Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы



жүктеу 431.52 Kb.
бет1/3
Дата22.04.2019
өлшемі431.52 Kb.
  1   2   3

Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы

Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 29 Заңы


МАЗМҰНЫ
      Ескерту. Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
      Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1 тарау
Жалпы ережелер
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, темiржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;
      2) жол - мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;
      3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
      4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi – жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
      5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету – жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;
      6) жол жүрiсiне қатысушы – жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам;
      7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары – жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темiр жол өткелдерiндегi реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;
      8) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жолдардағы жүрiстi басқару жөнiндегi ұйымдық-техникалық іс-шаралар мен өкiммен жүргiзілетiн iс-қимылдар кешенi;
      9) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;
      10) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      10-1) көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі – көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде қамтылған көлік құралдары және олардың тіркемелері туралы, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куәліктер, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы;
      11-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
      12) қызмет өңірі – тіркелген механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін бөлу принципі бойынша көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған аумақ;
      13) мемлекеттік техникалық байқау – тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердiң, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiнің, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі; (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
      14) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі – механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері, міндетті техникалық байқауды өткізудің нәтижелері, берілген міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктер мен халықаралық техникалық байқау сертификаттары туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы;
      15) механикалық көлiк құралы - мопедтен басқа, қозғалтқыш арқылы жүретiн көлiк құралы. Бұл ұғым тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналарға да қолданылады;
      16) міндетті техникалық байқау – механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалаудың мерзімді процесі;
      17) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік – қатаң есептілік бланкісі болып табылатын және міндетті техникалық байқаудан өту фактісін растайтын, оның нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі белгіленген құжат;
      18) техникалық байқаудың диагностикалық картасы – механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің техникалық жай-күйі параметрлерінің тізбесі бар, иесі мен механикалық көлік құралы және оның тіркемелері туралы және міндетті техникалық байқау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
      19) техникалық байқаудың стационарлық желісі – міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін көлік құралдарын техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, ғимаратта немесе құрылыста орналасқан кешен;
      20) техникалық байқаудың ұтқыр желісі – көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге арналған техникалық диагностикалау құралдарымен жарақтандырылған, арнайы көлік құралынан тұратын жылжымалы кешен;
      20-1) техникалық байқау операторы – міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және техникалық байқау операторларының тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
      21) техникалық байқау орталығы – механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйін диагностикалау жұмыстарын орындауға арналған, осы мақсаттар үшін стационарлық және (немесе) ұтқыр техникалық байқау желісі бар кешен;
      22) техникалық байқау операторларының тізілімі – техникалық байқау операторларының бірыңғай тізбесі, оны жүргізуді көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады;
      23) тiркеме қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлiк құралының құрамында жүруге арналған көлiк құралы. Бұл ұғым жартылай тiркемелер мен ұзартылмалы тiркемелерге де қолданылады;
      24) халықаралық техникалық байқау сертификаты – қатаң есептіліктегі бланк болып табылатын және халықаралық автомобиль қатынасында пайдаланылатын, салмағы 3,5 тоннадан асатын механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өту фактісін және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 № 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 08.01.2013 № 64-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      2-бап. Қазақстан Республикасының жол жүрiсi
              қауiпсiздiгi туралы заңдары
      Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      3-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
              негiзгi принциптерi
      Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
      - жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың өмiрi мен денсаулығының шаруашылық қызметтiң экономикалық нәтижелерiнен басымдығы;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде мемлекет жауапкершiлiгiнiң жол жүрiсiне қатысушы азаматтардың жауапкершiлiгiнен басымдығы;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету кезiнде азаматтар мен мемлекет мүдделерiнiң сақталуы;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге жүйелi көзқарас.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
      4-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi
      Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi мемлекеттiк саясатты iске асыру құралы болып табылады және ол жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды айқындайтын құқықтық нормаларды, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың, жол жүрiсiне қатысушылардың, жол жүрiсi қауiпсiздiгiн және жол-көлiк оқиғаларының зардаптарын жоюды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралардың жиынтығын қамтиды.
2 тарау
Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi
      5-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң
              негiзгi бағыттары
      Жол жүрiсi қауiпсiздiгi мыналар арқылы қамтамасыз етiледi:
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы өкiлеттiгi мен жауапкершiлiгiн белгiлеу;
      - жол-көлiк оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатымен орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың қызметiн үйлестiру;
      - автомобиль, қалалық жерүсті рельстік көлікте және жол шаруашылығында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi реттеу;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi белгiленген тәртiппен әзiрлеу және бекiту;
      - жол жүрiсiн ұйымдастыру;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды бағдарламалық-мақсатты жоспарлау;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi шараларды ғылыми, материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету;
      - көлiк құралдарының жүргiзушiлердi даярлауды ұйымдастыру және азаматтарға жүрiс қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып-үйрету;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар кешенiн жүргiзу;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгін қамтамасыз ету саласында техникалық реттеу;
      - көлiкте сақтандыру саласында әлеуметтiк бағдарланған саясат жүргiзу;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында заңдардың, өзге де нормативтiк актiлердiң, ережелер мен стандарттардың орындалуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылау.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.12.29. № 209, 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жол жүрiсi
              қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретіне мыналар жатады:
      - Қазақстан Республикасы аумағында жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясат әзiрлеу және жүргiзу;
      - техникалық регламенттердi бекiту;
      - орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi қызметiне басшылық ету, олардың Заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауына бақылау жасау;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органды белгiлеу және ол туралы Ереженi бекiту;
      - ережелердiң, стандарттар мен басқа да нормативтiк актiлердiң бiрыңғай жүйесiн белгiлеу;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      - механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;
      - механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін бекіту;
      - техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту;
      - Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту;
      - көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларын бекіту;
      - көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін айқындау;
      - өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау;
      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.12.29 № 209, 2008.07.04 № 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 № 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 08.01.2013 № 64-V (01.01.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      7-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздігі жөнiндегi орталық
              атқарушы органның құзыреті
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органның құзыретіне мыналар жатады:
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      - көлiк құралдарын жүргiзушiлердi даярлау қағидаларын әзірлеу;
      - алдын алу шараларын жүргiзу және халыққа жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң ережелерi мен талаптарын оқытып үйрету тәртiбiн белгiлеу;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк маңызы бар ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық талдамаларды ұйымдастыру;
      - жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      - Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
      - жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру;
      - жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп ұстау және басқару кезінде тапсырыс беруші ұсынған нормативтік, жобалық және техникалық құжаттаманы келісу;
      - автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық рельстік көлік желілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
      - техникалық регламенттердi әзiрлеу;
      - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген міндеттерді банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін оларға көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша деректерді ұсыну тәртібін айқындау және ұсыну;
      - осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап күшіне енеді), 2006.12.29 № 209, 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 № 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2013 № 64-V (01.07.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      7-1-бап. Көлік және коммуникация саласындағы
               уәкілетті органның құзыреті
      Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыретіне:
      1) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қызметін басқару;
      2) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
      3) техникалық байқау операторларының механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      4) міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік бланкілерінің нысандарын әзірлеу және бекіту;
      5) техникалық байқау операторларының тізілімін жүргізу;
      6) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне түсетін, бланк өнімін өткізу қызметін көрсету төлемінің төленгенін растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылатын, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәліктердің бланкілерін техникалық байқау операторларына беру;
      8) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
      9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
      Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.10 № 116 (2006.01.01 бастап күшіне енеді) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.24 № 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      8-бап. Облыстық (республикалық маңызы бар қала,
             астана) және аудандық (облыстық маңызы бар
             қалалар) өкілді және атқарушы органдардың жол
             жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету
             саласындағы құзыреті
      1. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) өкілді органдардың қарауына мыналар жатады:
      - облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдар басшыларының жол жүрiсi қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi есептерiн қарау;
      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:
      - халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру;
      - тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы орган шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
      - жол жүрiсi қауiпсiздiгiн медициналық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар кешенiн ұйымдастыру және жүргiзу;
      - облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарында, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу, енгізу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
      - аудандардың (қалалардың) автомобиль жолдарында, қалалардың, аудандардың (қалалардың) елдi мекендерiнiң жол тораптарында салу, қайта жаңарту, жөндеу, оларда жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдарын енгiзу және күтiп ұстау, оларды күтiп ұстау, күзету және жолдарда қызмет көрсету объектiлерiн жайғастыру жөнiндегi жұмыстарды орындау кезiнде жұмыстың барлық түрлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;
      - облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарындағы, елді мекендердің көшелеріндегі жол қызметін басқару;
      - жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2006.01.10 № 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      9-бап.
      Ескерту. 9-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      10-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi
              көрсеткiштерiн есепке алудың мемлекеттiк
              жүйесi
 
       1. Қазақстан Республикасының аумағында апаттардың, жол-көлiк жарақаттарының көрсеткiштерiн, көлiк құралдарының, жүргiзушiлер санын, жол жүрiсi саласындағы құқық бұзушылықтардың, жолдардың көлiк-пайдалану көрсеткiштерiн, сондай-ақ жол жүрiсi қауiпсiздiгi мен оны қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң жай-күйiн көрсететiн басқа да көрсеткiштердi есепке алудың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесi жүзеге асырылады.
      2. (Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 № 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
      3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар есептiлiк жүйесiне кiретiн мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратып алуға құқылы.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.07.04 № 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
      11-бап. Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
Каталог: images -> npa
npa -> Ќазаќстан Республикасы
npa -> Формат (содержание) справки об итогах деятельности за 2008 год
npa -> Ақпарат Ақпараттық және коммуникациялық технология
npa -> Утверждена
npa -> Қазақстан Республикасындағы ішкі су жолдарының кеме жүру қауіпсіздігін қастамасыз ету бойынша жол жұмыстарын жүргізу және жосп
npa -> Сравнительная таблица
npa -> «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет