Жоламанова Зинегүл Манайқызы Ақтөбе қаласы. №41 «Назерке» мдұ музыка жетекшісі



жүктеу 41.55 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі41.55 Kb.

Жоламанова Зинегүл Манайқызы

Ақтөбе қаласы. № 41 «Назерке» МДҰ музыка жетекшісі

Жігіт сұлтаны

Мектепалды даярлық тобына арналған музыкалық қойылымның сценариі


Қаһарлы қыспен таласқан

Тайталасып жарысқан

Наурыз күні күлімдеп

Шықты бүгін шығыстан


Жаңа жылда жарандар

Үстем болсын мерейің

Жақсылыққа бас болып

Алдымызға ас болып

Келген Наурыз құт болсын

(фанфар)


Қош келдіңіздер құрметті қонақтар!

Қош келдіңіздер сайыскер серілердің жанкүйір қауымы.Міне, Наурыз мерекесінде мектепалды даярлық топпен «Жігіт сұлтаны» сайысын өткізгелі отырмыз.

Ал ортаға жігіттерімізді шақырайық, ду қол шапалақпен.

Ал енді жігіттерімізді таныстырып өтейік.

«Тұлпар» тобы, «Сұңқар» тобы, «Ұлан» тобы .

Атағы артта қалған кей сабаздың

Өлседе оның сөзі өлмек емес

Жұлдызы ер жігіттің оңынан шығып,

Бақ қонса ғажап емес, ертелі кеш,- деп ата-бабамыз жырлағандай, сайысқа қатысушы сері жігіттерімізге сәт- сапар тілейміз.
(фанфар)

Жүргізуші: Алаңдайсың бәрінің тағдырына,

Әр мұңына, айтатын ән-жырына

Анаға арқа сүйеген сәбидейін

Саған арқа сүйейді, барлығы да

Олай болса,әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Бүгінгі өткізгелі отырған, ұлттық-әдет ғұрыпты, өнерді, ұлттық ойындарын сүйетін мына болашақ балаларымызға арналған «Жігіт сұлтаны» сайысымыздың сыр мен сымбаттың мақсаты:
-балаларымызға ұлттық дәстүрлерімізді көрсету.

-батылдыққа, тапқырлыққа, намысшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

-ұлттық, мемлекеттік тілге баулу, өнерлік, білімділік қабілеттерін арттыру.

-ортаға, яғни сахнаға шығу, өзін-өзі ұстауға бейімдеу.

-ұлттық ойындар арқылы балаларды шынықтыру.
(күй ойнайды)
«Жігіт сұлтаны» жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, сегіз қырлы-бір сырлы, сайыскер сері жігіттер қатысып отыр. Соларға ақ жол тілеп, ақ батасын беруге --------------------------------- атамызды ортаға шақырамыз.(Бата беріледі)
1-ші сынақ шарты бойынша жігіттеріміз «Мен атаның ұлымын» тақырыбы бойынша өзін-өзі таныстырады.Сәт-сапар тілейміз.

(Таныстыру)


Ән:Құлыншақ.

Ал,әділ-қазылардан «Мен атаның ұлымын» 1-ші тақырыптың бағасын берулеріңізді сұраймыз.( баға беріледі)


2-ші шартымыз «Тез сұраққа дөп жауап» отырған 3 топқа сұрақтар қойылады.
«Тұлпар» тобына қойылатын сұрақтар:

1Руыңызды, тегіңізді білесің бе? (руын, тегін, жасын)

2Анаңның анасы сізге кім болады? (нағашы әже)

3Төрт-түлікті атаңыз? (түйе, жылқы,сиыр,қой)

4Ұлттық аспаптарды атаңыз? (домбыра,қобыз,жетіген,асатаяқ )

5Бауырсақты неден дайындайды?(ұннан,тұз, шекер,майға пісір)


«Сұңқар» тобына қойылатын сұрақтар

1.Қазақтың Ұлы күйші- компазиторларын ата(Құрманғазы, Тәттімбет,Қорқыт ата, Қазанғап,Дина әже)

2.Киіз үйдің бөлшектерін ата?(шаңырақ, уық, кереге,

3Наурыз көже қай кезде пісіріледі?(Наурызда 7-і түрлі тағам кіреді

4Әкеңнің әкесі сізге кім болады?( ата)

5 Жылқының төлін не дейді? (құлыншақ)

«Ұлан» тобына қойылатын сұрақтар

1Анаңның тумалары саған кім болады? (нағашы)

2Қазақтың салт-дәстүрлерін ата? (тұсау кескр, бесікке салу,шілдехана,сүндетке отырғызу, ашамайға отырғызу)

3Сүттен жасалатын тағамдарды ата?(айран, сүт,ірімшік,құрт, қатық,шұбат, қымыз,қаймақ, май)

4Ұлттық ойындарды ата? (теңге алу,көкпар,қыз қуу,тақия тастамақ,арқан тартыс, бәиге,асық,ақ сүйек, алтыбақан)

5Қойдың төлін не дейді? (қозы)


Әділ- қазы алқалары жігіттеріміздің бағаларын бергенше музыкалық үзіліс.
Би «Өзбек»
Әділ-қазы алқалары жігіттеріміздің бағаларын берулеріңізді сұраймыз.
3 «Өнерді үйренде жирен,өнер тамған он саусақ, үзілмейтін ырысың-дегендей, ендігі шартымыз «Өнерліге өріс-кең» өнер түрлерінен сын.
1-ші «Тұлпар»тобы Ән «Қазақстан»

2-ші «Сұңқар» тобы Би. Полька

3-ші «Ұлан» тобы Ән «Салдат болам мен ертең»

Әділ-қазылар алқасы бағалағанша музыкалық үзіліс:

Ән «.Қошақаным»

(әділ-қазылар баға береді)


4-ші шартымыз «Ырым сырын ұғын» Бұл шартта қай топ көп тиым сөздер айтады.
Малды теппе,аұты төкпе,отты шашпа, күлді баспа, бүйіріңді тайанба, жағыңды тайанба, бос бесікті тербетпе, бесікті ашық қалдырма.

Әділ-қазылар баға береді.


5-ші сынақ шарты «Бәрекелді сайып-қыран» Бұл сында сайыскерлер өз қалауы бойынша өнері мен не күш-қайратымен көрермендерді таңқалдыруы тиіс.
(акрабатика, штанга көтеру,1 қолмен тұру,фокус көрсету т.б)
Әділ-қазы бағалағанша 1 ойын ойнап жіберелік көрермендермен.

(Арқан тартыс,Қыз қуу, білек күшін сынасу)


Осымен 5-шартымыз аяқталды,әділ-қазы алқалары өз бағаларыңызды балаларға беріңіздер.
Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен жақсы күй

Көңілге тұрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй- деп Абай атамыз жырлағандай ендігі кезекті әнге береміз.


Ән: «Домбырасыз ән қайда»
Әділ-қазылар алқасы әділ бағасын беруіңізді сұраймыз.

1

2 марапатталады



3
Осымен біздің «Жігіт сұлтаны» сайысымыздың барлық шарттары орындалып өтті.Жігіттерімізге топтағы апайларымызға рахмет айта отырып, тағы да Наурызмерекесі құтты болсын,Ақ мол болсынқайда барсаңыздар да жол болсын-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет