«Жўмыспен ќамту баєдарламасы -2020 бекіту туралы» Ќазаќстан Республикасы Їкіметі ќаулысыныѕ жобасына



жүктеу 55.39 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі55.39 Kb.


«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА




р/с

Жобада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік

органның ақпараты

1.
 

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

2.
 

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі
 

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына сәйкес келтіру.

3.
 

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
 

Қаулы жобасын іске асыру 2017 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен (Республикалық бюджет комиссиясының 2016 жылғы 29 тамыздағы № 20 шешімі), бюджеттік мынадай бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асырылатын болады:

1) 052 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету», оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:

109 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілікті деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер»;

112 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне саламатты өмір салтын насихаттауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер»;

3) 053 «Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту», оның ішінде кіші бағдарламалар бойынша:

100 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;



101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;

4.
 

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар
 

Қаулы жобасын қабылдау халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етеді, медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз етеді, қаржыландырудың бірыңғай тәсілдерін қамтамасыз етеді

5.
 

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі
 

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына сәйкес келтіру.

6.
 

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
 

Жоқ

7.
 

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
 

Талап етілмейді

8.
 

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

Жүргізілген жоқ

9.
 

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
 

Халықаралық шарттар жоқ

10
 

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

Рұқсат етіледі

11.*
 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Жоқ

12.**
 

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
 

«Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында (mz.gov.kz) орналастырылды 328 КБ, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды

13.**
 

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады
 

Жүргізілген жоқ

14.***
 

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
 

Талап етілмейді




Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі



Е. Біртанов





201__ жылғы «____»____________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет