Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының: 050120 "Кәсіптік оқыту" және типтік бағдарламасының негізінде әзірленді



жүктеу 214.64 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі214.64 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Сәулет - құрылыс факультеті

Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы кафедрасы


«Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі» пәні бойынша

050120 - Кәсіптік оқыту мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Кегль 14, буквы строчные, кроме первой прописной


Мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және типтік бағдарламаның негізінде әзірленген жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/31









БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор

___________ Н.Э. Пфейфер

20____ж. «____»_______



Құрастырушы: аға оқытушы _______________ Омарова Б.З.


Көлік құрылысы және кәсіби оқыту кафедрасы

Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі пәні бойынша

050120 - Кәсіптік оқыту мамандығының студенттеріне арналған
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының: 050120 “Кәсіптік оқыту” және ____________________________________________________________________ типтік бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20___ж. «___»_______№ ___ Хаттама.
Кафедра меңгерушісі: ___________ Саканов К.Т. «____» _____20___ ж
СҚ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20___ж. «_____»________ № ____ Хаттама
ОӘК төрағасы __________________ Козионов В.А. 20___ж. «___»______

КЕЛІСІЛДІ

Факультет деканы _______________ М.К. Кудерин 20___ж. «___»______
МАҚҰЛДАНДЫ:

ОҮЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А. Варакута 20___ж. «___»______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20___ж. «___»_____ №____ Хаттама

1 Пәннің мақсаты - студенттерді болашақ педагогикалық дайындаудың әдістемелік негізгі қалау, жалпы білім беретің мектептерде оқушы жастармен бастауыш, кәсіптік білім мен еңбек технологиясының: типтік оқу бағдарламаларының тарауларына сәйкес жемісті жұмысты жүргізуіне, мектеп оқушыларын. Республикадағы жаңаша әлеуметтік және экономикалық жағдайларда еңбекке дайындауға кажетті білім, іскерлік және дағдысын қалыптастыру.

Пәннің міндеттері

  1. Кәсшке оқыту мазмұнынының әр кезеніңдегі білім беру мазмұны студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыру материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен баскаруга болашак мұгалімдерді дайындау;

  2. Жан-жакты дамыған, шығармашылық кабілеті жогары, кәсіби білім тұлғаны тәрбиелу және жетілдіруге жағдай жасау; болашак кәсіби қызметінде өзін өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау;

  3. Студенттерді педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруға, оқушы жастарға білім берудің тиімді әдістері мен формаларын, оқу құралдарын тандауға, әдістемелік, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға ұйрету;

4. Мектептерде студенттерді педагогикалық практиканы өтуге, курстық және дипломдық жұмыстарды орындауга даярлау.

Кәсіпке баулу оқытушыларын дайындау ерекшелітері педагогикалық білім берудің мазмұнын жетілдіру; оны жетілдіру жолдарын іздестіру; оның вариативтілігін арттыру; мектептер мен білім беру мекемелерін жоғары білікті педагог кадр мамандарымен қамтамасыз етумен ерекшеленеді, «Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі” курсын оқу нәтижесінде студенттер төмендегідей білімдерді меңгеруі тиіс:



- «Технология» интегративті білім саласы оқу багдарламасынын (V- IX сыныптар) тараулық мазмұнын;

  • жоғары сынып оқушыларын кәсіпке алғашкы баулу (салалар бойынша) бағдарламасының мазмұнын (Х-XI сыныптар); ':

  • оқытудың мақсаты, міндеттері және кезеңдері есебіндегі кәсіпке алғашқы баулу сабақтарының құрылымы мен қағидаларын;

  • оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-әдістемелік әдебиеттердің мазмұны, идеясы, негізгі қағидаларын;

  • оқу шеберханаларын ұйымдастыру мен жабдыктауга койылатын талаптар.

насихаттай білу;

  • бағдарлама мазмұныңдағы оқу материалдарына байланысты оқытудың аса тиімді формаларын, әдістері мен құралдарын іріктеу;

  • арнайы, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану;

  • күетізбелік-тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын әзірлеу және оларды әдістемелік жабдықтау;

  • жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу;

  • оқу барысында және сыныптан тыс жұмыстарда оқушылармен еңбекке тәрбиелеу мен кәсіби багдар жұмыстарын жургізу.


2 Пререквизиттер
Аталмыш пәнді оқып білу үшін келесі пәндерді оқу барысында иемденген білім, біліктілік пен дағдылар қажет: педагогика, жалпы психология, сабақ беру әдістеме, педагогикалық тәжірибие.
3 Постреквизиттер
Пәнді оқу барысында алынған білім, біліктілік пен дағдыларды пәнің оқу барысында; мамандық бойынша орындалатын курстық және дипломдық жұмыс орындау кезінде қолдануға және педагогикалық немесе диплом алдындағы тәжирибие өткендеқолдануға болады.
4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша сағаттар саны

Дәріс

Тәжірибе

СӨЖ

1

Кіріспе

0,5

-

2

1 бөлім Кәсіптік оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары

2

1.1 Тақырып Кәсіптік оқыту мазмұны және міндеттері

0,5

4

4

3

1.2 Тақырып Кәсіптік оқыту хүйесінде қолданылатын жалпы дидактикалық қағидалар

1

-

4

4

1.3 Тақырып Кәсіптік оқыту жүйесі

1

3

8

5

1.4 Тақырып Кәсіптік оқытуды ұйымдастырудыц негізгі формалары

1

-

10

6

1.5 Тақырып Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымы

1

3

8

7

1.6 Тақырып Кәсіптік оқыту әдістері

1

4

8

8

1.7 Тақырып Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар

1

4

8

9

1.8 Тақырып Оқу жұмысын жоспарлау және кәсіптік оқыту мұғалімінің сабақка дайындығы

1

6

8

10

1.9 Оқушылар білімдерің, іскерліктері мен дағдыларын бақылау, бағалау және есепке алу

1

-

8

11

1.10 Тақырып Кәсіптік оқытудың оқу-материалдык, базасы

1

-

4

12

1.11 Тақырып Кәсіптік оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар

1

6

6

13

2-бөлім Жалпытехникалық пәндерді оқыту әдістемесі

1,5

-

6

14

3-бөлім Арнай пәндерді оқыту әдістемесі

1,5

-

6




Барлығы

15

30

90


4.2 Теориялық курстың мазмұны
1 Тақырып Кіріспе

Оқу пінінің мақсаттары мен міндеттері, оның манызы мен болашақ кәсіптік оқыту мұғалімін дайындау жүйесіндегі рөлі, оқу пәнінің мазмұны,

Оқу пәнінің басқа ғылыми пәндермен өзара байланысы. Оқу пәнінің жалпы және жеке міндеттері. Студенттерге болашақ мұғалім және тәрбиеші ретінде қойылатын талаптар.

1 бөлім Кәсіптік оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары

1.1 Тақырып Кәсіптік оқыту мазмұны және міндеттері

Кәсіпке оқытудың, еңбекке тәрбиелеудің және оқушыларды жетілдірудің қазіргі кезендегі міндеттері. Қазақстан Республикасыны мен оның аймақтарында кәсіпке оқытудың жай-күйі. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы Қазақстан Республикасында білім беруді дамутыдың 2005-20і0 жж-ға арналған мемлекеттік бағдарламасының негігі ережелері.

Мектептегі «Технология» интегративті білім саласы мен жалпы білім беретін мектепге, ОӨК кәсіпке алғашқы оқытудың мазмұны. Оқу бағдармалары және оларға әдістемелік талдау. Бағдарламаларды құру қағидалары. Бағдарламалардың ұлттық компоненттері. Тараулар мен тақырыптардың негізгі мазмұны, оларды оқыту жылдарына үлестіру. Қазақстан Республикасының жалпы орта және алғашқы кәсібі білім беретін мектептеріндегі еңбек тәрбиесі мен кәсібі бағдар беру жұмыстары.

1.2 Тақырып Кәсіптік оқыту жүйесінде қолданылатын жалпы дидактикалық қағидалар

Кәсіптік оқыту қағидалары туралы түсінік. Кәсіптік оқытудың дидактикалық қағидаларының жүйелігі. Еңбек технологиясы және кәсіптік оқыту негізін қалаушы қағидалар (оқытудың өнімді еңбекпен байланысы ғылымилық, саналық және белсенділік, білім, іскерлік және дағдыңы қалыптасуы, жүйелілік және бірізділік) және олардың мабақ барысында жүзегі асуы.



1.3 Тақырып Кәсіптік оқыту жүйесі

Еңбек технологиясы және кәсіпке оқыту жұйелерінің ұғымы. Кәсіптік оқытудың негізгі жүйелерінің сипаты. Жүйелердің түрлері оқыту жүйелерін таңдауды анықтайтын факторлар. Қазіргі кезеңде еңбекке және кәсіптік оқыту жүйесіне қойылатын талаптар.



1.4 Тақырып Кәсіптік оқытуды ұйымдастырудыц негізгі формалары

Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формалары. Оқытудың сабақтағы, сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс формалары. Сабақ–мектеп шеберханаларындагы оқушылар еңбегін ұйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабақтың мақсаты. Сабақ түрлері. Сабақтың құрылымы.



Үй тапсырмасы - оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру формасы ретінде. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронталды, топтык, даралай және оларға әдістемелік талдау.

Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формаларын таңдауды айқындайтын факторлар.



1.5 Тақырып Кәсіптік оқыту сабақтарының түрлері және құрылымы

Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабақтың мақсаттары. Сабақтың үурлері дәстүрлі, дәстүрлі емес- инновациялық. Сабақтың құрылымы: лабораториялық, практикалық, аралас, интеграциялық, оқу практикумы, оқу топсеруені т.б.



1.6 Тақырып Кәсштік оқыту әдістері

Кәсіпке оқытудың әдістері мен құралдары. Әдістерді классификациялау. Репродуктивті және проблемалық - ізденіс әдістері. Оларды сабақта тиімді пайдалану.

0ку әдістері. Оқыту әдістері. Оқытудың белсенді және интерактивті әдістері.Проблемалық оқыту.

Түсіндіру-иллюстративті әдістері: пікір алысу, әңгіме, түсіндіру, лекция, әдебиетпен жұмыс және т.б.

Демонстрациялау әдістері: оқитын объектілерді, нақты және шартты бейнелерді демонстрациялау (суреттер, сызбалар, нобайлар, схемалар, үлгілер, нұсқау және технологиялық карталар, транспаранттар, плакаттар және т.б.); Кино-, видеофильмдер, диапозитивтер, кодопозитив, эпипозитивтер, СД, кинрфрагменттер, киноайналымдар, оқу теледидары және жарық проекциялары.

Еңбек операцияларын демонстрациялау және оларга қойылатын талаптар. Практикалық әдістер: жаттығу, әдебиеттермен жұмыс, есептер шығару, технологиялық құжаттар әзірлеу және т.б.

Жаттығу- іскерлік пен дағдыңы қалыптастырудың негізгі әдісі. Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талаптар. Жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері. Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұскау. Олардың ,ерекшеліктері және откізу әдістері.

Еңбек іс-әрекеттері мен дағдылары, оларды қалыптастыруң психологиялық непздері. Оқушыларды өз еңбегін жоспарлауға және практикалық жұмыстар атқарғанда өзін өзі бақылауға баулу.

Қорытыңды нұсқау. Жұмыстьң нәтижесін қорытындылау (оқушылардың орындаған жұмыстарын жіберілген кемшіліктерін талқылау, сапасын бағалау, баға қою және оны түсіндіру).

1.7 Тақырып Кәсіптік оқытудағы инновациялық технологиялар

Казіргі инновациялық оқыту технологияларының мақсаттары, міндеттері және уғымы. Қазіргі инновациялық оқыту технологияларының теориялық сипаты. Қазіргі инновациялық технологияларды оқыту ұрдісін дамытуға тиміділіп. Сабақты инновацилық оқыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру: ұжымдық оқыту тәсілі, іскерлік ойын, акпараттық интеграциялық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, саралап деңгейлеп оқыту, жобалап оқыту әдісі, бағдарламалап оқыту негізі, кейс әдісі т.б.



1.8 Тақырып Оқу жұмысын жоспарлау және кәсіптік оқыту мұғалімінің сабақка дайындығы

Мүғалімнін сабақты өткізуге даярлану кезендері Сабақтарга алдың дайындалу және жоспарлау. Жоспарлау мен сабақ міндеттерінің мәні. Жоспарлау түрлері. Қашық мерзімдік және ағымдағы жоспарлау. Тақырыптың мерзімдік жоспарлаудың мазмұны. Еңбек объектілерін іріктеу. Күнделікті сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұны.

Еңбек технологиясы және кәсіптік оқыту сабақтарын өткізу (сабақтың тақырыбы және дидактикалық мақсаттарының айқындығы, сабақтағы оқушылар еңбегін ұйымдастыру, олардың өз бетінше еңбек етуін, шығармашылық белсенділігін, тәрбие міндеттерін шешуді ұйымдастыру).

Сабақтардың теориялық және практикалық бөлімдерін, ОСӨЖ, СӨЖ ұйымдастыру мен өткізудің әдістемелік ерекшеліктері.



1.9 Оқушылар білімдерің, іскерліктері мен дағдыларын бақылау, бағалау және есепке алу

Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің міндеттері. Педагогикалық талаптарды сақтау: даралық, жан-жақтылық, уакыттылық, шынайылық, жүйелілік.

Үлгерімді есепке алудың түрлері: ағымдағы, мерзімді, қорытынды.

Оқушылар білімдерін, ептіліктерін және дағдыларын бағалау критерийлері: материалдарды өңдеудегі дәлдігі мен сапасы; еңбек тәсілдерін дұрыс орындауы; тапсырмаларды өз бетінше орындау дәрежесі жұмыс орынын тиіді ұйымдастыруы; санитарлық, тазалық, және қауіпті сақтауы.

Оқушылардың білім мен ептіліктерін тексерудің түрлері: ауызша, жазбаша, бағдармалап сұрау (машинамен және машинасыз, бақылау, ұй тапсырмаларын тексеру және оқушылардың жұмысқа ықыласы, жабдықтарға, материалдык құндылықтарға қатынасы).

1.10 Тақырып Кәсіптік оқытудың оқу-материалдык, базасы

Оқу бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар. Бағдарлама тарауларына сәйкес сабақтарды өткізетін. Оқу шеберханалары мен кабинеттерін қозғалмайтын бейне алушы экранды аппаратуралар, дыбыс шығарушы, кино жобалушы, теледидарлы аппаратуралармен жабдықтау.

Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орындары. Даралай және жаппай пайдаланылатын жұмыс орындары. Оқу-материалдык базасындағы казіргі техника мен технологиялық. Жабдықтар кешені.

Кәсіптік оқытуда пайдаланылатын жабдықтардың,оқу-көрнекілік құралдардың тізбесі. Жабдықтарды жайғастыру, құрал-саймандарды, материалдар мен аяқталмаған еңбек объектілерін сақтау. Жабдықтар мен материалдық құндылықтарды алу көздері.



1.11 Тақырып Кәсіптік оқытудағы сыныптан тыс жұмыстар

Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндеттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері. Сыныптан тыс жұмыстары ұйымдастырудың қагидалары. Оқушылардың шығармашылық, іс-әрекеттері бойынша сыныптан тыс жұмыстары ұйымдастырудың формалары (топтык жұмыстар, үйірме, жалпылама форма).

Оқушылардың шығармашылық іс- әрекеті бойынша үйірме сабақтарының сипагы. Үйірмелердің түрлері (конструкторлық, СКӨ, технологиялық техникалық т.б.).

Сыныптан тыс жұмыстарының оқыту әдістері



2-бөлім. Жалпытехникалық пәндерді оқыту әдістемесі

Машинатану курсының мақсат, міндеттері және мазмуны. Машинатану келесі жалпытехникалық комплексті пәндерді құрайды: «Теориялық механика», «Материалдар кедергісі», «Машина және механизмдер теориясы», «Машина бөлшектері», «Гидравлика», «Теплотехника», «Автокөлік».

Атталған курстардың негізгі тараулары және олардыц сипаты.

Мысалы, Теориялық механика мәселелері (статика, кинематика динамика). Механизмдер кинематикасының негізгі уғымдары.

Материалдар кедергісі: созылу жыне сығылу; ығысу және жаншылауды есептеу; бұралу, иілу, беріктік гипотезасы. Күрделі қарсыласу, орнықтылық. Айнымалы - қайталанбалы күш түскенде беріктікті есептеу.

Машина тораптары мен белшектерін есептеу және конструкциясын кұру. Біліктер, осьтер, подшипниктер, муфталар. Машина бөлшектері мен топтарын, қосу.

Машинатану курсын окып - үйренудің әдістері, сабақты ұйымдастыру формалары материалдық-техникалық базасы, оқу кабинеттері, олардың жабдықтары.

«Теориялық механика», «Материалдар кедергісі», «Машина және механизмдер теориясы», «Машина бөлшектері», «Гидравлика», «Теплотехника», «Автокөлік» лабораториялық-практикалық сабақтарың, ОСӨЖ, СӨЖ ұйымдастырудың және өткізудің әдістемелік ерешеліктері. Қауіпсіз еңбек ету ережелері.



3-бөлім. Арнай пәндерді оқыту әдістемесі

Арнайы практикуидардың міндеттері мен мазмұны: аймаққа танымал мейлінше коеструкциялық ерекшеліктерін жұмыс жасау қағидаларын оқып-уйрену; машиналардың техникалық қызмет көрсетуі бойынша практикалық жұмыстар; машинапарды басқару және жұмыска дайындау.

Материалдық базасы: оқу кабинеттері мен лабораториялардың жабдықтары, тракторлар мен ауылшаруашылық машиналарының жүруі үшін мектен гараж Мектеп кабинетінде, лабораторияда және гаражда, өндірістік шеберханаларда және машина тұрағы ауласында сабақты әр түрде ұйымдастыру және өткізудін әдістемелік ерекшеліктері
4.3 Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны


  1. Тақырып 1.1 (Оқу бағдарламаларын окып-үйрену және талдау жасау)

  2. Тақырып 1.3 (кәсіптік оқыту сабақтарында ақпараттык технологияларын пайдалану: Автоматты оқыту жүйесі (АОЖ), инструменталды, автоматты жүйелердін элементтері мультимедианың техникалық құралдары, гипертекст жұйесі, қашықтықтан оқыту жүйсі және басқалар.)

  3. Тақырып 1.5 ('Сабақка дидактикалық талдау жасау)

  4. Тақырып 1.6 (Сабақтың технологиялық және нұсқау карталарын әзірлеу.)

  5. Тақырып 1.7 (Сабақты инновациялық оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру)

  6. Тақырып 1.8 (Қашық мерзімдік жоспарлау: оқу жылына немесе жарты жылдыққа сабақтын тақырыптық-мерзімдік жоспарын әзірлеу. Күнделікті сабақ жоспары).

  7. Тақырып 1.11 (Сабақтан тыс жұмыстарға оқу-жоспарлау құжаттарын әзірлеу).


4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны
4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі



СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы көлемі

1

Дәріс сабақтарға дайындалуы




Сабаққа қатынасу

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, ұй тапсырмасын істеу

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатынасу

15

3

Аудиториалық сабақтардың мазмұнына кірмеген тапсырмаларды дайындау

Конспектер

Ауызша тапсыру

15

4

Курстік жұмысты жасау

Курстік жумыс

Қорғау

30

5

Бақылау жұмыстарына дайындалу




РБ1, РБ2, тест тапсыру

10

Итого

90


4.4.2 Студенттердің өздігінен оқуына бөлінген тақырыптардың тізімі

  1. Кәсіптік оқыту мазмұнының логикалық құрылымына талдау жасау: оқу материалының күрделілігі; сабақтың дидактикалық тиімділігіе бағалау.

  2. Оқушылардың жеке кәсіптік сапасын қалыптастырудьң деңгейш анықтау әдістерш оқып - үйрену.

  3. Оқушылардвң дайындығын кәсіптік оқытудың негізгі бағыты бойынша анықтаудың мақсаты мен міндеттерін анықтау тәсілдеріне талдау жасау.

  4. Дидактикалық көрнекі материалдарды дайындау және оқып үйрену.

  5. Кәсіптік оқыту мугалімінің қызметіне талдау жасау.

  6. Кәсіптік оқыту мугалімінің қызметі мен оқушылардың әрекетінің қарым -қатынасын зерделеу]

  7. Кәсіптік оқыту оқу материалдық базасына қойылатын педагогикалық талаптарды зерделеу.

  8. Студенттермен сынақ сабақтарын откізу.

9). Информациялық технологияларды қолданып сабақтарды түзу және дайындау.

  1. Үйірме жұмыстарын жоспарлау және ұйымдастыру қағидаларын оқып -үйрену.

  2. Мектептен тыс жұмыстар бойынша оқу - жоспарлау құжаттарын дайындау


4.4.3 Курстық жұмыс тақырыптары

  1. Кәсіптік окыту оқу бағдарламаларының тараулары бойынша сабактар өткізу әдістемесі.

  2. «Технология» және кэсіптік оқыту оқу бағдарламаларының тараулары бойынша сабақ өткізудің тиімді эдістері мен формалары.

  3. Сабақ өткізудегі окытудың инновациялық эдістері

  4. Оқуш.ылар білімі мен ептіліктерін есепке алу мен тексерудің әдістемесі.

  5. Сабақтан тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарақтандыру

  6. Сыныптан тыс жұмыстар бойынша сабақты әдістемелік жарақтандыру

  7. Мектептен тыс жұмыстар бойынша сабақты эдютемелж жарактандыру.




5 Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді жетілдірудің 2005-2010 жж.-ға арналған мемлекеттік бағдарламасының ережелері.

  2. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы. Алматы, 1999

  3. Кальней А.А., Каправлова В.С, Поляков В.А. Основы методики трудового и профессионального обучения. М.:Просвещение, 1987. - 191 с.

  4. Поляков В.А., Ставровский А.Е. Общая методика трудового обучения в старших классах. М.: Просвещение, 1987. - 191 с.

  5. Методика трудового обучения с практикумом. /Под ред. Д.А.Тхоржевского. М.: Просвещение, 1987. - 448 с.

  6. Мельникова Л.В., Осипова Л.В., Фридман Т.В. Методика трудового обучения. М.Просвещение,1989. - 254 с.

  7. Программы средней общеобразовательной школы. Трудовое обучение: 5-11 кл. Алматы, Рауан. 1995. - 158 с.

  8. Тенология интегративті білім саласы бағдарламасы. Рауан. 2004. – 75

  9. Технология интегративті білім саласы бағдарламасы. RОND. 2003. - 47 б.

  10. Технология интегративті білім саласы бағдарламасы. 8-9 сыныптар. RОND. 2004.-35 б.

  11. Бағдарламалар: Кәсіптік оқыту 10-11 сыныптар. Алматы, 1996.- 141 б.

  12. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Педагогикалық мамандыктар бойынша жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының, студентеріне және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының, студенттеріне өндірістік оқыту шеберлеріне арналған оқулық. - Алматы: "РАДиАЛ" баспасы, 2006 - 240 бет.


Қосымша

  1. Методические разработки уроков. /Под ред. И.Н.Федоровой, М.: Просвещение, 1981. - 186 с.

  2. Васильченко Е.В., Лабзина А.Я. Методическое пособие по обслуживающему труду. Пособие для учителя. М.: Просвещение, 1983. – 159 с.

  3. Атутов П.Р., Бабкин Н.И., Васильев Ю.К. Связь трудового обучения с основами наук. М.: Просвещение, 1983. - 128 с.

  4. Воспитание учащихся в процессе трудового обучения. Т.Н. Мальковская; др. М.: Просвещение, 1976. - 190 с.




Мамандықтың (тардың) жұмыс оқу жоспарынан көшірме




ПМУ ҰС Н 7.18.3/32

050120 - Кәсіптік оқыту мамандығының студенттеріне арналған



мамандығының жұмыс оқу жоспарынан көшірме

Пән атауы «Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі»


Оқу нысаны

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр бойынша бақылау түрлері

Семестр

Семестр бойынша студенттердің жұмыстарының көлемі

кре-дит-тер

академиялық сағат

кре

дит


тер

аудиториялық сабақ

(ак. сағат)



СӨЖ

(ак. сағат)



бар-лығы

ауд

СӨЖ

емт

сын

КЖ-а

КЖ-с

бар-

лығы


дәр

пр.

зертх

бар

лы

ғы



СОӨЖ

ЖОБ негі-зіндегі күндізгі

3

135

45

90

6







6

6

3

45

15

30




90

45


Кафедра меңгерушісі: ___________ Саканов К.Т. «____» _____20___ ж

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет