Жоспар Кіріспе I. Ақшаның мәні мен қызметтері



жүктеу 0.59 Mb.
бет11/12
Дата09.09.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Ақша түрлері заңды төлем құралы болып табылатын: несиелік және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) жатады. Мысалға, АҚШ-та айналыста: 100, 50, 20, 10, 5, 2 және 1долларлық бнак билеттері; 100 долларлық қазыналық билеттер; 1 долларлық, 50, 20, 10, 1 центтік күміс-мыс және мыс-никельдік монеталар жүреді.

Валюталық бағам дегенміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

Ақша жүйесінің мынадай типтері болады:

металл ақша айналысы, яғни мұндай ақша тауарды тікелей бола отырып, ақшаның барлық қызметтерін атқарады, ал несиелік ақшалар металға ауыстырылады;

– несиелік және қағаз ақшалар айналысы, яғни алтын айналыстан алынып тасталып, оның орнына несиелік және қағаз ақшалар айналысқа түседі. Металл ақша жүйесі екіге бөлінеді:

Биметаллизм – жалпыға балама рөлі екі бағалы металға (алтын және күміс) негізделген ақша жүйесі.

Биметаллизмнің үш түрі болады:

– қос валюталы жүйе, яғни мұнда алтын мен күмістің арасындағы шекті қатынас, металдардың нарықтық құндарына байланысты белгіленген;

– қатар жүретін валюталар жүйесі, яғни мұнда бұл қатынас мемлекет тарапынан белгіленген;

– ақсақ валюта жүйесі, яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталар жасауға ерік берілді.

Биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттілігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн төлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметінде қарама-қайшылық тудырды. Нәтижесінде, жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөйтіп, биметаллизм ақша жүйесінің орнына монометаллизм ақша жүйесі келді.

Монометаллизм – бұл барлығына бірдей балама және ақша айналысының негізі ретінде бір ғана металл (алтын немесе күміс) қызмет ететін ақша жүйесі.

Алтынға ауыстырылатын құн белгілерінің сипатына байланысты алтын монометаллизмі мынадай үш түрге бөлінеді: алтын монета стандарты, алтын құйма стандарты және алтын девиз (алтын валюта) стандарты.

Алтын монета стандарты – бұл еркін бәсеке тұсындағы капитализм талаптарына біршама сәйкес келе отырып, өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталды сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт мынадай өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

– алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарды;

– алтын монеталарды құюға рұқсат етілді;

– толық құнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз мөлшерде алтын монетаға ауыстырылды;

– алтын және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруға және ішке алып келуге болатын болды.

Алтын құйма стандартының алтын монетадан айырмашылығы, мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тыйым салынады. Мұнда банкноталар, басқа толық бағалы емес ақшалар сияқты алтын құймасына тек олардың сомалары көрсетілген жағдайларда ғана айырбасталады. Англияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стерлинг сияқты.

Алтын девиз стандарты – банкноталардың алтынға, шетел валютасына айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валютасына тәуелділігін көрсетеді. Германия, Австралия, Дания, Норвегия және басқа да елдерде алтын девиз стандарты бекітілген.

1929–1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқтатылды.

Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асып тұрады. Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы ”Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы “ ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкеә ұйымдастырылған. Жарға ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша бірліктерінің эмиссиясы, сонымен монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тертіптері қамтылады.

3.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі қызметтері мен операциялары

Еліміздегі барлық несие жүиесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі бакн жүйесінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Орталық банк тарапынан ақша-несие реттеудің негізі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолиа-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік бакнтен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолиа-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет