Жоба «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мм сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары



жүктеу 40.57 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі40.57 Kb.

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасын әзірледі.

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасын әзірледі.

Талқылау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт ШҚО Қаржы басқармасының веб-порталына орналастырылды.

Ұсыныстар мен ескертулер енгізу жолымен жобаны талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды.



ЖОБА

«Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

 

Осы жемқорлыққа қарсы стандарт «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ-нің қызметінде және оның қызметкерлерінің арасында жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу негізінде әзірленген.



  1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Қаржы.

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ

  3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары:


3.1.сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарымен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

- Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасау;

- Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бюджетті атқару бойынша қызметтер мен міндеттерді жүзеге асырады;

- Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;

- Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында саяси партиялар мен қоғамдық және діни қауымдастықтардың қызметтерінен тәуелсіздік және бейтараптық таныта білу;

- Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында Қазақстан Республикасы Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау;

- Мүдделер қақтығысының туындау кез келген мүмкіндігіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

3.2. өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

- Мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу, туындаған жағдайда оларды заңнамаға сәйкес жою бойынша шаралар қабылдау;

- Мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

- Өз өкілдіктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;

- Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді пайдалану; қызметтік міндеттерін алалықсыз және нарықы атқару; жұмыс уақытын тиімді пайдалану.

3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезінде:

- Нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс беру кезінде ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ «Құқықтық актілер туралы» заңына қатаң сүйіну;

- Нормативтік құқықтық актілердің өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;

- белгісіз орта тұлғалары және нақты жеке тұлғаларға назарына айналуы қажет.



3.4. тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде:

- Мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысынабөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру.



- Заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

  • Іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау;

  • Басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

  • Ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;

  • Басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну.


4. Өзге де шектеулер мен тыйым салулар:

  • Егер мемлекеттік қызметкер жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда, ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет, оның ішінде жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзіретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;

  • Мемлекеттік функцияларын атқаруға үйлеспейтін қызметтер және кәсіпкерлік қызмет атқаруға; жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алуға (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);

  • Лауазымдық құзіреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолдануға.



 


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет