Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы



жүктеу 45.95 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі45.95 Kb.


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2015 жылғы ___ маусымдағы

№ _____ өкімімен

бекітілген

Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері

жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы

ереже



  1. Жалпы ережелер

1. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілген Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.


  1. Комиссияның міндеттері мен функциялары

4. Комиссияның негізгі міндеті Бағдарламаны орындаудың негізгі параметрлерін қарау болып табылады.

5. Комиссияның функциялары:

1) қаржыландыру лимиттерін келісу және Бағдарлама бағыттары және өңірлер бойынша қаражат бөлу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

2) басқа өңірлердің бөлінген және (немесе) бөлінетін қаражаттан бас тартуы, сондай-ақ тиісті құжаттаманы ұсынбауы нәтижесінде қалыптасқан сомаларды өңірлер арасында қайта бөлу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

3) Бағдарламаны іске асыру жөнінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру бойынша ұсындар әзірлеу;

4) Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша ұсындар әзірлеу;

5) республика бойынша және өңірлер бөлінісінде жұмыс орындарын құру жоспарларын қарау;

6) мемлекеттік және салалық бағдарламалар бөлінісінде республика бойынша жұмыс орындарын құру жоспарларын қарау;

7) жұмыс қолы көп өңірлерді және өз еркімен қоныс аударуды ұйымдастыру үшін өңірлерді айқындау бойынша ұсыныстарды қарау;

8) қызметтік тұрғын үйлерді салу, сатып алу, құрылысын аяқтау және қоныстандыру жұмыс берушілердің қатысуымен жүзеге асырылатын өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарау;

9) Бағдарлама шеңберінде кешенді дамыту үшін айқындалған тірек ауылдық елді мекендердің тізбесі және тірек ауылдарды дамытуды қаржыландыруға арналған қаражатты өңірлер арасында бөлу бойынша ұсыныстарды қарау;

10) жыл қорытындылары бойынша орталық атқырушы органдарды, сондай-ақ өңірлер әкімдерін жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейінің және Бағдарламаның іске асыру жоспарларын орындау бойынша есептерін тыңдау;

11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына Бағдарламаны іске асыруға байланысты мәселелер жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.




  1. Комиссияның құқықтары

6. Комиссияның белгіленген тәртіппен және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:

1) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;

2) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарды тартуға;

3) Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан қажетті ақпарат сұратуға;

4) отырыстарда Комиссияның қарауына жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың жауапты өкілдерін тыңдауға;

5) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

  1. Комиссия қызметін ұйымдастыру

7. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда Комиссия төрағасының орынбасары оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.

8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс..

9. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін Комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды деп саналады.

11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен жүргізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда ол жазбаша түрде баяндалуға және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

12. Дауыс беру парақтарымен қоса Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.




  1. Комиссия қызметін тоқтату

13. Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің өкімі Комиссия қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет