Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтер белгілеу жөніндегі



жүктеу 0.74 Mb.
бет1/5
Дата16.05.2018
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4   5


Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған

нормалар мен нормативтер белгілеу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы

Еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған

нормалар мен нормативтер белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілсін.

2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Министрліктің веб-сайтында жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Министр Б. Сапарбаев

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2008 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 310-ө бұйрығымен

бекітілген
Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


  1. Жалпы ережелер

Осы Әдістемелік ұсынымдар ұйымдарда жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі нормативтік материалдарды әзірлеу кезінде қолдануға арналған.

Қабылданған шаруашылықты жүргізу шарттарына байланыссыз еңбекті нормалау соның көмегімен қызметкерлердің талап етілетін саны мен жұмыс орындары санын негізді айқындауға, жұмыс уақытын пайдалануды жоспарлауға, қызметкерлер еңбегі өнімділігінің қол жеткізілген деңгейін (тиімділігін) және оның өсімінің қолда бар резервтерін бағалауға, еңбекке ақы төлеу деңгейінің орындалатын жұмыстар мен қызметтердің санына барабарлығын қамтамасыз етуге болатын жалғыз құралды береді

Ұйымдарда еңбекті нормалаудың мақсаты ғылыми жетістіктер мен үздік тәжірибені енгізу, олардың нормалардан уақтылы көрініс табуы нәтижесінде еңбек шығындарын азайту бойынша мақсаткерлік жұмыстарды жүргізудің негізінде оның өндірістік және еңбек әлеуетін тиімді пайдалануды, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.

Еңбекті нормалау жөніндегі жұмыстар мынадай міндеттерді шешеді: өндірістің едәуір тиімді жағдайларын анықтау, оларды нормаларға бекіту және осы нормаларды игеру, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді шешуге байланысты жұмыстарды: жалпы салалық деңгей бойынша еңбек шығындарының қол жеткізілген көлемін бағалауды, осы деңгейге қол жеткізу мүмкіндігін анықтау және оны төмендету жолдарын; техникалық және ұйымдық сипаттағы шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде еңбек шығындарын азайтудың экономикалық негіздемесін тексеруді жүргізу.

Өзінің экономикалық мәні тұрғысынан еңбек шарасы болып табылатын еңбек нормалары:

еңбек пен өндірісті тиімді ұйымдастыру;

ағымдағы және перспективалық жоспарлау;

еңбек тиімділігін бағалау және еңбектің жоғары өнімділігін ынталандырудың негізі болу;

еңбектің қалыпты қарқындылығы мен ауырлығын қамтамасыз етуге негіз болу;

қызметкердің мүдделерін оған еңбек нормаларына сәйкес тапсырылатын жұмыстардың мазмұндылығы бөлігінде сақтау, оның кәсіптік-біліктілік жағынан өсу перспективаларының (еңбек карьерасы) кепілдігі қызметтерін атқарады.

Еңбекті нормалауды ұйымдастыру және жетілдіру бойынша жұмыстарды нарық жағдайында жұмыс беруші жүргізеді. Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын (тарифін) азайтуда еңбек нормалары рөлінің күшеюімен олардың қызметкердің мүмкіндігі мен қажеттілігіне бағытталуы тиістілігіне байланысты еңбекті нормалау мынадай қағидаттарға құрылуы керек:

әрбір қызметкердің еңбек үлесін өлшеу және бағалауды қамтамасыз ететін еңбекті нормалау саласын барынша кеңейту (еңбекті нормалаудың жалпылығы);

нормалар еңбектің қажетті шығындарын бейнелеуі керек және ұқсас ұйымдық-техникалық жағдайларда орындалатын бірдей жұмыстарға бірыңғай болуы керек;

еңбек нормаларының ұйымдық-техникалық факторлармен қатар, экономикалық, психофизиологиялық және әлеуметтік факторларды да ескеріп негізделуі;

ғылым мен тәжірибенің үздік жетістіктерін ескеру;

өнімге көп еңбек жұмсауды азайта отырып, «зерттеу - өндіріс - пайдалану» циклінің барлық стадияларында еңбек шығындарын үнемдеуге мақсатты түрде ықпал етуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқару жүйесін қалыптастыру.

Еңбекті нормалау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізу қажет және норманың барлық «өмірлік циклін»: қолданыстағы нормаларды талдау; жаңа нормаларды белгілеу (жаңа өнімге немесе қолданыстағы норманы жаңасымен ауыстыру); норманы игеру, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды, прогрессивті технологияны, жаңа техниканы енгізу жолымен перспективті бағыттарда қайта талдау және жұмыстарды жүргізуді қамтуы қажет.





  1. Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу

Еңбекті нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу, бастапқы материалдарды талдауға және жүйелеуге, норма шамасына әсер ететін факторларды таңдауға әсер ететін және психофизиологиялық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да факторларды ескере отырып, нормативтік шамаларды математикалық өңдеу әдістерін қолдануға негізделген ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

Нормативтік материалдар нақты ұйымдық-техникалық жағдайлардағы еңбек нормаларын белгілеу үшін негіз болып табылады және еңбек нормаларының сапасы белгілі бір дәрежеде негізінде өздері есептелетін, нормативтік материалдардың сапасымен айқындалады.

Нормативтік материалдардың сапасы көптеген факторлардың, атап айтқанда, операция элементтерін орындау кезінде еңбек шығынына әсер ететін, олардың саралану дәрежесіне, құралдардың сипаты мен еңбек құралдарына, бұйымдардың номенклатурасына, біртектес бұйымдарды дайындаудың қайталануына және т.б. байланысты болады. Алайда, белгілі бір айырмашылықтарға қарамастан, нормативтік материалдар мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс:

прогрессивті болуға, яғни техниканың, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың заманауи деңгейін көрсетуге;

нормативтерді әзірлеу кезінде еңбек шығынының шамасына әсер ететін барлық факторларды (техниикалық, ұйымдық, психофизиологиялық, әлеуметтік және экономикалық) барынша ескеруге, сондай-ақ жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық жағдайларының әртүрі нұсқаларын барынша толық қамтуға;

талап етілетін дәлдік деңгейіне сәйкес болуға тиіс, өйткені олар бойынша белгіленетін еңбек нормаларының дәлдігі де нормативтердің дәлдігіне байланысты болады;

пайдалануға ыңғайлы болуға және еңбек нормаларын белгілеу кезінде ең төмен шығындарды қамтамасыз етуге тиіс.





    1. Нормативтік материалдарды әзірлеу кезеңдері

Негізделген нормативтік материалдарды әзірлеу және өндірістік жағдайларда тексеру мынадай ірілендірілген кезеңдерден тұрады:



Бірінші кезең;

нормативтік материалдар әзірленетін жұмыстардың тізбесін белгілеу;

қолда бар әдістемелік және нормативтік материалдардың, әдебиетті, қолданыстағы нормалар туралы деректерді зерттеу;

жабдықтың паспортын, қолданылатын құралдың, айлабұйымның, материалдардың, әзірлемелер мен шикізаттың сипаттамаларын іріктеу;

техникалық тапсырма мен жұмыс әдістемесін әзірлеу;

жұмыс орындарында жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық шарттары мен әдістерін алдын ала зерттеу;

қадағалауды жүргізуге арналған жұмыс орындарын таңдау және жұмыс орындарында жекелеген өлшеулерді іріктеп жүргізу;

еңбек шығындарының шамасына әсер ететін факторларды белгілеу;

кестелердің макеттерін және нормативтік материалдардың жинақтарын алдын ала әзірлеу.

Екінші кезең:

хронометраждық, фотохронометраждық қадағалауларды, жұмыс күнінің фотографиясы мен басқа да зерттеу жұмыстарын жүргізу;

жиналған материалдарды алғашқы өңдеу;

Үшінші кезең:

нормативтік қадағалау материалдары жөніндегі бастапқы деректерді жүйелеу;

еңбек шығындарының шамасына әсер ететін негізгі факторлардың тізбесін айқындау;

әсер етуші факторлардың мәндері мен еңбек шығындарының шамасы арасындағы тәуелділіктің эмпирикалық формулаларын шығару;

кестелер мен жинақ макеттерін айқындау;

нормативтік шамалардың есептерін жүргізу;

жинақ жобасының және оның түсіндірме жазбасының 1-реадакциясын дайындау;

Төртінші кезең:

1-редакциядағы жинақ жобасын өндірістік жағдайларда сынамалау тәртібі туралы нұсқамалық материалдарды дайындау;

сынамалау нәтижелерін өңдеу және жүйелеу;

қосымша материалдар жинау.

Бесінші кезең:

өзгерістер мен толықтырулар енгізу (жинақтың 2-редакциясын дайындау);

жинақ жобасына түсіндірме жазба дайындау;

жинақ жобасын белгіленген тәртіппен бекіту.




    1. . Техникалық тапсырма

Техникалық тапсырма мынадай бөлімдерді қамтиды;

әзірленетін жинақтың нысаны. Бөлімде орындалатын жұмыстың мақсаты, жинақтың қолданылу саласы (жұмыстың түрлері мен өндіріс үлгісі), орындалатын жұмыстардың жалпы еңбек сыйымдылығы мен жинақтың қолданылуынан күтілетін нәтиже айқындалады.

Жұмыстың мазмұны мен оның орындалу дәйектілігі. Бөлімде мыналар келтіріледі:

кезеңдер бойынша жұмыстың қысқаша мазмұны;

жұмысты орындаудың дәйектілігі;

жинақты әзірлеу кезінде пайдалануға ұсынылатын негізгі бастапқы материалдар;

жинақты әзірлеуге тартылатын ұйымдардың тізбесі, олармен бірлесіп жұмыс істеудің тәртібі;

жинақты сынамалау жүргізілетін ұйымдардың тізбесі.

Негізгі жұмыс кезеңдері мен олардың орындалу мерзімдері. Бөлімде жұмысты кезеңдер бойынша орындаудың еңбек сыйымдылығы (құны), әр кезең бойынша жұмыстың басталу және аяқталу кезеңдері айқындалады.

Ұсынылатын материалдардың тізбесі. Бөлімде нормативтер жинағын келесі бекіту үшін тапсырыс берушіге ұсынылатын материалдар көрсетіледі.

Бұл материалдардың ішінде:

техникалық тапсырма;

нормативтік жинақтың 1-редакциясының жобасы;

нормативтік жинақтың 1-редакциясының жобасына ұйымдардан келген пікірлердің жиынтығы;

жинақты өндірістік жағдайларда сынамалау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсыныстар ескеріле отырып пысықталған жинақтың 2-редакциясының жобасы бастапқы материалдар болып табылады.





    1. Жұмыс әдістемесі

Жұмыс әдістемесі нормативтік материалдарды жобалау әдістерін, сондай-ақ, оларды өндірістік жағдайларда тексерудің тәртібін айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Әдістемеде мынадай негізгі бөлімдер көзделген болуға тиіс:



  1. Негізгі бөлім.

  2. Нормаларды жобалауға дайындау және бастапқы деректерді жинау.

3. Бастапқы деректерді талдау, жұмыстың ұйымдық-техникалық шарттарының норма есептерін ресімдеу.

4. Жобаланған нормаларды өндірістік жағдайларда сынамалау.

«Нормаларды жобалауға дайындау және бастапқы деректерді жинау» бөлімінде:

жұмыс орындарындағы ұйымдық-техникалық жағдайларды сипаттайтын материалдарды жинау жөнінде нұсқаулар;

олардың жұмысына қадағалау жүргізу үшін нақты қызметкерлерді іріктеу жөніндегі нұсқаулар;

уақыт шығындарына әсер ететін факторлардың мәндерін айқындау, қадағалауларды жүргізу және алғашқы өңдеу (қадағалаулардың түрі, көлемі, дәлдігі, өлшем бірлігі, жұмыс көлемі, фиксаж нүктелері, қадағалауларды жүргізудің және нәтижелерін өңдеудің тәртібі), аспаптардың, өлшеу және бақылау аппаратураларының көрсеткіштерін айқындау жөніндегі ұсынымдар;

қолданыстағы нормативтерді, нормалар мен олардың орындалуы туралы деректерді жинау жөніндегі нұсқаулар келтіріледі.

Қажетіне қарай жұмыс әдістемесіне қадағалауларды жүргізу және алынған нәтижелерді өңдеу үшін бланкілердің үлгілері қоса беріледі.

«Бастапқы деректерді талдау, нормативтерді жобалау, нормативтік кестелерді әзірлеу және жинақ жобасын (1-редакциядағы) дайындау» бөлімінде:

жиналған бастапқы материалдарды талдау;

олардың мәндеріне қарай нормативтер жобалануға тиісті факторлардың әсерін зерттеуге және оларды таңдауға;

таңдап алынған факторлардың градациясын айқындауға және нормативтерді жобалауға (қажет болған кезде солар бойынша нормативтердің формулалары мен үлгілері келтіріледі);

нормативтер кестелерінің дәлдігіне, ірілендіру дәрежесіне, құрылымына (кестелердің макеттері);

жинақтың тұтастай құрылымына және оның бөлімдерінің мазмұнына (жалпы бөлімге, жұмыстарды орындаудың ұйымдық-техникалық шарттары мен еңбек әдістері, нормативтік және анықтамалық бөліктер келтірілген бөлімдері) қатысты әдістемелік нұсқаулар келтіріледі.

«Жобаланған нормаларды өндірістік жағдайларда сынамалау» бөлімінде нормативтер жинақтарын ұйымдарда сынамалаудың мақсаттары мен міндеттері жазылады.
2.4 Нормативтік кестелердің макеттерін әзірлеу
Нормативтік кестелердің макеттерін әзірлеу деп, уақыт шығындарының шамасын орналастыру көзделген кестенің нысанын алдын ала таңдау ұғынылады. Алдын ала әзірленген макетке қарай бастапқы деректерді жинау жүргізіледі, қадағалаулар өткізіледі. Кестеде ұйымдық-техникалық жағдайлар мен нормаланатын жұмыстардың еңбек сыйымдылығына әсер етуші факторлардың сандық мәндері беріледі.

Кестелердің макеттері:

нормаланатын еңбек әрекеттерінің, тәсілдерінің немесе олардың кешендерінің мазмұнын жан-жақты жазуды;

жұмысты орындаудың ұйымдық-техникалық жағдайларының суреттемесі;

осы операцияны орындау кезінде уақыт шығынына әсер етуші факторлардың анықтамасы;

әсер ету факторларының және олардың арасындағы бағдарлық интервалдардың шекті мәндерін белгілеу;

еңбек процесі элементтерін ірілендіру және нормативтер кестелерін ыңғайлау кезіндегі қажетті дәлдік деңгейі туралы нұсқаулар көзделуге тиіс.

Нормативтік материалдарды біріздендіру және олардың пайдаланылуын жеңілдету үшін нормативтік тәуелділіктердің барлығын кесте түрінде көрсеткен дұрыс.

Нормативтік кестелер:

уақыт нормативі белгіленетін, нормаланатын операцияның еңбек әрекеттерінің құрылымын суреттеумен және орындалу дәйектілігімен;

кестеде нормативтер келтірілетін өлшеуіш нұсқауларымен;

нормаланатын жұмыс нұсқасын дұрыс түсінуге жәрдемдесетін әрі нормативтердің түрліше түсіндірілуіне жол бермейтін қажетті схемалармен, эскиздермен және түсіндірмелермен толықтырылуға тиіс.

Кесте макеттерін әзірлеу кезінде тәуелсіз ауыспалының (әсер ету факторының) атаулары мен сандың мәндері, тұтастай кесте сияқты, жекелеген ішкі шағын бөлімдерде де нормативтердің қажетті дәлдігі талаптарына немесе практикалық тәртіп талаптарына (қажетті шамаларды жылдам табу және .б.) орай белгілі бір жүйемен келтіріледі.

Кесте макеттерін құрастыру кезінде факторлар мәндері интервалдарының дұрыс таңдалуына және нормативтердің қосалқы кестелік мәндерін айқындауға назар аударылуы қажет, бұл келтірілетін сандық материалдың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жұмыстарды орындаудың жекелеген нұсқаларына арналған нормативтердің кестелік мәндерін тиісті коэффициенттермен ауыстырудың және кестенің анағұрлым қарапайым түрін таңдаудың тиімділігін белгілеу қажет.

Өлшеуіш нормативтердің сапасын анықтау кезінде негізгі көрсеткіштер болып табылатын, олардың талап етілетін дәлдігі мен универсальділігіне қарай таңдалады.

Нормативтердің универсальділігі нормалау үшін норматив пайдаланылатын операциялардың санымен бағаланады.

Жедел нормалау үшін нормативтер универсальді ғана емес, сонымен бірге, шамалы уақыт шығынымен еңбек нормасын берілген дәлдікпен жобалауға мүмкіндік беретіндей болуы қажет. Сондықтан универсальділік туралы мәселені нормативтердің дәлдігі және оларды ірілендіру деңгейін анықтаумен бірге шешу қажет.
2. 5. Нормативтік жинақ макетін дайындау
Нормативтік жинақтың атауы онда келтірілген нормативтердің қандай екенін айқындауға болатындай болып қалыптастырылуға тиіс.

Нормативтік жинақтың атауында (немесе мұқаба парақтың басқа жерінде) мынадай деректер көрсетіледі: нормативтік материалдардың түрі; олардың қолданылу саласы; өндіріс түрі, оларға арналған жұмыстардың түрі; еңбек құралының түрі; жабдықтың түрі мен үлгісі.

Мұқабалық парақ белгіленген тәртіппен толтырылады, жинақтың аты, «Келісілді» және «Бекітілді» грифтері көрсетіледі, нормативтік жинақтың екінші парағында оны әзірлеген ұйым, әзірлеуші-ұйым жататын сала, сондай-ақ нормативтік жинақтың әзірленген жылы, оның қолданылу мерзімі көрсетіледі.

Нормативтік жинақ мынадай бөлімдерді қамтуға тиіс:

Жалпы бөлім;

Қолданылатын жабдықтың сипаттамасы мен жұмыс технологиясы;

Еңбекті ұйымдастыру;

Нормативтік бөлім.

Жалпы бөлімде жинақтың қандай жұмыстарға және өндірістің қандай түріне арналатыны көрсетіледі; негізінде осы нормативтік жинақ әзірленген материалдардың тізбесі келтіріледі; жинақты қолданудың шарттары, жинақты қолдану туралы жалпы әдістемелік нұсқаулар; негізгі формулалар мен осы нормативтер бойынша еңбек нормаларын есептеудің мысалдары беріледі.

Бұл бөлімде, сондай-ақ, әзірленген нормативтік шамаларды өлшеу бірліктері беріледі және жинақтағы қызметкерлердің кәсіптері мен жұмыс разрядтары алынған тарифтік-біліктілік анықтамалыққа сілтеме жасалады.

«Қолданылатын жабдықтың сипаттамасы мен жұмыс технологиясы» бөлімінде жабдықтың түрлері мен типтері туралы деректер, олардың негізгі техникалық және пайдалану сипаттамалары, технологиялық жабдықталуы туралы деректер (қажет жағдайларда жабдықтардың эскиздері келтіріледі), сондай-ақ өндірілетін өнімнің сапасына (оның ішінде дәлдігіне, сұрыпталуына) қойылатын талаптар келтіріледі.

«Еңбекті ұйымдастыру» бөлімінде жинақта көзделген еңбекті ұйымдастыру: нормативтерді әзірлеу кезінде ескерілген жұмыс тәсілдерін орындау әдістері; жұмыс орындарын ұйымдастыру; жұмыс орындарына қызмет көрсету жүйесі; қауіпсіздік техникасы талаптарына және санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап беретін еңбек жағдайлары жеткілікті де толық жазылуға тиіс.

«Нормативтік бөлім» технологиялық принцип бойынша немесе пайдалануға ыңғайлы басқа да тиімді тәртіппен топтастырылған параграфтарды немесе нормативтік карталарды қамтиды.

Әрбір параграф немесе нормативтік карта: жұмыстың мазмұнын, орындаушылардың сандық және біліктілік құрамын, нормативтер кестесін, түзету коэффициенттері мен қажетті ескертулерді қамтиды, сондай-ақ, қажетіне қарай еңбек құралдарының эскиздері келтіріледі.


2.6. Нормативтерді әзірлеуге арналған бастапқы материалдар
Нормативтерді әзірлеу кезіндегі негізгі материалдар:

жұмыс уақытын бақылау жолымен өлшеу нәтижелері;

ірілендіру дәрежесі әзірленетіннен төмен сараланған нормативтер;

үлгілік технология деректері, төлқұжаттық деректер, машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық сипаттамасы болып табылады.

Бірыңғай өндірістік процестеріне алдын әзірленген нормативтерді пайдалану кезінде соңғылары техника деңгейінде де, олардың технологиялық процесс пен есептеудің түрлі нұсқаларын қамтуы бойынша да шарттарының ұқсастықтарын белгілеу үшін жан—жақты талдауға салуға тиіс.

Қолданыстағы нормативтер деңгейін талдау арнайы өткізілген бақылау тексерулерінің осы кәсіпорындарда жұмыс істеп жатқан нормалары (олардың нақты орындалуын есепке ала отырып) және нәтижелерімен сол нормативтер бойынша есептелген нормаларды салыстыру жолымен жүзеге асырылуға тиіс. Алдын әзірленген нормативтер деректерін жинақтау кезінде жаңа нормативтерді жобалауда олардың ішінен сол жұмыс орнының нақты жағдайларында еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндігінде ескерілетіндері ғана қолданылуы мүмкін.



2.7. Уақыттың жұмсалу ұзақтығына әсер ететін факторлар
Нормативтерді әзірлеу сапасы сипаттамасының бірі еңбек құралының, жабдықтардың, технологиялық процесстің, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру, еңбекті ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық және жалпы эстетикалық жағдайлар, қызметкерлердің кәсіби деңгейі мен олардың психофизиологиялық сипаттамасы ретінде қолданылатын уақыттың жұмсалуына әсерін тигізетін факторларды есептеу толықтығы болып табылады.

Жалпы жағдайларда факторлар қалыптасатын алдын-ала еңбек процесі мен нормативтерді әзірлеушілер тәжірибесінің мазмұнына негізделіп таңдалады, ал сонан соң алынған кемімелі (формулалардың) теңдеулерінің негізділігін сипаттайтын статистикалық өлшемдерінің негізінде нақтыланады.

Жұмыс түрлері бойынша алдын-ала топтастырылған нормативтер әзірленетін әртүрлі операциялардың орындалу ұзақтығына әсер ететін факторлар еңбек шығынының көлеміне операциялардың: техникалық, ұйымдастыру, психофизиологиялық, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлері бойынша орындау кезінде әсерін тигізетін, өзгермейтін және ауыспалы факторлар келтірілуге тиіс кестелер түрінде ұсынған ыңғайлы.

Одан әрі зерттеу кезінде жұмыстың орындалу ұзақтығына әрбір (тәуелсіз ауыспалы) фактордың әсер ету дәрежесі анықталады және нормативтерді есептеу үшін қолданылатын эмпирикалық формула түрінде тәуелділік белгіленеді.

Эмпирикалық формула түрінде көрсетілген жалпылама деректер негізінде тәуелділікті айқындау нормативтерге таңдап алынған шеңберде жан-жақтылықты қосады, бұл оның сипаттайтын параметрлері қандай құрамда болуына қарамастан өнімнің кез келген бірлігін даярлауға арналған нормаларды есептеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.


    1. Бастапқы деректерді математикалық әдістермен өңдеу

Бастапқы деректерді талдау және өңдеу зерттелетін факторлардың әсер ету дәрежесін айқындау мен нормативтік формулаға енгізілетін негізгілерін таңдау, сондай-ақ:

негізгі (кемімелі теңдеуі) факторлардан уақыт тәуелділігін таңдау;

кемімелі (формуласы) теңдеуінің параметрлерін айқындау;

алынатын нәтижелердің дұрыстығын тексеру;

нормативтік кестелерді әзірлеуді қамтиды.

Жұмысшылардың еңбек шығынын нормалауға арналған нормативтік материалдарды әзірлеу мына:

орташа көлемді есептеу;

кемімелі теңдеуін дәлелдеудің графикалық талдау тәсілі;

ең кіші квадрат әдісі;

өзара байланысты - кемімелі математикалық-статистикалық әдістеріне негізделеді.

Алынған бастапқы деректердің негізінде кемімелі теңдеудің түрлері дәлелденеді. Еңбекті нормалау тәжірибесінде сызықтық және дәрежелік тәуелділік жиі қолданылады, және кемімелі теңдеуі мынадай болады:

сызықтық тәуелділікте:

= +

дәрежелік тәуелділікте:



=

онда , , . ... - кемімелі теңдеудің параметрлері (кемімелі коэффициенттері).

Тәуелділік түрін таңдау біркелкі шкалалармен координаттар жүйесінде графикаға арналған бастапқы деректердің орналасудан кейін жүзеге асырылады. Егер нүктелердің орналасуы фактор мәнінің өсуімен уақыттың жұмсалуының біркелкі көбеюін (азаюын) көрсетсе, онда тәуелділік сызықтық болады. Егер графикадағы нүктелердің орналасуы турасызықты көрсетпесе, онда дәрежелік тәуелсіздік орын алады.

Бастапқы деректерді математикалық өңдеу және кемімелі теңдеуінің қорытындысы процесінде нормативтердің қажетті дәлдігі қамтамасыз етілуге тиіс. бұл үшін шығарылған қорытындылар ен қабылданған факторлар көлемінің негізінде факторлардың көлеміне сәйкес уақыт жұмсалуының нормативтік шамасын есептеу қажет.

Уақыттың жұмсалуы туралы бастапқы деректерге сәйкес алынған нормативтік көлемін салыстырғанда +/-15% аспауға тиіс нормативтіктен әрбір мәні бойынша жеке бастапқы уақыт шығыны ауытқуларының пайызы белгіленеді.

Асыру факторларды таңдау немесе тәуелділік және оған байланысты теңдеу сипатын анықтау кезіндегі кемшіліктер, сондай-ақ кейбір бастапқы деректердің ықтимал дәлелсіздігі туралы дәлелдейтін болады. Осы үшін бар кемшіліктерді анықтау және кемімелі теңдеуді қайта шығару қажет болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет