Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары



жүктеу 63.35 Kb.
Дата17.11.2018
өлшемі63.35 Kb.

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 11 маусымдағы

376 бұйрығына 2-қосымша

 

 

«Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары



 оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - ЖОО) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11286 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жоғары оқу орындарына қабылдау туралы бұйрық.

 

 

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің


(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет корсету процесіндегі
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар топтамасы) ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1) жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының (бұдан әрі - ЖОО-ның қабылдау комиссиясы) көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей немесе портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құжаттар топтамасын қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаған тұлғаның тегін, аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңбаны, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты немесе электронды хабарламаны 15 минут ішінде беруі;

2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін ЖОО 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушымен білім беру қызметін көрсету (ақылы немесе білім беру гранты бойынша (ауылдық квота) туралы шарт жасасады;

3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына 30 минут ішінде енгізуі (талапкердің сауалнамалық деректері, ҰБТ немесе ТКТ сертификаты, білім беру грантын алу туралы куәліктің № (нөмірі);

4) сауалнамалық деректер ЖОО-ның деректер базасына енгізілгеннен кейін 25 тамыздан кешіктірмей, ЖОО басшысының көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.

6. Мынадай рәсімдерді орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдердің нәтижелері:



1) ЖОО қабылдау комиссиясының құжаттарды қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе электронды хабарлама беруі;

2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО мен көрсетілетін қызметті алушы арасында білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасау жүзеге асырылады;

3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына енгізуі;

4) көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрықты шығару.

 

 



3. Көрсетілетін қызметті алушының ЖОО-ның қабылдау
комиссиясымен мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара
іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:



1) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы;

2) комиссия хатшысы;

3) ЖОО басшысы.

8. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет корсету кезінде жүгіну тәртібі мен рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:



1) ЖОО қабылдау комиссиясының көрсетілетін қызметті алушыдан тікелей немесе портал арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді алуға арналған құжаттар топтамасын қарауы және көрсетілетін қызметті алушыға құжатты қабылдаған тұлғаның тегін, аты-жөнін, сондай-ақ мөртаңбаны, кіріс нөмірі мен күнін көрсете отырып, құжаттарды қабылдағаны туралы қолхатты немесе электронды хабарламаны 15 минут ішінде беруі;

2) ЖОО-ның қабылдау комиссиясы шарттар мен талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін ЖОО көрсетілетін қызметті алушымен білім беру қызметін көрсету (ақылы немесе білім беру гранты бойынша (ауылдық квота) туралы шарт жасасады;

3) ЖОО-ның көрсетілетін қызметті алушының сауалнамалық деректерін ЖОО-ның деректер базасына 30 минут ішінде енгізуі (талапкердің сауалнамалық деректері, ҰБТ немесе ТКТ сертификаты, білім беру грантын алу туралы куәліктің № (нөмірі);

4) сауалнамалық деректер ЖОО-ның деректер базасына енгізілгеннен кейін 25 тамыздан кешіктірмей, ЖОО басшысының көрсетілетін қызметті алушыны ЖОО-ға қабылдау туралы бұйрығы шығарылады.

Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан (рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілік сипаттамасы «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

 

 



4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу
тәртібінің сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді қолданудың тәртібі

 

9. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының портал арқылы мемлекеттік қызмет корсету кезінде жүгіну тәртібі мен рәсімдер кезектілігінің сипаттамасы:



1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлы қолтаңбасының (бұдан әрі - ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен тіркеледі, ол қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады;

2) көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭСҚ тіркеу куәлігін бекіту, қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу үшін порталға пароль енгізу процесі;

3) ЖОО-ның қабылдау комиссиясының логин мен пароль арқылы порталда тіркелген қызмет алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын тексеруі;

4) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұранысты куәландыру (қол қою) үшін таңдауы;

5) порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқтығын тексеру;

6) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмауына байланысты қажетті қызметтен бас тарту туралы хабарлама дайындау;

7) қызмет алу сұранысына сәйкес қызмет алушының ЭЦҚ арқылы толтырған нысанын (енгізген деректерін) куәландыру (қол қою);

8) көрсетілетін қызметті алушының «Жеке кабинет» бөлімінде екі жұмыс күнінен кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуы.

«Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

 

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру



бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары

оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

 

 



Әрбір рәсім қызметін көрсете отырып, әрбір іс-қимылдан
(рәсімнен) өту блок-сызбасы және рәсімдердің (іс-қимылдардың)
жүйелілік сипаттамасы

 

 

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру



бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары

оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша

 

 



«Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу
орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік
қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

 



 

 

 



 

 

 
Каталог: file -> uslugi -> gos uslugi
file -> 66 баспасөз релизі қаржы нарығындағы ахуал туралы
gos uslugi -> Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 09. 04 №186 БҰйрығына 4-Қосымша
gos uslugi -> «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslugi -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
gos uslugi -> Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2015. 10. 04 №189 БҰйрығына 2-Қосымша
gos uslugi -> «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
gos uslugi -> Документ: Қр білім және ғылым министрінің 2014. 11. 06 №376 БҰйрығына 1-Қосымша
gos uslugi -> Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет