Жоба Маңғыстау облысының Түпқараған, Бейнеу, Мұнайлы және Қарақия аудандарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы



жүктеу 57.57 Kb.
Дата25.05.2018
өлшемі57.57 Kb.


Жоба

Маңғыстау облысының Түпқараған,

Бейнеу, Мұнайлы және Қарақия

аудандарында карантиндік

режимді енгізе отырып, карантинді

аймақты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 01-43/458 ұсынысының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бейнеу селосы Тәжиев көшесінің аудан әкімдігі орналасқан аумағының оң жақ жиегімен және Бейнеу лицейі ауласында – 0,001 га, Бейбарыс-15 көшесіндегі «Жібек жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесінің ауласында – 0,025 га, Ыбырай Алтынсарин мектебі ауласында – 0,002 га, Мұнайлы ауданының Баянды ауылдық округінде орналасқан Кішкенеқұм жайылымдық жерлерінде – 0,8 га, Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылдық округінде орналасқан – 0,15 га арамшөп – у кекіремен залалдануына, сондай-ақ, Мұнайлы ауданында «Жаса» - 1,5 га, «Ай-Сәрсен» - 3 га, Түпқараған ауданында «Әулет» - 3 га, «Қуаныш» - 3 га, «Яссауи» - 7 га, «Сырлыбек» - 12,5 га, «Ғалым» - 5 га, «Таңғұлов» - 3,5 га, «Жарас» - 10 га және Қарақия ауданының «Талапкер» - 2 га, «Бейбіт» - 3 га өсімдіктердің қауын шыбыны карантинді объектісінің анықталуына байланысты, көрсетілген шаруа қожалықтарының аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.

2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап

күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Бейнеу ауданының әкімі

____________ Б.А. Әзірханов

«___» ______________ 2017 ж.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Агроөнеркәсіптік кешендегі

мемлекеттік инспекция комитетінің

Маңғыстау облыстық аумақтық

инспекциясының басшысы

____________ Р.Н. Түменов

«___» ______________ 2017 ж.

Қарақия ауданының әкімі

____________ Ә.Қ. Дауылбаев

«___» ______________ 2017 ж.

«Маңғыстау облысының ауыл

шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ Б. Ерсайынұлы

«___» ______________ 2017 ж.

Мұнайлы ауданының әкімі

____________ Н.Т. Тәжібаев

«___» ______________ 2017 ж.

Түпқараған ауданының әкімі

____________ Т.Т. Асауов

«___» ______________ 2017 ж.

Маңғыстау облысы әкімдігінің



2017 жылғы «__» _________ № ____ қаулысымен бекітілген

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары





Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауаптылар

1

2

3

4

1.

Жер пайдаланушылар арасында карантинді объектілердің алдын алу, карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Үнемі

Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі, Түпқараған ауданының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, Маңғыстау ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

2.

Карантиндi аймақ туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жолымен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар туралы тұрғындарға хабарлау

Үнемі

Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі, Түпқараған ауданының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, Маңғыстау ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

3.

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын жою жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу (карантинді объектілерді химиялық өңдеу, карантинді объектілерді қолмен және механикалық тәсілдермен жою)

Вегетация кезеңінде

Қарақия ауданының әкімдігі, Мұнайлы ауданының әкімдігі, Түпқараған ауданының әкімдігі, Бейнеу ауданының әкімдігі, Маңғыстау ауданының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша), Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

4.

Өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды қамтамасыз ету

Карантинді объектілерді таралу ошақтарын жою жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша)

5.

Карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында карантиндік тексеруді жүргізу

Үнемі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша)





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет