Жўмыс оќу баєдарламасыныѕ титул параєы



жүктеу 280.3 Kb.
Дата26.08.2018
өлшемі280.3 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы




Жұмыс оқу бағдарламасының титул парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/30


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Механика және мұнайгаз ісі кафедрасы

Материалдар кедергісі пәнінен


5B070800 «Мұнай-газ ісі» мамандығының студенттері үшін арналған

«Материалдар кедергісі»

ЖҰМЫС оқу БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар

Мамандық бойынша элективтік пәндер каталогы негізінде әзірленген пәннің жұмыс оқу бағдарламасын бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/34




БЕКІТЕМІН

Оқу ісі жөніндегі проректор

____________Н.Э. Пфейфер

201_ ж. «___»________


Құрастырушы: __________ аға оқытушысы Омарбекова Р.К.

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы

“Материалдар кедергісі” пәні бойынша


5B070800 «Мұнай-газ ісі» мамандығының студенттері үшін арналған

«Материалдар кедергісі»

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Жұмыс бағдарламасы мамандықтың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 3.08.341-2006 және типтік бағдарламасы бойынша құрылған, Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің 2006 ж. 22 маусымдағы шешімімен бекітілген және іске қосылған бойынша әзірленген.


Кафедра отырысында ұсынылды 201_ ж. «__»_________№ __ хаттама

Кафедра меңгерушісі__________Ә. Мұстафин 201_ ж. «___»________


Металлургия, машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен макұлданды 201_ ж. «__»_________ № __хаттама
ОӘК төрағасы ___________Ж. Ахметов «___»_________ 201_ ж.
КЕЛІСІЛДІ:

Факультет деканы __________ Т. Тоқтағанов 201_ ж. «___»______



МАҚҰЛДАНДЫ:


ОӘБ бастығы __________А. Варакута 201_ ж. «___»__________
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

201_ ж. «__»_________ № __хаттама




1 Пәннің мақсаттары мен міндеттері, оның оқу үрдісіндегі орны

«Материалдар кедергісі» пәні машина бөлшектері мен әр түрлі конструкциялардың көпшілігіне ортақ жалпыланған элементтердің өз қызметін сенімді және тиімді атқаруына байланысты мәселелерді шешумен айналасады.



Пәнді оқыту мақсаты

«Материалдар кедергісі» пәнінің алдына қойылатын мақсаттарды негізінен үш топқа бөлуге болады:

1)машина бөлшектері мен конструкциялар элементтерін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеу;

2)конструкциялық материалдардың механикалық қасиеттерін тәжірибе жүзінде анықтау;

3)тәжірибелік механика негіздерін зерттеу және жаңа тәсілдер жасау.
Пәнді оқып білу міндеттері

Пәнді оқыту дәрістік және жаттығу сабақтарын жүргізумен жүзеге асырылады. Теориялық механикадан және материалдар кедергісінен теориялық білім беру және құрылыс элементтерін беріктікке, қатаңдыққа, орнықтылыққа есептеуге үйрету.



2 Пререквезиттер

«Материалдар кедергісі» пәнінің тәсілдері мен әдістері «Жоғары математика», «Физика», «Теориялық механика» сынды пәндердің негіздерінде жасалады. «Материалдар кедергісі» зерттейтін беріктікке, қатаңдыққа және орнықтылыққа жалпыланған есептеу тәсілдері «Машина бөлшектері» және әр саладағы машиналар, механизмдер, конструкцияларды жобалауға арналған арнаулы пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.

Студенттер «Материалдар кедергісі» курсын оқу үшін келесі пәндерді білулері керек:

- жоғары математика - сызықты алгебра мен аналитикалық геометрия элементтері, векторлар, функцияны дифференциялды есептеу, анықталмаған интеграл, анықталған интеграл, қарапайым дифференциялды теңдеулер, бірінші ретті дифференциалды теңдеулер, сандық қатарлар, сандық әдістердің элементтерін;

- физика - материалдық нүктенің кинематикасы, материалдық нүктенің динамикасы, қатты дененің динамикасы, тербелістер механикасы, толқындық қозғалыстар, қатты дененің молекулярлық физикасы, электр өрісіндегі өткізгіштер, тұрақты электр тоғы, тұрақты токтың магнит өрісі, жарықтың толқындық теориясының элементтері, жарық поляризациясы, жарықтың заттармен өзара байланысы, кристаллдар теориясы;

- сызықтық геометрия – проекция тұрғызу, нүкте және түзу сызық.


3 Пәннің мазмұны

(жалпы орта білім негізіндегі күндізгі оқыту формасы)


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптардың атаулары

Сағаттар саны

Дәріс

Жат


Зерт

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Негізгі түсініктеме

2

0,5







2

Созылу - сығылу

1

2

2

10

3

Материалдардың механикалық сипаттамалары

2

1,5

2

10

4

Созылу-сығылу кезінде беріктік пен қатаңдыққа есептеу

3

2




20

5

Ығысу мен бұралу

3

2

2

10

6

Көлденең қималардың геометриялық сипаттамалары

1

1,5




10

7

Иілу

5

2

2

20

8

Кернеу мен деформация күйлерінің теориясы

1

1,5




8

9

Күрделі қарсыласу

3

2

2

20

10

Статикалық анықталмаған системалар

1.5

1




10

11

Жұқа және қалың қабырғалы қуыстарды есептеу

1

2




8

12

Орнықтылық

2

1,5

2

20

13

Серпімділік шегіне есептеу

1

1




10

14

Циклды өзгерісінің уақытқа байланысты қажуына есептеу

1.5

1




10

15

Динамикалық күштер

2

1

2

10

16

Экспериментті әдіспен зерттеу







1

4




Барлығы:

30

22,5

15

180


(Жалпы орта білім негізіндегі сырттай оқыту формасы)


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптардың атаулары

Сағаттар саны

Дәріс

Жат


Зерт

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Негізгі түсініктеме

0,5










2

Созылу және сығылу

0,5




2




3

Материалдардың механикалық сипаттамалары

1










4

Созылу-сығылу. Беріктік пен қатаңдық шарттарына есептеу




1







5

Ығысу мен бұралу

1

1







6

Қималардың геометриялық сипаттамалары













7

Иілу

1

1







8

Кернеулі күйлер







2




9

Күрделі қарсыласу

1

1







10

Орнықтылық

1










11

Қажу кернеу, айналмалы және қайталанбалы циклдер













12

Динамикалық күштер
















Барлығы:

6

4

4





(Жоғарғы маманды білім негізіндегі сырттай оқыту формасы)


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптардың атаулары

Сағаттар саны

Дәріс

Жат


Зерт

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе. Негізгі түсініктеме

0,5







3

2

Созылу және сығылу

0,5




2

6

3

Материалдардың механикалық сипаттамалары

1







7

4

Созылу-сығылу. Беріктік пен қатаңдық шарттарына есептеу




1




7

5

Ығысу мен бұралу

1

1




8

6

Қималардың геометриялық сипаттамалары










6

7

Иілу

1

1




8

8

Нүктенің кернеулі күйлері мен деформациясы







2

5

9

Күрделі кедергі

1

1




8

10

Орнықтылық

1







6

11

Қажу кернеу, айналмалы және қайталанбалы циклдер










6

12

Динамикалық күштер










6

13

Эксперименттік зерттеу әдістері










2




Барлығы:

6

4

4

78



4 Дәріс сабақтарының мазмұны


Дәріс сабақтарының мақсаты Теориялық лекция курсының басты мақсаты студенттерге оқитын пән туралы жүйелі түсінік қалыптастыру, студенттерге теориялық білім беру, машиналардың бөлшектері мен түйіндерін конструкциялық ережелерімен есептеу нормалары тәсілдерін болашақ мамандарын игеруін қамтамасыз ету.

Тақырып 1 Кіріспе

Пәннің негізгі тапсырмалары мен мақсаты. Механика инженерлердің жалпы техникалқ дайындаудың негізгі, оның қазіргі жағдайы және құрамдас бөліктері. Пәннің құрылуының тарихи этаптары.

Тақырып 2 Созылу мен сығылу.

Бойлық күштер мен кернеулер. Орын ауыстыру мен деформациялар. Пуассон коэффициенті. Гук заңы.

Тақырып 3 Материалдардың механикалық сипаттамалары.

Материалдардың механикалық сипаттамалары мен қасиеттері. Серпімділік. Пластикалық. Беріктік. Мүмкіндік кернеулері. Конструкция элементтерінің беріктік серпімділігінің есептеулері.

Тақырып 4 Созылу-сығылу. Беріктік пен қатаңдық шарттарына есептеу

Пластикалық және морт материалдардың мүмкіндік кернеулері. Беріктік қоры коэффициенттері, шыбықтарды беріктікке есетпеудің түрлері. Көлденең қима өлшемдерін анықтау, жүк көтеру қабілетін анықтау. Қатаңдыққа есептеу.

Тақырып 5 Ығысу мен бұралу

Ығысу кезіндегі деформация мен кернеу күйлері. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Серпімді тұрақты материалдар арасындағы тәуелділік. Ығысу кезіндегі беріктік шарты.

Тақырып 6 Қималардың геометриялық сипаттамалары

Қиманың статикалық моменті. Ауырлық центрінің орны. Осьтік, өрістік цетрден тепкіш қималардың инерция моменттері. Қималардың параллель осьтерге қарағанда арасындағы байланыс. Бас осьтері мен бас моменттері.

Тақырып 7 Иілу.

Иілу моменттерінің эпюрасын тұрғызу. Тік кернеуді анықтау. Беріктік шарты. Беріктік гипотезалар.

Тақырып 8 Нүктенің кернеулі күйлері мен деформациясы

Кернеулі күйлер мен деформация туралы түсініктеме. Бір осьтік, жазықтық көлемді керенулі күйлері. Жалпы Гук заңы.



Тақырып 9 Күрделі кедергі

Күрделі кедергідегі кернеу мен деформацияны анықтаудың жалпы әдісі. Қиғаш иілу. Кернеуді анықтау. Толық иілу мөлшерін анықтау. Беріктік шарты. Орталықтан тыс созылу. (сығылу) деформациясы. Кернеу. Беріктік шарты қатаңдығы үлкен сырықты орталықтан тыс созылуға есептеу мысалы. Біліктің иіліп бұралуы. Бұраушы және июші момент эпюралары. Қауіпті қиманы таңдау. Есептеу жоспары. Беріктік шарты. Білікті иіліп бұралуға есептеу.



Тақырып 10 Орнықтылық

Негізігі түсініктер мен аумалы күш. Эйлер формуласы. Тірек түрлерінің аумалы күш шамасына әсері. Аумалы кернеу. Стержень иілгіштігі. Эйлер формуласын қолдану. Шарттары. Ясинский формуласы. Сығылған стержендерді орнықтылыққа есептеу әдісі.



Тақырып 11 Қажу кернеу, айналмалы және қайталанбалы циклдер

Негізгі түсініктер. Кернеу циклінің түрлері. Төзімділік шегін анықтау. Қажу диаграммасы. Төзімділік шегіне әсерін тигізетін факторлар. Беріктік қоры коэффициентін анықтау. Шоғырланғыштар кернеу. Тиімді шоғырлану коэффициенті. Сыртқы қысым әсеріндегі құбыр мен қабықшаны орнықтылыққа есептеу.

Тақырып 12 Динамикалық күштер

Даламбер принципін қолдану, инерция күштері, соққылау жүктемесі, өздік массаның соққылау жүйесіне әсері, динамикалық күштер әсерінен беріктікке есептеу.



Тақырып 13 Серпімділік шексіздігінен есептеу

Серпімді пластикалық иілу мен бұралу. Серпімді пластикалық тұтқыр деформацияға ұшыраған конструкция элементтерін есептеу, кернеу мен деформация арасындағы тәуелділік. Деформациялардың диаграммалары мен олардың схемалары

Тақырып 14 Пластина және жұқа қабықшаны есептеу

Оське симметриялы жұқа қабықшаның моментінің теориясы. Лаплас теңдеу, жұқа шыны құбырларды есептеу, дөңгелек пластинаның таза бұралуы. Кирхгоф гипотезасы, орын ауыстыруы мен иілу моментінің өзара байланысы, пластина бетінің иілу теңдеу, бетінің шарттары, оське симметриялы күштер әсерінің дөңгелек пластинасын есептеу.



Тақырып 15 Статикалық анықталмаған жүйелер

Қарапайым жүйелердің құрылысын талдау, байланыс және ерікті дәреже туралы түсінік. Күштер әдісі. Канондық теңдеулері.

Тақырып 16 Деформация мен кернеу зертеудің эксперименттік әдісі

Эксперименттік әдістер классификациясы, механикалық тензометрмен деформацияны өлшеу, кернеуді поляризациялы – оптикалық зерттеу әдісі, басқа эксперименттік әдістер туралы қысқаша мәлімет.


5 Пәннің жаттығу бөлімінің мазмұны


Жаттығу сабақтарының мақсаты дәрістік сабақтарда алынған білімдерді нығайту, тереңдету және кеңейту; есептерді шығару дағдысын студенттерге дарыту және машықтандыру.

Тақырып 4 Созылу-сығылу. Беріктік пен қатаңдық шарттарына есептеу

Пластикалық және морт материалдардың мүмкіндік кернеулері. Беріктік қоры коэффициенттері, шыбықтарды беріктікке есетпеудің түрлері. Көлденең қима өлшемдерін анықтау, жүк көтеру қабілетін анықтау. Қатаңдыққа есептеу.

Тақырып 5 Ығысу мен бұралу

Ығысу кезіндегі деформация мен кернеу күйлері. Ығысу кезіндегі Гук заңы. Серпімді тұрақты материалдар арасындағы тәуелділік. Ығысу кезіндегі беріктік шарты.

Тақырып 6 Қималардың геометриялық сипаттамалары

Қиманың статикалық моменті. Ауырлық центрінің орны. Осьтік, өрістік цетрден тепкіш қималардың инерция моменттері. Қималардың параллель осьтерге қарағанда арасындағы байланыс. Бас осьтері мен бас моменттері.

Тақырып 7 Иілу.

Иілу моменттерінің эпюрасын тұрғызу. Тік кернеуді анықтау. Беріктік шарты. Беріктік гипотезалар.

Тақырып 9 Күрделі кедергі

Күрделі кедергідегі кернеу мен деформацияны анықтаудың жалпы әдісі. Қиғаш иілу. Кернеуді анықтау. Толық иілу мөлшерін анықтау. Беріктік шарты. Орталықтан тыс созылу. (сығылу) деформациясы. Кернеу. Беріктік шарты қатаңдығы үлкен сырықты орталықтан тыс созылуға есептеу мысалы. Біліктің иіліп бұралуы. Бұраушы және июші момент эпюралары. Қауіпті қиманы таңдау. Есептеу жоспары. Беріктік шарты. Білікті иіліп бұралуға есептеу.



Тақырып 10 Орнықтылық

Негізігі түсініктер мен аумалы күш. Эйлер формуласы. Тірек түрлерінің аумалы күш шамасына әсері. Аумалы кернеу. Стержень иілгіштігі. Эйлер формуласын қолдану. Шарттары. Ясинский формуласы. Сығылған стержендерді орнықтылыққа есептеу әдісі.



Тақырып 11 Қажу кернеу, айналмалы және қайталанбалы циклдер

Негізгі түсініктер. Кернеу циклінің түрлері. Төзімділік шегін анықтау. Қажу диаграммасы. Төзімділік шегіне әсерін тигізетін факторлар. Беріктік қоры коэффициентін анықтау. Шоғырланғыштар кернеу. Тиімді шоғырлану коэффициенті. Сыртқы қысым әсеріндегі құбыр мен қабықшаны орнықтылыққа есептеу.

Тақырып 12 Динамикалық күштер

Даламбер принципін қолдану, инерция күштері, соққылау жүктемесі, өздік массаның соққылау жүйесіне әсері, динамикалық күштер әсерінен беріктікке есептеу.


6 Зерттеу жұмысының мазмұны


Зертханалық жұмыстардың мақсаты конструкция металлындағы машиналардың типтік бөлшектері мен түйіндерін зерттеу, оларды сынау әдістерін игеру, олардың жұмысын және есептеу әдістерін зерттеу, есептеу тәуелділітерін эксперименттік тексеру, кейбір типтік түйіндердің конструктивтік шешімдерімен тәжірибеде танысу.

1 Жұмыс Болат пен мыс үшін Пуассон коэффициентін және серпімді модулін анықтау

2 Жұмыс Болаттың, шойынның және ағаштың созылуын бақылау.

3 Жұмыс Болатты үлгінің бұралуына зерртеу .

4 Жұмыс Болаттың ығысу модулін анықтау.

5 Жұмыс Болатты кесілуге бақылау.

6 Жұмыс Бұрылу кезіндегі стерженнің кернеулі күйін анықтау

7 Жұмыс Жазық кернеулі күйді тензометр әдісімен анықтау.

8 Жұмыс Екі тіректі еркін жатқан, арқалықтаың иілу теориясының үлгісінде бақылау тәжірибені тексеру.

9 Жұмыс Статикалық анықталған арқалықтың орын ауыстыруын анықтау

10 Жұмыс Өзара жұмыс туралы теореманы тәжірибеде тексеру.

11 Жұмыс Статикалық анықталмаған арқылықтың бекітпенің реактив моментін анықтау.

12 Жұмыс Қиғаш иілген арқалықтың кернеуін анықтау.

13 Жұмыс Сығылған стержіннің аумалы күшін анықтау.

СӨЖ мазмұны


СӨЖ мақсаты студенттердің өздігінен курстың жеке тарауларын және белгілі көлемдегі үй жұмысын орындау.

(жалпы орта білім негізіндегі күндізгі оқыту формасы)

СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есептің формасы

Бақылау түрлері

Сағат көлемі

1

Дәрістік сабаққа дайындалу




Сабаққа қатынасу

7,5

2

Тәжірибелік сабаққа дайындалу, үй жұмысын орындау

Есеп

Сабаққа қатынасу

7,5

3

Аудиториялық сабақта қарастырылмаған материалдарды оқу

Жазбаша, реферат және т.б.

Ауызша

21

4

Үй жұмыстарды орындау







20

5

Межелік бақылауға дайындық




РК 1, РК 2

4




Барлығы

60


Студенттердің өздігінен оқуына арналған тақырыптар

1. Созылу, сығылу: көлбеу қималарында кернеулерді анықтауҢ деформациясының потенциалдық энергиясы.

Әдебиет: [5] 99-100, 177 бет; [8] 26-27 бет, [6] 49-51 бет; 63-66 бет.

2. Созылу-сығылу кезінде беріктік пен қатаңдыққа есептеу; есептеу түрлері – жобалау, тексеру, жүк көтергіш.

Әдебиет: [8] 50 бет. [6] 47-49 бет

3. Ығысу мен бұралу: тойтармалы, бұрамдалы және пісірілген қосылыстарын беріктікке есептеу; бұралу деформациясы; бұралған білікті беріктікке есептеу.

Әдебиет: [8] 135-142 бет. [6] 84-87 бет

4.Қималардың геометриялық сипаттамасы. Параллельді және бұралған осьтерге қарағанда инерция моменттерін анықтау..

Әдебиет: [5] 25-30 бет. [6] 21-24 бет

5. Тік стерженнің иілуі: көлденең иілу кезінде Журавский формуласы; тік және жанама кернеулердің қиманың биіктігімен өзгеруі.

Әдебиет: [5] 127-131 бет. [6] 119-123 бет

6. Кернеулік күйлері: жазық пен көлемді кернеулі күйі; беріктік шарттар, беріктік гипотезалар.

Әдебиет: [5] 76-79 бет; 87-93 бет. [6] 63-81 бет

7. Күрделі қарсыласу: центрден тыс созылу; дөңгелек емес қималардың иілуі мен бұралу, аққыштық шегі арқылы беріктік қоры коэффициенті.

Әдебиет: [5] 238-241 бет. [6] 160-162 бет

8. Деформацияның потенциалдық энергиясы мен деформациялары анықтау әдістері, жалпылама Гук заңы, Мор интегралы. Верещагин әдісі немесе Сипсон формуласы интегралды шешуі..

Әдебиет: [5] 183-184 бет; 190-200 бет. [6] 127 бет; 72-74 бет; 96-97 бет; 140-145 бет.

9.Статикалық анықталмаған жүйелер; олардың орнын ауыстыруы шамасын анықтау; канондық теңдеуді шешкенді симметриялық шарттарын пайдалануы.

Әдебиет: [8] 573-540 бет. [6] 145-149 бет

10. Деормацияланған жүйелердің орнықтылық шарты; Үлкен, орта мен аз иілгіштік шамалы шыбықтарды орнықтылыққа есептеу, жобалау есебі, бойлық пен көлденең иілу.

Әдебиет: [5] 266-268 бет; [8] 569-572 бет. [6] 169-180 бет

11. Уақыт сайын циклді өзгерістегі кернеулердің беріктігі, аумалы кернеулердің беріктік гипотезалар; аумалы кернеулердің бір осьтік кернеулі күйдегі және бұралу кезіндегі беріктігі, иіліп бұралу деформациясының төзімділік.

Әдебиет: [8] 652-660 бет; [12] 601-608 бет. [6] 186-196 бет

12. Динамикалық күштер: кернеу мен деформацияларды және вибрацияға ұшыраған күштерді анықтау

Әдебиет: [5] 268-325 бет. [6] 181-185 бет

Сырттай оқитын студенттердің бақылау жұмысының тақырыптары мен мазмұны





Тақырып

Мазмұны

Орындау уақыты

1

Статикалық анықталған шыбықтың созылуы мен сығылуы

Бойлық күштің эпюрасын тұрғызуы; жобалау есебі; тік кернеудің эпюрасын тұрғызуы, бойлық деформациясын анықтау.
Сессияға дейін

2

Дөңгелек қималы стерженді бұралуы


Ішкі бұралу моментінің эпюрасын тұрғызуы, қатаңдық шартынан жүк көтергіші есебі, жобалау есебі, бұралу бұрышын анықтау

Сессияға дейін

3

Жазық қималардың геометриялық сипаттамалары

Қималардың геометриялық сипаттамларын анықтау

Сессияға дейін

4

Жазық иілу


Көлденең күштер мен иілу моменттерінің эпюраларын тұрғызу, жанама кернеу арқылы беріктігін анықтау

Сессияға дейін

5

Күрделі кедергі


Иіліп бұралған білікті беріктік гипотеза арқылы жобалау есебін орындау

Сессияға дейін

6

Бір дәрежелі арқалықтың тербелісі


Өздік және қозғалысты жиілдікті анықтау. Динамикалық коэффициенті. Беріктігін тексеруі.

Сессияға дейін

Мамандықтың және пәннің Форма

оқу- әдістемелік кешені Ф СО ПГУ 7.18.1/10

қойылатын талаптар
4 Жұмыстық оқу жоспарынан көшірме

5B070800 «Мұнай-газ ісі»



Материалдар кедергісі пәні бойынша




Оқыту

формасы

Бақылау

формасы

Студ. жұмыс көлемі (сағат.)

Курстарға және семестрлерге сағаттардың бөлінуі

Емтихан

сынақ

К.Ж.

К.Ж.

ЕГЖ

Бақ.жұм

Барлығы

Дәріс

Тәжірибе

Зертхана

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибе

Зертхана

СӨЖ

барлығы.

аудитор

СӨЖ

1

Орта білім негізінде күндізгі оқыту

050713 ЖБО



3
















97,5

37,5

60

семестр 3

семестр 4

15

7,5

15

60













2

орта білім негізіндегі сырттай оқыту

050713 ЖМО



2













2

92

14

78

Семестр 1

семестр 2

6













4

4

78


5 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздығы Материалдар кедергісі пәні бойынша

Негізгі

  1. Дүзелбаев С.Т., Быстрова Л.Ф., Дюрягин С.П., Жумадилов С.К., Молокова Н.И., Мустафин А.Х., Омарбекова Р.К., Сарымов Е.К. Сопротивление материалов: Программа, методические указания и контрольные задания для студентов – заочников. - Павлодар: ПГУ РИЦ, 2004. - 78 с.

  2. Дүзелбаев С.Т., Быстрова Л.Ф., Дюрягин С.П., Жетпісов Т.Х., Жумадилов С.К., Молокова Н.И., Мустафин А.Х., Омарбекова Р.К., Сарымов Е.К., Тутанов С.К. Лабораторный практикумы по сопротивлению материалов/Под ред.д.т.н., профессора Б.Б. Телтаева.- Павлодар: ПГУ НИЦ, 2003.- 104 с.

  3. Копнов В.А. Кривошапко С.Н. Сопротивление материалов. Руководство для решения задач и выполнения лабораторных и Расчетно-графических работ. -М.: Высшая школа 2005.-351с.

  4. Минин Л.С. Хроматов В.Е., Самсонов Ю.П.. Расчетные и тестовые задания по сопротивлению материалов. М.: Высш. шк., 2003.-224с.

  5. Пономарев А.Т., Зорин В.А. Сопротивление материалов. Курс лекций. Учебное пособие. -М.: 2002.-336с.

  6. М.Ф. Үркімбаев, С.Ж. Жүнісбеков. Материалдар кедергісі. Алматы, Мектеп 1986ж.

Қосымша

  1. Быстрова Л.Ф. Сложное сопротивление: методические указания по выполнению расчетно- графических работ. – Павлодар 2003. – 25с.

  2. Винокуров Б.Ф. и др. Сопротивление материалов: Расчетно-проектировочные работы: Учеб. пособие для вузов. - М.: Высш шк, 1990.- 479 с

  3. Дарков А. В., Шпиро Г. С. Сопротивление материалов: Учеб. для техн. вузов. – М.: Высш. шк., 1989. – 624 с.

  4. Дузельбаев С.Т., Торговец А.К., Юсупбекова С.О. Персональный компьютер в задачах сопротивление материалов: Учеб. пособие для студентов тех. учебн. заведений /Под ред. Н.И. Мироненко. - Алматы: Рауан, 1992.- 196 с.

  5. Дузельбаев С. Т. Лабораторный практикум по сопротивлению материалов. – Алматы: РИК по УМЛ МОРК, !996. – 95 с.

  6. Дузельбаев С.Т., Бакиров Ж.Б., Кунакбаев Т.О. Электротензометрия в лабораторных работах по сопротивлению материалов: Метод. разработка.–Алма-Ата.: РУМК, 1989.- 60 с

  7. Писаренко Г.С., Агарев В. А., Квитка А. Л. и др Сопротивление материалов / Под. ред. Г.С. Писаренко. – Киев: Вища шк., 1974. – 672 с.: ил.

  8. Пособие к решению задач по сопротивлению материалов: Учеб. пособие для техн. вузов/ И. Н. Миролюбов, С. А. Енчалышев, Н. Д. Сергиевский и др. – М.: Высш. шк., 1985. – 399 с.

  9. Сборник задач по сопротивлению материалов: Учеб. пособие для вузов / Под ред. А. С. Вольмира. – М.: Наука, 1985. – 408 с.

  10. Украинец В. Н., Фахрутдинов Г. С. Сопротивление материалов: Курсовые задания и руководство к их выполнению / ПИИ – Павлодар, 1982. – 35 с.

  11. Феодосьев В. И. Сопротивление материалов: Учеб. для вузов. – М.: Наука, 1984. – 530 с.: ил.


Ф СО ПГУ 7.18.1/11

Жұмыс бағдарламасының келісім парағы

Материалдар кедергісі

2010-2011 оқу жылына

КЕЛІСІМ ПАРАҒЫ


Шығаратын

кафедра

Кафедра меңгерушісінің аты-жөні

Қолы

Келісім күні

1

2

3

4

Механика және мұнай-газ ісі

Мустафин А.Х








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет