Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін



жүктеу 473.13 Kb.
бет1/2
Дата21.04.2019
өлшемі473.13 Kb.
  1   2

Источник: ИС Параграф WWW http:///online.zakon.kz
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010.13.04. № 168 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.30.01. № 36 бұйрығымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

125 бұйрығымен



бекітілген

 

 

 Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін



ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің

үлгілік қағидалары

(2018.14.06. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер



 

1. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің осы үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.

2. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі - МЖМББС) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және білім беру бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.



3. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

1) академиялық адалдық - білім алушының жазбаша жұмыстарды орындау (бақылау, курстық, эссе, дипломдық, диссертациялық), емтихандағы жауап, зерттеулердегі, өз ұстанымын көрсету, академиялық қызметкерлермен, оқытушылар мен өзге студенттермен өзара қарым - қатынас, сондай-ақ бағалау барысындағы адалдығын айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдардың жиынтығы;

2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - бітірушілердің білім алу теориялық деңгейін, қалыптасқан кәсіптік құзіретін, кәсіптік міндеттерді орындауға даярлығын және олардың білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкестігін бағалау рәсімі;

3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың оқу жетістіктерінің (білімі, икемділігі, дағды және құзыреті) деңгейін оқу пәнін бітіргеннен кейін оқу пәнінің бағдарламасына сәйкес бағалау рәсімі;

4) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау - академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда студенттердің білімін, икемділігі мен дағдыларын жекелеген тақырыптар, бөлімдер, модульдер бойынша кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;

5) емтихан сессиясы - жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) студенттерді аралық аттестаттау кезеңі;

6) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;

7) межелік бақылау - бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;

8) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингісін белгілеуге мүмкіндік беретін білім деңгейін балл түріндегі бағалау жүйесі;

9) офис регистратор - білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын олардың меңгерген кредитін есептей отырып тіркеумен шұғылданатын және білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды, оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыратын академиялық қызмет;

10) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) - аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;

11) пререквизиттер (Рrerequisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;

12) транскрипт (Transcript) - білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар құжат.

4. Бағалау академиялық адалдыққа негізделеді. ЖОО-ның ғылыми кеңесімен бекітілетін Академиялық адалдық қағидаларын ЖОО дербес әзірлейді.



Академиялық адалдық қағидаларының принциптері бұзылған жағдайда білім алушыларды оқудан шығару туралы шешімді ЖОО дербес қабылдайды.

 

 



2-тарау. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттаудан өткізудің тәртібі

 

 



1-параграф. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың ағымдық бақылаудан өткізудің тәртібі

 

5. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіледі және аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды.

6. Межелік бақылау нысанын, мерзімін, саны мен тәртібін ЖОО дербес анықтайды.

7. Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін ЖОО академиялық саясатына сай дербес анықтайды.

8. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеруді жоғары оқу орны өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың нысандары арқылы жүзеге асырылады.

9. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың барлық түрлері бойынша (ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау) білімді бағалаудың әріптік балдық-рейтингтік жүйесі арқылы бағаланады оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

10. Тілдер бойынша (шет тілі, қазақ, орыс) білім алушылардың оқудағы жетістіктері оларды оқытудың дәрежелік моделіне сай осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес шкала бойынша бағаланады.

 

 



2-параграф. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне аралық бақылау өткізудің тәртібі

 

11. ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау МЖМББС негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 16 тамыздағы № 343 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8636 тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары (бұдан әрі - үлгілік оқу жоспарлары) мен оқу бағдарламалары негізінде әзірленген академиялық күнтізбеге, оқу жұмыс жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

12. Білім алушыларды аралық аттестаттау емтихан тапсыру, курстық жұмыстарды (жобаларды) және кәсіптік практика бойынша есептерді қорғау нысаны түрінде міндетті түрде баға қою арқылы жүргізіледі және емтихандық сессия болып анықталады.

13. Білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін ЖОО академиялық саясатына сәйкес дербес анықтайды.

14. ЖОО әр оқу пәні бойынша емтихан нысанын ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімі негізінде дербес анықтайды.

15. Білім алушыларды аралық аттестаттауды (емтихандық сессия) ұйымдастыру мен өткізуді офис регистратор жүргізеді.

16. Аралық аттестаттау нәтижесі бойынша офис регистратор білім алушылардың академиялық рейтингілерін құрастырады.

17. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау қорытындысын шығару барысында емтихан бағасы және академиялық кезең ішіндегі үлгерімді ағымдық бақылау бағасының орташа балы (жіберілу рейтингісінің бағасы) ескеріледі.

18. Аралық аттестаттаудың оң қорытынды бағасы тиісті оқу пәні бойынша белгіленген көлемдегі кредиттерді игерілді деп есептеуге негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады.

19. Білім алушы қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді және ол бойынша кредиттер есептелмейді.

20. Қорытынды бақылаудың оң бағасын аралық аттестаттаудың осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Қорытынды бақылаудың оң бағасын қайта тапсыру осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

21. Білім алушылар емтихандарды қатаң түрде пәндер бойынша бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына, оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырады.

22. Білім алушылар қажет болған жағдайда оқытудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихан тапсырады, нәтижесі емтихан ведомосына және транскриптке жазылады (әскери дайындықтан басқасы).

23. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға өзгерту немесе үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру мақсатында қайта тапсыру үшін білім алушы келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.



Мұндай жағдайда білім алушы белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.

24. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін білім алушы емтихан өткізілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

25. ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндер бейініне біліктілігі сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

26. Апелляциялық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және оның негізінде емтихан ведомосы құрылады.

27. Офис регистратор емтихан сессияларының (қысқы, көктемгі және күзгі сессия нәтижелері) қорытындысы бойынша білім алушының оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.

28. Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО оқыту курсының бөлінісінде дербес белгілейді.

29. Өту балының ең төменгі көлемін жинаған білім алушылар факультет деканының (институт, жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі директорының,) ұсынысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

30. Ең төменгі өту балын ала алмаған білім алушы оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

31. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған білім алушыға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы мақсатында жазғы семестрде белгілі бір пәндерді ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.

32. Қайта тапсырылған емтиханнан оң нәтиже алған жағдайда емтихан ведомосы мен транскриптке жазылатын қорытынды баға қайта есептеледі.



Орташа үлгерім балын есептеу барысында оқу пәні бойынша соңғы бағалар есепке алынады.

33. Транскриптке білім алушының қайта тапсырған емтихандарының оң нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.

34. Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушы бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе қайта құрастырылған жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.

35. Өту балының ең төменгі деңгейін жинап, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар білім алушы тиісті пәндерді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.

36. Осы Қағидалар әскери, арнайы оқу орындарында оқитын білім алушыларға таратылмайды.

37. Емтихандар қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия аяқталғаннан кейін ЖОО-ның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады.

38. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.14.06. № 272 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

39. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 289 бұйрық) білімі аяқталмаған тұлғаларға берілетін анықтама беріледі.

 

3-параграф. Жоғары оқу орындарында «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан өткізудің тәртібі



 

40. Барлық бакалавр мамандығындағы ЖОО студенттері «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.

41. Мемлекеттік емтихан өткізуді «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» оқу пәнін оқытатын кафедра (бұдан әрі - кафедра) факультет деканатымен (институт директоратымен) және Офис регистратормен бірлесе отырып жүзеге асырады.

42. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра аталған пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасы негізінде оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын әзірлейді.

43. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу нысанын ЖОО ғылыми кеңес шешімі негізінде дербес анықтайды.

44. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін факультет деканының (институт директоры) ұсынысы бойынша күнтізбелік жылға мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі - МЕК) құрылады.

45. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша МЕК төрағасы мен құрамы ғылыми кеңес шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

46. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор академиялық күнтізбеге сәйкес құрады және оны ЖОО басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.

47. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспайды.

48. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу тәртібін, сондай-ақ МЕК отырысын ұйымдастыру рәсімін ЖОО дербес анықтайды.

49. Мемлекеттік емтихан қорытындысы білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.



Бұл ретте, қорытынды баға жіберілу рейтингісінің бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып қойылады. Жіберілу рейтингісінің бағасы мемлекеттік емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 30%-ын құрайды.

50. Білім алушы «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы түрде келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге қайта жазылып оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысып, ағымдық бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға жолдама алады және оны тапсырады.

51. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыру осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес ұқсас рәсім бойынша жүзеге асырылады.

52. Білім алушы мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей МЕК-ке апелляция беруіне болады.

53. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылар қатарынан «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша апелляциялық комиссия құрылады.

54. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханның қорытындысы осы емтиханды тапсыру көзделген емтихандық сессияның қорытындысын шығару барысында есепке алынады.

55. Мемлекеттік емтихан аяқталған соң МЕК төрағасы МЕК-тың жұмысы туралы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланады және бекітіледі.

 

 



3-тарау. Жоғары оқу орындарында бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі

 

56. ЖОО-да бакалавриатта білім алушыларды қорытынды аттестаттау МЖМББС белгіленген нысандарда өткізіледі, оның ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбеде және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларында қарастырылған.

57. Бакалавриатта қорытынды аттестаттау мамандық бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғау немесе мамандық бойынша және екі бейінді пән бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсыру нысанында жүргізіледі.

58. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау дипломдық жұмысты (жобаны) жазу мен қорғау рәсімдерін қамтиды. Бұл ретте дипломдық жұмыс (жоба) бітірушінің талдау және зерттеу қабілеттерін анықтау мен бағалауға бағытталған.

59. Дипломдық жұмыстар (жобалар) ЖОО-лар дербес ұйымдастыратын плагиаттық мәніне қатысты тексеруден өтуі тиіс.

60. ЖОО студентердің теориялық дайындығының деңгейіне, оқу жетістігіне, талдау және зерттеу қабілеттеріне сәйкес оларды қорытынды аттестаттау нысанын дербес анықтайды.

61. Мемлекеттік емтихан тапсырылатын бейінді пәндердің тізбесі бітіртуші кафедраның ұсынысы негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.

62. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған студенттер ғана жіберіледі.

63. Бітіруші курстың студенті білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.

64. ЖОО басшысы білім беру саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы оқу жылының 10-қазанына дейін күтілетін бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады.

65. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін жоғары білім мамандықтары немесе мамандықтар тобы бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - МАК) құрылады. Оқытудың барлық нысандары үшін бірыңғай МАК қалыптастыруға рұқсат етіледі.

66. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді:



1) білім беру бағдарламалары белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;

2) бітірушіге тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін тағайындау;

3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;

4) бакалавр, маман, дипломын беру туралы шешім қабылдау;

5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

67. МАК төрағасы мен құрамы ЖОО ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан кешіктірілмей ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі және ол бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.

68. МАК құрамы бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.

МАК-тың сандық құрамын ЖОО өз бетінше белгілейді.

69. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мен ұйымдастыру тәртібін, мемлекеттік емтихан нысанын және МАК мәжілісінің рәсімдерін ЖОО академиялық саясатына сәйкес дербес айқындайды.

70. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО басшысы бекітеді және МАК жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірілмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.

71. Студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу осы Қағидалардың 62-тармағы негізінде студенттердің тізімі тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мамандығы (білім беру бағдарламасының) көрсетіле отырып, қорытынды аттестаттауға дейін екі аптадан кешіктірілмей ЖОО-ның тиісті құрылымдық бөлімше басшысының өкімімен ресімделеді.

72. Қорытынды аттестаттау басталуына дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей МАК-қа ұсынылады:

1) студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу туралы өкім;

2) оқытудың барлық кезеңіндегі студенттер үлгерімінің орта салмақ баға өлшемдері GPA есептелген транскрипт;

73. Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей МАК-қа ұсынылады:



1) дипломдық жұмыс (жобаның) ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелді қорытындысы берілген пікірі;

2) қорғауға ұсынылған дипломдық жұмыстың (жобаның) жан-жақты мінездемесі және білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағасы көрсетілген дәлелді қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша «бакалавр» дәрежесін немесе біліктілігін беру мүмкіндігі туралы рецензия;

3) бітіріп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);

4) дипломдық жұмысты (жобаны) плагиаттық мәніне қатысты тексеруден өткізу туралы анықтама.

74. МАК-қа, қажет болған жағдайда орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми-зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, ауылшаруашылық өнімдері материалдарының, бұйымдарының үлгісі, минералдар коллекциясы, гербарийлер ұсынылады.

75. МАК отырыстарының ұзақтығы күніне 6 (алты) академиялық сағаттан аспайды.

76. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан ЖОО пәндердің оқу бағдарламалары негізінде әзірлеген бағдарлама бойынша жүргізіледі.



Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан бағдарламасы ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.

77. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда білім алушы диплом жұмысын (жобасын) қорғауға шыға алады.



Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберілмейді.

Білім алушы рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.

78. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр білім алушыға дербес бекітіледі.



Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі) көрсетіліп тиісті құрылымдық бөлімше басшысының ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

79. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.

80. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлерін назарға ала отырып, білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады.

81. Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң жарияланады.

82. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.

83. МАК отырысының хаттамалары әр бітірушіге жеке толтырылады. Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.

84. Хаттаманы комиссия құрамына бекітілген және дауыс беру құқығы жоқ МАК хатшысы толтырады.

85. Мемлекеттік емтихан, диплом жұмысын (жобасын) қорғау бағалары туралы сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК отырысына қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

86. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

87. Қорытынды аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген білім алушы МАК төрағасының атына еркін нысанда өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен МАК-тың басқа отырысы болған күні емтихан тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны) қорғайды.

88. Білім алушы қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция беруіне болады.

89. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

90. Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін МАК-қа ұсынылған денсаулық жағдайы туралы құжаттар қарастырылмайды.

91. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

92. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

93. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау барысында диплом жұмысы «қанағаттанарлықсыз» деп есептелгенде, МАК сол жұмысты пысықтап қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жұмысты (жобаны) жаңа тақырыппен әзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-тың бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.

94. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар келесі оқу жылында, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.

95. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.

96. Білім алушыны қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.

97. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.

98. Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің тиісті білім беру бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген білім алушыға МАК шешімімен «бакалавр» дәрежесі немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом (дипломға қосымшасымен) академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынды аттестаттау өткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ақысыз беріледі.

99. Транскрипте барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), кәсіптік тәжірибе түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

100. Емтихандарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңіндегі үлгерімінің орта балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ барлық мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) А, А - «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

101. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған білім алушы осы Қағидалардың 102-тармағында көрсетілген талаптарға қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады.

102. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы бакалавриат студенттерін қорытынды аттестаттау жөнінде есеп жазады және бір ай мерзім ішінде ЖОО-ның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.

103. Жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен білім алушыға қорытынды аттестаттау нәтижесі негізінде ЖОО басшысының білім алушыларды шығару туралы бұйрығымен «бакалавр» академиялық дәрежесі тағайындалады немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік беріледі.

104. Білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған білім алушыға №289 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша білімі аяқталмаған азаматтарға берілетін анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.

105. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын оқып бітірген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы және білім беру ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, бітіру туралы бұйрық шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

 

 

4. ЖОО-да магистратура және докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі



 

106. Магистратура және докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттау МЖМББС сәйкес кешенді емтихан тапсыру және магистрлік диссертация (жоба) немесе докторлық диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

107. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбеге және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларына сәйкес белгіленеді.

108. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламаларының, жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқу үдерісін толық аяқтаған білім алушылар ғана жіберіледі.

109. Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс және жеке оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларының талаптарын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.

110. Магистратура мен докторантурада білім алушылардан кешенді емтихан алу үшін ЖОО жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мамандықтары мен мамандықтар тобы бойынша МАК құрады.

111. МАК төрағасы мен құрамы ЖОО ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы оқу жылының 10 қаңтарынан кешіктірілмей ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі және ағымдағы күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.

112. Магистратура мен докторантура мамандықтары бойынша МАК төрағалығына ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар, немесе философия (PhD) докторы немесе бейіні бойынша доктор бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін және осы ұйымда жұмыс жасамайтын тұлға тағайындалады. профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.

113. МАК мүшелері құрамына мыналар кіреді:



магистратура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар; бейіндік магистратура үшін шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін білікті мамандар-тәжірибелік қызметкерлер);

докторантура мамандықтары бойынша - шығаратын мамандарының бейініне сәйкес келетін ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе философия (PhD) докторы дәрежесі бар тұлғалар.

114. МАК-тың сандық құрамын ЖОО өз бетінше белгілейді.

115. Магистратурада және докторантурада білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мен ұйымдастыру тәртібін, мемлекеттік емтихан нысанын және МАК мәжілісінің рәсімдерін ЖОО академиялық саясатына сәйкес дербес айқындайды.

116. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО басшысы бекітеді және МАК жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірілмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.

117. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестаттау басталуынан екі апта бұрын МАК-қа тапсырылады.

118. Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттерінің пәндері кіреді.

119. Кешенді емтиханның бағдарламасын, өткізілу нысанын және тапсырмалар мазмұнын ЖОО осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасы негізінде өздері әзірлейді.

120. Кешенді емтихан:



магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға дейін 1 ай бұрын;

докторлық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын қабылданады.

121. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушыға жеке толтырылатын хаттамамен ресімделеді.

122. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге емтихан ведомосы негіз болады.

123. Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

124. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.

125. Апелляция өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.

126. Кешенді емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы № 289 бұйрығымен бекітілген білімі аяқталмаған тұлғаларға берілетін анықтама беріле отырып ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылады.

127. Кешенді емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған магистратура мен докторантурада оқитын тұлғаларға қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

128. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант магистрлік диссертацияны (жобаны) немесе докторлық диссертацияны қорғауға жіберіледі.

129. магистрлік диссертацияны (жобаны) немесе докторлық диссертацияны қорғауға жіберу кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК төрағасының ұсынуы және бітіруші кафедра меңгерушісінің қолы қойылған докторлық диссертацияны қорғау туралы кафедра отырысы шешімінен үзінді негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен ресімделеді.

130. Магистрант диссертация (жоба) тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарда, журналдарда, немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда жарияланған кемінде бір мақаласы бар болған жағдайда қорғауға жіберіледі.

131. Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) ЖОО өз бетінше плагиат мәніне қатысты тексеруден өткізеді.

132. Магистрлік диссертацияның (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр магистрантқа дербес бекітіледі.

Магистрлік диссертациялардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі) көрсетіліп тиісті бітіруші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

133. Магистрлік диссертацияларды (жобаларды) рецензиялау ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, философия (PhD) докторы, бейіні бойынша доктор немесе магистр академиялық дәрежесі бар, біліктілігі қорғалатын диссертация (жоба) бейініне сәйкес келетін, басқа ұйымдардың мамандары тарапынан ғана жүзеге асырылады.

134. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын диссертация (жоба) бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға шыға алады.

Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберілмейді.

Магистрант рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда да магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберіледі.

135. Кешенді емтихан мен магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғаудың нәтижелері бойынша білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлерін назарға ала отырып, білім алушылардың білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады.

136. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті білім беру бағдарламасын меңгергендігін растаған магистранқа МАК-тың шешімімен тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі тағайындалады және академиялық күнтізбеге сәйкес қорытынды аттестаттау өткен күннен кейін бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 тіркелген) мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен тегін беріледі.

137. Транскрипте барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік тәжірибе түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

138. МАК-тың жұмысы аяқталған күннен кейін оның төрағасы магистранттарды қорытынды аттестаттау жөнінде есеп жазады және бір ай мерзім ішінде ЖОО-ның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.

139. МАК төрағасының магистранттарды қорытынды аттестаттау жөніндегі есебіне осы Қағидалардың 4-қосымшасында келтірілген кестелер мен түсіндірме жазба енеді.



Түсіндірме жазбада мыналар көрініс табады:

1) аталған мамандық бойынша магистрлардың дайындық деңгейлері;

2) кешенді емтиханда анықталған магистранттардың біліміне мінездеме;

3) магистрлік диссертацияларды (жобаларды) орындаудың сапасы;

4) магистрлік диссертация (жоба) тақырыбының ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі;

5) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;

6) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;

7) магистрлік диссертацияларды (жобаларды) қорғау деңгейінің кафедра шешіміне, ғылыми жетекшісінің пікіріне, рецензиясына сәйкестігі;

8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсынымдамалар.

140. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі негізінде ЖОО басшысының бітіру туралы бұйрығы шығарылады, магистратураның тиісті білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен магистрантқа тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесі тағайындалады.

141. Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған магистрант ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан оқудан шығарылып № 289 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша білімі аяқталмаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі.

142. Тиісті білім беру бағдарламаларын оқып бітірген магистратура бітірушілерінің тізімі олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мамандығы және білім беру ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі көрсетіле отырып, бітіру туралы бұйрық шыққан күннен кейін бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

143. Докторлық диссертацияларды қорғауды ұйымдастыру мен өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 тіркелген) Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Жоғары оқу орындарында



Білім алушылардың үлгерімін

ағымдық бақылау, аралық және

қорытынды мемлекеттік аттестаттау

жүргізудің үлгілік қағидаларына 1-қосымша

 

 



Каталог: download -> 039
download -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
download -> Қазақстанның ежелгі тарихы
download -> Конкурсқа 23-31 шілдеге дейін; Студенттер қатарына 28 тамызға дейін
download -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
download -> Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі арқылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ Атырау облысы бойынша филиалына арналған
download -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
download -> Хабарландыру
039 -> «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығы (2018. 17. 04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет