"Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 104.4 Kb.
Дата26.10.2018
өлшемі104.4 Kb.
түріРегламент



 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 149 қаулысына 19-қосымша



"Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелді) бекітілген "Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) сәйкес әзірленген.

      "Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін.

      өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз түрдегі хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті ұсынудан мынадай:

      1) он алты жасқа толмаған;

      2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетiн жұмысы бар;

      3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

      4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқтығы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтер ұсынған негіздер бойынша бас тартады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты беруі болып табылады.

      Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5-тармағында көзделген тізбеге сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жеке басты куәландыратын құжатты ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдап, оларды тіркеуді жүзеге асырады.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау және тиісті бұрыштама қою үшін береді - 20 (жиырма) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, тиісті бұрыштама қояды, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындау үшін береді - 1 (бір) сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды қарайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді - 1 (бір) сағат;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасына қолын қояды және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді - 1 (бір) сағат;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 20 (жиырма) минут.

      7. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) құжаттарды тіркеу;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштама қоюы;

      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындау;

      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қою;

      5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындау және тиісті бұрыштама қою үшін беруді жүзеге асырады - 20 (жиырма) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды, тиісті бұрыштама қояды, құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді - 1 (бір) сағат;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды қарап, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды, оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына шешім қабылдауға жібереді - 1 (бір) сағат;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасына қолын қояды, оны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді - 1 (бір) сағат;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді - 20 (жиырма) минут.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерін (іс-қимылдарын), өзара іс-қимылдары реттілігін сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілмейді.

      11. Халықты жұмыспен қамту орталығында тiркелген жұмыссыздар – он жұмыс күні iшiнде кемінде бiр рет халықты жұмыспен қамту орталығында, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемінде бiр рет ауылдық округ әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;

      Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары www.enbek.gov. kz интернет-ресурсында көрсетілген.



      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

 

"Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайы

Р/с №

Атауы

Орналасқан жері

Телефон нөмірлері




1

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 42

8 (71533) 21-391




2

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150200, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық ауылы, Целинный көшесі, 13

8 (71546) 2-21-10




3

"Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150300, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы, Зеленый көшесі, 13

8 (71532) 2-29-11




4

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150500, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесі, 20

8 (71543) 2-19-10




5

"Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150600, Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Пресновка ауылы, Шайкин көшесі, 40

8 (71544) 2-11-77




6

"Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150800, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Мир көшесі, 8

8 (71531) 2-14-59




7

"Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 6а

8 (71538) 2-27-04




8

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150900, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлют қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 10/3

8 (71541) 2-21-81




9

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150400, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесі, 4Б

8 (71535) 21-5-58




10

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

151000, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Центральный бұрылыс, 2

8 (71536) 2-33-47, 8 (71536) 2-37-25




11

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

151100, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязево ауылы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 1

8 (71537) 2-18-00




12

"Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

151200, Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Кішкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесі, 82

8 (71542) 2-15-38




13

"Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

151300, Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Ыбыраев көшесі, 50

8 (71534) 7-90-11




14

"Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

150008, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Театральный көшесі, 47

8 (7152) 53-16-15




 

"Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

"Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     

      Шартты белгілер:



     




Каталог: sites -> ukzsp.sko.gov.kz -> uploads -> docs -> ob upravlenii
sites -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
sites -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
ob upravlenii -> "Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
ob upravlenii -> "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет