29 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында жеті қабатты мейрамханадан өрт шыққан. Тілсіз жау ғимаратта тез таралып, 10 адам қызыл жалынның ішінде қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.Фото: 

Фото: mosoblinform.ru

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтағанымен, өрттің шығу себебі әзірге белгісіз. 

Елдің денсаулық сақтау министрі Саманта Лал Сеннің айтуынша, қаза тапқан 43 адамның арасында әйелдер мен балалар да бар. Тағы он шақты адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

  • Алматыда автобус өртенді (видео)
  • Астана әуежайында өрт болды

“Біз алтыншы қабатта болғанда түтінді байқадық. Көп адамдар сатымен жоғары көтеріліп жатты. Ал біз керісінше, су ағатын құбыр арқылы төмен түстік. Кейбірі жоғарғы қабаттан секіріп, жарақат алды”, –  дейді Сохель есімді мейрамхананың менеджері.

Бұған дейін Техаста алапат өрт болып жатқаны туралы жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.