Желіде Алматыдағы көкөніс дүкеніне оқ жаудырған ер адамның видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Видеодан сұр күртеше киген ер адамның дүкенге кіріп, оқ ата бастағанын көруге болады. Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті.

Алматы полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша қамауға алынғанын мәлімдеді.

"Алматы полиция департаменті бұзақылық дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс келесі күні тергеу басқармасының шешімімен кісі өлтіруге оқталу санатына ауыстырылғанын хабарлайды", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ департамент заттай айғақтардың алынғанын атап өтті. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.