртібі. Орта мерзімді жоспардың іскет асуын бақылау.



16-тақырып Бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларының құрамдас бөлігі ретінде

Орта мерзімді жоспарлардың құрамындағы бағдарламалар туралы түсінік. Статусы (мәртебесі) және маңыздылығы бойынша бағдарламалардың жіктелуі; жүргізілу мерзімі бойынша; мәселелер бойынша. Бағдарламалардың иерархиясы. Аймақтық, салалық және мемлекеттік бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптар. Бағдарламаның негізгі бөлімдері.


17-тақырып Бағдарламалардың әзірлеу, бекіту, іске асыру, мониторингті жасау және бағалау тәртібі

Бағдарламаларды әзірлеудің және бекітудің негізгі кезендері. Бағдарламаны іске асыру туралы іс-шараның жоспары. Бағдарламалардың орындалуын және орындалуды бақылаудың негізгі кезеңдері.


18-тақырып Ұлттық компаниялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау

Экономика субъектісі ретінде ұлттық компаниялардың маңызы және рөлі.Ұлттық компаниялардың дамуын жоспарының негізгі бөлімдері, бөлімдердің құрылымы және негізгі көрсеткіштері. Ұлттық компаниялар жоспарын талдаудың жэне бекітудің тәртібі.


19-тақырып Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде

Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді әзірлеудің негізгі мазмұны мен кезеңдері, республикалық және жергілікті бюджеттердің жобасын әзірлеу үшін негізгі көрсеткіштермен басымдылықтарды анықтау; жергілікті бюджеттердің жобасын мақылдау.


20-тақырып Кәсіпорындардың қызметін жоспарлау

Жоспарлау кәсіпорында менеджменттің алғашқы және маңызды кезеңі ретінде. Кәсіпорындағы жоспарлық қызметтің сипаты мен мәні.Ішкіфирмалық жоспарлаудың түрлері. Кәсіпорындағы стратегиялық және оперативті жоспарлау. Стратегия түсінігі жэне фирма практикасы.Фирманың тактикасы мен стратегиясының түсінігі. Экономикалық құрылымдағы жоспарлау процесі. Ұйымдағы жоспарлау қызметінің сатылары мен кезеңдері. Жоспарлар жүйесі және оның элементтері.


21-тақырып Кәсіпорынның даму бағыттарын анықтау

Кәсіпорынның қызметінің бағытын анықтаудағы ішкі және сыртқы ортаны талдаудың ролі. Кәсіпорын қызметінің ориентирін анықтауда ішкі және сыртқы ортаны талдаудың ролі. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының элементтері. Кәсіпорын ортасының сын нүктесін анықтау. Фирманың көрініс концепциясы. Фирма миссиясы. Фирма мақсаттарының типі.


22-тақырып Ұйымдағы стратегиялық пен бәсекелестік талдау және стратегияны қалыптастыру

Стратегиялық талдаудың құралдары және кезеңдері.Айырылуды талдау. Шығындар динамикасы ментәжірибе қисығын талдау. Өнімнің өмірлік циклі «моделі негізіндегі нарық динамикасын талдау. «Өнім-нарық» моделі. Стратегияларды талдаудың портфельдік моделі. «Мак-Кинси» көп факторлы матрицасы. «Мак-Кинси «7С» моделі. ПИМС кешендік іскерлік анализі.

Бәсекелестік талдаудың мазмұны. Портер бойынша бәсекелестіктің бес күші және үш негізгі бәсекелі стратегиялар.

Стратегиялардың қалыптасуының процесі және оның кезеңдері. Стратегияның негізгі типтері: тұрақтылық, өсім, қысқартылуы.


23-тақырып Бизнес жоспарлау

Бизнес - жоспар кәсіпорынның стратегиялық жоспартының бөлігі ретінде. Бизнес - жоспардың жіктелуі. Бизнестің объектісі бойынша бизнес -жоспардың типологиясы. Бизнес - жоспардың негізгі бөлімдері. Бизнес -жоспарды әзірлеудің әдістемесі. Бизнес- жоспарды әзірлеудің кезеңдері.



3.2.2 Семинар сабақтарының мазмұны
1- семинар сабағы. Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудегі мемлекеттің рөлі

1 Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудегі мемлекеттің рөлі.

2 Экономиканы мемлекеттік басқарудың формалары.
2-семинар сабағы. ҚР әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі

1 Әлеуметтік-экономикалық болжамдау мен жоспарлаудағы жүйелік тәсілдің мәні.

2Жоспарлардың жүйесі
3-семинар сабағы. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемесі

1 Аналитикалық және жоспарлы әдістер.

2 Жоспарлау мен болжамдаудың ірілендірілген әдістері, бөлшектік есептеу әдістері. Факторлар бойынша жоспарлы есептеудің әдісі. Экстрапроляция.

3 Жоспарлаудың баланстық эдісі. Материалдық, еңбектік, қаржылық және әлеуметтік баланстар.


4- семинар сабағы. Қазақстанда болжамдау мен жоспарлауды ұйымдастыру

1 Жоспарлы органдар жүйесі.

2 ҚР-ң экономика жэне бюджетті жоспарлау министірлігі, оның қүрылымы жән негізгі функциялары.

3 Жоспарлаудың салалық және аймақтық органдары. Жоспарлаудың локальды (фирма ішілік) органдары.


5- семинар сабағы. Шет елдегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

1 АҚШ-тағы экономикалық жэне элеуметтік реттеу тәжірибсі: экономикалық -математикалық модельдеу мен болжамдау, перспективті баланстар, бюджеттеу.АҚШ-тағы фирма ішіндегі жоспарлау тәжірибесі.

2 Франциядағы элеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесі. Франциядағы үлттық жоспарлауды жетілдіру бағыттары.

3 Жапониядағы әлеуметтік-экономикалық жоспарлау тәжірибесі. ҚХР-ның элеуметтік-экономикалық дамуының негізі ретіндегі жоспарлы жэне нарықтық реттеудуң өзара байланысы.


6 – семинар сабағы Стратегиялық жоспарлардың тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздері

1 Стратегия туралы түсінік.

2 Стратегиялық балама.
7-семинар сабағы. Қазіргі әлеуметтік саясаттың стратегисы мен тактикасы

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты нарықтық шаруашылықтағы әлеуметтік процесстерді реттеудің маңызды құралы ретінде.

2 Президенттің Қазақстан халқына арналған «Қазақстан 2030» жолдауы. Ішкі күшті жақтардың және сырткы мүмкіндіктрдің анализі; әлсіз жақтардың және сыртқы қауіптердің анализі.

3 Ұзақ мерзімді жоспарлардағы Қазақстанның миссиясы. Ұзақ мерзімді приоритетті мақсаттар жэне іске асырылу стратегиясы. Елдің экономикасының дамуының қазіргі этапындағы ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге асырудың негізгі қорытындылыры.


8- семинар сабағы. Қазақстанның қазіргі мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаты және оның басымдылықтары

1 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғамның элеуметтік саясатын жасаудың негізгі принциптері.

2 Қазақстанның қазіргі кездегі әлуметтік саясатының стратегиясы мен практикасы: ұзақ мерзімді – 2030 ж. дейінгі, орта мерзімде -2010ж.дейін, қысқа мерзімде - Қазақстан халқының Президентінің жыл сайынғы жолдауы.

3 Қазақстан экономикасының құрылымдық ерекшеліктері және елдің индустриялды-инновациялық дамуын тездетудің объективті қажеттілігі. Қазақстанның қазіргі замангы мемлекеттік индустриялды-инновациялық саясаты жэне оның негізгі приоритеттері


9-семинар сабағы. Қазақстан экономикасының құрылымы және негізгі даму тенденциялары

1 Қазақстан дамуының қазіргі кездегі этапында экономиканың құрылымы жэне негізгі тенднциялары.

2 Экономикалық өсу түсінігі. Экономикалық өсудің тенденциялары мен болжамдары, факторлары, негізгі көрсеткіштері.

3 Халықтың тұрмыс деңгейін стратегиялық жоспарлау. «Халықтың хал-ахуалы» категориясының мазмұны және оның тұрмыс «тұрмыс шарттары», «тұрмыс деңгейі», «өмір сүру сапасы» түсініктерімен байланысы. Тұрмыс деңнейін болжауда пайдаланатын көрсткіштер жүйесі.


10- семинар сабағы. Аймақтық стратегиялық жоспарлау

1 Аймақтық стратегиялық жоспар түсінігі. Аймақтык стратегиялык жоспарларды жасаудың негізгі принциптері.

2 Аймақтық стратегиялық жоспарлар құрылымы: аймақтардың қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалык жағдайын бағалау, жоспарланатын периодтағы аймақтардың дамуының миссиясы және басты мақсаты, экономикалық даму, әлеуметтік даму, күтілетін нәтиежелер.
11- семинар сабағы. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі

1 Индикативті жоспарлау формасының эволюциясы.

2 Шет елдегі индикативті жоспарлаудың тәжірибесін Қазақстан экономикасында қолдану
12- семинар сабағы. Қазақстандағы орта мерзімдік әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

1 Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндгі индикативті жоспарлаудың орны. Стратегиялық жоспарлар.

2 Қазақстан халқына Президенттің жолдауы. Индикативті жоспарлар талдамасының негізі ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің багдарламасы.

3 Қазақстандағы индикативті жоспарлаудың жүйесі.


13- семинар сабағы. Индикативтік жоспарлау ҚР-ң тұрақты дамуға өту концепциясын іске асырудың негізгі құралы ретінде

1 Республикалық индикативті жоспардың негізгі бөлімдері:

2 Қазакстан Республикасының элеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы мен перспективалары жайлы баяндама.
14- семинар сабағы. Республикалық орта мерзімді жоспар

1 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің болжамы: іске асырылып жатқан және талданып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тізімі; ұлттық компаниялар дамуының негізгі бағыттары мен басты көрсеткіштерінің болжамы; элеуметтк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеушілері.

2 Республикалық индикативті жоспарлаудың құрылымы және басты көрсеткіштрінің тізімі.

3 Республикалық индикативті жоспар талдамасының қаланың) элеуметтік-экономикалық дамуының жағдайы мен перспективалары жайлы баяндама; облыстық (қаланың) элеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің болжамы; іске асырылып жатқан жэне талданып жатқан аймақтық бағдарламалардың тізімі, жергілікті инвестициялық жобалардың тізімі.


15- семинар сабағы. Облыстық орта мерзімді жоспар

1 Облыстық (қалалық) индикативті жоспарының құрылымы мен көрсеткіштерінің тізімі.



2 Облыстың индикативті жоспарын талдау мен бекітудің тәртібі. Индикативті жоспардың жүргізілуін бақылау.

3.3 Оқитындардың өздік жұмысы мазмұны
3.3.1 ОӨЖ мазмұны 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару » мамандығы бойынша оқу формасы күндізгі жалпы орта білім негізінде( оқуға түсу жылы 2006 ).




ОӨЖ түрлері

Есеп -беру нысаны

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатынасу

18

2

Практикалық сабаққа дайындалу, үй жұмысын, жеке тапсырмаларды орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатынасу

18

3

Аудиторлық сабақтардың мазмұнына кірмей қалған тақырыптарды қарастыру

Конспект

Коллоквиум

27

4

Бақылау шараларына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және басқалар)

27

Қорытынды







90


3.3.2 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару » мамандығы бойынша оқу формасы сырттай жоғары кәсіби білім негізінде ( оқуға түсу жылы 2008, 2009 ж.) ,сырттай жалпы орта білім негізінде( оқуға түсу жылы 2006 ).



ОӨЖ түрлері

Есеп -беру нысаны

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатынасу

23,4

2

Практикалық сабаққа дайындалу, үй жұмысын, жеке тапсырмаларды орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатынасу

23,4

3

Аудиторлық сабақтардың мазмұнына кірмей қалған тақырыптарды қарастыру

Конспект

Коллоквиум

35,1

4

Бақылау шараларына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және басқалар)

35,1

Қорытынды







117



3.4 Өздік зерделеу тақырыптары
1-тақырып Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау теориясының пәні

1 Әлеуметтік нарықтық шаруашылық мемлекеттік реттеудің жэне сонымен қатар элеуметтік-экономикалық болжамдаудың жэне жоспарлаудың объектісі болып табылады.

2 Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудегі мемлекеттің рөлі. Экономиканы мемлекеттік басқарудың түрлері.

3 Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау мемлекеттік басқарудың бір формасы ретінде.

Ұсынылған әдебиет: [4] 5 бет, [15] 11 бет.
2- тақырып Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі

1 Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау жүйесінің жалпы сипаттамасы.

2 Жоспаралды, жоспарлы, және есептік құжаттар. Жоспаралды зерттеулер мен өңдеулер.

Ұсынылған әдебиет: [14] 5 бет, [5] 14 бет.


3-тақырып Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың әдістемесі

1 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың методологиялық жүйесінің қүрылымдық элементтері.

2 Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлаудың логикасы, оның мазмүны.

3 Нормативті әдіс: технико-экономикалық, экономикалық, әлеуметтік нормалалар мен нормативтер. Варианттылық жақындаулар әдісі. Жоспарлаудың баланстық әдісі. Материалдық, еңбектік, қаржылық және әлеметтік баланстар. Критикалық жол әдісі. Жоспарлаудың оптимизациялық әдістері. Формалды емес оптимизация әдістері. Экономика математикалық әдістер.

Ұсынылған әдебиет: [17] 25 бет, [11] 11 бет.
4-тақырып Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрылымы

1 Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау технологиясы. Мемлекеттік жоспарларды бекіту мен өңдеудің кезеңдері мен жүйелілігі.

2 Жоспарлы іс-шаралар мен көрсеткіштерді орындаушыға жеткізу. Мемлекеттік жоспардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау.

Ұсынылған әдебиет: [10] 55 бет, [12] 45 бет.


5-тақырып Шет елдегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

1 Шет елдегі макрожоспарлау теориясының қалыптасуы. Постиндустриялды қоғамда әлеуметтік жэне экономикалық институттарды рационалды жоспарлау.

2 АҚШ-тағы экономикалық жэне элеуметтік реттеу тәжірибесі: экономикалық -математикалық модельдеу мен болжамдау, перспективті баланстар, бюджеттеу.

Ұсынылған әдебиет: [8] 85 бет, [9] 145 бет.


6-тақырып Стратегиялық жоспарлаудың әдістемелік негіздері

1 Базалық және функционалдық стратегиялар.Стратегиялық балама. Стратегияны жүзеге асыру кезеңі ретінде стратегиялық жоспарлау және стратегиялық басқару.

2 Аймақтық стратегиялық жоспарлардың тиімділігін анықтау Кәсіпорынның стратегиялық жоспарының тиімділігінің көрсеткіштері.

Ұсынылған әдебиет: [15] 77 бет, [9] 18 бет.


7-тақырып Стратегиялық жоспарлардың тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздері

1 Стратегиялық жоспарлаудың мәні және негізгі мақсаты.

2 Басқарушылық шешімдердің тиімділігін анықтаудың негізгі қадамдары. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің тиімді қызмет етуінің негізгі факторлары.

3 Стратегиялық жоспарлау мен басқарудың тиімділігін бағалаудың критерилері.

Ұсынылған әдебиет: [12]25 бет, [5] 54 бет.
8-тақырып Қоғамның әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарлау

1 Мемлекеттің әлеуметтк саясаты қоғамның әлеуметтік проблемаларын реттеудің басты құралы. Қоғамның әлеуметтік саясатын әзірлеудің негізгі принциптері.

2 Халықтың өмір сүру деңгейін стратегиялық жоспарлау. «Халықтың әл-ауқаттылығы» категориясының мазмұны және оның «өмір сүру деңгейі», «өмір сүру жағдайы», «өмір сүру сапасы» сияқты түсініктермен байланысты. Өмір сүру деңгейін болжауда қолданылатын көрсеткіштер жүйесі.

3 Халықтың кірістері мен шығындарының баланстық схемасы. Халықтың күн көру минимун есептеудің әдістері.

4 Кедейшілік проблемасы және оны жоспар негізінде шешудің мүмкіндіктері.

Ұсынылған әдебиет: [12] 155 бет, [16] 78 бет.


9-тақырып Ғылыми-техникалық прогресті стратегиялық жоспарлау

1 Дамыған мемлекеттердің ғылыми-техникалық саясаттарының маңызды факторлары: өндіріс компанияларының жоғары инновациялық белсенділігі, бәсекеге қабілетті фирмалардың болуы, елдердің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті дәрежеге бағытталуы; экономикалық өмірдің аса маңызды аймақтарын мемлекеттік реттеу.

2 ҒТП-ы стратегиялық жоспарлауда қолданылатын көрсеткіштердің жүйесі. ҒТП-ы сипаттайтын көрсеткіштерге қойылатын талаптар.

Ұсынылған әдебиет: [5] 77 бет, [16] 49 бет.



10-тақырып Ұлттық экономиканың құрылымын, пропорциясын және қарқынын стратегиялық жоспарлау

1 Экономикадағы пропорцияның түрлері:жалпы экономикалық; салааралық; ішкі салалық; ішкі өндірістік. Пропорциялардың жиынтығы ретінде экономикалық құрылым туралы түсінік.

2 Экономика құрылымының түрлері: өндірістік, әлеуметтік, салалық, аймақтық.

3 ҚР экономикасының қазіргі даму кезеңіндегі құрылымы және негізгі тенденциялары.

4 Экономикалық ілгерілеу туралы түсінік.

Ұсынылған әдебиет: [2] 25 бет, [14] 77 бет.


11-тақырып Аймақтық дәрежеде стратегиялық жоспарлау

1 Аймақтық стратегиялық жоспарды әзірлеудің негізгі қағидалары.

2 Стратегиялық міндеттерді орындауда SWOT – талдауды қолдану.

Ұсынылған әдебиет: [5] 89 бет, [15] 14 бет.


12-тақырып Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы орта мерзімді жоспарлаудың рөлі

1 Индикативтік жоспарлаудың қызметтері.

2 Индикативтік жоспарлаудың эволюциясы.

3 Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде орта мерзімді жоспардың орны.

Ұсынылған әдебиет: [11] 46 бет, [10] 15 бет.
13-тақырып ҚР тұрақты дамуға көшу Концепциясын жүзеге асырудағы индикативтік жоспарлау негізгі құрал ретінде

1 Елдің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму векторлары ажырамас бір тұтас ретінде.

2 Елдің стратегиялық мақсатты табысты жүзеге асырудағы ҚР-ң тұрақты дамуға көшу Концепциясының маңыздылығы

Ұсынылған әдебиет: [4] 85 бет, [10] 121 бет.


14-тақырып ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары

1 Республикалық орта мерзімді жоспардың негізгі бөлімдері. Республикалық орта мерзімді жоспарды әзірлеудің негізгі кезеңдері және бекіту тәртібі.

2 Республикалық орта мерзімді жоспарды жүзеге асыруды бақылау.

Ұсынылған әдебиет: [1] 5 бет, [10] 18 бет.


15-тақырып Облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарлары

1 Аймақтық саясатты іске асырудың механизмдері мен құралдары.

2 Облыстардың орта мерзімді жоспарын бекіту және әзірлеу тәртібі. Орта мерзімді жоспардың іскет асуын бақылау.

Ұсынылған әдебиет: [7] 25 бет, [2] 58 бет.


16-тақырып Бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларының құрамдас бөлігі ретінде

1 Орта мерзімді жоспарлардың құрамындағы бағдарламалар туралы түсінік.

2 Статусы (мәртебесі) және маңыздылығы бойынша бағдарламалардың жіктелуі; жүргізілу мерзімі бойынша; мәселелер бойынша. Бағдарламалардың иерархиясы.

Ұсынылған әдебиет: [7] 75 бет, [12] 154 бет.


17-тақырып Бағдарламалардың әзірлеу, бекіту, іске асыру, мониторингті жасау және бағалау тәртібі

1 Бағдарламаларды әзірлеудің және бекітудің негізгі кезендері. Бағдарламаны іске асыру туралы іс-шараның жоспары.

2 Бағдарламалардың орындалуын және орындалуды бақылаудың негізгі кезеңдері.

Ұсынылған әдебиет: [9] 19 бет, [15] 147 бет.


18-тақырып Ұлттық компаниялардың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау

1 Экономика субъектісі ретінде ұлттық компаниялардың маңызы және рөлі.Ұлттық компаниялардың дамуын жоспарының негізгі бөлімдері, бөлімдердің құрылымы және негізгі көрсеткіштері.

2 Ұлттық компаниялар жоспарын талдаудың жэне бекітудің тәртібі.

Ұсынылған әдебиет: [7] 56 бет, [11] 17 бет.


19-тақырып Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде

1 Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді әзірлеудің негізгі мазмұны мен кезеңдері, республикалық және жергілікті бюджеттердің жобасын әзірлеу үшін негізгі көрсеткіштермен басымдылықтарды анықтау.

2 Жергілікті бюджеттердің жобасын мақылдау.

Ұсынылған әдебиет: [14] 15 бет, [12] 98 бет.


20-тақырып Кәсіпорындардың қызметін жоспарлау

1 Кәсіпорындағы жоспарлық қызметтің сипаты мен мәні.Ішкіфирмалық жоспарлаудың түрлері.

2 Кәсіпорындағы стратегиялық және оперативті жоспарлау.

3 Ұйымдағы жоспарлау қызметінің сатылары мен кезеңдері. Жоспарлар жүйесі және оның элементтері.

Ұсынылған әдебиет: [4] 75 бет, [8] 87 бет.
21-тақырып Кәсіпорынның даму бағыттарын анықтау

1 Кәсіпорынның қызметінің бағытын анықтаудағы ішкі және сыртқы ортаны талдаудың ролі.

2 Кәсіпорын қызметінің ориентирін анықтауда ішкі және сыртқы ортаны талдаудың ролі.

3 Фирманың көрініс концепциясы. Фирма миссиясы. Фирма мақсаттарының типі.

Ұсынылған әдебиет: [7] 46 бет, [8] 53 бет.
22-тақырып Ұйымдағы стратегиялық пен бәсекелестік талдау және стратегияны қалыптастыру

1 Өнімнің өмірлік циклі «моделі негізіндегі нарық динамикасын талдау. «Өнім-нарық» моделі.

2 Бәсекелестік талдаудың мазмұны. Портер бойынша бәсекелестіктің бес күші және үш негізгі бәсекелі стратегиялар.

3 Стратегиялардың қалыптасуының процесі және оның кезеңдері. Стратегияның негізгі типтері: тұрақтылық, өсім, қысқартылуы.

Ұсынылған әдебиет: [5] 35 бет, [10] 101 бет.
23-тақырып Бизнес жоспарлау

1 Бизнес - жоспар кәсіпорынның стратегиялық жоспартының бөлігі ретінде. Бизнес - жоспардың жіктелуі.

2 Бизнестің объектісі бойынша бизнес -жоспардың типологиясы. Бизнес - жоспардың негізгі бөлімдері.

3 Бизнес -жоспарды әзірлеудің әдістемесі. Бизнес- жоспарды әзірлеудің кезеңдері.

Ұсынылған әдебиет: [1] 65 бет, [5] 13 бет.

3.5 Бақылау жұмыстар тақырыптарының тізбесі
1 Әлеуметтік нарықтық шаруашылық мемлекеттік реттеудің және сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық болжамдаудың және жоспарлаудың объектісі болып табылады.

2 Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудегі мемлекеттің рөлі.

3 Экономиканы мемлекеттік басқарудың формалары.

4 Нарық жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық болжамдау мен жоспарлаудың объективті қажеттілігі және мүмкіндігі.

5 Болжамдау мен жоспарлаудың арақатынасы және жоспарлау деңгейлері.

6 Жоспарлау ғылымының қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдармен байланысы.

7 Жоспарлы экономиканың концепциясы және оны жүзеге асырудың алғашкы қадамдары.

8 Жалпы мемлекеттік жоспарлаудың әлеуметтік-экономикалык алғышарттарын қалыптастыру.

9 ГОЭЛРО жоспары: оның әлеуметтік-экономикалық мәні, мазмұны және құрылу логикасы.

10 КСРО мемлекеттік жоспарларының ұйымдастырылуы.

11 Жоспарлау проблемаларына арналған 20 ж.

12 Алғашқы бесжылдық жоспарлары, және олардың әлеуметтік-экономикалық жоспарлау методикасы мен методологиясының құрылуындағы рөлі.

13 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мемлекеттік жоспарлардың спецификасы.

14 Қазақстан дамуының қазіргі кездегі этапында экономиканың құрылымы және негізгі тенденциялары.

15 Экономикалық өсудің тенденциялары мен болжамдары, факторлары, негізгі көрсеткіштері.

16 Экономикалық өсуді болжамдау әдістері.: экономикалық-математикалық әдістер (өндірістік функциялардың модельдері, элеуметтік-экономикалық процесстерді модельдеу жэне т.б.) баланстық әдістер, ұлттық есеп жүйесін пайдалану (ҮЕЖ) және т.б.

17 Индикативті жоспарлаудың мәні.

18 Индикативті жоспарлау формасының эволюциясы.

19 Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндгі индикативті жоспарлаудың орны.

20 Қазақстандағы индикативті жоспарлаудың жүйесі.

21 Кәсіпорында жоспарлау менеджменттің ең бірінші және неғұрлым маңызды кезеңі ретінде.

22 Кәсіпорындағы жоспарлы қызметтің сипаты мен мазмұны.

23 Экономикалық ұйымдағы жоспарлау процесі.

24 Жоспарлар жүйесі және оның элементтері.

25 Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдаудың рөлі.

26 Ұйымның ішкі және сыртқы ортаның элементтері.

27 Фирманың болашақ концепциясы.

Оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру

Негізгі:

1 Н.А. Назарбаев. 06 основных направлениях внутренней и внешней политики на 2003 год. Послание Президента народу Казахстана / Казахстанская правда, №95-96,30 апреля 2002г.

2 Н.А.Назарбаев. Стратегия созидания -Вечерняя Алматы, №84 от 25 октября 2002г.

3 Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030.Послание Президента страны народу Казахстана. Алматы, «Білім», 1997;

4 Акофф Р. Планирование в болыних экономических системах. - М., 1972.

5 Акофф Р. Планирование будущего корпораций. М., Прогресс, 1985;

6 Акофф Р. Стратегическое управление. /Сокр. Перев. С анг. М., Экономика, 1989;

7 Аблаев И.М. Индикативное планирование за рубежом: сущность, функции и методический инструментарий.

8 Байзаков С. Стратегическое планирование: опыт и проблемы. - Алматы: РИЦ ИПГС, 1997.-9с.

9 Басовский Л.Е. Прогнозирование и планирование в условиях рынка: Учебное пособие.М.,1999.

10 Ю.Дудкин В. Американский и западно-европейский подходы к индикативному планированию: возможен ли синтез на российской почве?//Россйский экономический журнал. - 1997.-№10.-С.99-101.

11 П.Дудкин В., Петров Ю. Индикативное планирование-механизм координации деятельности государственных и негосударственных субъектов управления экономикой . // Рын. экон.журнал -1998г,№6, 7,8;

12 Индикативное планирование: теория и пути совершенствования. Петров Ю. и др. СПб., 2000, 96 с;

ІЗ Кубаев Е.К., Нурмуханбетова А.А. Индикативное планирование в Республике Казахстан. Алматы, 2003, 93 с;

14 Каренов Р.С. Индикативное планирование. Караганда, 1998;

Қосымша:

15 Нурпеисов А. Трансформация системы экономического планирования: этапы и перспективы//Азия - Экономика и жизнь.1996.№27.

16 Ольсевич Ю. Индикативный план: мировой опыт. // Проблемы теории и практики управления -1993, №5

17 Омаров Б.Р. Организация и методология регионального социально-экономического планирования. Учебное пособие. - Алматы. Экономика, 2000.-70с

18 Правила разработки индикативных планов социально-экономического развития Республики Казахстан. Утверждены постановление Правительство Республики Казахстан от 14 июня 2002 года, №647;

19 Правила разработки и реализации государственных программ в Республике Казахстан. Утверждены указом Президента РК от 2 июня 2003 года, №1099;

20 Правила разработки и реализации отраслевых (секторальных) и региональных программ в Республике Казахстан. Утверждены постановлением Правительства РК от 26 февраля 2004 года;

21 Правила разработки проектов республиканского и местных бюджетов. Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 мая 2002 года, №592; Синьчэн Чжоу. Экономическая реформа в Китае: достижения и задачи//Проблемы теории и практики управления.-1997.-№2.-с. 19-24.

22 Прогнозирования и планирования в условиях рынка. Под ред. Т.Г.Морозовой и А.В.Пикулькина. Москва., 2000г.

23 Стиглиц. Дж.Ю. Экономика государственного сектора//Пер.с англ.-М.: Изд-воМГУ: ИНФРА.- 1997.-720с.

24 Сундетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рынка. Алматы, Экономика, 2004, 148 с;

25 Саидова Г.К. и др. Международный опыт индикативного планирования и возможности его применения в Узбекистане. Научный доклад Центра экономических исследований. - Ташкент, 2003.

26 Тумбай Ж.О. Становление индикативное планирования в Казахстане.-Вестник КазНУ. Серия экономическая, №2, 2003.

27 Тумбай Ж.О. Эволюция индикативного планирования в Казахстане.-Экономика и статистика, №2, 2003.

28 Тумбай Ж.О., Тумбаева З.Ж.. Индикативное планирование как функция государственного управления. - Материалы международной научно-теоретической конференции «Государство и бизнес в XXI веке». КазНУ им. аль-Фараби, 2003.

29 Уткин Э.А. Стратегическое планирование. М.: ЭКМОС,1998.

30 Хлынов В. Общегосударственное планирование рыночной экономики: опыт Японии/Проблемы теории и практики управления.-1997.-№2.-С.46-50.

31 Школьник В. Научно-техническое развитие Казахстана: реалии, предпосылки и перспективы. Казахстан: Экономика и жизнь.- 1996.-№2;



СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрлері

Есеп -беру нысаны

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындалу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатынасу

35

2

Практикалық сабаққа дайындалу, үй жұмысын, жеке тапсырмаларды орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатынасу

35

3

Аудиторлық сабақтардың мазмұнына кірмей қалған тақырыптарды қарастыру

Конспект

Коллоквиум

30

4

Бақылау шараларына дайындық




АБ1

13

Қорытынды







113


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет