Жұмыс бағдарламасы «сала экономикасы»



жүктеу 102.69 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі102.69 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы

Алматы энергетика және байланыс институты
«Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасы

«КЕЛІСІЛДІ»


ЭЭФ деканы

Денисенко В.И.______________


«_____»____________2010ж.


ОҚУ ПӘНІНІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
«САЛА ЭКОНОМИКАСЫ»
050718-Электр энергетикасы мамандығы бойынша

3 несие (135 сағат)

Курс –4

Барлығы – 135 сағат



Аудиториялық сабақтар -60 сағат

Дәрістер– 1 кредит

Практикалық (машықтану) сабақтар – 1 кредит

Зертханалық сабақтар – 1 кредит

Өзіндік жұмыстар (барлығы) – 75 сағат

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы – 38 сағат

Студенттердің өзіндік жұмысы – 37 сағат

Семестрлік тапсырма - 3

Бақылау түрі: Емтихан - 8 семестр

Алматы, 2010


Оқу бағдарламасын дайындаған кафедра доценті , э.ғ.к. Түзелбаев Б.И.

Кафедра отырысында қаралған Хаттама №1, 03.09.2010 г.

Кафедра меңгерушісі ___________ Жакупов А.А

Оқытушы туралы мағұлымат:

Лектор: Түзелбаев Б.И.

Қызметі: ЭӨҰжБ кафедрасының

доценті

Байланысу реквизиті: 292-42-99



1. Пәннің мақсаты

«Сала экономикасы» курсының негізгі мақсаты студенттердің электр энергетикасы саласындағы экономикалық білімді теориялық және практикалық жағынан меңгеріп, энергетикалық шаруашылықтардағы және өндірістік кәсіпорындардағы техника-экономикалық сұрақтарды шешудің жолдарын табу энергетикалық және өндірістік кәсіпорындардағы жабдықтарды пайдалану мен жөндеуін ұйымдастыру дағдыларын меңгеру, кәсіпорындарды басқару дағдыларымен танысу болып табылады.



  1. Пәннің міндеттері

Пәнді оқу нәтижесінде студент білу керек:

  • өзіндік құнды әртүрлі экономикалық есептеулерді жүргізу әдістемелерін игеру және оларды талдай білу, материалдық, қаржылық және еңбек шығындары кезінде өндірістік-шаруашылық қызметтің ең жоғарғы нәтижелеріне жетуді меңгере білу;

  • ОЭК кәсіпорындардағы инвестицияны экономикалық бағалауды жүргізуді;

  • кәсіпорында қайта құру мәселелерімен танысу және басқармалық қызметтерді тану.


3.Пәннің мазмұны

Курста кәсіпорындарың негізі активтері мен ағымдағы активтері, олардың құрамы мен құрылымдары, негізгі активтерді қалпына келтіруге амортизациялық бөлулердің рөлі, ағымдағы активтерді үнемдеу жолдары толығымен қарастырылады. Курста кәсіпорындардағы, сонымен қатар энергия өндіруші және энергия таратушы кәсіпорындардың да айқын және алтернативті шығындарының, олардың өнімдеріне бағаны белгілеудің түсініктері беріледі. Кәсіпорынның шығынсыздығын талдау, еңбек ресурстары, еңбек базары, энергетикалық құрал-жабдықтарды жөндеу және пайдаланудың экономикалық аспектілері, энергетикалық шаруашылықтың экономикалық жұмысын жоспарлау, кәсіпорынды басқару, Қазақстан Республикасының салық жүйесі, кәсіпорындардың табыстары, пайдасы, рентабельділігі, кәсіпорынды дамытудағы инвестицияны бағалау беріледі.



4 Сала экономикасы курсы бойынша лекциялық сабақтардың бағдарламасы-15 сағат


Дәріс апт.

Тақырыптар

Дәріс сағаттары

Әдебиеттер

1

1.Пән мен курс мiндетi

Халық шаруашылық жүйесiндегi энергетика. Халық шаруашылығын электрлендiру мәнi. Мемлекеттiк электрлендiру және материалдық-техникалық негiзiн құру. Отын түрлерi, оның сипаттамалары және жіктелуі. Көмiр, газ, мұнай өнеркәсiбi- ресурстардың орналасқан орны, болжанған көлемi, мәселерi.Электр энергетикасының мөлшерi, қуат және электр стансаларының орналасуы, электр тасымалдау желiсiнiң ұзындығы.

1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 4, 5

1, 2

2. Энергетикалық кәсіпорынның өндірістік негізгі және айналым қорлары (активтері)

Негізгі активтердің құрамы мен құрылымы. Негізгі активтердің амортизациясы және оның түрлері. Негізгі активтерді қолдану көрсеткіштері

Айналым қорларының құрылымы, айналмалы өндiрiстiк қорлар, аяқталмаған өндiрiстер. Айналым қорларын үнемдеу және айналымдылығы. Өндiрiстегi күрделi шығындардың (жұмсалымдардың) масштабтары, сонымен қатар энергетикадағы меншiктi күрделi жұмсалымдар.

2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 4, 5, 13, 15


3

3. Энергетикалық кәсіпорынның еңбек ресурстары

Кадрлар және оның құрамы. Пайдалану мен жөндеудегі істейтін қызметкерлер. Еңбек өнімділігі. Еңбекақыны төлеу формалары


2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 13, 15,


4

4. Өндірістің өзіндік құны, баға белгілеу және энергегикадағы тарифтер

Тұрақты және айнымалы шығындар. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы. Электр және жылу энергиясын өндiру кезiндегi шығын құрылымы. Энергетикалық кәсіпорын шығынсыздығын талдау. Электр энергиясын өндiру, тасымалдау және бөліп-тарату кезiндегi шығын құраушылары және оларды талдау. Нарықтық шарт бойынша электр энергиясының бағасын қалыптастыру. Энергетика саласының кәсiпорынының пайдасы және рентабельділігі.


2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 8, 14


4

5.Энергетикалық жабдықтарды пайдаланудың және жөндеудің экономикасын ұйымдастыру

Энергетика саласындағы пайдалану мен жөндеу қызметкерлерінің негізгі функциялары. Ағымдық және оперативті бақылау. Лауазымдылық нұсқаулар және құжаттау. Жөндеудің міндеттері мен мәні. Жөндеудің түрлері. Жөндеудің мерзімді қайталануы және оның құрылымы. Жөндеуді ұйымдастыру және оның тәсілдері.


1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 4, 5, 7, 11

5

6. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың негізгі экономикасы

Өндіріс өнімін өндеудің шығындарын құрудың ерекшеліктері. Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығындағы шығындар құрылымы. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың сенімділігін жоғарлату мен экономикалық тиімділік. Кәсіпорынды энергиямен жабдықтаудың аймақтық тәсілін таңдаудың әдісі.

Кәсіпорынның энергияны үнемдеу саясаты. Энергияны пайдалануды басқару.

Дәстүрлі емес энергия көздері. Кәсіпорынның энергетикалық аудиті. Өндірістегі энергияны тұтынудың тапсырмаларын нормалау және оның мағынасы. Кәсіпорынның энергетикалық балансының формалары мен мазмұны.



1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 6, 16

5

7. Энергетикалық шаруашылық жұмысын экономикалық жоспарлау

Энергияны тұтынуды жоспарлау әдістері. Энергетикалық шаруашылықта және кәсіпорында еңбек, материалдық және қаржы шығындарын жоспарлау.

Жұмысты жоспарлаудың желілік әдісі. Өндірістік шығындарды жоспарлау

1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 5, 6, 16


6, 7

8. Энергетикалық кәсіпорынды басқару Кәсіпорынды басқару мақсаты және функциялары. Энергетикалық кәсіпорынның басқару ерекшеліктері. Жекешеленген кәсіпорындардағы менеджментті талдау.

Басқару әдісінің жіктелуі-ұйымдастыру тізбектеуші, әкімшілік -құқықтық, экономикалық, моральды-тәрбиелік басқару әдістері. Басқару құрылымына қойылатын талаптар.



2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 8, 9, 10

8

9.Қазақстанның және энергетикалық кәсіпорындардың салық жүйесі

Салық салу қағидалары және салық түрлері

Салықтардың әлеуметтік функциясы

Қазақстанның жалпы мемлектеттік салықтары

Қазақстанның жергілікті салықтары

1

Конспект, Ә.1, 2, 3, 13, 16


9, 10

10.Жобалық талдау. Энергетикадағы техника-экономикалық есептеулер

Өнеркәсіпке қаржы (капитал) жұмсалымдардың масштабы мен тағайындалуы, экономикалық мазмұны, соның ішінде энергетикада. Меншікті капитал жұмсалымдар. Энергетикалық құрылыстың орташа бағасы және оны төмендетудің жолдары.

Инвестициялардың мәні мен түрлері. Бизнес-жоспардың құраушылары. Дисконттау. Жобаны өткізуде алынған пайда мен ақша түсімдерінен қажетті инвестиция көлемін есептеу. Инвестицияларды бағалаудың әдістері- NPV,PI,IRR,PP,ROI.


2

Конспект, Ә.1, 2, 3, 6, 13, 16



5 Зертханалық жұмыстардың тізбесі -30 сағат


    1. Энергетикалық кәсіпорынның қызметкерлер санын есептеу.

    2. Электрлік цехтың жөндеу жұмыстары бағдарламасының құрылымы мен көлемін анықтау

    3. Электрлік цехтың жұмысшылар санын анықтау

    4. Электрлік цехтың кезекші мен жөндеу персоналдарының еңбекақысын жоспарлау

    5. Жұмыс бригадасы мүшелерінің еңбекақысын анықтау

    6. Жабдықты жаңартудың экономикалық тиімділігін анықтау

    7. Энергетикалық шаруашылықтың тиімді жұмыс істеуі және энергия үнемдеу шараларының экономикалық бағасы.

    8. Энергетика саласындағы тарифтерді есептеу және экономикалық-еліктеу моделінің құрылуы.




  1. Практикалық сабақтардың тақырыптарының тізбесі -15 сағат

6.1 Амортизациялық аударымдарды есептеудің әдістері - 2 сағат.

6.2 Шығындар қалыптасқанда әртүрлі әдістермен – ЖЭО-ға электр және жылу энергиясын жіберудің өзіндік құнын есептеу- 1 сағат.

6.3 Электр жүйелері арқылы электр энергиясын жіберу және таратудың өзіндік құнын анықтау - 2 сағат.

6.4 Кәсіпорын энергетикалық шаруашылығының еңбек ақы мен еңбек шығынын есептеу - 2 сағат.

6.5 Энергетикалық кәсіпорында жөндеуге кеткен еңбек, материалды және қаржылық шығындарын анықтау - 2 сағат.

6.6 Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының жалпы шығындарын анықтау - 2 сағат.

6.7 Кәсіпорынның негізгі қаржылары және оларды бағалау әдістері - 2 сағат.

6.8 Инвестициялық жобаларды бағалау көрсеткіштерін есептеу - 2 сағат.
7 Студенттің өзіндік жұмыс тақырыптарының тізбесі
7.1 Амортизациялық аударылымдарды есептеу әдістерін қолдану.

7.2 Энергетикалық кәсіпорынның негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу.

7.3 Кәсіпорынның жылдық шығындарын және тарифін анықтау.

7.4 Саладағы инвестицияның тиімділігін бағалау.


8 Ақыл-кеңес беру уақыты

Ақыл-кеңес беру ұзақтығы – аптасына топқа -1 сағат.

Ақыл-кеңес беруде студенттер қосымша материалдарды оқиды, сұрақтарына жауап алады, курстық жұмысты орындау бойынша және жұмыстарды қалай қорғау сұрақтарына жауап алады.

9 Оқытушының қоятын талабы


  1. Студенттердің сабаққат қатынасуы оқытушымен қадағаланады.

  2. ЕСЖ бір құжатпен безендіріліп оқытушыға беріленг мезгілде өткізіледі.

  3. Орныдалған зертханалық жұмыстар бір құжатпен безендіріліп, оқытушыға беріленг мезгілде өткізіледі.

  4. Егер студент сабаққа қатысуда 50% немесе одна да көп жіберсе, онда аттестатталмайды.

Қорытынды қадағалау емтихан болып есептелді .

Емтиханға тек зертханалық жұмыстарды, курстық жұмысты орынап, қорғаған студенттер ғана жіберіледі.

Емтиханды қабылдау Алматы энергетика және байланыс институты бекіткен нормтивтер бойынша жүзеге асады.

Емтихан алдында тнсттілеу жүргізіледі. Белгілі межеден артық жинаған студен емтихан тапсыруға жіберіледі.

Емтихан билеттерінде үш териялық сұрақтар болады. Сұраққа толық жауап алынбаса қосымша сұрақтар және Курстық, зертханалық жұмыстар бойынша сұрақтар да қойылуы мүмкін.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:

1. Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: Оқу құралы, АЭжБИ: Алматы, 2007.

2. Экономика и управление в энергетике: Учеб. Пособие под ред. Н.Н. Кожевникова.- М.: Изд. Центр «Академия». 2003г.

3.Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса: М.: Высш школа, 2003 г.

4. Дукенбаев К., Нурекен Е. Энергетика Казахстана. Технический аспект. Алматы, 2001, 312 стр.

5. Дүкенбаев К. Қазақстан энергетикасы. Нарықтық қатынастар. Алматы: Ғылым, 1998. -350 б.


Қосымша әдебиеттер:

6.Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./ Отв. Ред. Э.Хоуп и д.р. Сибирское отделение Российской академии наук, 2001 г.

7. Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М. Высшая школа. 1989г. 240 стр.

8.Багиев Г.Л. идр., Организация и планирование энергохозяйства промышленных предприятий. «Энергоиздат » ,1988г.

9.Самуэльсон и В.Нордхаус. Экономика, М., «Прогресс»,1989г.

10. Котлер Ф.Основы маркетинга. М. Экономика. 1990 г.

11.Окороков В. Р. и др. Основы управления энергетическим производством. М. Высш. школа, 1987, 335 стр.

12.Златопольский А. Н., Прузнер С. Л. и др. Экономика, организация и планирование теплосилового хозяйства промышленного предприятия. М. Энергоатомиздат, 1995, 320 стр.

13.Дукенбаев К. Энергетика Казахстана и пути ее интеграции в мировую экономику.Алматы, 1996, 532 стр.

14.Волков А. Экономика предприятий. - М., 1998. – 261с.

15.Даукеев Г.Ж., Жакупов А.А., Тохтибакиев К.К., Тузелбаев Б.И. Методология формирования тарифов в секторе электроэнергетики Казахстана: состояние, проблемы, перспективы // Энергетика и топливные ресурсы Казахстана. - 2000. - №2. – С. 26-33.

16.Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ, 2001, 200 бет.



17.К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағұлова. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы.- Экономика, 2001, 328 бет.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет