Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Әбдіқадыр Қалдаров АҚШ-та әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ-та жаттығып, өмір сүретін Әбдіқадыр Қалдаров белгілі UFC жауынгері Юрайя Фейбер ашқан Urijah Faber's A1 Combat тұжырымында өнер көрсетеді. Спортшы 29 наурыз күні өтетін Urijah Faber's A1 Combat 19 турнирінде жеңілмеген америкалық Эрни Хуареске (7-0) қарсы жұдырықтасады. Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын жауынгерлер осы салмақтың чемпиондық атағын сарапқа салып, әлем чемпионы белбеуі үшін төбелеседі. Турнир АҚШ-тың Калифорния штатындағы Уитленд қаласында өтеді. 

Айта кетейік, Әбдіқадыр Қалдаров шаршы алаңда 8 жекпе-жек өткізіп, 5 рет жеңіске жетсе, 3 рет қарсыластарына есе жіберген. Ол Urijah Faber's A1 Combat тұжырымында 4 кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жеткен болатын.  


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.