Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі Ғалия Ысқақованың 460 мың доллар көлеміндегі пара берді деп айыпталуына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғалия Ысқақова Арыстанбек Мұхамедиұлының жазасын жеңілдету және қамаудан босату үшін адвокатқа пара берді деген күдікке ілініп отыр. Экс-шенеуніктің жұбайы ақша бергенін мойындаған. Бірақ мұндай әрекетті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің қысымымен жасағанын айтып отыр.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы Сейфулла Тасымбетов аштық жариялаған Мұхамедиұлының өтінішін қанағаттандырып, Антикор қызметкерлері тарапынан азаптау және құқыққа қарсы шаралар деректерін тексеру туралы қаулы шығарды.

Ал өтінішін қанағаттандыратын қаулы туралы айтылғаннан кейін Мұхамедиұлы судьяға алғысын білдіріп, аштық жариялауды тоқтатқысы келетінін айтып, сот отырысын тоқтатуды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы "аштық жариялаймын" деп сес көрсеткен еді.

"Менің құқыма шек келтірсе, ресми түрде аштық жариялаймын. Олар не қаласа, оны қаласын!" — деді ол.

Бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі мен адвокаты да сотталатынын жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.