Жұмыс бағдарламасы «Радиациялық экология»



жүктеу 169.49 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі169.49 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14.01.06.01.20.257 /02-2013


ПОӘК

Студенттерге арналған пәндердің оқу жұмыс бағдарламасы «Радиациялық экология»


«__»______2013 ж.

№ 2 басылым



ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Радиациялық экология»
050606– «Химия»

мамандығы үшін



СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2013

Мазмұны


  1. Жалпы ережелер

  2. Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу

  3. Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

  4. Курс форматы

  5. Курс саясаты

  6. Баға қоюдың саясаты

  7. Әдебиеттер



    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Омарова Айгүл Шайзолла қызы, PhD, доцент м.а.

Химия кафедрасы.

Байланыс ақпараты – тел. 35-05-90, оқу ғимараты № 9, кабинет № 418

Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 405

Берілген пән бойынша кредиттер саны – 2

1.2 Пәндердің мазмұнын қысқаша сипаттау

«Радиациялық экология» пәні 050606 – «Химия» мамандығы бойынша барлық студенттердің оқып-үйренудегі арнайы курс болып саналады. Радиациялық экология жалпы экологияның бір саласы ретінде жақын уақытта туындады. Радиациялық экология радиациялық ластанудың экологиялық салдарларын, қоршаған ортада радионуклидтердің орын ауысуының бағытын және заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

1.3 Арнайы курстың негізгі мақсаты студенттерді төменде берілген сипаттамалармен таныстыру және көзқарастарын кеңейту:

- экожүйелерде радионуклидтердің миграциялану тәртібі мен заңдылықтарын, радиациялық ластанудың экологиялық салдарларын зерттейтін ғылым ретінде радиациялық экология пәні мен оның міндеттері туралы;

- радиация зардаптарын шеккен Қазақстан Республикасының радиациялық жағдайы туралы және радионуклидтермен ластанған аймақтарда экологиялық, экономикалық және әлеуметтік қайта қалпына келтіру бойынша қолданылатын шаралар туралы;

студенттердің түрлі шикізаттардан өндірістік әдіспен алынған глинозем мен силикат материалдар туралы ой өрісін арттыру.

1.4 Қойылған мақсаттарға сәйкес осы арнайы курстың негізгі міндеттері:

- студенттерді радиоактивтілік және радиация құбылыстарымен және олардың өлшем бірліктерімен таныстыру;

- табиғи радиациялық фонмен және адамзат іс-әрекетінің радиациялық фонға (техногенді радионуклидтер және жасанды радионуклидтер) әсерімен таныстыру;

- негізгі табиғи және жасанды радионуклидтердің биогеохимиясымен, олардың табиғи жағдайлардағы іс-әрекетімен және көшуімен таныстыру;

- адамға радионуклидтердің әсер етуінің биологиялық эффектісімен таныстыру;

- радиометриялық және радиохимиялық экспертизаларды ұйымдастыру және жүргізу принциптерімен, радиациялық қатерді азайтудың практикалық шараларымен;

- радиациялық қауіпсіздік негіздерімен және ионданған сәулелену көздерімен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

1.5 Осы арнайы курс оқытылғаннан кейін студент төмендегідей талаптарды білуі қажет:

- радиациялық экология пәні, оның міндеттері және оның жалпы экология жүйесіндегі орны;

- табиғи, техногенді және жасанды радионуклидтер, олардың көздері;

- табиғи жағдайлардағы негізгі доза түзуші радионуклидтердің әсері және экожүйеде олардың көшу жолдары;

- радиацияның тірі организмге және адам денсаулығына медициналық-биологиялық әсері;

Радиациялық бақылаудың міндеттері және радиациялық қауіпсіздік негіздері.

Студент істей білуі керек:

- сыртқы сәулелену дозиметриясын жүргізу;

- тіркеуші қондырғылармен және құралдармен (дозиметр, радиометр) жұмыс жасай білуі;

- қоршаған орта сынамаларын (топырақ, су, өсімдік) сақтау және сұрыптау;

- жалпы альфа-, бета- және гамма-активтіліктерді анықтау үшін табиғи объектілердің үлгілерін дайындай білу;

- сәулеленудің эффективті дозасын өлшей білу.

1.6 Курстың пререквизиттері:

1.6.1 Бейорганикалық химия

1.6.2 Аналитикалық химия

1.6.3 Физикалық химия

1.6.4 Жалпы физика

1.6.5 Жалпы биология

1.6.6 Жалпы экология негіздері
2 ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ


р/с

Тақырыптардың атауы


Сағ. саны

Әдеб.

ДС

ЗС

СПС

СОӨЖ

СӨЖ

1.

Энергетика және өркениет

2




2

2

6

8.1.1

8.1.3


2.

Радиациялық экологияның физикалық негіздері

2




2

2

6

8.1.1

8.1.2


8.1.3

3.

Иондаушы сәулелер дозиметриясы

3




3

3

9

8.1.1

8.1.3


4.

Қоршаған ортадағы табиғи радионуклидтер

2




2

2

6

8.1.1

8.1.5


5.

Қоршаған ортадағы жасанды радионуклидтер

2




2

2

6

8.1.1

8.1.3


6

Радиоактивті қалдықтар

2




2

2

6




7.

Радиациялық бақылау

2





2


2


6

8.1.1

8.1.3





Барлығы:

15




15

15

45





3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Курсты оқу 4 өзара байланысты оқу түрлерінен тұрады – дәріс, практикалық сабақ, СОӨЖ және СӨЖ. Осылардың ішінде маңыздысы дәріс болып табылады, себебі онда пәннің маңызды да аса күрделі сұрақтары қарастырылады. Практикалық сабақтар теориялық материалды қамтуды қарастырады. СОӨЖ және СӨЖ күнделікті әрі міндетті дайындық болып табылады, олар нақты тапсырмалар бойынша орындалады және мұғалімнің тұрақты бақылауында болады. Аудиториядан тыс өздік жұмыс оқу әдебиетімен, үй тапсырмасын орындау және ағымдағы зертханалық жұмыстарға дайындық сияқты жұмыстарды қарастырады.


4 КУРС ФОРМАТЫ

Берілген нақты пән бойынша аптасына 1 рет 50 минуттық дәріс, аптасына 1 рет 50 минуттық практикалық сабақ және аптасына бір рет 50 минуттық СОӨЖ жүргізу қарастырылған.


5 КУРС САЯСАТЫ

Сабаққа қатысу: Дәрістерге, практикалық сабақтар және СОӨЖ қатысу қатаң түрде міндетті болып табылады. Егерде әлдебір себептермен сабаққа қатыса алмасаңыз, сізге барлық босатқан сабақтардағы қабылданбаған материалдар үшін жауапкершілік жүктеледі.

Тәртіп: Сабақ барысында ұдайы тәртіпбұзушылық аудиториядан қуылумен жазаланады және сәйкесінше сабақ босатқаны үшін рейтінгілік бағасы төмендетіледі.

Зертханалық сабақтар: Студент зертханалық сабақтарға зертханалық жұмыстың конспектісі болып, жұмысты орындау барысын және жұмыстың теориялық негіздемесін білген жағдайда ғана жіберіледі. Студент зертханалық жұмыстарды және эксперименттің нәтижелерін өңдеуді өзбетінше орындайды, дайын нәтижелерді қолдануға тыйым салынады. Зертханада студент халатпен жүруге міндетті және қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауы керек.

Межелік аттестация: Межелік аттестация қорытындысы сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптарымен, тестілеу нәтижелерімен және межелік бақылауды ескере қойылады.

Емтихан: Ауызша емтихан немесе компьютерлік тестілеу жүйесі негізінде рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан жүргізіледі. Емтиханның әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен. Тест сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.

6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

Апта және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.



«Радиациялық экология» пәні бойынша балдардың бөлінуі
Кесте 2

Апта

Бақылау түрі

Барлық балл

Ескертпе

1

2

3

4




1-8 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына қатысу және дайындық

30




1

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Радиоактивті процестердің статистикалық заңдылықтарын оқып-үйрену.

17




2

СӨЖ

35




2

СОӨЖ

5

Реферат

2

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Радиоактивті процестердің статистикалық заңдылықтарын оқып-үйрену.

18




3

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Радиометриялық өлшеулерде есептеу уақытын талдау.

17




3

СОӨЖ

5




4

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Радиометриялық өлшеулерде есептеу уақытын талдау.

18




4

СОӨЖ

5




5

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Иондаушы сәулелердің дозасын анықтау

17




5

СОӨЖ

5




5

СӨЖ

40

Реферат

6

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Иондаушы сәулелердің дозасын анықтау

25




6

СОӨЖ

18




7

СОӨЖ

5




7

Межелік бақылау 1 – 1-2 модульдер бойынша тестілеу

60




1-7 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына қатысу және дайындық

300







9 – 15 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына қатысу және дайындық

30




8

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Атмосфералық ауаның табиғи радиоактивтілігін зерттеу

15




8

СОӨЖ

4




9

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Атмосфералық ауаның табиғи радиоактивтілігін зерттеу

15




9

СОӨЖ

4




10

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Бета-сәулеленуші радионуклидтермен беттік ластануды өлшеу.

15




10

СОӨЖ

4




11

Практикалық жұмысты дайындау және орындау:

Бета-сәулеленуші радионуклидтермен беттік ластануды өлшеу.



15




11

СОӨЖ

4




12

Практикалық жұмысты дайындау және орындау:

Бета-сәулеленуден қорғану.



15




12

СӨЖ

35

Реферат

12

СОӨЖ

5




13

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Бета-сәулеленуден қорғану.

15




13

СОӨЖ

5




13

СӨЖ

40

Реферат

14

Практикалық жұмысты дайындау және орындау: Бета-сәулеленуден қорғану.

15




14

СОӨЖ

6




15

Межелік бақылау 2 – 4-7 модульдер бойынша тестілеу

60




9-15 апталардың оқу қорытындылары бойынша барлық балл

300




Емтихан бойынша барлық балл

400




Академиялық период бойынша барлық балл

1000







  1. ӘДЕБИЕТТЕР

    1. Негізгі әдебиеттер:

7.1.1 Белозерский Г.Н. Радиационная экология.-М.: Академия, 2008.-383 с.

7.1.2 Пивоваров Ю.Г. Радиационная экология. –М.: Академия, 2004.-240 с.

7.1.3 Төлеубаев Б.Ә. Радиациялық экология жайлы қысқаша таным. ҚР Ұлттық ядролық орталығы.-Павлодар: «ЭКО», 2008.-114 б.

7.1.4 Семипалатинский испытательный полигон. Радиационное наследие и перспективы развития./Институт радиационной безопасности и экологии. Тезисы докладов IV Межд.научно-практ. Конференций.-25-27 август 2010 г. Министерство Индустрии и новых технологий РК./ –Курчатов: 2010.-132 с.

7.1.5 Апплби Л.Д. Пути миграции искусственных радионуклидов в окружающей среде. Радиоэкология после Чернобыля. -М.: Мир, 1999, 510 с.

7.1.6 У. Я. Маргулис, Ю. И. Брегадзе. Радиационная безопасность. Принципы и средства ее обеспечения. –М.: Эдиториал УРСС, 2000.-116 с.



      1. Н. Р. Мажренова Радиационная экология. -Алматы: Қазақ университеті, 2001.-114 с.

      2. Төлеубаев Б.Ә. Ядролық тарихы бар табиғи орта экологиясы.-Павлодар: 2001.-140 б.

7.1.9 Панин М.С. Экология Казахстана. Семипалатинск: СГПИ, 2005.-548 с.

7.2 Қосымша әдебиеттер


7.2.1 Иванов В. И., Машкович В. П. Сборник задач по дозиметрии и защите от ионизирующих излучений. М.: Атомиздат.1973.-288 с.

7.2.2 Радиация. Дозы, эффекты, риск/Пер. с англ. -М.: Мир, 1990.-79 с.

7.2.3 Кривохатский А. С. Проблема радиоактивных отходов. Природа, №5, 1989. с. 50-60.


      1. Л. А. Ильин, В. Ф. Кириллов. Радиационная безопасность и защита. Справочник. .-М. Медицина. 1996, 336 с.

7.2.5 Голиков В.Я., Кириллов В.Ф., Хвостов Н.Н., Черкасов Е.Ф. Радиационная гигиена/под ред. Ф.Г. Кроткова. –М.: Медицина, 1968.-164 с.

7.2.6 Ваганов П.А. Ядерный риск. Издательство Санкт-Петербургского университета, 1997.-112 с.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет