Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (38-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер



жүктеу 2.32 Mb.
бет1/8
Дата05.01.2018
өлшемі2.32 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8




Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2012 жылғы «9» қазандағы

№ 390-ө-м бұйрығымен бекітілген


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (38-шығарылым)

1-бөлім. Жалпы ережелер

1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (38-шығарылым) «Ағаш өңдеу өндірісінің жалпы кәсіптері», «Ағаш аралау және ағаш өңдеу», «Сүрек және талшық плиталары өндірісі», «Фанера өндірісі», «Жиһаз өндірісі», «Сіріңке өндірісі», «Қарындаш өндірісі» бөлімдерінен тұрады.

2. Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

3. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы екі бөлімнен тұрады.

4. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.

5. «Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.

6. Тарифтік – біліктілік сипаттамасында маманның жұмыс деңгейіне байланысты жұмыстардың тізімі беріледі. Берілген тізім маман орындайтын барлық жұмыстарды қамтымайды. Кей жағдайларды жұмыс беруші ерекшелікті есепке ала отырып арнайы жұмыс тізімін құрайды және ол мамандардың қызметінің дәрежесіне сай тарифті – біліктілік сипаттамасына және орындалу қиындығына сәйкес болуы керек.

7. Сонымен қоса «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде қаралғандай маман ауысымда қабылдау және тапсыру, жұмыс орның, құрылғыларын тазалау, ыңғайлау және оларды техникалық құжаттамада бекітілген жағдайда ұстау.

8. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін, өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

9. Бұндай жағдайларда біліктілігі жоғары жұмыскерлер осы кәсіптегі біліктілігі төмен жұмысшыларды басқара білулері керек. Осыған байланысты төмен разрядты кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар ережеге сәйкес жоғары разрядтардың сипаттамаларында берілмейді.

10. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

11. Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

12. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да (38-шығарылым) алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

13. «Ағаш өңдеу өндірісінің жалпы кәсіптері», «Ағаш аралау және ағаш өңдеу», «Сүрек және талшық плиталары өндірісі», «Фанера өндірісі», «Жиһаз өндірісі», «Сіріңке өндірісі», «Қарындаш өндірісі» бөліміндерінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2010 жылғы редакциясында берілген.



2-бөлім. Ағаш өңдеу өндірісінің жалпы кәсіптері
1. Ағаш майыстырушы
Параграф 1. Ағаш майыстырушы, 2-разряд
14. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары білікті ағаш майыстырушының басшылығымен қолмен құралдарда және станоктарда сабақтары шамалы иілген ағаш бөлшектері мен қарапайым конфигурациялы бөлшектерді майыстыру;

майыстырғыш құрылғыларда қарапайым бейінді музыкалық аспаптардың дайындамалары мен бөлшектерін майыстыру.

15. Білуге тиіс:

майыстыру кезіндегі жұмыс тәсілдері;

сүрек тұқымдары және олардың құрылысы;

майыстыру үшін дайындамаларды ылғалдау-жылылау дайындықтары.

16. Жұмыс үлгілері:

1) домр-прима тойтармалары - майыстыру;

2) мандолиндерге арналған бақылау ернеушелері, скрипкалар мен альттарға арналған ернеушелер – майыстыру.

Параграф 2. Ағаш майыстырушы, 3-разряд
17. Жұмыс сипаттамасы:

қолмен құралдарда және станоктарда сабақтары шамалы иілген және шамалы кесілген ағаш бөлшектерді майыстыру;

бөлшектерді формаларға салу және оларды формалардан алу;

көлік құрылғысын тиеу;

күрделі бейінді музыкалық аспаптардың дайындамалары мен бөлшектерін майыстыру.

18. Білуге тиіс:

құрылғыларды, құралдар мен жарақтарды майыстыруға арналған станоктың құрылғысы;

сүректің негізгі физикалық-химиялық қасиеттері;

майысқан бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

19. Жұмыс үлгілері:

1) чемодан дайындамалары (түптер мен қақпақтары), таяныштар, шаңғы бастары, орындықтардың аяқтары мен арқалары – майыстыру;

2) мандолиндердің ернеушелері мен қалқаншалары – майыстыру)

3) ысқыш музыкалық аспаптарға арналған ысқыш жіңішке таяқшалар-пештерде қыздырып майыстыру.

Параграф 3. Ағаш майыстырушы, 4-разряд


20. Жұмыс сипаттамасы:

майыстыратын станоктарда немесе құрылғыларда күрделі конфигурациялы немесе көп кесілген тұйық бейінді ағаш бөлшектерін майыстыру;

алдын ала буландырып, бөлшектерді арнайы майыстырғыш станоктарда майыстыру.

21. Білуге тиіс:

жабдықтың техникалық сипаттамасы;

майыстыру кезінде дайындамаларды механикалық және гидротермиялық өңдеуге қойылатын техникалық талаптар;

майыстырылған бұйымдарға қойылатын техникалық шарттар.

22. Жұмыс үлгілері:

1) ат, доңғалақ асты доғалары, арбалар, доңғалақтың тоғындары, жартылай тоғындары – алдын ала булап, арнайы майыстырғыш станоктарда майыстыру;

2) сақиналар, домалақ және сопақ царгалар – майыстыру;

3) теннис ракеткалары – майыстыру және тоғындарды жабыстыру;

4) телевизорлардың немесе қабылдағыштардың футлярлары – арнайы станоктарда немесе құрылғыларда құнды ағаш тұқымдарымен немесе декоративтік пленкалармен қаптап майыстыру.

2. Ойыншықтарға арналған жартылай дайын өнімдерді дайындаушы
Параграф 1. Ойыншықтарға арналған жартылай дайын

өнімдерді дайындаушы, 2-разряд


23. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі өлшемдегі дайындамаларға дөңгелектер жару және ойып жасалатын ойыншықтардың сұлбасын керту.

24. Білуге тиіс:

дөңгелектер жару;

ойып жасалатын ойыншықтың алғашқы сұлбасын керту;

ағаштың физикалық-механикалық қасиеті, сүректің тұқымдары мен ақаулары.

3. Ағаш өңдейтін құрал-саймандарды қайраушы
Параграф 1. Ағаш өңдейтін құрал-саймандарды қайраушы, 3-разряд
25. Жұмыс сипаттамасы:

бапталған қайрағыш станоктар мен автоматтардың рамалы, ленталы және дискілі араларын қайрау;

берілген бұрыш бойынша тіке сызықты жиектері бар қарапайым бейінді ағаш өңдейтін құралды, пышақтар мен фрезаларды қолмен қайрау тексеру. Ара аралық төсемдерді диірмен тастарға іріктеу.

26. Білуге тиіс:

қайрағыш станоктардың жұмыс істеу принципі;

аспаптық болаттың түрлері, міндеті және маркалары;

ара аралық төсемдерді диірмен тастарға іріктеу ережесі.

27. Жұмыс үлгілері:

1) ланцеттер, кескіштер - қайрау;

2) құрамды фрезаларға арналған пышақтар, дискілі - қайрау;

3) қашаулар, сүргілер, шапқылар шершебельдер, қол аралар – қайрау және түзету.

Параграф 2. Ағаш өңдейтін құрал-саймандарды қайраушы, 4-разряд


28. Жұмыс сипаттамасы:

дербес бапталған қайрағыш станоктар мен автоматтарда рамалы, дискілі және ленталы араларды қайрау;

рамалы аралардың төсемдерін біліктеу және түзеу;

аралардың тістерін штампылау және ажырату;

тұтас фрезаларды, ұзындығы 1 метр (бұдан әрі - м) дейін пышақтарды және күрделі бейінді ағаш өңдейтін құрал-саймандарды қайрау және түзету;

ажарлағыш дөңгелектерді іріктеу және оны сынау;

қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

29. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;

тістерді штампылаудың тәсілдері;

қайралатын құрал-саймандардың сыныптаушы мен міндеті;

абразивтік дөңгелектердің қасиеті және оларды сынау әдістері;

құрал-саймандарды қайрау және түзету тәсілдері;

қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу ережесі.

30. Жұмыс үлгілері.

1) ланцеттер, кескіштер – пышақты тарақшаларға құрастыру;

2) шапқыш машиналардың пышақтары - қайрау;

3) жақ тәрізді аралар – қайрау және түзету;

4) бұрғылар мен и ұңғылар – қайрау;

5) фальцтерді өңдеуге арналған галтель, қыздыру фрезерлері – алдыңғы жағы бойынша қайрау;

6) тұтас саптама фрезалар – теңгеру.

Параграф 3. Ағаш өңдейтін құрал-саймандарды қайраушы, 5-разряд


31. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі қайрағыш станоктарында фасонды фрезаларды, ұзындығы 1-ден 1,5 м дейін пышақтарды және фрезер тізбектерін қайрау және түзету;

ленталы аралардың төсемдерін біліктеу және түзету;

диаметрі 630 миллиметр (бұдан әрі - мм) дейін дискілі араларды түзету және біліктеу;

аралардың тістерін жұқарту және формалау;

қатты қорытпадан жасалған пластинкалармен жабдықталған қарапайым кескіш құрал-саймандарды қайрау және жетілдіру;

қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ұсақ кінәраттарды жою.

32. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың конструктивтік ерекшеліктері және баптау ережесі;

араларды түзеткіш құрал-саймандар;

кескіш құрал-саймандарды қайрауға және жетілдіруге арналған абразивтік және алмас құрал-саймандар;

ленталы аралардың төсемдерін біліктеу және түзету тәсілдері.

33. Жұмыс үлгілері:

1) пышақты қалпақшалар, құрамды және құрамдас фрезалар – теңгеру;

2) қабықтау станоктарының пышақтары – қайрау, түзету және орнату;

3) қатты қорытпалармен жабдықталған, тура сызықты кескіш жиектері бар фрезалар – қайрау және жетілдіру.

Параграф 4. Ағаш өңдейтін құрал-саймандарды қайраушы, 6-разряд
34. Жұмыс сипаттамасы:

жартылай автоматтарда аршығыш пышақтарды және ұзындығы 1,5 м артық сызғыштарды қайрау, қолмен түзету және жануышпен жетілдіру;

диаметрі 630 мм жоғары дискілі араларды түзету және біліктеу;

қатты қорытпалармен, абразивтік немесе алмас дөңгелектермен жабдықталған араларды түзету, қайрау және жетілдіру;

күрделі және эксперименталды кескіш құралды қайрау және жетілдіру;

қызмет көрсететін жабдықты тексеру, баптау және реттеу.

35. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықты баптаудың кинематикалық схемасы және баптау ережесі;

қайралатын құралдың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;

брак түрлері және оны жоюдың шаралары;

құрал-саймандар үшін қолданылатын болат пен қатты қорытпалардың қасиеті мен маркалары.

4. Ағаш өңдеу өндірісінің бақылаушысы


Параграф 1. Ағаш өңдеу өндірісінің бақылаушысы, 2-разряд
36. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі емес құрылыс бөлшектері мен ағаш өңдейтін бұйымдарды құрастыру және жасау сапасын операциялық бақылау;

күрделі бұйымдарға арналған бөлшектерді өңдеу сапасын айқындау;

тойтарма, тара, бидондар мен бөтелкелерге арналған клеткалардың сапасын бақылау;

өндіріске келіп түсетін шикізат пен материалдарды есепке алу;

құжаттамаларды рәсімдеу;

дайын өнімді қабылдау.

37. Білуге тиіс:

жұмыстарды орындау амалдары;

қажетті өлшегіш құрал және оны пайдалану ережесі.

Параграф 2. Ағаш өңдеу өндірісінің бақылаушысы, 3-разряд
38. Жұмыс сипаттамасы:

қырлы бөрене бөлшектері мен өңделмеген түрдегі қапталмаған тораптардың сапасын операциялық бақылау және қабылдау;

теріс жазықтықтарға арналған сүргіленген шпоннан және аршылған шпоннан жасалған қатпарлы желімделген сүректің сыртқы қабатын және қатпарлы желімделген сүрек бөлшектерін бақылау және қабылдау;

аралау материалдарын, жапырақ тұқымды қатты сүректерден жасалған дайындамаларды қабылдау;

ағаш-құрылыс бұйымдарын өңдеудің және дәл құрастырудың сапасын бақылау;

сіріңке шпондарының, талшықтардың және сіріңке қораптарының сапасын операциялық бақылау;

аршылған және сүргіленген шпонды, желімдеп жапсырылған және сұрыпталған қатпарлы желімделген сүректі және майыстырып жабыстырылған дайындамаларды өлшеу және есеп жүргізу;

сүректі қабылдаған және шыбықтауға тапсырған кезде көлемі мен сапасын айқындау;

қабылдау мен тапсыруға құжаттарды рәсімдеу;

сұрыпталған аралау материалдарының өлшемдері мен сорттарын айқындау және оларды сапасы бойынша қабылдау;

еденге арналған ағаштың сапасы мен өлшемін айқындау және оған есеп жүргізу.

39. Білуге тиіс:

жалпы мақсаттағы ағаш материалдарды мен аралау материалдарына, сүргіленген және аршылған шпонға, қатпарлы желімделген сүрек пен майыстырып жабыстырылған дайындамаларға қойылатын мемлекеттік стандарттар;

сүректердің тұқымдары мен ақаулары;

бақылау-өлшеу құралдарының міндеті;

құжаттама жүргізудің және рәсімдеуің ережесі.

40. Жұмыс үлгілері:

1) кузов есіктері – құрастыру және орнына келтіру сапасын тексеру;

2) аяқ киім өкшелері мен қалыптары – сүректің және құрастырудың сапасын айқындау;

3) орауыштар – сорттары мен өлшемдері бойынша қабылдау;

4) хоккей клюшкалары, теннис ракеткалары, дискілер – жасау сапасын айқындау;

5) арнайы автомобильдер мен автобустардың кузовтары – күрделі жөндеуден кейін құрастырудың және қабылдаудың сапасын айқындау;

6) паркет – сортын айқындау, қабылдау;

7) теңіз заттарын буып-түюге арналған арнайы тара (торлар, қораптар, жәшіктер), құрал-сайман жәшіктері, футлярлар – жасаудың, қабылдаудың сапасын бақылау;

8) паркет Фризасы - өлшемдері мен сапасын айқындау;

9) қатпарлы желімделген сүректерге және майыстырып жапсырылған дайындамаларға арналған аршылған шпон – сапасы мен міндетін айқындау.

Параграф 3. Ағаш өңдеу өндірісінің бақылаушысы, 4-разряд
41. Жұмыс сипаттамасы:

қаптау операцияларында қапталған бөлшектері мен жиһаз тораптарының, келесі операциялардағы құрастыру мен өңдеулердің сапсын операциялық бақылау және қабылдау;

жекелеген түрде кереге көзді жиһаздың дайын бұйымдарының, дайын тораптардың және жұмсақ жиһаз бұйымдарының сапасын бақылау және қабылдау;

қатпарлы желімделген сүрек және майыстырып жапсырылған дайындамалар өндірісіндегі сапаны операциялық бақылау;

фанераның немесе фанера плиталарының оң қабатына арналған, сүргіленген және аршылған шпоннан жасалған қатпарлы желімделген сүректің сыртқы қабатын, майыстырып жапсырылған дайындамаларды, ағашпен қабатталған пластиктерді, ағаш талшықтарын, ағаш жоңқаларын және талшық плиталарын бақылау және қабылдау;

сүрек плиталары өндірісіне келіп түсетін шикізаттың сапасы мен санын бақылау;

сорттың міндетін, ағаш материалдарды тұтынушыларға тапсыру және вагондар мен кемелерге тиеген кезде сорттары мен көлемдерін мемлекеттік стандарт талаптарға сәйкестігін айқындау;

бөрене кесінділерінің тұқымын, сапасын және өлшемін мемлекеттік стандарт талаптарына және шикізатты фанера, сіріңке, шаңғылар және басқа да өндіріс түрлеріне жеткізу шарттарына сәйкестігін айқындау;

аралау материалдарын өңдеу, сіріңке жасау, сіріңке қораптарын құрастыру, оларды сіріңкелермен толтыру, жағындар жағу және сіріңкелерді автоматтық желіде және позициялық жабдықтарда жәшіктерге буып-түю сапасын операциялық бақылау;

құжаттамаларды есепке алу;

брак туралы актілерді құрастыру.

42. Білуге тиіс:

ағаш өңдеудің түрлі өндірісіне арналған шикізатты жеткізу шарттары;

аралау материалдары өндірісінің негізгі технологиялары;

аралау материалдарының техникалық брак түрлері мен себептері;

шикізат пен аралау материалдарын салу және сақтау ережесі;

сіріңке жасаудың технологиялық режимі;

материалдарға, бөлшектер мен тораптарға қойылатын техникалық шарттар;

техникалық брак түрлері, оны жою шаралары.

43. Жұмыс үлгілері:

1) есік және терезе блоктары – жасау, құрастыру, қабылдау сапасын бақылау;

2) корпусты жиһаздың қалқанды бөлшектері – қаптау, ажарлау, өңдеу, құрастыру, қабылдау кезінде сапасын бақылау;

3) спорт инвентарьі – жасау және қабылдау сапасын бақылау;

4) қарындаштар – сапа мен қабылдауды бақылау;

5) желімделген құрыс конструкциялары (балкалар, блоктар, аркалар мен фермдер) – жіктерді сызбалар бойынша желімдеу, ажырату және құрастыру сапасын тексеру;

6) эксперименталды және тәжірибелі машиналардың кузовтары (ағаш бөлігі) – сызбалар бойынша өңдеуді және құрастыруды, қабылдауды бақылау;

7) арнайы автомобильдер мен автобустардың кузовтары – кузов негізін құрастыру сапасын бақылау;

8) балаларға арналған жиһаз – сапасын бақылау және өңделген түрде қабылдау;

9) шаңғылар – тип өлшемдері бойынша жұптарды іріктеу және өңдеу сапасын бақылау, толықтай қабылдау.

Параграф 4. Ағаш өңдеу өндірісінің бақылаушысы, 5-разряд


44. Жұмыс сипаттамасы:

жылтыратылған жиһаздың бұйымдарын бақылау және қабылдау;

сапасын операциялық бақылау, жекелеген тораптарды (еш құрастырусыз) немесе корпусты жиһаздың дайын бұйымдарын толықтай қабылдау;

музыкалық аспаптарға арналған резонансты аралау материалдарын қабылдау;

ламинатталған плиталар мен синтетикалық шпонның өлшемдері, сорттарын және сапа топтарын айқындау;

сыртқы көрінісі және зертханалық деректер бойынша экспортқа шығарылатын плиталарды айқындау;

сорттың міндетін, ағаш материалдарының, өңдеу алаңында және жоғарғы және төменгі қоймалар мен базалардың механикаландырылған эстакадаларында шабылған және жонылған ағаш материалдарының сорттары мен көлемдерін (дөңгелек сорты) мемлекеттік стандарт талаптарға, техникалық шарттарға сәйкестігін айқындау;

оларды саны бойынша қабылдау;

оларды қабылдауға құжаттар рәсімдеу;

аралау материалдарының ағаш аралау цехтарынан жергілікті режимде түсу жағдайында ағаш аралау цехтарының сұрыптау алаңында өңдеулердің ақауын анықтау мақсатында аралау материалдарының өңдеу сапасын (тұтас бақылау әдісін қолдана отырып) бақылау;

сол жағдайларда сұрыптау операцияларының дұрыс орындалуын үздіксіз бақылау.

45. Білуге тиіс:

дайын бұйымдарға, ағаш жоңқалы ажарланған және ламинатталған плиталар мен аралау материалдарына қойылатын мемлекеттік стандарттар;

техникалық шарттар және айрықшалықтар;

материалдар сапасын тексеру тәсілдері;

тораптар мен дайын бұйымдардың жинақталуы;

жиһаз дайындамаларына плиталарды оңтайлы кесу (пішу);

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және басқару амалдары;

экспортқа шығарылатын ағаш материалдарына және арнайы тапсырыстарға арналған сорттарға қойылатын талаптар.

46. Жұмыс үлгілері:

1) дөңгелек ағаш материалдары – жеткізушілерден шикізатты қабылдаған кезде өлшемдерін іріктеп бақылау және сапасын (тұқымы, сорты) айқындау;

2) лакталған немесе пленкамен қапталған балаларға арналған және ас үй жиһазы – сапсын бақылау және қабылдау;

3) одақ ішілік мақсаттағы аралау материалдары – кептіргеннен кейін штабельдерді іріктеуді бақылау және бір сорттан екінші сортқа көшуін белгілеу мақсатында қайта іріктеу;

4) телевизорлар мен радиоқабылдағыштарға арналған футлярлар – сапасын бақылау және қабылдау.

Параграф 5. Ағаш өңдеу өндірісінің бақылаушысы, 6-разряд
47. Жұмыс сипаттамасы:

саны мен сапасы бойынша резонанс шикізатын қабылдау;

экспортқа шығаруға тиелген көлік пакетін және дайын көлік пакеттерін қалыптастырған кезде кептірілген аралау материалдарының сапасын бақылау;

экспортқа шығатын материалдарды бір сорттан екінші сортқа көшу процентін белгілеу мақсатымен бақылау іріктеу жүргізу және кептірілген қатарларды іріктеу кезінде экспортқа шығатын аралау материалдарының сапасын тұтас бақылау.

48. Білуге тиіс:

резонанс шикізатынан жасалған өнімге және экспортқа шығарылатын аралау материалдарына қойылатын мемлекеттік стандарт және техникалық шарттар;

аралау материалдарын экспортқа шығару ережесі;

метрология және өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесінің негіздері.

49. Орта кәсіптік білім талап етіледі.

5. Ағаш өңдеу өндірісінің диірменшісі


Параграф 1. Ағаш өңдеу өндірісінің диірменшісі, 3-разряд
50. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі типтегі диірмендерде үгінділерді, казениндерді, альбуминдерді ұнға үгіту және қайта өңдеу;

диірмендерді берілген жұмыс режимін қамтамасыз ету.

51. Білуге тиіс:

диірмендердің құрылғысы және жұмыс істеу принципі;

диірмендерді реттеудің тәсілдері;

сүрек, казеинді және альбуминді ұндардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Параграф 2. Ағаш өңдеу өндірісінің диірменшісі, 4-разряд


52. Жұмыс сипаттамасы:

тиірмен тастарда сүрек ұнын қайта үгіту процесін жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты баптау.

53. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы және баптау тәсілдері;

тартылған ұнның сапасын айқындау.

6. Ағаш өңдейтін жабдықты баптаушы
Параграф 1. Ағаш өңдейтін жабдықты баптаушы, 3-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:

қолмен берілетін бір аралы, бір шпиндельді бұрғылау, ажарлағыш-ленталы, дискілі және қолмен берілетін бір барабанды қарапайым станоктарды, сондай-ақ таяқшаларды кептіргіш аппараттарды, сұрыптаушыларды, тасымалдағыш құрылғыларды, шар диірмендерін және масса үккіштерді жұмыс барысында баптау, реттеу, қабылдау, орнату және кескіш құралды ауыстыру;

бөлшектерді сынамалы өңдеу.

55. Білуге тиіс:

қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы;

кескіш құралды дайындау және орнату ережесі;

станоктарды баптау, өлшегіш аспаптарды қолдану ережесі;

бөлшектерді өңдеуге арналған әдіптер;

станокты баптауға және кескіш құралдың сапасына байланысты брак түрлері;

сүрек тұқымдары және оның ақаулары, қызмет көрсететін жабдықта жұмыс істеу режимі.


параграф 2. Ағаш өңдейтін жабдықты баптаушы, 4-разряд


56. Жұмыс сипаттамасы:

күрделілігі орташа станоктардағы: көп шпинделді бұрғылау, фрезерлі, жиектерді фугалау, бір жақты тікенек кескіш, рейсмусты, фугалы-сопақты, дөңгелеп аралайтын (көп аралы) дөңгелек шыбықты, саңылау бұрғылайтын, майыстырылған жиһаздар жасайтын ленталы аралайтын станоктарды, аршитын ажыратқыш станоктарда, шапқыш машиналардағы және қорап желімдейтін машиналардағы кескіш құралды; сіріңке өндірісіндегі ағынды-ауалы диірмендері бар ұнтақтау қондырғыларын жұмыс барысында баптау, реттеу, қабылдау орнату және ауыстыру;

жоғары білікті баптаушының басшылығымен сіріңке өндірісіндегі автомат тораптарын және жартылай автомат желілерін баптау бойынша жұмыстар жүргізу;

қызмет көрсететін жабдықты ағынды және күрделі жөндеуге қатысу.

57. Білуге тиіс:

станоктардың дәл өңдеуін тексеру ережесі;

бөлшектерді өңдеу кезінде жіберілетін ақаулықтар;

қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы;

жұмыс істеу принципі;

баптау мен реттеуге байланысты брак түрлері;

бөлшектер мен тораптарды өзара ауыстыру принциптері.

Параграф 3. Ағаш өңдейтін жабдықты баптаушы, 5-разряд


58. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі жабдықтың: лак құйғыш машиналарын, төртжақты сүргілеу және жару станоктарын, екі жақты тікен кескіш станоктарды, үш цилиндрлі ажарлағыш, айналмалы-фрезерлі, рейсмусты екі жақты, «қарлығаштың құйрығы» жартылай жасырын типті тікен кескіш станоктарды, бұтанақтарды бітеу автоматтарын, орталықтан тиегіш құрылғылары бар аршитын станоктарды, ротор типті қабықтау станоктарын, гидравликалық және пневматикалық құрылғысы бар таяқша шапқыш станоктарды жұмыс барысында баптау, реттеу, қабылдау, орнату және кескіш құралдарын ауыстыру;

механикалық өңдеудің, өңдеу жұмыстарының, сіріңке өндірісі мен плита өндірісінің автоматтарының және жартылай автоматты желілердің тораптарын баптау және реттеу;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет