Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы



жүктеу 129.56 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі129.56 Kb.


Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11002 тіркелді.

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек




 

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылдың 26 наурыздағы
№ 348 бұйрығымен бекітілген

Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды
ұйымдастырудың үлгі шарты

      ____________ ____________________

      (қала) (күні: күні, айы, жылы)

      Бұдан әрі "Ұйымдастырушы" деп аталатын

      ________________________________________________________ атынан

      (жергілікті атқарушы органның немесе уәкілетті ұйымның атауы)

      __________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (құжаттың атауы)

      ______________________________________________________________

      (жергілікті атқарушы орган немесе уәкілетті ұйым өкілінің лауазымы)

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "Тасымалдаушы" деп аталатын

      ________________________________________________________ атынан

      (заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы)

      __________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (құжаттың атауы)

      басшы ________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (егер болған жағдайда)

      екінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Шарттың мәні

      1. Ұйымдастырушы жалпы пайдаланымдағы тұрақты маршруттарға қызмет көрсету құқығын береді, ал тасымалдаушы өзіне төменде көрсетілген маршруттар бойынша тасымалдарға қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді қабылдайды.





Маршрут нөмiрi

Маршруттың атауы

Жұмыс істейтін автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны

Маршруттың ұзақтығы километрмен











      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Тараптардың міндеттері

      2. Тасымалдаушы міндетті:

      1) автокөлік құралдарының техникалық жарамды күйін қамтамасыз етуге және міндетті техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралының маршрутқа шығуына жол бермеуге;

      2) автокөлік құралдары жүргізушілеріне рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеру жүргізілуін, олардың еңбек және тынығу режимінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) багаждың уақтылы тасымалдануын және сақталуын қамтамасыз етуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын ақысыз тасымалдауды жүзеге асыруға немесе оларға жол ақысы бойынша өзге де жеңілдіктер беруге;

      5) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршруттың барлық аялдама пункттерінде – өз бетінше не жолаушылар агенттіктері, автовокзалдар, автостанциялар және (немесе) жолаушыларға қызмет көрсету пункттері арқылы жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін сатуды, оның ішінде жол жүру құжаттары (билеттер) мен багаж түбіртектерін тікелей және қайтар бағыттарға электронды түрде сатуды, сондай-ақ қайтарылуын қамтамасыз етуге, және олардың жолаушыларда болуын бақылауды жүзеге асыруға;

      6) жолаушылар және багаж тасымалының тарифтерін жариялауға, оларды шарттарда, жол құжатында (билетте) және багаж түбіртегінде тіркеуге;

      7) жарияланған тарифтерді сақтауға және тарифтердің алдағы өзгеруі туралы жолаушыларды алдын-ала хабардар етуге;

      8) тасымалдауларды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны белгілеуге;

      9) тасымалдау үшін автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың осы шартта көзделген санын және типін (класын) пайдалануға;

      10) маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың бекітілген маршрутын және қозғалыс кестесін сақтауға;

      11) тасымалдауды ұйымдастырушыға ақпарат бере отырып, автокөлік құралдарын қозғалыс жылдамдығы, маршрутының және кестесінің сақталуы туралы деректерді нақты уақыт режимінде үздіксіз беру құрылғыларымен жабдықтауға;

      12) ұлттық стандарттарды сақтауға міндетті;

      13) жолаушының қауiпсiздiгiн, оған қажетті қызмет ету жайлылығы және шарттары жасалуын қамтамасыз етуге міндетті;

      14) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда Шарт қолданыста болған уақыт ішінде бағдардың бекітілген сызбанұсқасына сәйкес ____ километр көлемінде жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыруға міндеттенеді;

      15) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда автобустардың салонында жолақысын электрондық төлеу жүйесінің құрылғыларын, байланыс жабдықтарын, модемді, ақпараттандыру және диспетчерлеу жүйесін жарамды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

      16) осы шартта көрсетілген тасымал мөлшеріне сәйкес уақытылы тасымалды қамтамасыз ету.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Ұйымдастырушы міндетті:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды отырғызудың және түсірудің белгіленген пункттерін ресімдеуді және күтіп-ұстауды қамтамасыз етуге;

      2) автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың белгіленген қозғалыс кестесiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

      3) тасымалдаушыны жол жүрісі жағдайының, тасымалдың, маршруттар сызбасының және қозғалыс кестесінің өзгеруі туралы уақтылы хабардар етуге;

      4) күнтізбелік он күн ішінде Тасымалдаушының маршруттарда туындайтын проблемалар бойынша өтінішін және тасымалдарды жетілдіру бойынша ұсыныстарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға міндетті;

      5) маршрут (км) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысының электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) көрсетілген есеп негізінде ай сайын субсидиялар төлемін жүзеге асыру.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



3. Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды жаңарту жөніндегі талаптар

      4. Тасымалдаушы осы шартты бекіткен күнінен бастап екі жыл өткен соң маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды осы шарттың толық әрекет ету мерзімінде осы шарттың 1-қосымшасына сәйкес жаңартуға міндетті.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Тараптардың құқықтары

      5. Тасымалдаушы жолаушылардың қоғамдық тәртіпті және "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 23-8) тармақшасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын сақтауын талап етуге құқылы.

      6. Ұйымдастырушы осы Шарт талаптарының бұзылғаны анықталған кезде Ұйымдастырушы белгіленген мерзімде оларды жоюға тасымалдаушыны міндеттеуге құқылы.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Тасымалдаушымен осы Шарттың елеулі талаптары бұзылғаны үшін Ұйымдастырушы осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзады. Бұл ретте Ұйымдастырушы ол туралы Тасымалдаушыны күнтізбелік он күн бұрын алдын-ала хабардар етеді.

      8. Осы Шарттың елеулі талаптарының бұзылуы:

      1) маршрут тұрақтылығының төмендігі (айына жетпіс пайыздан кем);

      2) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген міндеттің орындалмауына байланысты тасымалдаушының кiнәсiнен адам өлiмi орын алған жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) болуы;

      3) осы шарттың 2-тармағы 1) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды маршрутта бір жылда үш және одан көп рет пайдалану;

      4) үшінші тараптарға маршрутта (маршруттарда) қызмет көрсету құқығын беру болып табылады;

      5) жүргiзушiнiң (жүргізушілердің) кiнәсiнен бір маршрутта адам өлiмi болған жол-көлік оқиғасының (ЖКО) бір жыл ішінде үш және одан көп рет болуы;

      6) осы шарттың 4-тармағының талаптарын орындамау болып табылады.

      9. Осы Шарт Конкурсқа қатысуға өтінімде жалған ақпарат ұсынылған факт анықтаған жағдайда да мерзімінен бұрын бұзылады.

6. Шарттың ерекше талаптары және орындау тәртібі

      10. Осы Шартқа кез келген толықтырулар мен (немесе) өзгерістер жазбаша түрде жасалады, екі тарап растайды және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

      11. Кестелер, маршруттар бойынша қозғалыстың кестесі және тарифтік кесте (қалааралық облысаралық маршруттардан басқа), сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың, шағын автобустардың типі (класы) мен саны осы шартқа 2-қосымшаға сәйкес жеке қосымшада келтiрiледi және шарттың ажырағысыз бөлігі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар Субсидиялау қағидасының талабына сәйкес тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Осы Шарттың орындалуы жөніндегі барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы немесе Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

      13. Осы Шартта Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да талаптарды белгілеуі мүмкін.

      14. Осы Шарт және оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді Тараптар үшін міндетті болады.

      15. Осы Шарт бірдей заңды күші бар 2 данада жасалды.

      16. Осы Шарттың түсіндірудің мазмұнын анықтау кезінде келіспеушіліктер немесе даулар туындаған жағдайда ___________________ мәтініндегі нұсқаның басым күші болады.

      (тілді көрсету)

7. Шарттың қолданылу мерзімі

      17. Осы Шарт кемінде үш жыл мерзімге жасалады:

      Қолданылуының басталуы _______________________

      Қолданылуының аяқталуы _______________________

      18. Тасымалдаушы осы шарттың 4-тармағының талаптарын сақтау кезінде, осы шартқа өзгерістер және толықтырулар енгізу жолымен осы шарттың қолдану мерзімінің аяқталуына дейін күнтізбелік алпыс күннен кем емес берген тасымалдаушының жазбаша өтініші негізінде осы шарттың қолданылуы он жылға ұзартылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері

      Ұйымдастырушы                              Тасымалдаушы

      Қолы ________                               Қолы _______

      М.О.                                           М.О.



 

Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына 1-қосымша

Маршрутта пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды,
троллейбустарды жаңарту бойынша кесте

Автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалану мерзімі

Автобустар, шағын автобустар, троллейбустар саны*

2-3

4-6

7-10

11-15

16-25

26-50

51 және одан көп

7 жылға дейін

+

+

+

+

+

+

+

7 жылдан 12 жылға дейін

50%

25%

20%

20%

20%

20%

20%

12 жылдан 15 жылға дейін

-

25%

25%

25%

24%

22%

21%

15 жылдан астам

-

-

-

4%

6%

10%

15%

      "+" - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етіледі;

      "-" - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      * - автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың жалпы санынан белгіленген пайыздық мәндегі автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың санын анықтаған кезде мәні 0,5 және одан көп болса, саны ұлғаю жағына қарай анықталады (1 автобус, шағын автобус, троллейбус).


 

Жолаушылар мен багажды
автомобильмен тұрақты
тасымалдауды ұйымдастырудың
үлгі шартына 2-қосымша

Маршрут пен жол ақысы тарифтік кесте бойынша кестелерде қозғалыс
схемаларында қамтылған, сондай-ақ маршрутта пайдаланылатын
автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың
типі (класы) және саны жөніндегі ақпарат

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың кестелерінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) маршруттың атауы;

      2) аялдама пункттерінің атауы;

      3) маршруттың ұзақтығы және аялдама пункттері арасындағы қашықтық;

      4) рейс бойынша келу, тоқтап тұру, жөнелу, жүру уақыты, орташа жүру жылдамдығы бойынша бір бағытта және кері бөлу;

      5) жылдық, тоқсандық, айлық, апталық немесе күндік өлшемдегі маршрутты жүзеге асыру мерзімділігі;

      6) тасымалдаушының атауы;

      7) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

      2. Автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың қозғалыс сызбаларында мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) маршруттың атауы;

      2) аялдама пункттердің атауы;

      3) тасымалдаушының атауы;

      4) қауіпті учаскелер және олардың сипаттамасы;

      5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып қол қойылған күні көрсетілген қолы.

      3. Тарифтiк кестеде (қалалық (ауылдық) маршруттардан басқасында) мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

      1) маршруттың атауы;

      2) аялдама пункттердің атауы;

      3) тасымалдаушының атауы;

      4) жолаушылардың жол жүру, багажды алып жүру және жолаушылардың жеңілдетілген жол жүру құны;

      5) мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, лауазымды адамның тегі және аты-жөні және оның аталған органның мөрімен расталып күні көрсетілген қойылған қолы (қалааралық облысаралық маршруттардан басқасы).

      4. Маршрутта пайдаланылатын автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың типi (класы) бойынша ақпарат:

      1) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың мемлекеттік нөмірі;

      2) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың типi (класы);

      3) автобустың, троллейбустың және шағын автобустың шығарылған жылы;



      4) автобустардың, троллейбустардың және шағын автобустардың саны.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет