Солтүстік Қазақстан облысында балалар зорлық-зомбылық әрекеттері мен порнографиялық мазмұнды насихаттайтын сайттарға мектеп компьютерлері арқылы кірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: torg94.com

Облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда мұндай фактілер Тайынша, М. Жұмабаев, Ақжар, Мамлют, Айыртау және Шал ақын ауданы мен Петропавл қаласындағы мектептерде тіркелгенін мәлімдеді.

  • Университет ректоры әйелімен порнографиялық видео түсіргені үшін жұмыстан қуылды
  • Оқу-ағарту министрлігі сыныпта намаз оқығандардың қай мектеп оқушылары екенін әлі анықтамаған

"Информатика кабинеттеріндегі тексеру барысында зорлық-зомбылық әрекеттерін, құмар ойындарын, есірткі мен қылмыс құралдарын өндіруді және порнографиялық мазмұнды насихаттайтын сайттарға кіру деректерін анықтадық. Сайттарға мектеп компьютерлерінде интернетке еркін қол жеткізе алатын оқушылар кірген деген болжам бар. Тексеру жалғасуда, жауап беру актілері негізінде жауапты тұлғалар мен мектеп директорлары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылады", — деді Виктор Найда.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте прокуратураның жаңа мектеп ас мәзіріне қатысты айтқан ескертулерін елемеген қалалық білім басқармасы әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.