Жоба Телерадиохабар тарату сапасын бақылауды жүргізу ережелерін бекіту туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадиохабар тарату туралы»



жүктеу 69.71 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі69.71 Kb.


Жоба


Телерадиохабар тарату сапасын

бақылауды жүргізу ережелерін бекіту туралы

2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадиохабар тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 15) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Телерадиохабар тарату сапасын бақылауды жүргізу ережелері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаментіне (В.В. Ярошенко):

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың ресми жариялауын;

3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсінде осы бұйрықтың жайластыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сәрсеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.



Министр

А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация

министрінің 201_ жылғы «__» ___ №_____

«Телерадиохабар тарату сапасын

бақылауды жүргізу ережелерін бекіту туралы»

бұйрығымен бекітілген




Телерадиохабар тарату сапасын бақылауды жүргізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телерадиохабар тарату сапасын бақылауды жүргізу туралы ережелері (бұдан әрі - Ереже) 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадиохабар тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және телерадиохабар тарату сапасын техникалық бақылау мен телерадиохабар тарату құралдарының параметрлерін бақылау өлшеулерінің мақсаттары, міндеттері және жүргізілу тәртібін анықтайды.

  1. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  1. Телерадиохабар таратуын техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – телерадиохабар таратуын техникалық сүйемелдеу саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органы;

  2. мемлекеттік техникалық қызмет (бұдан әрі – МТҚ) – Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленетін телерадио хабар тарату саласындағы қызметті уәкілетті органы бақылауының техникалық қамсыздандыруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

  1. Телерадиохабар таратудың белгіленген техникалық нормалары мен параметрлерін бұзу оқиғаларын айқындау және болдырмау, хабар тарату сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау және телевизиялық сигнал қабылдаудың кепілді сапасына тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында телерадиохабар тарату сигналдары параметрлерінің сапасын бақылау жүзеге асырылады.

  2. Телерадиохабар тарату сапасын бақылауды МТҚ-нің қатысуымен уәкілетті органмен жүргізіледі.

  1. МТҚ техникалық бақылаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  1. уәкілетті органымен жүргізілетін телерадиоарналарын халықпен қабылдау сапасын бақылау жұмыстарынын техникалық қамсыздандыруы;

  2. телерадиобағдарламаларды қалыптастыру, тарату және қабылдау технологиялық үдерісіне қатысатын уәкілетті органымен жүргізілетін телерадиохабар таратудың техникалық құралдарын тексеріс жүргізу жұмыстарынын техникалық қамсыздандыруы;

  3. телерадиохабар тарату сапасының техникалық параметрлерін және телерадиохабар тарату мемлекеттік стандарттарын сақтауын бақылау жұмыстарынын техникалық қамсыздандыруы;

  4. Қазақстан Республикасы телерадиохабар тарату желісінде сигналдарды (бағдарламаларды) қалыптастыру трактінің шыға берісінде таратылатын телерадиобағдарламалар сигналдарының сапасын техникалық бақылау;

  5. сигналдарды (бағдарламаларды) тарату тракті буындарының шыға берісінде телерадиохабар тарату желісінде телерадиобағдарламаларды тарату сапасын техникалық бақылау;

  6. техникалық параметрлерінін техникалық пайдалану нормасынан ауытқу хабар тарату тракті буынын аңықтау;

  7. телерадиохабар тарату технологиялық үдерісіне қатысатын ұйымдар және кәсіпорындар мен телерадиохабар тарату қызметін пайдаланатын тұтынушылар арасында туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді уәкілетті органның шешу кезінде техникалық бақылау өткізу;

  8. телерадиохабар тарату саласындағы радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдарды бақылау жұмыстарын техникалық қамтамасыз ету;

  9. Қазақстан Республикасы аумағына шетелдік телерадиохабар тарату сигналдарының өтүін техникалық бақылау;

  10. Қазақстан Республикасы телерадиохабар тарату радиоэлектрондық құралдарына басқа да Байланыс әкімшіліктерінің радиоэлектрондық құралдарынан радио кедергі сәулелендіру көзін аңықтау мен жою шараларын қабылдау;

  11. Қазақстан Республикасы жер аймағының телерадиохабар таратумен жабу аймақтары есептілігінің нақтылығын тексеру;

  12. Уәкілетті органға Қазақстан Республикасы жер аймағының телерадиохабар тарату техникалық сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар қарау үшін енгізу.



2. Телерадиохабар тарату сапасын бақылауды жүргізу тәртібі


  1. Телерадиохабар тарату техникалық сапасын бақылау келесі нысандарда жүзеге асырылады:

  1. телерадиохабар тарату техникалық құралдар параметрлерін жоспарлы тексерулер;

  2. уәкілетті органның нұсқауы бойынша, бағдарламаларды тарату үдерісінде және бағдарламаларды түсіріп алумен өткізетін телерадиохабар тарату техникалық құралдар параметрлерін жоспардан тыс тексерулер;

  3. телерадиохабар тарату саласындағы радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдарының техникалық мінездемелерін талдау.

  1. Жоспарлы тексеріс МТҚ мен инспекцияланушы мекеме өкілдерінің қатысуымен (телерадиохабар тарату операторы және/немесе телерадиоарна) уәкілетті органнын бекітілген тексеру графигіне сәйкес өткізіледі.

  2. МТҚ мен телерадиохабар тарату операторы және/немесе телерадиоарна өкілдерінің қатысуымен уәкілетті органнын талапы бойынша жоспардан тыс тексерулер өткізілуі мүмкін.

Жоспардан тыс тексерулер уәкілетті органның нұсқауы бойынша хабар тарату үдерісінде өткізіледі.

Жоспардан тыс тексерулер өткізілген кезде қанағаттанарлық қорытындылар белгіленген болса, графикпен көзделген кезекті жоспарлы тексерулер ағымдағы тоқсанда өткізілмейді.



  1. Телерадиохабар тарату техникалық құралдар параметрлерінің жоспарлы және жоспардан тыс бақылау өлшеулері уәкілетті органның инспекциялау тексерістерімен біржолы инспекцияланушы мекеме орналасқан жері немесе (және) оның техникалық объектілері (техникалық құралдар) бойынша инспекциялық тексерулер өткізілуі мүмкін.

Жоспарлы бақылау өлшеулері мүмкін болғанда телерадиохабар тарату желісінде жоспарлы өлшеулер жүргізу мерзімде өткізіледі.

  1. Телерадиохабар тарату сапасын техникалық бақылауы тұтынушылар арыздары мен басқа да Қазақстан Республикасы заңнамасына қайшы келмейтін кездерде өткізілуі мүмкін.

  2. Телерадиохабар тарату саласындағы радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдарды бақылау МТҚ үнемі бойы жүзеге асырады.

  1. Техникалық параметрлерінің бақылау өлшеулері (қабылдау және беру сигналы) техникалық құралдарының телевизиялық хабар таратуы телерадиохабар тарату сапасын бақылау бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізіледі.

  2. Өлшеулер өткізу үшін өлшеу құралдарының телерадиохабар тарату техникалық құралдарына қосуын техникалық құралдар иесінін өкілі телерадиоарна немесе телерадиохабар тарату операторы іске асырады.

  3. Телерадиохабар тарату техникалық құралдарының параметрлерін бақылау өлшеулерін өткізу кезінде МТҚ-нің құралдары да солай-ақ өлшеулі техника иесінің құралдары пайдаланылады.

  4. МТҚ өкілі өлшеу өткізілуінін дурыстығын бақылайды және өлшеу құралдарының көрсеткіштерін белгілейді.

  5. Бақылау өлшеулерін жүзеге асыратын, МТҚ жұмыскерлері телевизиялық сигналдың және телевизияның хабар тарату құралдарының жабдықтарын кірерде және шығарда дыбыстық сүйемелдеу сигналының сапасын көзбе-көз (субъективтік) бағалауды жүргізеді, сондай-ақ телевизиялық сигналдар мен дыбыстық сүйемелдеу сигналдарының параметрлерін, оларды жіберу уақытында, сондай-ақ телевизиялық хабар тарату құралдарының бақылау өлшеулері уақытында да бақылайды.

  6. Телерадиохабар тарату сигналдары параметрлерінің техникалық сапасын бақылау нәтижелері мен сигнал қабылдауды жоспарлы бақылау өлшеулері (сынақтары) тестілеу нәтижелері мен сигнал қабылдау шарттарын, өлшеу қондырғысы схамаларын, өлшеу аппаратурасының құрамын көрсетумен, хаттамамен ресімделеді.

  7. Бақылау өлшеулердің хаттамасына, үш данадағы, өлшеулердің барлық қатысушыларымен қол қойылады. Хаттама түпнұсқасының бір данасы жұмыстағы барлық бұзушылықтар бойынша одан әрі шаралар қабылдау үшін, уәкілетті органға жіберіледі. Хаттама түпнұсқасының екінші данасы МТҚ-да сақталады, хаттаманың үшінші түпнұсқасы, қажет болған жағдайда, бірлескен өлшеулерге қатысушысының өкіліне тапсырылады.



3. Қорытынды ережелер


  1. Телерадиохабар тарату операторы және/немесе телерадиоарна телерадиохабар тарату сапасын бақылау өткізуіне кедергі жасамау тиіс және де керек кезде өз өлшеу құралдарын өлшеу мақсаттарына пайдалануға рұқсат беруі тиіс.

  2. МТҚ қолданыстағы заңнамамен және МТҚ Жарғысымен белгіленген тәртіпте телерадиохабар тарату сапасын бақылауды жүзеге асырған кездегі өз жұмыскерлерінің заңға қайшы іс-әрекеттеріне жауапкершілік алады.

  3. Телерадиохабар тарату сапасының бұзуы анықталған кезде телерадиохабар тарату және/немесе телерадиоарна Қазақстан Республикасы занңамасына сәйкес жауапты болады.

____________________________________





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет