Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары



жүктеу 117.82 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі117.82 Kb.
түріБағдарламасы


№ ___дана
Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2012 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 590 бұйрығымен

бекітілген

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер


  1. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) арнаулы (әскери) оқу орындарына жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламалары бойынша азаматтарды оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.

  2. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға орта білімі (жалпы орта білімі), техникалық және кәсіптік білімі, орта білімнен кейінгі білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған, сондай-ақ мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар және мерзімді әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген, оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа, сондай-ақ әскери қызметін келісімшарт бойынша атқарып жатқан жиырма бес жасқа толмаған әскери қызметшілер қабылданады.

  3. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасында аталған Мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша оқуға қабылдайды.

  4. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына тапсыруға тілек білдірген азаматтар оқуға тапсыратын жылдың алдындағы жылғы 1 қарашаға дейін тұрғылықты жері немесе қызмет ету орны бойынша ҰҚК бөлімшелеріне, ведомстволарына және аумақтық органдарына қай тілде тест тапсыратындығын және қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, мыналар:

әскер қатарына шақырылған және запастағы әскери міндеттілер – ерікті нысандағы өтініш;

әскери қызметшілер – баянат өткізеді.

Өтінішке немесе баянатқа қоса мыналар:


  1. жалпы орта (орта), техникалық және кәсіби (орта кәсіби, орта білімнен кейін) білім беру ұйымдарында білім алғандығы туралы аттестат немесе диплом (көшірме);

  2. «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген анықтаманың үлгісіне сәйкес жалпы орта, техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірмеген адамдарға берілетін анықтама (түпнұсқа);

  3. жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);

  4. туу туралы куәлік (көшірме);

  5. алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 4,5 х 6 см);

  6. өмірбаян (түпнұсқа) тіркеледі.

  1. ҰҚК Кадрлар департаменті оқуға тапсыратын жылдың алдындағы жылғы 1 қазанға дейін ҰҚК бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары үшін ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітілетін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсетін кандидаттарды жіберу жөніндегі бөлу қағазын дайындайды.

  2. Бөлу қағазы бекітілгеннен кейін ҰҚК бөлімшелерінде, ведомстволары мен органдарында:

  1. бұқаралық ақпарат құралдарына, ҰҚК ресми интернет ресурсына ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсу үшін өтініш беру мерзімдері, сондай-ақ өтінішке қосымша тіркелетін құжаттардың тізбесі туралы хабарландыру беру ұйымдастырылады;

  2. оқуға кандидаттарды кәсіби бағыттау, іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстар олардың қызмет ету орны және тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.

  1. Оқуға кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін қызмет ететін орны немесе тұрғылықты жері бойынша міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.

  2. ҰҚК бөлімшелерінің, ведомстволарының, органдарының кадрлар аппараты оқуға түсуге кандидаттардың жинақталған жеке істерін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсетін жылғы 20 мамырға дейін жолдайды.

  3. ҰҚК Кадрлар департаменті оқуға баратын кандидаттарға ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімі туралы ҰҚК бөлімшелерінің, ведомстволарының, органдарының кадрлар аппараты арқылы хабарлайды.


2. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі


  1. Оқуға қабылдауды ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының қабылдау және мандаттық комиссиялары жүзеге асырады. Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамдары ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамына басшы, сондай-ақ ҰҚК бөлімшелері мен органдарының өзге де қызметкерлері мен әскери қызметшілері кіреді.

Қабылдау комиссиясы: төраға, төрағаның орынбасары, жауапты хатшы және комиссияның сегіз мүшесінен кем емес құрамнан құрылады.



  1. Қабылдау және мандаттық комиссиялар осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарын курсанттармен сапалы қамтамасыз етуге бейімделеді.

Қабылдау комиссиясы:

  1. оқуға түсетін кандидаттардың жеке істерін тексеруді жүзеге асырады;

  2. психофизиологиялық және медициналық куәландыруды жүргізеді, дене күші дайындығын тексереді;

  3. оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарастырады;

  4. конкурс тізімдері мен кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлейді;

  5. оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

  1. Қабылдау комиссиясының қызметіне төраға басшылық жасайды.

Қабылдау комиссиясының төрағасы ҰҚК құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының бастықтары (бастықтардың орынбасарлары) қатарынан тағайындалады.

Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін белгілейді және қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарын бекітеді.

Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары бастықтарының орынбасарлары қатарынан тағайындалады. Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясының мүшелері мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының қызметін ұйымдастырады және қадағалайды, психофизиологиялық және медициналық куәландыру жүргізуді, дене дайындығын тексеруді ұйымдастырады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы ҰҚК құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары басшы құрамының қатарынан тағайындалады.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, қабылдау комиссиясының отырыстарына материалдарды, қабылдау комиссиясы есебінің жобасын әзірлейді.


  1. Қабылдау комиссиясының қызметі қабылдау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қажеттілікке байланысты комиссия төрағасының шешімімен жүргізіледі және хаттамамен ресімделеді.

Қабылдау комиссиясының шешімі бекітілген құрамның кемінде үштен екі мүшесі болған кезде қарапайым көп дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

  1. Мандаттық комиссия: төраға, төрағаның екі орынбасары, хатшы және комиссияның жеті мүшесінен кем емес құрамнан құрылады.

  2. Мандаттық комиссия:

  1. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясымен кәсіби іріктеуге ұсынылған кандидаттардың жеке істерін сараптауды және ішінара тексеруді жүзеге асырады;

  2. кәсіби іріктеуден өткен және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орына қабылдануға конкурсқа қатысу үшін жіберілген кандидаттармен әңгімелесу өткізеді;

  3. кандидаттардың оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдарға қорытынды шешім қабылдайды;

  4. кандидаттардың кәсіби іріктеу қорытындысы бойынша сараптама жасау және тексеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді.

  1. Мандаттық комиссияның төрағасы болып ҰҚК Төрағасы орынбасарларының бірі тағайындалады.

Мандаттық комиссия төрағасының орынбасарлары ҰҚК бөлімшелері немесе ведомстволары және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының бастықтары қатарынан тағайындалады.

Мандаттық комиссияның хатшысы болып ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының кадр бөлімшесі бастығының орынбасары немесе қызметкерлерінің бірі тағайындалады.

Мандаттық комиссия мүшелері болып ҰҚК бөлімшелері, ведомстволары, органдары және арнаулы (әскери) оқу орындарының басшы құрамының адамдары тағайындалады.


  1. Мандаттық комиссия жыл сайын құрылады және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы жұмыс істеген кезеңде әрекет етеді.

Мандаттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орынбасарларының бірі жүзеге асырады.

Мандаттық комиссияның жұмысын ұйымдастыру комиссия төрағасының орынбасарына, ал іс қағаздарын жүргізу комиссияның жауапты хатшысына жүктеледі.

Мандаттық комиссияның отырысы қажеттілікке байланысты жүргізіледі.

Отырыс барысы және шешімдер хаттамамен ресімделеді.



  1. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының қабылдау комиссиясына кандидат: жеке басын куәландыратын құжатты, әскери билет немесе тіркеу куәлігін, жалпы орта (орта), техникалық және кәсіби (орта кәсіби, орта білімнен кейін) білім беру ұйымдарында білім алғандығы туралы құжатты, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша немесе кешенді тестілеу сертификатын (түпнұсқалары) көрсетеді.

  2. Қабылдау тәртібі, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының қабылдау комиссияларының қабылдау мәселелері бойынша шешімі және кәсіби іріктеудің нәтижелері туралы ақпараттар – ақпараттық тақтайшаға орналастырылады.

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысымен бекітілген жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелеріне оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының өткен жылдарғы түлектері, техникалық және кәсіби (орта кәсіби, орта білімнен кейін) білім беру ұйымдарының түлектері үшін кешенді тестілеу өткізіледі.

  4. Кандидаттарды психофизиологиялық куәландыру және дене шынықтыру даярлығын тексеру үшін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны бастығының бұйрығымен арнайы (пәндік, сараптық) комиссиялары (бұдан әрі – арнайы комиссия) құрылады. Аталған комиссиялардың төрағалары болып қабылдау комиссиясының мүшелері тағайындалады, арнайы комиссия құрамына ҰҚК құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық органдарының білікті және тәжірибелі қызметкерлері, сондай-ақ Академия оқытушылары қатарынан кемінде үш адам кіреді.

  5. Оқуға түсетін кандидаттарды медициналық куәландырудан өткізу «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарында медициналық куәландырудан өткізу үшін жыл сайын ҰҚК Төрағасының бұйрығымен штаттан тыс әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі – ӘДК) құрылады. ӘДК құрамын ҰҚК Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы құрады.

ӘДК құрамына ҰҚК әскери-дәрігерлік бөлімшелерінің және ұлттық қауіпсіздік органдарының басқа да әскери-дәрігерлік комиссияларының тиісті мамандықтағы медицина қызметкерлері кіреді.



Медициналық куәландырудан өткізу кезінде кандидаттардың арнаулы мемлекеттік органдарына қызметке жарамдылығы анықталады.

  1. Кандидаттың дене дайындығын тексеруді арнайы комиссия ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсетін орта білім беретін ұйымдарды бітірген тұлғаларға ортақ денешынықтыру дайындығы бойынша бақылау тестілері мен нормативтеріне сәйкес осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген бағалау өлшемдері бойынша жүзеге асырады.

  2. ҰҚК Шекара академиясына оқуға тапсырушы әскери қызметшілер қатарындағы кандидаттармен аталған оқу орнының базасында кешенді тестілеу қарсаңында үш айлық дайындық жиыны өткізіледі.

  3. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдауды мандаттық комиссия сертификат балы, дәрігерлік және дене дайындығының көрсеткіштері бойынша мәліметтерді ескере отырып, психофизиологиялық куәландырудың нәтижесі бойынша конкурстық негізде жүргізеді.

Бұл ретте ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау үшін бірыңғай ұлттық тестілеу (кешенді тестілеудің) сертификатының шекті балы қабылдаудың үлгі қағидаларымен белгіленеді.

  1. Қызмет атқару кезінде мерт болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары оқуға тапсырушылар үшін қойылған талаптар бойынша жеткілікті деңгейде балл жинаса, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.

  2. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының қатарына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде:

  1. «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған адамдардың;

  2. дербес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы құжаттары бар адамдардың;

  3. тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.

  1. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарында оқитындардың қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде бірдей көрсеткішке ие болған жағдайда басымдық құқығына мына адамдар ие болады:

  1. жетім балалар және ата-анасының асырауынсыз қалған балалар;

  2. соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілгендер;

  3. үздік білімі туралы құжаты (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) бар адамдар.

  4. «Жас ұлан» Республикалық мектебінің түлектері;

  5. әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері;

  6. әскери қызмет атқару кезінде мерт болған, із түзсіз жоғалған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары.

  1. Қабылдау тілдік бөлімшелер бойынша жеке өткізіледі.

  2. Курсанттар қатарына қабылдау туралы мандаттық комиссияның шешімі ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары бастығының бұйрығымен ресімделеді.

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына

№ 1 қосымша

Мамандықтар тізбесі



Бакалавриат мамандықтары

Мамандықтар

тобының атауы



Пәндердің тізімі

Оқу

мерзімі


Бейіндік пәні

ҚР ҰҚК Шекара қызметі қызметтік – жауынгерлік іс-қимылдарын басқару

Әскери

іс және қауіпсіздік



  1. Қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыған тілі);

  2. Қазақстан тарихы;

  3. Математика;

  4. Таңдау пәні – география.

4 жыл

География

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларына



№ 2 қосымша


Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсетін орта білім беретін ұйымдарды бітірген тұлғаларға ортақ денешынықтыру дайындығы бойынша бақылау тестілері мен нормативтері


Жаттығулар

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Тартылу (қанша рет)

11

9

7

100 метрге жүгіру (с)

14,0

14,2

14,8

3000 метрге жүгіру (мин.с)

12.15

12.45

13.30



Денешынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлерге (әскери қызметкерлерге) бақылау тестілері мен нормативтері



Жаттығулар

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Тартылу (қанша рет)

15

13

9

100 метрге жүгіру (с)

13.9

14.4

15.2

3000 метрге жүгіру (мин.с)

12.10

12.25

12.50





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет