Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы Нысан



жүктеу 230.53 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі230.53 Kb.
түріБағдарламасы

Жұмыс оқу бағдарламасының

титулдық парағы Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Философия және мәдениеттану кафедрасы

«Мәдениет философиясы және теориясы» пәнінен

5В020400 Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған
Жұмыс оқу бағдарламасы

Павлодар




Мамандықтың элективті пәндер Нысан

каталогының негізінде әзірленген пәннің ПМУ ҰС Н 7.18.3/34

жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы

Бекітемін

ОІ жөніндегі проректор

_________ Пфейфер Н.Э.

2012 ж. «____»________

Құрастырушы: аға оқытушы Уызбаева А.А.
Философия және мәдениеттану кафедрасы
«Мәдениет философиясы және теориясы» пәні бойынша

5В020400 Мәдениеттану мамандығының студенттеріне арналған


ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жұмыс бағдарламасы__________ бекітілген жұмыс оқу жоспарларының және мамандықтың элективті пәндер каталогының негізінде әзірленді
Кафедра отырысында ұсынылды 2012 ж. «__»_______, №__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________Ахметова Г.Ғ. 2012 ж. «__»_______
Тарих және құқық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «__»_______, №__ Хаттама


ОӘК төрағасы___________ Сулейменова Ш.К. 2012 ж. «__»_______
КЕЛІСІЛДІ

ҚжТ факультет деканы__________ Акишев А.А. 2012 ж. «__»_______



МАҚҰЛДАНДЫ

ОҮЖжӘҚБ бастығы ___________ Варакута А.А. 2012 ж. «__»_______


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2012 ж. «__»_______, №__ Хаттама



1 Пәннің мақсаты - философиялық-теориялық негіздеу әдісімен мәдениет мәселелерін тұжырымдауға қабілетті маманды қалыптастыру барысында мәдени-философиялық білім ерекшелігімен таныстыру; мәдени философияның әдіснамалық құралтануымен жабдықтау, мәдениет философиясының басым бағыттарын және олардың қазіргі замандық стратегияларын анықтау; студенттерді еуропалық өркениеттегі мәдениет пен шығармашылықтың қалыптасуының негізгі мәселелерімен таныстыру; мәдениеттің дәстүрлі,жаңа және қазіргі замандық феномендерін түсінуде классикалық мәтіндерді және мәдениеттің рухани-тарихи контексттерін негізге ала отырып, басты бағыттармен таныстыру. Сондықтан пәнді оқыту барысында шығармашылық пен мәдениетке деген эмперикалық-натуралистік, рационалистік бағымдарды баяндауға, сондай-ақ мәдени феномендерді-«өмір философиясы», мәдениетті феноменологиялық-экзистенциалистік түсіну мен интерпретациялаудағы классикалық емес, альтернативті бағымдарға басты назар аударылады.

Пәннің міндеті

- студенттерді мәдени философиялық білімнің ерекшеліктерімен таныстыру;

- мәдени философияның әдіснамалық құралтануымен жабдықтау;

- мәдениет философиясының басым бағыттарын және олрдың қазіргі замандық даму бағдарламасын анықтау;

-студенттерді еуропалық өркениеттегі мәдениет пен шығармашылықтың қалыптасуының негізгі мәселелерімен таныстыру;

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:

-мәдениет мәтіндеріне қатысты сараптама жасауға икемді болу;

-адамзаттың мәдени дамуындағы көпнұсқалы жолдарды түсіну және сараптай білу;

-мәдениетті танудағы жалпы әдістемені шығарып көрсету;

2 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:

Философия, әлеуметтану, ортағасыр мәдениеті, дүниежүзілік көркемдік мәдениеті, қайта өрлеу және жаңа заман мәдениеті, логика, эстетика, этика

3 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет:



Постмодерн және мәдениет, мәдениет эстетикасы

4 Пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары




Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттараының саны

Дәрістер

практикалық

СӨЖ

1.

Батыс философиясындағы мәдениеттің қалыптасуының мәселелері

1

2

5

2.

Мәдениет философиясы және оның әдістемелік негізделуі





1

1

5

3.

Мәдениет ұғымы

1

2

7

4.

Мәдениет мәденифилософиялық сараптаманың пәні ретінде

2

2

5

5.

Шығармашылық пен мәдениеттің классикалық емес теориялары

1

1

5

6.

Адам және мәдениет

1

1

6

7.

Постметафизика мәденифилософия ретінде


2

2

6

8

Психоанализдің мәдени-философиялық аспектілері

1

1

5

9

Мәдениеттің философия-лингвистикалық концепциялары


2

1

5

10

20 ғ.-дың 2-ші жартысындағы мәдени-философиялық парадигма

2

1

6

11

Мәдениеттің типологиялық концепциялары

1

1

5

Барлығы:


15


15


60





4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

1 тақырып Батыс философиясындағы мәдениеттің қалыптасу мәселелері.

Батыс философиясындағы шығармашылық мәселесіне рационалистік бағым. Платон философиясындағы шығармашылық мәселесі:»еске түсіру теориясы» және жанды болмыстың шығармашылық режиміне «көшіру» мәселесі; эйдостар түсінікті сезімдік көптүрлілікті ұйымдастырудың формалары ретінде; Платонның шығармашылық «диалогикасы»; Ж. Делез Платон жайында («Платон және симулякр»). Аристотель шығармашылық қызмет шарттары жөнінде: ақыл туралы ілім үздіксіз өзектілік ретінде; уақыт туралы ілім («қазір») және шығармашылық; ақыл формалар формасы, ойлаудың ойлауы, мәңгі қозғаушы ретінде және Демиург шығармашылықтың өзі ретінде; шығармашылық шынайы болмысқа тән ақылдың күйі ретінде. Шығармашылықты катрезиандық ұғыну: Декарт философиясындағы таза «мен» мәселесі; ақылдың табиғи сәулесі әлемді творчестволық танудың шарты ретінде; «туғаннан дарыған идеялар теориясы» мен картезиандық максима «ойлаймын-бармын- қолымнан келеді». Лейбниц творчество жөнінде: натуралды және виртуалды интеллект мәселелері; «қайта туындаған идеяларды» тану рух табиғатын білу және ақиқат болмысты ашу ретінде; Лейбниц және барокко өнері («Ж.Делез. Складка. Лейбниц және барокко). И.Кант философиясындағы творчество мен мәдениетті түсіну: творчество адам табиғатының эмпирикалық-натуралистік (реалистік) бағдар: шығармашылық аналитикалық комбинация және сезімдік әсерлердің рекомбинациясы ретінде, жаратылыстық-ғылыми және гуманитарлық шығармашылық мәселесі; ерекшелік пен қайшылықтар; шығармашылық пен мәдениет жөнінде эмпирикалық-сенсуалистік түсініктердің әлсіздіктері.


2 тақырып Мәдениет философисы және оның әдістемелік негізделуі

Мәдениет философиясының философиялық білімнің дербесбөлігі ретінде қалыптасуы. Классикалық философияның ұстанымдары мәдениет философиясының алғышарты ретінде. Мәдениет философиясы және оны зерттеудің тарихи-мәдени бағдары.Философия мәдениет феномені ретінде. Мәдениет феноменін қазіргі замандық түсінудің қалыптасуы. Мәдениет идеясы, оның мақсаттары, принциптері, және алғышарттарын зерттейтін философиялық пән ретіндегі мәдениет философиясының сипаттамалары. «Табиғат» және «мәдениет» универсалиялары оппозициясындағы мәдениет философиясының анықталуы. Мәдениетті антропологиялық интерпритациялаудағы «табиғат және мәдениет» модусы. Табиғат және мәдениет оппозициясы-метафизикалық универсалия. Мәдениет табиғатты жеңу ретінде: «мәдени» және «әлеуметтік» ұғымдарының ұқсастығы. Мәдениеттің табиғатты өзгертетін қызметі. Еуропалық философиялық дәстүрдегі «табиғат-мәдениет» дилеммасы: натурализм, табиғат центризм,»табиғи адам» тұжырымдамасы (Аристотель, Леонардо, Руссо). Мәдениеттің рухани және әлеуметтік негіздерінің субстанциализациясы (неміс идеализмі және марксистік философия).


3 тақырып Мәдениет ұғымы

"Мәдениет" түсінігінің көптүрлілігі. Мәдениет біртұтас философиялық түсініктің объектісі ретінде. Көрудің жүйелігі. Мәдениет туралы ғылымдар. Мәдениет анықтамасының көптүрлілігі әдістер мен бағыттардың көптүрлілігінің нәтижесі ретінде. Мәдениетті қарастырудың пәнаралық сипаты. Мәдениетті түсінуге көпдеңгейлі бағыт. Мәдениетті құндылықтық түсіну. Мәдениеттің бағамдық табиғаты. Мәдениетің бағамдық-бағдарлық қызметі. Мәдениет қызмет түрі ретінде. Мәдениеттің байланыстық қызметі. Мәдениет тип ретінде. Мәдениет бірегейлік ретінде. Мәдениетті танудың интуитивті және рационалды-дискурсивті тәсілдері. Негігі мәселелер: генезис, морология және құрылымдық анықтамалық, типология және әр түрлі мәдени формалардың өазара қатынасының мүмкіндіктері. Синхрония мен диахрония. Мәдени феномен түсінігі. Культургенездің әр түрлі баламалары: мәдениеттің пайда болуының қызметтік, ойындық, рәміздік тұжырымдары. Мәдениет және культ: мәдени форманың сакралдануы. “Мәдениет жүйесінің” құрылымдық сараптамасы. Материалды және рухани мәдениет. Элитарлы эәне демократиялық мәдениет. Контр- және субмәдениет. “Бұқаралық мәдениет” феномені.



4 тақырып Мәдениет мәдени-философиялық сара.птаманың пәні ретінде Мәдениет болмысы мәселесі. Мәдениеттің онтологиялық беделі. Мәдени кеңістік және мәдени уақыт. Мәдениеттің пәндік болмысы. Мәдениет ақиқатты меңгеудің ерекше тәсілі ретінде. Мәдениеттің когнитивті қызметі. Мәдени-философиялық рефлесия және авторефлексия. Мәдени-философиялық антиномиялар: трагикалық және сократтық мәдениет; мәдениеттің батыстық типін негіздеудегі дионисийлік және апполондық бастамалар (Шеллинг). Мәдениет өмірге қарсы қоюда (Ницше, Бергсон). Мәдениетті түсіндірудегі рационализм мен иррационализм. “Бастан өткізу” мен рефлексия. Мәдени универсализм және мәдени релятивизм. Мәдени стиль түсінігі. Классикалық және классикалық емес мәдениет. Мәдени фундаментализм. Моно-және полистилизм. Мәдени моно-және полистилизм категориялары. Канондау және деканондау. Телеологизм және ателеология. Функционализм және контекстілік.

5 тақырып Шығармашылық және мәдениеттің классикалық емес теориялары

А. Шопенгауэр мәдениет теоретигі ретінде: “түсінетін” және “шығаратын” ой мәдениет мәселесі ретінде; ойлаудың спонтандылығы (ақыл мен ерік шеңберінен шығу) шығармашылық пен мәдениет шарты ретінде; мәдениет пен шығармашылық танылмайтын, уникалды нәрсені интуитивті тану ретінде; мәдениет пен творчествоны түсінудегі антиевропоцентризм, шығыстық мотивтер; мәдениет және өркениет.

Ф. Ницше творчествосындағы мәдениет мәселесі: жаңаеуропалық мәдениетқайшылықтары және оларды жеңу жолдары; классикалық мәдениет; дәстүрлі мәдени формадан қол үзу мен болмыстың шынайы стихиясына шығу – шығармашылықтың басты шарты; Ф. Ницшенің “дионистік қасіреттері”; шығармашылықты мәдениет мәтінінде көрсете білу (филологиядан философияға, одан музыка мен поэзияға); өмір мен тағдыр “мәдени мәтін” ретінде. Ницше постмодернизмді бағалауда (М. Фуко Ницше туралы).

Өмір философиясы (В. Дильтей, Г. Зиммель, А. Бергсон, О. Шпенглер және т.б.) және мәдение, шығармашылық мәселелерін түсінудегі феноменологиялық-экзистенциалистік бағыт (Ж.-П. Сартр, К. Ясперс, М. Хайдеггер, М. Мерло-Понти және т.б.); “өмірлік әлем” мәселесі; “өмірлік әлем” адам қызметінің бағамдық-мағыналық көкжиегі ретінде; адам мен табиғат бірлігі; Сартр “болмыс” пен “ештеңе” мәселесі жөнінде; “шығармашылық эволюциясы” және шығармашылықты негіздеу мәселелері (А. Бергсон).



6 тақырып Адам және мәдениет

Мәдениет тұлға детерминациясының ішкі формасы ретінде. Мәдениет және тұлға: тұлға әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде тұлғаны әлеуметтендірудегі мәдениеттің рөлі. Мәдениет және әлеуметтік жатсыну формалары. Мәдениет мағыналар әлемі ретінде. Мәдениет қарым-қатынастың жалпылама формасы ретінде, әлеуметтік қатынастар детерминациясы ретінде. Мәдениет сұхбат ретінде. Мәдени бірлік мәселесі. Адам үштік ақиқат арнасында: тіл – ақиқат – мәдениет. И.Гердердің адамзат тарихы философиясы және мәдениет болмысының тілдік детерминация тенденциясы (В. Гумбольдтың мәдениет философиясы).



7 тақырып Постметафизика мәдени философия ретінде

Өмір философиясы өкілдерінің шығармашылығы аясында мәдениетті түсіну. Ф. Ницше, О. Шпенглер, А. Бергсон, Р. Гвардини философиясының мәдениеттанулық векторы. О. Шпенглер теориясының әдіснамасы. “Әлем тарих ретінде” – о. Шпенглер теориясының тарихилығы. Локальдық және антитарихилыұ теориясы. Мәдениеттің псевдоморфозы. И. Хейзинганың мәдениеттің ойындық тұжырымдамасы. Философия ойын ретінде. Қазіргі замандық мәдениет: ойынның жаңа қызметі. Мәдениет философиясының әдіснамалық аспектісі жөнінде философияның неокантшылдық мектебі: В. Виндельбанд, Г. Риккерт рух туралы ғылым және табиғат туралы, құндылықтар туралы ғылым жөнінде. Э. Кассирердің символикалық формалар философиясы. Мәдениет философиясының герменевтикалық жобасы: В. Дильтей, Э. Гуссерль, М. Хайдеггер. Э. Гуссерльдің “Заттардың өзіне қайтада!” үндеуі. М. Хайдегер “Тіл – болмыстың үйі”.



8 тақырып Психоанализдің мәдени философиялық аспектілері

Психоаналитикалық философия. Адам психологиясы мен философиясы. Психикалық ақиқат. Бейсаналылық онтологиясы. Танымның психоаналитикалық теориясы. Психоанализ және 20 ғасырдың негізгі философиялық бағыттары. Психоанализ мәдениет герменевтикасы ретінде. Түстерді жору техникасы. Бейсаналылықтың рәміздік тілі. Психоаналитикалық теориядағы Эдип комплексінің орны. Мәдениеттің қалыптасу және даму тарихындағы Эдип комплексінің маңызы. Діннің пайда болуының психоаналитикалық түсіндірмесі. Мәдениетті психоаналитикалық түсіндірмесі. Мәдениеттің негізгі қызметтері. Мәдениеттің психологиялық арсеналы. Мәдени қауымдастықтардың патологиясы. Өнердің пайда болуын психоаналитикалық түсіну. Бейсаналы қалауларды рәміздерге айналдыру.



9 тақырып Мәдениеттің философия-лингвистикалық концепциялары

Әр түрлі дәуір эпистемаларындағы тіл туралы түсініктердің ауысуы. В.фон Гумбольдт: тіл білімі салыстырмалы антропология ретінде. Э. Сэпир – Б. Уорф лингвистикалық қатыстылық гипотезасы. Тілдік универсалиялар және ұлттық ерекшеліктер. Тіл қызмет ретінде. Тілдегі жекелік және ұлттық ұғымдары. Мәтін, белгі және рәміз, метонимия және метаора. Мәтін мәдениеті. Мәтін герменевтикасы және тілдің ішкі реконструкциясы. Адам дамуының ежелгі кезеңінің тілдік реконструкциялары. Алғашқы қауымдық ойлаудың негізгі тұжырымдары. Миф және ертегі арқылы реконструкциялар, структуралық сараптама мектептері (В.Я.Пропп, К.Леви-Стросс). Тіл мен ойлау, тіл мен мәдениет юайланыстарының қазіргі замандық тұжырымдары. Э. Кассирер бойынша мәдениеттің символикалық теориясы. Мәдениет мәтін ретінде. Мәдениет белгілер жүйесі ретінде: структурализм және семиотика. Герменевтика: мәтін ретіндегі мәдениет интерпретациясы (Хайдеггер, Г. Гадамер). Тіл және хат. Белгі және символ. Структурализм мен постструктурализмнің мәдениеттанулық теорияларындағы мәтін түсінігі. Мәдениетті” типологиялық тұжырымдары



10 тақырып ХХ ғ.-дың екінші жартысындағы мәдени-философиялық парадигма

К. Ясперстің “белдеулік уақыты”. Мәдениет пен адамның қарама-қарсы тұруы мәселесі, қазіргі замандық мәдениеттің тоқырауы (А. Камю, Ж.П. Сартр, Г. Марсель).

Мәдениет мәтін ретінде. Структурализм: мәдениеттің структуралық сараптамасы (Ж. Лакан, М. Фуко, Р. Барт), структуралық антропология (К. Леви-Стросс). Структуралық лингвистика генезисі. Семиотика. Мәдениетті сараптаудың структуралық-семиотикалық принциптері.

Постструктурализм: Ж. Деррида деконструкциясы, Ж. Бодрийяр симулякры, Ж. Делез бен У. Эко белгілері мен рәміздері. Постструктурализм неоструктурализм ретінде. Мәтін и контекст. Белгіге деген қатынас.



11 тақырып Мәдениеттің типологиялық концепциялары

Мәдени-тарихи типология ұстанымдары. Жергілікті мәдениеттер теориясы. О. Шпенглердің “мәдениет жаны” және оның типологиялық сипаттамасы. Н. Данилевский және оның жергілікті мәдениеттер концепциясы. Тойнби жергілікті өркениеттер туралы. Мәдениет пен өркениет негіздері және тарихи процесс бірлігі мәселелері (Шпенглер и Ясперс). Мәдениеттің тарихи типологиясы. К. Ясперстің тарихи концециясындағы “белдеулік дәуір”. Гвардини Батыс мәдениет жайында. Әлеуметтік және мәдени дамудың динамикасы: синхрондылық принипі. М.Вебердің мәдениеттің “идеалды типі” түсінігі. Эволюционизм (Г.Спенсер) және “мәдени консерватизм" идеялары. Мәдениет және әлеуметтік прогресс. Мәдениет әлеуметтік қызметтің типі ретінде. Мәдениет және өркениет: ұқсастығы мен ерекшелігі. Мәдениет өркениеттердің қарама-қарсылығында (Ф.Теннис, О.Шпенглер, Г.Маркузе). Жергілікті өркениеттер теориясы (Тойнби, Сорокин). Мәдени-тарихи даму: сабақтастық және “мәдени жарылыс”. Мәдени дәстүр түсінігі. Мәдени дағдарыс және оның мәдениет дамуындағы рөлі. Мәдени төңкеріс. Мәдени сабақтастық механизмдері және олардың әр түрлі мәдениет типтерінде (дәстүрлі, “қазіргі замандық” және қазіргі замандықтан кейінгі) берілуі: ритуал, білім беру, коммуникация. Тарихи бірлік және мәдениеттердің көптүрлілігі, олардың сапалық өзгешелігі. Мәдениеттің тарихи типі түсінігі. Мәдени монизм және мәдени плюрализм. Мәдени европоцентризм және оның жаңылыстары. Мәдениеттердің диалогы мен полилогы.



4.3 Практикалық сабақтардың мазмұны мен тізімі

Тақырып 1 Батыс философиясындағы мәдениеттің қалыптасуының мәселелері.

1. Батыс философиясындағы шығармашылық мәселелеріне рационалистік көзқарас.

А) Платон философиясындағы шығармашылық мәселесі

Б) Аристотель шығармашылық қызметтің жағдайы жайында

В) Шығармашылықты түсінудегі Картезиандық көзқарас

Г) Лейбниц шығармашылық жайлы

2. И.Кант философиясындағы шығармашылық пен мәдениет түсініктері

3. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың шығармашылық көзқарастарында орын алған мәселелер.


Тақырып 2 Мәдениет философиясы және оның әдістемелік негізделуі

1. Мәдениет философиясы және оны оқудағы тарихи мәдени тәсіл

2. Философия мәдениеттің феномені ретінде

3. Еуропалық философиялық дәстүрдегі «табиғат-мәдениет» дилеммасы :натурализм, табиғат центризм, «табиғи адам» концепциясы (Аристотель,Леонардо, Руссо)

4. Мәдениеттің рухани және әлеуметтік негіздерінің субстанциализациясы (неміс идеализмі және маркстік философия)

Тақырып III. Мәдениет ұғымы


  1. Мәдениет ұғымының көпмағыналылығы

  2. Жалпыфилософиялық түсініктің мәдениет оның обьектісі ретінде

  3. Мәдениет табиғилығының құндылықтары

  4. Мәдениет қалыптасуының әртүрлі нұсқалары: ойындық, қызметтік, рәміздік концепция.

  5. Негізгі мәселелер:генезис, морфология және құрылымдық айқындылық, әртүрлі мәдени формалардың типологиясы және әсер ету мүмкіндіктері

Тақырып 4 Мәдениет мәденифилософиялық сараптаманың пәні ретінде

1 Мәдениет болмысының мәселесі

2 Мәдениеттің пәндік болмысы

3 Мәдениет ғақлиясындағы рационализм және иррационализм

4 Мәдени стиль түсінігі



Тақырып 5 Шығармашылық пен мәдениеттің классикалық емес

  1. А.Шопенгауер мәдениет теоретигі ретінде

  2. Мәдениеттегі аполлондық және дионисийлік туралы Ницше философиясы

  3. Өмір философиясындағы адамның және мәдениеттің қарсы тұра алу проблемасы

  4. Мәдениет,шығармашылық мәселелерін қазіргі заманғы өркениеттің феноменологиялық-экзистенциалдық бағыттардың өкілдері аясында түсіну.

Тақырып 6 Адам және мәдениет

  1. Тұлғаның әлеуметтенуінде мәдениеттің алатын орны

  2. Мәдени шығармашылықтың субьекті

  3. Мәдениет мән-мағыналар әлемі ретінде

  4. Мәдениет диалог ретінде

  5. Адам үштік шындық ішінде: тіл-болмыс-мәдениет

Тақырып 7 Постметафизика мәденифилософия ретінде

    1. Философияның мәдени векторлары: Ф.Ницше, О.Шпенглер, А.Бергсон, Р.Гвардини

    2. Хейзингтің ойындық концепциясы

    3. Кассирердің символикалық пішіндер философиясы

    4. Мәденифилософияның герменевтикалық жобасы: В.Дильтей, Э.Гуссерль

Тақырып 8 Әдебиет. Психоанализдің мәденифилософиялық аспектілері

1. Танымның психоаналитикалық теориясы

2. Психоанализ мәдениет герменевтикасы ретінде

3. Мәдениетті психоаналитикалық түрде түсіну

4. Қиял және мифтік пішіндердің санасыз құштарлықтың байқалуы

Тақырып 9 Мәдениеттің философиялық-лингвистикалық концепциялары


  1. В.фон Гумбольдтың салыстырмалы антропологиясы. Тіл танып-білу құралы және қызметі ретінде.

  2. В.фон Гумбольдтың жұмыстарындағы сөз бен тілдің ішкі формасы.

  3. Э.Сэпир-Б.Уорфтың лингвистикаға қатысты гипотизасы

  4. Тілдің танып-білу құралы ретінде пайда болуы (алғашқы синкретпен тілдік кодты жалпылаудың мәселесі).

Тақырып 10 ХХ ғ.-дың 2-ші жартысындағы мәдени философиялық парадигма:экзистенциализм,структурализм,постструктурализм.

  1. К.Ясперстің «Белдеулік уақыт» концепциясы

  2. Мәдениеттің құрылымдық анализі (Ж.Лакан, М.Фуко, Р.Барт)

  3. К.Леви-Стросс:мәдениетті суреттеудің құрылымдық әдісінің және дәстүрлі қоғамдағы ойланудың ерекшеліктері

  4. Постструктурализм: Ж.Деррида, Ж.Бодрийяр, Ж.Делез, У.Эко.

Тақырып 11 Мәдениеттің типологиялық концепциялары

1. О.Шпенглердің мәдени философиясындағы әдістер мен принциптер

2. Н.Данилевский және оның локальды мәдениет концепциясы

3. Өркениеттерді қарсы қоюдағы мәдениет (Ф.Теннис, О.Шпенглер, Г.Маркузе)

4. Гвардини Батыс мәдениеті туралы
4.4 Студенттің өздік жұмысының мазмұны

4.4.1 СӨЖ түрлерінің тізімі




№ п/п

СӨЖ түрі

Есеп беру түрі

Бақылау түрі

Сағатқа шаққандағы

көлемі


1

Дәріс сабақтарына дайындық

Жұмыс дәптер

Сабақтарға қатысу

15

2

Тәжірибе сабақтарына қатысу.

Баяндама

Коллоквиум




15

3

Қосымша тақырыптарды оқып білу.

есеп

сұрау

10

4

Бақылау шарарларына дайындық.

конспект

Тест


5




Барлығы







45


Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптарының тізімі

1. Мәдениет философиясы және оны оқудағы тарихи-мәдени көзқарас.

[10],4-14 бет

2. Сартрдың «болмыс» және «ештеңе» мәселесі жайлы.

[28], 319-344 бет.

3. Психоанализ мәдениет герменевтикасы ретінде.

[28] 143-221 бет

4.20 ғасыр және мәдениет феномені

[2], 281-301 бет

5. Философия және мәдениет.

[8], 101-170 бет

6. К.Ясперстің «Уақыттағы адам» атты концепциясы.

[35], 377 бет


Мамандықтың жұмыс бабындағы оқу жоспарынан үзінді көшірме





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.1/10






4. Мамандықтың оқу жұмыс жоспарынан көшірме 050204 «Мәдениеттану». Түскен жылы 2006 .

«Мәдениет философиясы және теориясы» пәні бойынша




Оқу түрі

Бақылау түрі

Сағат бойынша студенттің

жұмысының көлемі



Сағаттарды курс және семестр бойынша бөлінуі(сағаттар)

емтихан

сынақ

Кж

Кж

РГР

Бақ жұм

Барлығы

Дәрк

тж.

лаб

сөж

Дәр

тж.

лаб

сөж

Жалпы

Ауд

СӨЖ

1.


ОБ


негінде

іштей


оқу

2006



6

















90

30

60


5 семестр


6 семестр













15

15




60


Әдебиеттер:
Негізгі:

  1. Автономова Н. Философские проблемы структурного анализа в гуманитарных науках. – М., 1997.

  2. Библер В. От наукоучения к логике культуры. М., 1991.

  3. Бодрийяр Ж. Символический обмен и смерть. – М., 2000.

  4. Гуревич П. Философия культуры. М., 1994.

  1. Делез Ж. Марсель Пруст и знаки. – СПб, 1999.

  1. Губман Б. Западная философия культуры ХХ века. – Тверь, 1997.

  2. Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – М, 1983.

  3. 9. Ильенков Э. Философия и культура. – М., 1991.

  4. 10. Ильин В. Постструктурализм. Деконструктивизм. Постмодернизм. – М.,

  5. 1996.

  6. 11 Каган М.С. Философия культуры: становление и развитие. СПб., 1995.

  7. Кассирер Э.Философия символических форм. - М., 1974.

  1. Культура в свете философии. - Тбилиси, 1994.

  1. Культурология. ХХ век. Антология. - М., 1995.

  2. Козловски П. Культура постмодерна. – М., 1997.

  3. Лакан Ж. Функция в поле речи и языка в психоанализе. – М., 1995.

  4. Леви-Стросс К. Структурная антропология. – М., 1985.

  5. Пятигорский И. Избранные труды -М., 1996.

  6. 19. Руднев В. Словарь культуры ХХ века– М., 1999.

  7. 20. Философия культуры. Философское понимание культуры. – М., 1993.

Қосымша:

  1. Виндельбанд В. Избранное. Дух и история. – М., 1995.

  2. Лангер С. Философия в новом ключе. – М., 2000.

  3. Гердер И. Идеи к философии истории и человечества. – М.: Наука, 1977.

  4. Гайденко П. Экзистенциализм и проблема культуры. – М., 1983.

  5. Зиммель Г. Избранное. Т.1. Философия культуры. – М., 1996.

  6. Кассирер Э. Избранное: Опыт о человеке. – М., 1993.

  7. Проблемы философии, истории, культуры. – Саратов, 1993.

  8. Сартр Ж.-П. Экзистенциализм – это гуманизм. – Сумерки богов. – М., 1990.

  9. 9. Федорова Л. Философские основания эстетики постмодернизма – М., 1993.

  1. Философия, эстетика и искусство в контексте культуры. – М., 1991.

  1. Философия истории. – СПб., 1998.

  1. Хайдеггер М. Письмо о гуманизме. – Проблема человека в западной

  2. философии. – М., 1988.

  1. Фуко М. Слова и вещи: Археология гуманитарных наук. – СПб., 1994.

  1. Эко У. Имя розы. – М., 1999.

  2. Ясперс К. Духовная ситуация нашего времени. - М., 1995.

  3. Леви-Стросс, К. Первобытное мышление. М., 1994.

  4. Пропп В.Я. Морфология сказки. М., 1969.

  5. Соссюр Ф. Труды по языкознанию.М., 1977.

  6. Сэпир, Э. Избранные труды по языкознанию и культуре. М., 1993.

  7. Уорф, Б.Л. Отношение норм поведения и мышления к языку. / Новое в лингвистике. Т.1. М., 1960.

  8. Хомский Н. Язык и мышление. М. 1972.

  9. 22. Абдеев Р.Ф. Философия информационной цивилизации. М., 1994.

  10. 23. Гадамер Г.-Г. Прометей и трагедия культуры // Гадамер Г.-Г. Актуальность прекрасного. М.:Искусство, 1991.

  11. 24. Гуссерль Э. Кризис европейского человечества и философия. // Культурология 20 века. М., 1995.

  12. 25. Зиммель Г. Избранное. Философия культуры. М.: Юрист, 1995. Т.1.

  13. 26. Кассирер Э. Естественнонаучныые понятия и понятия культуры. // Вопросы философии. 1995. N8.

  14. 27. Метаморфозы культурных форм. Спб.: Образование, 1994.

  15. 28. Постижение культуры: концепции, дискуссии, диалоги. Ежегодник. М.,1996. Вып. 5-6.

  16. 29. Психоанализ и культура. М.: Юрист, 1995.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Жұмыс бағдарламасы қазақстан тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған
umk -> Программа дисциплины Форма для студентов ф со пгу 18. 2/07
umk -> Жұмыс бағдарламасы шет елдер тарихының тарихнамасы пәні бойынша 050203-Тарих мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> АќША, несие, банктер
umk -> Жұмыс оқу бағдарламасының титулдық парағы
umk -> Web-технологияныњ ±ѓымдары
umk -> Программа дисциплины для студентов
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Јдістемелік нўсќаулыќ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет