Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау



жүктеу 125.77 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі125.77 Kb.


№____дана

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2013 жылғы 12 сәуірдегі № 182 бұйрығымен

бекітілген

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау

ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер
1. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) арнаулы (әскери) оқу орындарына қысқартылған мерзімде жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламалары бойынша азаматтарды оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.

2. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қысқартылған мерзімде оқуға жоғары білімі бар, жасы 21-ден кіші емес, сондай-ақ:

1) жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін мамандығы бойынша еңбек өтілі бір жылдан кем емес;

2) қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерге ие, денсаулық жағдайы және физикалық жағынан дамыған;

3) «Қазтест» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тілді білу деңгейі қанағаттанарлық;

4) мерзімді әскери қызмет өткерген немесе жоғары оқу орнының әскери кафедрасында білім алған немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқытылған резервті дайындау бойынша арнаулы ұйымдарында әскери дайындықтан өткен, әйелдерден басқа, азаматтар қабылданады.

3. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнына қабылданған күннен бастап оқуға түсуші кандидаттың жасы анықталады, сондай-ақ еңбек қызметінің өтілі есептеледі.

Оқуға түсуші кандидатты арнаулы (әскери) оқу орнының басшысы оқуға түскен жылдың 31 шілдесіне дейін оқуға қабылдайды.

Осы Қағидалар 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талапқа кандидат деректерінің сәйкестігін анықтаған кезде еңбек қызметінің өтіліне, сонымен қатар мерзімді әскери қызметті өткеру және магистратурада оқу уақыты да есептеледі.

4. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес оқу мерзімі қысқартылған мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша іріктеу жүргізеді.

5. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуге тілек білдірген азаматтар (бұдан әрі – оқуға кандидаттар) оқуға тапсыратын жылдың алдындағы жылғы 1 желтоқсанға дейін ҰҚК құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволарына және аумақтық органдарына (бұдан әрі – ҰҚК органдары мен бөлімшелері) ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, ерікті нысандағы өтініш жазады.

Мыналар өтінішке қоса беріледі:



  1. жоғары білім туралы диплом қосымшасымен (көшірме);

  2. жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);

  3. алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 4,5 х 6 см);

  4. әскери билет немесе әскерге шақырылушының куәлігі (көшірме);

  5. еңбек кітапшасы немесе еңбек өтілін растайтын өзге құжат (көшірме);

  6. өмірбаян (түпнұсқа).

6. ҰҚК Кадрлар департаменті оқуға тапсыратын жылдың алдындағы жылғы 1 қазанға дейін ҰҚК бөлімшелері мен органдары үшін ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітілетін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсуші кандидаттарды жіберу бойынша өкімдеме дайындайды.

7. Өкімдеме ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппаратында бекітілгеннен кейін:



  1. бұқаралық ақпарат құралдарына, ҰҚК ресми интернет-ресурсына ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсу үшін өтініш беру мерзімдері, сондай-ақ өтінішке қосымша тіркелетін құжаттардың тізбесі туралы хабарландыру беру ұйымдастырылады;

  2. кандидаттарды кәсіби бағыттау, іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстар олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

8. Қызметке жарамдылығын анықтау үшін кандидаттар тұрғылықты жері бойынша әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.

9. ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппараты ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға кандидаттардың жинақталған жеке істерін оқуға түсетін жылдың 20 мамырына дейін жолдайды.

10. ҰҚК Кадрлар департаменті ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімі туралы кандидаттарды ҰҚК бөлімшелері мен органдарының кадрлар аппараты арқылы хабардар етеді.

2. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі
11. Қабылдау және мандаттық комиссиялар ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдауды жүзеге асырады. Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамы ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамына басшы, сондай-ақ ҰҚК бөлімшелері мен органдарының өзге де қызметкерлері мен әскери қызметшілері кіреді.

Қабылдау және мандаттық комиссиялар осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарын курсанттармен сапалы қамтамасыз етуге бейімделеді.

12. Қабылдау комиссиясы төраға, төрағаның орынбасары, жауапты хатшы және комиссияның сегіз мүшесінен кем емес құрамнан құрылады.

Қабылдау комиссиясы:


  1. оқуға кандидаттардың жеке істерін қарастыруды жүзеге асырады;

  2. психофизиологиялық және медициналық куәландыруды жүргізеді, дене шынықтыру дайындығын тексереді;

  3. оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарастырады;

  4. конкурс тізімдері мен кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлейді;

  5. оқуға кандидаттарды іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

13. Қабылдау комиссиясының қызметіне төраға басшылық етеді.

Қабылдау комиссиясының төрағасы ҰҚК құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары (бастықтардың орынбасарлары) қатарынан тағайындалады.

Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, оның мүшелерінің өкілеттіктерін белгілейді және осы комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді.

Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары бастықтарының орынбасарлары қатарынан тағайындалады. Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясының мүшелері мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының қызметін ұйымдастырады және қадағалайды, психофизиологиялық және медициналық куәландыру жүргізуді, дене шынықтыру дайындығын тексеруді ұйымдастырады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы ҰҚК бөлімшелері мен органдары басшы құрамының қатарынан тағайындалады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, қабылдау комиссиясының отырыстарына материалдарды, оның жұмысы туралы есебінің жобасын әзірлейді.

14. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қажеттілікке байланысты комиссия төрағасының шешімімен жүргізіледі және хаттамалармен ресімделеді.

Қабылдау комиссиясының шешімі бекітілген құрамның кемінде үштен екі мүшесі болған кезде қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

15. Мандаттық комиссия ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келетін адамдарды арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау мақсатында құрылады.

16. Мандаттық комиссия төраға, екі орынбасар, хатшы және комиссияның жеті мүшесінен кем емес құрамнан құрылады.

17. Мандаттық комиссия:


  1. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы кәсіби іріктеуден одан әрі өту үшін ұсынған кандидаттардың жеке істерін іріктеп тексеруді және талдауды жүзеге асырады;

  2. кәсіби іріктеуден өткен және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнына қабылдануға конкурсқа қатысу үшін жіберілген кандидаттармен әңгіме өткізеді;

  3. оқуға кандидаттардың оқуға қабылдау мәселелері жөніндегі шағымдары бойынша қорытынды шешім қабылдайды;

  4. оқуға кандидаттарды кәсіби іріктеу қорытындысы бойынша талдау жасайды және осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді.

18. Мандаттық комиссияның төрағасы болып ҰҚК Төрағасы орынбасарларының бірі тағайындалады.

Мандаттық комиссия төрағасының орынбасарлары ҰҚК бөлімшелері мен органдары және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының бастықтары қатарынан тағайындалады.

Мандаттық комиссияның хатшысы болып ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының кадрлар бөлімшесі бастығының орынбасары немесе қызметкерлерінің бірі тағайындалады.

Мандаттық комиссия мүшелері болып ҰҚК бөлімшелері, органдары, ведомстволары және арнаулы (әскери) оқу орындары басшы құрамының адамдары тағайындалады.

19. Мандаттық комиссия жыл сайын құрылады және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы жұмыс істеген кезеңде әрекет етеді.

Мандаттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда оның орынбасарларының бірі жүзеге асырады.

Мандаттық комиссияның жұмысын ұйымдастыру комиссия төрағасының орынбасарына, ал іс қағаздарын жүргізу комиссияның хатшысына жүктеледі.

Мандаттық комиссияның отырысы қажеттілікке байланысты жүргізіледі.

Отырыс барысы және шешімдер хаттамамен ресімделеді.

20. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясына салыстыру үшін кандидат мынадай құжаттардың түпнұсқаларын өткізеді: жеке басын куәландыратын құжат, жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы қосымшасымен бірге диплом, әскери билет немесе әскерге шақырылушының куәлігі, мемлекеттік және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейі туралы сертификаттар.

21. Оқу орнына қабылдау тәртібі, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау мәселелері және кәсіби іріктеу нәтижелері туралы шешімдері ақпараттық тақтада орналастырылады.

22. Оқуға кандидаттарға медициналық куәландыру, кәсіби-психологиялық мінездемелері, дене шынықтыру дайындығы және саясаттанудан білімдерін тексеретін соңғы кәсіби іріктеу жүргізіледі.

23. Соңғы кәсіби іріктеуді жүргізу үшін арнайы (пәндік, сараптық) комиссиялар (бұдан әрі – арнайы комиссиялар) құрылады. Аталған комиссиялардың төрағалары болып қабылдау комиссиясының мүшелері тағайындалады, арнайы комиссия құрамына ҰҚК құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволары мен аумақтық органдарының тәжірибелі қызметкерлері, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының оқытушылары қатарынан кемінде үш адам кіреді.

24. Оқуға кандидаттардың кәсіби-психологиялық мінездемелерін тексеру кезінде олардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарындағы қызметке қойылатын талаптарға сай келетіндіктері анықталады.

25. Оқуға кандидаттарды медициналық куәландырудан өткізу «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарында медициналық куәландырудан өткізу үшін жыл сайын ҰҚК Төрағасының бұйрығымен штаттан тыс әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі – ӘДК) құрылады. ӘДК құрамын ҰҚК Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы құрады.

ӘДК құрамына ҰҚК әскери-дәрігерлік бөлімшелерінің және ұлттық қауіпсіздік органдары басқа да әскери-дәрігерлік комиссияларының тиісті мамандықтағы медицина қызметкерлері кіреді.

Медициналық куәландырудан өткізу кезінде кандидаттардың арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке жарамдылығы анықталады.

26. Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеруді осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшемдері бойынша арнайы комиссия жүзеге асырады.

27. Саясаттану бойынша білім деңгейін тексеру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім көлемінде әңгімелесу түрінде өткізіледі.

28. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әскери қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

29. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау соңғы кәсіби іріктеу нәтижесі бойынша конкурстық негізде мандаттық комиссияның шешімімен жүргізіледі.

30. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының қатарына қабылдау үшін конкурс өткізу кезінде бірдей көрсеткіштер болған жағдайда мыналар артықшылық құқық иеленеді:

1) үздік білім туралы құжаттары (дипломы) бар тұлғалар;

2) диплом қосымшасында (транскриптте) анағұрлым жоғары орташа балы бар тұлғалар.

31. Курсанттар қатарына қабылдау туралы мандаттық комиссияның шешімі ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны бастығының бұйрығымен ресімделеді.

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына

1-қосымша



Оқу мерзімі қысқартылған мамандықтар тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы:

Мамандығы – ұлттық қауіпсіздікті қарсы барлаумен қамтамасыз ету.

Біліктілігі – ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел қызметкері.

Академиялық дәрежесі – қарсы барлау бакалавры.

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын қысқартылған мерзімде іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына

2-қосымша



Кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын бағалау өлшемдері
Ерлер

1-топ


25 жасқа дейін:


Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

15

13

9

100 метрге жүгіру (с)

13,9

14,4

15,2

3000 метрге жүгіру (мин, с)

12,10

12,25

12,50

2-топ

25-30 жас



Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

14

12

8

100 метрге жүгіру (с)

14,0

14,5

15,3

3000 метрге жүгіру (мин, с)

12,20

12,35

03,00

3-топ

30-35 жас аралығы



Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

12

10

6

100 метрге жүгіру (с)

14,8

15,4

16,2

3000 метрге жүгіру (мин, с)

14,0

14,45

15,30


Әйелдер

1-топ


25 жасқа дейін


Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу

(қанша рет)



34

30

26

100 метрге жүгіру (с)

16,6

17,2

18,0

1000 метрге жүгіру (мин, с)

4,00

4,15

4,35

2-топ

25-30 жас аралығы



Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу

(қанша рет)



30

26

22

100 метрге жүгіру (с)

17,2

17,8

18,6

1000 метрге жүгіру (мин, с)

4,20

4,40

5,10

3-топ

30-35 жас аралығы



Жаттығу

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Кешенді-күштік жаттығу

(қанша рет)



26

22

18

100 метрге жүгіру (с)

17,8

18,4

19,2

1000 метрге жүгіру (мин, с)

4,40

4,55

5,30



Каталог: sites -> default -> files -> user documents
user documents -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user documents -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user documents -> Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің
user documents -> «болашақ» консалтингтік тобы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «бекітемін» «Болашақ» кт» жшс-нің директоры
user documents -> Соглашение
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Для служебного пользования
user documents -> Ақпарат саласындағы қылмыстық іс-әрекеттерге қарсы іс-қимыл бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт
user documents -> Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет