«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 55.25 Kb.
Дата15.01.2018
өлшемі55.25 Kb.
түріРегламент

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»

Документ: ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2014.11.06 № 376 БҰЙРЫҒЫНА 3-ҚОСЫМША

Дата: 10.03.2017 11:15:07


ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.25.01. № 75 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы 11 маусымдағы

376 бұйрығына 3-қосымша

 

 

«Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру»



мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2016.25.01. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер



 

1. Мемлекеттік қызмет жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 189 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 11286 тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) «Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхан беру» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті корсету өтінішті қабылдау мен нәтижені беру:

1) көрсетілетін қызметті берушімен;

2) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру туралы жолдама (бұдан әрі - жолдама).

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық


бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жүргізу тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады



5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына енетін рәсімдер (іс-қимылдар):

Көрсетілетін қызметтің қағаз түрі:

1) құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кеңсесінің қызметкері (бұдан әрі - кеңсе) 15 минут ішінде қабылдайды, тіркейді және жинақтайды;

2) комиссияның қарастыруына 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі;

3) комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарастырады және шешім қабылдағаннан кейін құжаттарды кеңсеге береді, онда жолдама тіркеліп, көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметтің электронды түрі:

1) қызмет алушы өтінішті электронды портал арқылы береді, деректерді толтырады және қажетті құжаттардың электронды көшірмелерін тіркейді - 30 минуттан аспайды;

Құжаттарды қабылдауды/қабылдамау туралы дәлелді жауапты растау мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінен алынған қызмет туралы сұранысы осы қызмет бойынша қолданушының «жеке кабинетіндегі» мәртебесі болып табылады.

2) құжаттар топтамасын жоғары оқу орнының қызметкері (бұдан әрі - кеңсе) 15 минут ішінде тіркейді және жинақтайды;

3) комиссияның қарастыруына 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі;

4) комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарастырады және шешім қабылдағаннан кейін жатақханадан орын беру/орын бермеу туралы дәлелді жауапты ЖБББЖ (жоғары білім басқарудың бірыңғай жүйесі) арқылы электронды үкімет порталына деректерді береді.

6. Келесі рәсімдерді бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерінің нәтижелері:



Қағаз түрінде қызмет көрсету нәтижесін ұсыну:

1) кеңсе қызметкері құжаттар топтамасын қабылдайды, тіркейді және жинақтайды және комиссияға қарауға береді;

2) құжаттар топтамасын комиссияның қарауы;

3) құжаттар комиссияның шешімінен кейін кеңсеге жолданады;

4) жолдаманы кеңсе қызметкерінің тіркеуі және беруі.

Электронды түрде қызмет көрсету нәтижесін ұсыну:

1) жоғары оқу орнының қызметкері құжаттар топтамасын тіркейді және жинақтайды және комиссияға қарауға береді;

2) құжаттар топтамасын комиссияның қарауы;

3) комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарастырады және шешім қабылдағаннан кейін жатақханадан орын беру/орын бермеу туралы дәлелді жауапты ЖБББЖ (жоғары білім басқарудың бірыңғай жүйесі) арқылы электронды үкімет порталына деректерді береді.

 

 



3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

 

7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына бөлімшелері қатысады:



1) жоғары оқу орнының қызметкерлері;

2) жоғары оқу орнының комиссиясы.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің сипаттамасы:



1) құжаттар топтамасын жоғары оқу орны кеңсесінің қызметкері (бұдан әрі - кеңсе) 15 минут ішінде қабылдайды, тіркейді және жинақтайды;

2) комиссияның қарастыруына 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі;

3) комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарастырады және шешім қабылдағаннан кейін құжаттарды кеңсеге береді, онда жолдама тіркеліп, көрсетілетін қызметті алушыға қолма-қол беріледі.

Әр іс-қимылдың ұзақтығы көрсетілген әр рәсімнің (іс-қимылдың) өтуінің блок-сызбасы және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы «Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшада келтірілген.

 

 

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін


қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік
қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

 

9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету процесінде халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жүргізбейді.

 

«Жоғары оқу орындарындағы білім



алушыларға жатақхана беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



1-қосымша

 

 



Әр іс-қимылдың ұзақтығы көрсетілген әр рәсімнің (іс-қимылдың) өтуінің
блок-сызбасы және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет