Жұмыс бағдарламасы пән: Денсаулық жағдайын бағалау Пән коды: djb 3221 Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



жүктеу 2.45 Mb.
бет1/12
Дата21.04.2019
өлшемі2.45 Mb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЕММЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН


Бекітемін

ОӘжТЖ проректоры,

м.ғ.д.,доц._________М.Ұ.Анартаева

«_____» __________ 2013 ж.



ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән: Денсаулық жағдайын бағалау

Пән коды: DJB 3221

Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының (кредиттің) көлемі: 90 (2 кредит)

Курсы: 3

Оқу семестрі: 5



Шымкент,.2013

Пәннің жұмыс бағдарламасы «Мейірбике ісі» - 051101 мамандығы бойынша «Денсаулық жағдайын бағалау» типтік оқу бағдарламаға сәйкес құрылған. №5 хаттама 20.03.09 ж.

Кафедра мәжілісінде қаралды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ м.ғ.к. доцент А.Ә. Әлдешев.

ОҚМФА клиникалық пәндердің әдістемелік комиссиясында талқыланды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Төрағасы ______________________ м.ғ.к. доцент А.Е. Туртаева

Орталық Әдістемелік Кеңесте мақұлданды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Ересектер мен балалар денсаулығын бағалай білу мейірбикелік жоғары білімді мамандарға денсаулықты сақтау мен қолдау мүмкіндіктерін береді.Сонымен қатар жеке денсаулық критерилері мен өмір сапасын бағалауды, әртүрлі жастағы топтарда кең таралған аурулардың клиникалық симптомдарын анықтауды, қауіп факторы мен оларды жоюды, денсаулықты сақтау мен қалыпты ұстауды анықтау.

Пәнді – оқу халық денсаулығын физикалық және психикалық жағынан бағалауды, түрлі жас кезеңіндегі денсаулық жағдайын бағалау бойынша жүйелі білімді қалыптастырады. Сонымен қатар науқастардың жеке талаптарына сай білімді күтім жасауда меірбикелік процесті жүзеге асыруға және ұйымдастыруға үйретеді.

2.2 Пәннің мақсаты:

Өмірдің әртүрлі жастық кезеңінде физикалық және психикалық денсаулықты бағалауды, сонымен қатар оны сақтау мен күтуді үйрету.



2.3 Оқытудың міндеттері:

  • өмірдің әртүрлі кезеңдерінде денсаулық жағдайын бағалау үшін жүйелі білімді қалыптастыру;

  • жеке денсаулық критерийін анықтауға және өмір сүру сапасын бағалауға үйрету;

  • жас шамасы әртүрлі топтағы кең таралған аурулардың клиникалық симптомдарын анықтауға үйрету;

  • денсаулықты сақтау және күту үшін қауіп факторларын анықтап, оларды жоюға үйрету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент

2.4.1 білуі керек:

  • Қазақстандағы және әлемдегі демографиялық жағдайды;

  • адамның әртүрлі жастық кезеңдеріндегі анатомия – физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін;

  • жаңа туылған нәрестенің денсаулығын сақтау және күту, ерте жастағы балаларды тамақтандыру ерекшеліктері, сонымен қатар егде және кәрі жастағы адамдардың өмір сүру салты мен тамақтанудағы орта білімді медицина қызметкерлерінің ролін;

  • репродуктивті жүйенің құрылымы мен функцияларын, жанұяны жоспарлау және контрацепция әдістерін;

  • Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңдары мен нормативті құжаттарын.

2.4.2 үйреніп алуы қажет:

  • науқастан сұрау арқылы денсаулығы туралы мәліметтерді жинау, жалпы тексеру, ағзалар мен жүйелерді «басынан башпайына дейін» принципі бойынша тексеру;

  • сұрастыру және тексеру мәліметтеріне, белгілердің сараптамасын жүргізу;

  • иммунологиялық реактивтілікті коррекциялау және физикалық, психикалық денсаулықты бағалау;

  • биохимиялық және клиникалық анализдердің нәтижелерін бағалап, интерпритациялау;

  • сүт бездеріне тексеру жүргізу;

  • жүкті әйелге тексеру жүргізу, физиоллогиялық жүктілікті диагностикалап, тамақтану тәртібі туралы кеңес беру;

  • науқастың жеке қажеттіліктері мен жағдайын ескере отырып, мамандандырылған күтімді қамтамасыз ету үшін мейірбикелік процесті ұйымдастыру және іске асыру;

  • мейірбикелік құжаттарды толтыру;

  • халықтар арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын өткізу.

      1. машықтануы қажет:

        • Әртүрлі жастағы науқастар тобының денсаулық жағдайын бағалауға;

        • Мейірбикелік диагноз қоюға;

    • науқасты күту және медициналық көмекті іске асыруға және ұйымдастыруға;

    • мейірбикелік құжаттарды толтыруға.

    1. Реквизитке дейінгі:

  • Патологиялық физиология;

  • Медициналық психология;

  • Мейірбике ісі негіздері;

  • Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі;

  • Акушерлік және гинекологиядағы мейірбике ісі;

  • Педиатриядағы мейірбике ісі;



2.6 Реквизиттен кейінгі:

  • Экстремалды медицина курсымен жедел және шұғыл медициналық жәрдем


2.7 Тақырыптық жоспар:

2.7.1 Дәрістің тақырыптық жоспары:



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1 – кредит

1

Денсаулықтың әлеуметтік шарты және оған әсер ететін факторлар. Демографияның медициналық - әлеуметтік аспектілері, халықтың аурушаңдығы, негізгі түсініктері.

Дәріс-презентация, кері байланыс

1

2

Қазақстан мен әлемдегі демографиялық жағдай. Денсаулықтың физиологиялық нормалары. Жеке денсаулық критерийлері.

Дәріс-презинтация, кері байланыс

1

3

Физикалық және психикалық денсаулықтың экспресс-диагностикасы және тереңдете зерттеу әдістері. Физикалық және психикалық шаршауды бағалау әдісі. Қауіп факторлары және олардың денсаулыққа әсері.

Дәріс-презинтация, кері байланыс

1

2 – кредит

4

Физикалық даму.Жеке топтағы халықтың (әйелдер, балалар мен жасөспірімдер, үлкен кісілер) денсаулығының медициналық-әлеуметтік аспектілері.

Дәріс-презинтация, кері байланыс

1

5

Өмір сүру салты және жиі кездесетін аурулардың медициналық-әлеуметтік аспектілері.

Дәріс-презинтация, кері байланыс

1

6

Халыққа емдеу – алдын-алу көмекті ұйымдастыру, бала мен ананың денсаулығын қорғау.

Дәріс-презентация, кері байланыс



1




Барлығы:_____6_сағ___2.7.2_Тәжірибелік_сабақтың_тақырыптық_жоспары'>Барлығы:




6 сағ


2.7.2 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары:



Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1 – кредит

1

Жеке денсаулық критерийі, денсаулықтың физиологиялық нормалары. Ағзаның функциональды жағдайын және оның маңызды жүйелерін бағалау принциптері.

шағын топтарда

жұмыс істеу;

теориялық сұрау;



2

2

Тереңдете зерттеу әдістері, экспресс-диагностика,физикалық денсаулықтың саны мен сапасы.

шағын топтарда

жұмыс істеу;

ситуациялық тапсырмаларды орындау;


2

3

Ағза мен оның маңызды жүйелерді функционалды жағдайын бағалау принциптері. Денсаулықты болжау мен физиологиялық жүйелер жағдайларының жас ерекшелігі динамикасы.

шағын топтарда

жұмыс істеу;




2

4

Кең тараған аурулардың клиникалық симптомдары, түрлі жастағы топтарда олардың ағымы.

шағын топтарда

жұмыс істеу;

жағдайларды талқылау;


2

5

Диагностика әдістері, кең таралған ауруларды емдеу. Аурудың алдын-алу, қауіп факторларын жою, науқас денсаулығын сақтау мен күшейту.

шағын топтарда

жұмыс істеу;

ситуациялық есептерді шешу;


2

6

Егде жастағы дені сау әйелдер мен ер адамдар.

Жағдайларды талқылау, шағын топтарда жұмыс істеу;

1

7

Мейірбикелік процестің кезеңдерін іске асыру – мәліметтерді жинау, жағдайды бағалау, тексеру, мейірбикелік диагноз қою.

шағын топтарда жұмыс істеу; жағдайларды талқылау,

1




Барлығы:




12сағ.

2 – кредит

1

Дені сау бала. Балалық шақ кезеңдері (жаңа туылған нәресте, бала бақша және мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, жасөспірім кезеңдері). Балалық шақтың әртүрлі кезеңіндегі балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктері.

шағын топтарда жұмыс істеу; теориялық сұрау;

ситуациялық есептерді шешу;



2

2

Әртүрлі жастағы өмір кезеңдерінде бала денсаулығын сақтау мен күтуде орта білімді медицина қызметкерлерінің ролі.

жағдайларды талқылау; мейірбикелік құзіреті шегінде ауруханада науқасты курациялау;

2

3

Балалар, үлкендер мен егде адамдардың денсаулық жағдайына әсер етуші факторлар.

шағын топтарда жұмыс істеу; теориялық сұрау;

ситуациялық есептерді шешу;



2

4

Қоршаған ортаның интегральды сапасын бағалау ретіндегі халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.

теориялық сұрау;

жағдайды моделдеу;



2

5

Жүктілік физиологиясы мен диагностикасы. Босану кезеңдері.

Жүкті әйелдің гигиенасы, тамақтануы, тәртібі.



жағдайларды талқылау; мейірбикелік құзіреті шегінде ауруханада науқасты курациялау;

2

6

Егде және кәрі жастағы адамдардың анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері. Қартаю психологиясы.Ерте қартаюды алдың-алу.

теориялық сұрау;

жағдайды моделдеу;



1

7

Егде адамның өмір сүру салты.Өмірлік маңызы бар қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері. Қарт адамдарды әлеуметтік қорғау.

теориялық сұрау;

жағдайды моделдеу;



1




Барлығы




12




Жалпы




24 сағ


2.7.3 Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1 – кредит

1

Ағзаның негізгі функцияларының жағдайын бағалау (жүрек-қантамыр, тыныс алу). Мектеп жасындағы балалардың денсаулық жағдайын бағалау.

Мейірбикелік науқас сырқатнамасы түрінде презентация дайындау;

5

2

Ағзаның негізгі функцияларының жағдайын бағалау (асқазан\ішек трактісі, зәр шығару, жыныс жүйелері). Жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезіндегі денсаулық жағдайын бағалау.


Мейірбикелік науқас сырқатнамасы түрінде презентация дайындау;

5

3

Ағзаның негізгі функцияларының жағдайын бағалау (эндокринді, сүйек-бұлшықет жүйелері). Мейірбикелік ауру сырқатнамасы.


Мейірбикелік науқас сырқатнамасы түрінде презентация дайындау;

5

4

Мейірбикелік процесс кезеңдерін іске асыру – науқастарды курациялау, мейірбикелік ауру сырқатнамасын жүргізу. Перинатальдық шақтың жағдайын бағалау.


Мейірбикелік науқас сырқатнамасы түрінде презентация дайындау;

5

5

Денсаулықты түсінуді, өзін-өзі түсінуді, түс, стресс, жанұядағы ролі мен өзара қарым-қатынасты, сенім мен құндылықты бағалау. Нәрестелік шақтың жағдайын бағалау.


Іскерлік ойын, барлық туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу;

5

6

Әйел адамдардағы климактериалық кезең. Ер адамдардағы климактериалық кезең.



Жеке және топтық тапсырманың орындалу қорытындысын талқылау;

4

7

Аралық бақылау

Тест және ситуациялық есеп шығару

1




Барлығы




30 сағ.


2 – кредит

1

Перинатальдық және нәрестелік шақтың жағдайын бағалау. Репродуктивті жүйенің құрылымы мен функциясы.


Іскерлік ойын, тәжірибелік сабақта өткен кейбір сұрақтарды тереңдетіп оқыту;

5

2

Сәбидің жағдайын, жүре бастаған балалардың және мектеп жасындағы балалардың жағдайын бағалау. Контрацепция әдісі.


Іскерлік ойын, тәжірибелік сабақта өткен кейбір сұрақтарды тереңдетіп оқыту;

5

3

Жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезеңінің жағдайын бағалау. Мейірбикелік процес кезеңдерін іске асыру науқасты курациялау. Мейірбикелік науқас сырқатнамасы жүргізу. Жанұяны жоспарлау. Неке және жанұя.


Іскерлік ойын, тәжірибелік сабақта өткен кейбір сұрақтарды тереңдетіп оқыту;

5

4

Баланың физикалық дамуы мен белсенділігін бағалау. Ерте қартаюдың (физиологиялық емес) алдын-алу.

Мейірбикелік науқас сырқатнамасы түрінде презентация дайындау;

5

5

Бала көтеретін шақтағы әйелдердің жағдайын бағалау. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері мен есебі.


Жеке және топтық тапсырманың орындалу қорытындысын талқылау;

5

6

Мейірбикелік процесс кезеңдерін іске асыру –жүкті әйелдерді курациялау, босану тарихы туралы сырқатнама жүргізу. Егде адамның өмір сүру салты.Қарттардың тамақтануы.

Егде жастағыларды фармакотерапиялау принциптері.




Мейірбикелік науқас сырқатнамасы түрінде презентация дайындау;

4

7

Аралық бақылау.

Тест және ситуациялық есеп шығару

1




Барлығы




30 сағ.

2.8 Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

Практикалық сабақтар: теориялық сұрау, мейірбикелік құзіреті шегінде ауруханада науқасты курациялау; ситуациялық есептерді шығару; шағын топтарда жұмыс істеу.

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): практикалық сабақтарда өткен тақырыптың сұрақтарын тереңдеп оқу, мейірбикелік ауру тарихын қорғау және мейірбикелік араласу және бақылау картасын құру презентация түрінде дайындау, іскерлік ойындар, топтық және жеке тапсырмалардың нәтижелерін талқылау, сабақ барысында туындаған сұрақтар бойынша оқытушымен кеңесу, аралық бақылау жүргізу.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

Студенттердің оқулықтар және қосымша әдебиеттермен жұмыс, электронды тасымалдағыш әдебиетпен жұмыс жасауы, тест тапсырмаларын дайындау және шешу, мейірбикелік ауру тарихын дайындау және мейірбикелік көлемде науқастарды курациялау, ситуациялық есеп дайындау және шешу.



2.9 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері оқылатын пәнге байланысты: тестілеу,ОҚКЕ,ситуациялық есептер ж.т.б.

  • Білім алушылардың білім деңгейін тексеру үшін білімді бақылаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған.

Ағымдық бақылау - бұл білім алушылардың білім деңгейін осы жүйе бойынша тексеру, оқытушы ағымдық бақылауды пәннің силлабусына сай жүргізу қажет.Сабақтың барлық түрлері

( аудиториялық,ОСӨЖ,СӨЖ,тәжірибелік дағдылар ж.т.б.) формалардың бағасын бағалау қажет.



  • Әрбір орындалған тапсырмалар бойынша студенттердің білімін 100 балдық шкала бойынша бағаланады(ағымдық сабақ жауабы,үй тапсырмасын тапсыру,СӨЖ,аралық бақылау). Академиялық кезең кезінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық қорытынды бағасына ағымды бақылаудың соңғы қорытындысы бөлінеді.

  • Аралық және қорытынды аттестация кезеңінде білім алушының білім деңгейін бағалауда қалыпты жағдай жасау.


Аралық бақылау –бұл бір оқу пәні шеңберінде бір академиялық кезеңде кемінде 2- рет ОСӨЖ уақытында (теориялық оқытудың 7-8 және 14-15 аптасында ) жүргізіледі.Аралық бақылау қорытындысы пән бойынша үлгерім және қатысу журналына ( СӨЖ), электронды журналға қойылады.
Қорытынды бақылау – тестілеу және ОКҚЕ оқу – клиникалық симуляциялық орталықта өткізіледі. Емтиханға пәннің бағдарламасын толық игерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер ғана жіберіледі.

Қолданылатын құрал жабдықтар: проектор, ноудбук, 3d теледидар.
2.10 Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

  1. Баранов А.А., Кучма В.Р., Сухарева Л.М., и др. Оценка состояния здоровья детей. Новые подходы к профилактической и оздоровительной работе в образовательных учреждениях. – М., 2008.-432 с.

  2. Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медикодемографических процессов. – М.: Центр Демографии РАН, 1996.-61 с.

  3. Физиология роста и развития детей и подростков (теоретические и клинические вопросы): в 2т. / под ред. А.А. баранова, Л.А. Шеплягиной. Т.1. – 432с., Т.2-464с., -М.2006

  4. Семейная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития ребенка и подростка. ЮНИСЕФ, Интегрированное введение болезней детского возраста – 2000.

  5. Ермаков С.П. Современные возможности интегральной оценки медико-демографических процессов.-М.:Центр Демографии РАН, 2011.-304с.


Қосымша:

  1. Бортникова С.М. Сестринское дело в невропатологии и психиатрии с курсом наркологии. – Ростов-на-Дону, 2003.

  2. Ковалевский Е.И. Офтальмология. –М., Медицина, 1996

  3. малова Ю.С., Пропедевтика внутренних болезней.- С-Петербург,1998.

  4. Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум. - Ростов-на-Дону, 2005.

  5. Славянова И.К., Сестринское дело в акушерстве и гинекологии, Ростов на Дону, «Феникс», 2007.

  6. Обуховец Т.П. Сестринское дело в терапии, практикум. - Ростов-на-Дону, 2010



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет