Жоспары кіріспе



жүктеу 252.81 Kb.
Дата14.10.2018
өлшемі252.81 Kb.


16 КОЛЛЕДЖ МКҚК

САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІДЕНІС ЖҰМЫСЫ

«Қарбыздың пайдасы мен зияны»

Дайындаған: ТҰ-43 топ студенті : Жамбыл Д

Жетекшісі арнайы пән оқытушы: Закираева Р.

Шардара

ЖОСПАРЫ

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

Қарбыздың отаны 

Қарбыздың түрлері

Қызықты мәліметтер

Қарбыздан кисель дайындау

3.Зерттеу бөлім

Қарбыздың құрамы және шипалық қасиеті



Қарбыз шырынының зияны мен қолдануға болмайтын жағдайлар

Қарбыз дәнінің пайдасы

Санитарлық талап қандай?

4.Қорытынды

5.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Аннотация

Студенттің «Қарбыздың пайдасы мен зияны» атты шығармашылық зерттеу жұмысына пікір білдірген. Адамдардың күнделікті өмірде пайдаланып жүрген қарбыздың пайдасы мен зияны жайлы мәліметтер жинап, бақылап танысып, әртүрлі жолдарын зерттеуді мақсат еткен. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне көзім жетті. Шығармашылық зерттеу жұмысында қарбыздың пайдасы, химиялық құрамы айтылып, жұмыс кызықты мәліметтермен толықтырылған. Зерттеуші өз жұмысын қорыта келе, тұдың өп тұтындың зияндылығын және шамадан тыс тұтынбауды ұсынды. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысында қарбыз жайында мәліметтер жиналды. Қарбыздың адамға пайдасы мен зиянын, емдік қасиеттері көрсетілді.

Өндірістік оқыту шебері: Закираева Роза

Ғылыми ізденіс жұмыстың мақсаты: Адамдардың өмірде пайдаланып жүрген қарбыз жайлы мәліметтер жинап, оны адамдарға жеткізу. Оны тұтынуды қолға алу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Қарбыздың емдік қасиетін және емдеу тәсілдерін зерттеу;

- Қарбыздың пайдасы мен зияны туралы мәлімет жинақтау;

- Жинақталған мәліметтерді сұрыптау,салыстыру;

- Бүгінгі таңда қарбыздан жасалған өнімді күнделікті өмірде қалай қолданылатыны төңірегінде өзіндік ой топшалау.



Кіріспе

Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда - Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан , Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі.



Топырақтың ылғалдылығы мен ауа райының әртүрлі болуына байланысты бұл облыстарда өсірілетін сорттары да әртүрлі болады. Барлық аудандастырылған сорттары мәдени түрінен шыққан. Тамыры тармақты. Жапырақтары ірі, гүлдері ақсары түсті, сабағы төселмелі, ұзындығы 2 – 3 м-дей болады. Гүлі дара жынысты, бір үйлі, кейде екі үйлі. Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 – 15 кг. Құрамында 2 – 3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа пісетін КняжинТұтасжапырақтыСтокс 647/649, Багаев – Мурашка747/749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 – 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 – 8 см тереңдікке егеді, 9 – 12 рет суарады. Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.



Негізгі бөлім

Қарбыздың отаны 

Қарбыздың отаны – Африка, дәлірек айтқанда Оңтүстік Африкасаналады. Онда бүгінгі күнге дейін бұл өсімдіктің жабайы түрлері ұшырасады. Қарбыздар дәл осы мекеннен әлемнің түкпір-түкпіріне таралған.

Ежелгі Египетте де қарбыздар кең танылған, ал Еуропада ХІ ғасырлардан бері белгілі болса, Ресейде XVII ғасырдың ортасында ғана өсіріле бастады.

Өсімдіктің Қытайдағы мәртебесі өте жоғары. «Батыс қарбызы» деген атау бергендеріне қарағанда, Қытайлықтар оны еуропалықтардан әкелген. Күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «қарбыз мерекесін» жоғары дәрежеде атап өтеді.



Қарбыз өсіру

Оны суық желден қорғалған жерде өсіреді. Бұл дақыл үшін органикалық заттарға бай құмды және құмайт топырақты жер қажет. Жерді терең жыртады немесе терең қазады, ол өсімдіктің жақсы өсуіне басты кепіл. Тұқым отырғызуды 8-10 сантиметр тереңдіктегі топырақ 15-17 градусқа дейін қызған кезде, сәуір айының соңынан мамыр айының онына дейінгі аралықта бастайды. 2-3 жыл сақталған тұқым бар болса, тіпті жақсы. Былтырғы егіннен қалған тұқымды 2 сағат бойы 40-50 градуста қыздырып барып отырғызады. Тұқым кеш егілсе, оны көктетіп отырғызады. Термикалық өңдеуден өтсе, оңды болады. Ол үшін ыстық суға (60-65 градус) тұқымды салып, 3-4 минут ұстайды, сосын 3-4 күн бойы 25 градус температурада мақталы төсеніште, ылғалды жабын астында ұстап, көктетеді. Дәні жұқа қабығынан үйкелегенде түсіп қалатындай жағдайға жеткенде тұқымды жерге отырғызған жөн. Тұқымды отырғызғанда бір ұяшыққа 5-6 дәннен салады, олар өсіп шыққанында, әр ұяда тек бір ғана мықты, жақсы дамығанын қалдырады. Көшеттер көтерілгенде, кетпенмен қопсытып, жан-жағын ылғал топырақпен жабады. Алғашқы суару тұқымның өсуі алдында немесе тұқым өсіп шыға салысымен. Қарбызды екінші рет суару сабақтары шыққан кезде, үшінші рет суару жемісінің пісуі алдында. Суды көп мөлшерде жиі-жиі құйып, суара бермеңіз. Ыстық күндері піскендерін іріктеп, жинап алыңыз. Дақылдарды ауа-райы суымай тұрып жинап алған дұрыс. Адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ ол сілтіге бай. Осының барлығы оны несеп жолдары үшін өте пайдалы қылады. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Ол қаназдықты емдеуде де жақсы көмекші болады.


Бұл жеміс - арықтағысы келіп жүрген жандарға таптырмас құрал. Өйткені оның құнарлығы өте төмен. Жүз грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Оны жегенде тез тойып кеткендей әсер болатындықтан, тәбетті төмендету үшін де пайдаланылады. Тіпті оның жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайды. Жұмсағын мыжып, бетке жағып оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет біраз жасарып қалады. 
Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы бола алады. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек ауруларына байланысты пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады. Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, 1:10 қатынасында сүт қосып жіберсе, ағзаны паразиттерден тазартатын қайнатпа дайын. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ. Ол ішті кептіріп жібереді. Қант диабетімен ауыратындарға да пайдалы емес. Сондай-ақ жүктіліктің соңғы үш айында одан бас тартқан абзал.

Жапонияда өсірілген төртбұрышты қарбыз. Сақтау және тасымалдау өте ыңғайлы



Қарбыздың түрлері:

Сары карбыз. Әдеттегі және жабайы жемістерді шағылыстырып алған



Жалпы, қарбыздың аналығы мен аталығы болатыны белгілі. Аталығына қарағанда, аналығы дәмдірек келеді. Өкінішке қарай, өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан әсіресе, балаларға берген кезде абай болған жөн. Ең нитраттар жиналатын зиянды бөлігі болып қабығына жақын тұрған жұмсағы саналады, сондықтан балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды. 2-3 жастағы балалар үшін 100 грамы жеткілікті болса, 3-6 жастағылар үшін 150-ден асырмау керек.


Сонымен, оның адам денсаулығына пайдасына тоқталатын болса, адам ағзасына қажетті бір күндік магнийді бар-жоғы 150 грамм қарбыз қамтамасыз ете алады екен. Өйткені оның құрамында магний өте көп. Сондықтан артериялық қанқысымы бар жандарға оны ас мәзіріне міндетті түрде қосуы керек. Сондай-ақ қарбыз адам бойындағы холестиринді шығарады, бұл жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға пайдалы. Қарбыздың ерекшелігі сол, оның шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ ол сілтіге бай. Осының барлығы оны несеп жолдары үшін өте пайдалы қылады. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне тәтті жемістің кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Ол қаназдықты емдеуде де жақсы көмекші.


Қызықты мәліметтер

*Қарбыз адам бойындағы холестеринді шығарады, бұл жүрек-қан тамырлары дертіне шалдыққандар үшін керім пайдалы.

* Қарбыздың шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бұл оның басқа жеміс-жидектерден бірден-бір артықшылығы. Бірақ қарбыз сілтіге бай. Демек, қарбыз жеу несеп жолдары үшін өте пайдалы. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға қарбыз жеуге кеңес береді.

* Қуық пен бүйректің қабынуы кезінде қарбызды жиірек жеген жөн.

* Мамандар күніне қарбыздың кем дегенде 2 келісін жеуді ұсынады. Сонда қаназдықтан құтылу мүмкіндігі артады.

* Қарбыз артық салмақтан арылып, арықтағысы келіп жүргендерге керім. Өйткені оның құнарлығы өте төмен. Бақша өнімінің аталмыш түрінің 100 грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Қарбыз жегенде тез тойып кеткендей әсер болатындықтан, ол тәбетті төмендету үшін де пайдалы.

* Қарбыздың сөлі мен жұмсақ бөлігі несеп және өт айдауда аса пайдалы. Қарбыздың құрамында фруктоза, азотты заттар, темірдің минералды тұздары, В1, В2, С және РР дәрумендері, каротин бар.

* Қарбызды үздіксіз пайдалансаңыз, гастриттен құтылуға болады.

* Қарбыздың жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайды. Жұмсағын езіп бетке жағып, оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет әжептәуір жасарып қалады.

* Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек дертінен пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады. Алдымен қарбыздың қабығын қысқатолқынды пеште кептіріп аламыз. Содан кейін құрғақ қабыққа 1:10 қатынасын-

да су құйып, 5 минуттай қайнатамыз. Тұнбасын сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 3-4 рет ішеді. Мұндай қайнатпаны жыл бойы дайындауға болады, өйткені құрғақ қабық ұзақ сақталады. Бұл күйік пен ревматизмге де пайдалы екен.

 * Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, 1:10 қатынасында сүт қосып жіберсе, ағзаны паразиттерден тазартатын қайнатпа дайын. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Мәселен, созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ, себебі ол ішті кептіріп жібереді. Қант диабетімен ауыратындарға да бұл жемістің пайдасы аз. Сондай-ақ жүктіліктің соңғы үш айында қарбыздан бас тартқан абзал.



 * Қарбыздың құрамындағы ликопен ер-азаматтардың жыныстық қарым-қабілетін күшейтеді.

Қарбыздан кисель мен тосап дайындау

Технологиялық карта

Тағамның атауы: Қарбыздан кисель

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы


Дайын тағамның қысқаша мінездемесі





Шаймен ұсынамыз

Азық-түлік атауы

Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы

Сыбаға көлемінің есебі

6

7

15

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

Қарбыз

230гр

200гр










Қант

50гр

50гр










Су

835гр

835гр










Лимон қышқылы

1,5гр

1,5гр










Крахмал

35гр

35гр










Шығымы:


















Технологиялық сызба

Қарбыздан кисель

Су

Крахмал

Қауын

Қант

Лимон қышқылы



Жібітеміз



Сыртын аршимыз




Қайнатамыз он мин




Қайнатып(бес мин) сүзіп аламыз





Қосып ұсынамыз




Қарбыз тосабы.

Технологиялық карта

Тағамның атауы: Қарбыздан тосап

Технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы


Дайын тағамның қысқаша мінездемесі


Тосапқа пісуі жеткен қалың қабықты қарбыздар қолайлы. Жуып, тіліктерге тіледі, дәнді қызыл етін, қабығын алып тастайды. Қалған "етін"х тот баспайтын пышақпен жалпақтығын 4,5-5 см, ұзындығын 2,5—3 см етіп турап, қайнап тұрған суда 5—8 минут ұстайды да, суық сумен салқындатады. Ыстық шырын құйып, 6—7 сағат тұндырады. Бірінші рет баяу отқа қойып, 2—3 минут қайнатады да, оттан түсіреді. 5—6 сағат тұндырады; екінші рет баяу отқа қойып, бірнеше минут қайнатады да, оттан алады. Сөйтіп 10—12 сағат тұндырады: үшінші рет дайын болғанша қайнатады да, оттан түсірмес бұрын ванилин мен лимон қышқылын қосады.

Шаймен ұсынамыз

Азық-түлік атауы

Сыбағаға арналған азық-түлік нормасы

Сыбаға көлемінің есебі

6

7

15

Брутто

Нетто

Азық-түлік көлемі г (нетто)

Қарбыз

82гр

70гр










Қант

40гр

40гр










Су

95гр

95гр










Лимон қышқылы ме

1гр

1гр










Ванилин

0.5 гр

0.5 гр










Шығымы:

















Технологиялық сызба

Тағамның атауы: Қарбыздан тосап


Су



Лимон қышқылы, ванилин

Қарбыз


Қант









Жуып,тіліктерге кесіп, дәнегінен ажыратамыз, қабығын алып тастаймыз.

Қайнатамыз




Пышақпен жалпақтығын 4,5-5 см, ұзындығын 2,5—3 см етіп тураймыз.







Қайнаған суды үстіне құямыз. 5—8 минут ұстаймыз да, суық сумен салқындатамыз. Ыстық шырын құйып, 6—7 сағат тұндырады.



Бірінші рет баяу отқа қойып, 2—3 минут

қайнатады да, оттан түсіреді. 5—6 сағат тұндырады; екінші рет баяу отқа қойып, бірнеше минут қайнатады да, оттан алады. Сөйтіп 10—12 сағат тұндырады: үшінші рет дайын болғанша қайнатады. Түсін сақтап қалуы үшін қосамыз.






Тосабымыз дайын.




Зерттеу бөлім

Қарбыздың құрамы және шипалық қасиеті

Қарбыздың сөлі мен қызыл еті – несеп және өт айдауда аса пайдалы.Оның етінде фруктоза, азотты заттар, жасұнық, темірдің минералды тұздары, В1, В2, С және РР дәрумендері, каротин бар. Қарбызды буынның ұстамалы және қабыну ауруларын, жүрек-қан тамырларын емдеуде қолданады. Сонымен қатар, оны үздіксіз пайдалансаңыз, гастрит ауыруын да емдеп шығуға болады. Пісіп-толған қарбыздың құрамында 2,5-12% қант, ал дәнінде 25-30 % май болады. Қарбыздың бір үзімінде 48 калорий бар.



Қарбыз – өте жақсы тағам және дертке дауа болар дәрі. Олар геморой, бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары ауруларына, әсіресе тас немесе құм жиналып қалған жағдайда ем бола алады. Ұмытпаңыз, бұл жемістерді шамадан тыс жеу – денсаулығыңыз үшін өте қауыпты.

Әбден піскен қарбыз жемісі өте дәмді. Тек уақыт өткен сайын оның бұл тәтті дәмі жоғала бастайды. Қарбыздың құрамында орташа есеппен, су – 95 пайыз, қант – 7 пайызға жуық, кейбір сорттарында 12-14 пайызға дейін болады. Сондай-ақ, қарбыз жемісінде көмірсутегі де көп мөлшерде, мұнан басқа жемісте 1,5 пайызға дейін ұлпа өзектері мен гемицеллюлозалар, А, В, С, РР дәрумендері, фруктоза, азотты заттар, темірдің минералды тұздары, каротин бар. Дәнінде 25-30 пайыз мөлшерде май кездеседі.

Қарбыз жемісін негізінен, жаңа піскен күйінде мынандай тағамдар жасауға пайдаланады: қарбыз балын, кондитер өнімдерін, цукаттар, кәмпиттер жасау үшін және тұздалған қарбыз дайындауға, құрамында майы көп (кейбір сорттарында 50 пайызға дейін) қарбыз дәнінен жоғары сапалық тағамдық май алу үшін. Қарбыздарға қолайлы жағдай жасай отырып, оны қоймаларда, қораларда, гараждың астындағы картоп сақтайтын орында (погребте) қаңтар айына дейін сақтап, жаңа жылда мерекелік дастарханға қоюға болады.

Төменде қарбызға қатысты бірнеше қызықты фактіге тоқталамыз.



1. Қарбыздың құрамында жаңа піскен қызанаққа қарағанда ликопин көп.

Ликопин антиоксидант ретінде маңызды: ол рак және жүрек-тамыр ауруларының алдын алуы мүмкін. Зерттеулерге қарағанда, қарбыздың құрамындағы антиоксиданттарды анағұрлым ұзақ уақыт сақтау керек болса, оны бөлме температурасында сақтау керек.



2. Қарбыздың шырыны бұлшық еттердегі ауруларға көмектеседі.

Жаттығудан кейін қарбыз шырынын ішіңіз, ол бұлшық еттегі ауруларды басуға көмектеседі. Өйткені, қарбыз шырынының құрамында цитруллин - адам организмі үшін өте маңызды амин қышқылы болады. Қарбыз шырынының антиоксидантты қасиеттері бұлшық ет ақуыздарын көбейтуге мүмкіндік береді.  



3. Қарбыз қабығы мен дәнінің пайдалы қасиеттері

Қарбыздың жаңа аршылған қабығы бас ауруға бірден бір ем. Ал қарбыздың кепкен қабығынан несеп жолдарының түрлі ауруларына қайнатпа, тұнбалар жасайды. Сондықтан қарбыздың қабығын тастамаңыздар – көріп отырғандарыңыздай, олар да сізге пайдалы бола алады. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.



4. Қарбыз шөлді қандырады.

 Қарбыз — дәмді ас. Жейсің әрі суын ішесің. Қарбыздың көп бөлігін су құрайды. Көп адам қарбызды оның тәттілігінен шөлді басуға пайдаланбайды, алайда оның құрамында түрлі газдалған сусындар мен жемісті шырындарға қарағанда қант болмайды.



5. Қарбыздардың сары түстісі де болады.

Бәрі біле бермесі анық, бізге балалық шағымыздан белгілі қызыл қарбыздан басқа іші ақшыл-сары түсті қарбыздар бар. Сырты бірегей қызыл түсті, ал дәмі сәл тәттірек. Ресейде сары қарбыздарды Астраханда өсіреді. Егер сіз жазғы рационыңызды түрлендіргіңіз келсе, міндетті түрде сары қарбызды жеп көріңіз.

Қарбыз өте дәмді, өте шипалы дақыл. Қазір қарбыз науқанының бел ортасынан асқан кезеңі. Жаз бойы қарбыз жей алғандардың денсаулығы да жақсарып, бойларына ерекше күш-қуат жиналған шағы осынау қыркүйек, қазан айлары. Қарбыз (қауын да) негізінен, көтеу (геморой), бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдары ауруларына, әсіресе, бүйрек, бауырға құм жиналып қалғанында оған жақсы ем. Алайда қарбызды осындай дертіме шипа болсын деп, мөлшерден тыс көп жеп қойсаңыз ол ағзаңызға өте зиянды. Осыны есте ұстаңыз.

Қарбыз жеп, денсаулығыңызды түзегіңіз келсе, ең бірінші, оның піскенін дұрыс таңдай біліңіз. Жалпы, піскен қарбыздың бүйірінде сарғыш дақтары болады. Және де жақсы пісіп, жетілген қарбыздың қабығы да жалтырап тұрады, сыртынан саусақпен немесе алақанмен ұрып қалғанда таза әрі анық дыбыс естілуге тиісті. Егерде қатаң дыбыс шығарса, оның әлі де пісе қоймағаны. Ең жақсысы, қарбыздың піскен, піспегенін білу үшін сатушыға тілік кесіп көрсетуді талап ету. Сонда сатып алғалы тұрған өніміздің қандай екенін өз көзіңізбен көресіз.



Қарбызбен бүйректі тазарту. Бұл емді жаздың соңындағы қарбыз маусымында жасаған жөн. Өйткені, ол кезде қарбыз да, оның түрлері де көп. Қарбызбен бүйректі былайша тазартады: бір апта бойы қарбыз бен қара нанды ғана жейді, басқа тағамдарды араластырмайды. Осы ем-дәм әрі тамақ, әрі сусын орнына жүретін емдік әдіс. Бір апта қарбыз жеген соң ыстық ванна қабылдап, сол су ішінде отырып, үсті-үстіне мұздай қарбызды жеу қажет. Осынау емді бүйрек белсенділігі артатын сағат 17-21 аралығында немесе түнгі сағат 2-3 аралығында жасайды. Ыстық ванна мен мұздай қарбыз зәрді қуалайды, сөйтіп, бүйректегі құм мен тасты сыртқа айдап шығарады. Мұны «пышақсыз операция (отау)» деп те атайды.

Жүрегі ауыратын адамдар ыстық ванна, суық қарбыз емін қолданғанда корвалол, валидол дәрісін, мүсәтір спиртін жанына дайындап қоюға тиісті. Себебі, сол ем кезінде жүрегі қысып, ауыра қалса, әлгі дәрі-дәрмектерді қолданып, ауруын жеңілдете алады. Қарбызбен бүйректі тазарту емінің алғашқы аптасы өз нәтижесін бермесе, араға екі апта уақыт салып, емді қайта жалғастыру керек.



Қуық қабынғанда. Қарбызды жейді. Өйткені, ол күшті зәр айдағыш.Және ол қуықтағы тасты да ерітеді. Қарбыз сөлі арқылы қуықтағы жұқпалы вирусты сыртқа айдап шығуға болады.

Еркек белсіздігінде. Оған шипалы тағамдар: қарбыз, жүзім, қызанақ, теңіз ұлулары. Олардың құрамында ликопен антиоксиданты шәуетке жағымды әсер етеді. Үнді ғалымдарының зерттеуінше, ұрық сұйықтығында шәуеттің аздығынан, оның құрылымындағы ауытқулардан, қозғалғыштығының төмендігінен бала бітпесе, қарбыз жеп, оның құрамындағы ликопенмен емделген соң шәуеттің жағдайы жақсарады. 63 пайызында шәует құрылымы оңдалып, 73 пайызында қозғалғыштығы артады.

Күйіктегі қытайдың қарбыз емі. Ашытылған қарбыз шырынымен жоғары дәрежедегі күйіктің залал-зардабын қайтаруға болады, - деп жазып кеткен қытайдың ежелгі халық емшілері. Бұл ем әсіресе, күйіктің үшінші дәрежелісін емдеуге кеңінен пайдаланылады. Оның емдік шарасының жасалу тәртібі мынандай: Ең алдымен күйікті салқын физиологиялық ерітіндімен жуып алады, сосын күйген жерге бірнеше рет қарбыз шырынына малынған таңғышты байлап, ауыстырып отырады.

Қарбыз шырыны былай дайындалады: піскен қарбыздың жұмсақ еті мен сөлін таза шыны банкаға құйып, жақсылап араластырады. Кейін аузын мықтап бекітіп тастап, бөлме температурасында 3-4 ай сақтап қояды. Сосын шырынды сүзіп алады. Сол шырын біраз тұрған соң қышқылданады. Дәмі солай қышқылданғанында оған таңғышты батырып алып, күйген жерге басады. Осы емнің жәрдемімен бірінші, екінші дәрежедегі күйіктерді 8-9 күнде, үшінші дәрежедегі күйікті 18-21 күнде жазып, айықтыруға болады. Мұндай шипалық ашытылған қарбыз шырынын халық емшілері алдын-ала дайындап қояды.

 Дәрігер-диетологтар тамыз айында қарбыздың көмегімен денсаулықты біраз түзеп алуға да болады деп есептейді.
Өзіңіз өсірмесеңіз, өнімнің жүз пайыз сапалы екендігіне ешкім кепілдік бермейді. Қарбыздың нитраттар жиналатын зиянды бөлігі — қабығына жақын тұрған жұмсағы. Сондықтан, әсіресе, балаларға ортасынан кесіп берген жөн. Бірақ 2 жастан кіші балаларға беруге болмайды.
Қарбыздың адам денсаулығына пайдасы көп.

Сондай-ақ, жүрек-қантамырлары ауруларына шалдыққандарға да өте пайдалы, себебі, қарбыз адам бойындағы холестеринді шығарады.

Тағы бір ерекшелігі сол, қарбыздың шырынында табиғи қышқылдар мен тұздар болмайды. Бірақ ол сілтіге бай. Ал бұл несеп жолдары үшін өте пайдалы екен. Сондықтан дәрігерлер бүйрегіне тас байланған жандарға осы жемісті жеуге кеңес береді. Қуықтың қабынуы, бүйректің қабынуы кезінде қарбызды көбірек пайдаланған жөн. Мамандар күніне қарбыздың кем дегенде екі келісін жеуді ұсынады. Бұл қаназдықты емдеуге жақсы көмектеседі. Қарбызды жегенде тез тойып кеткендей әсер аламыз. Алайда оның құнарлылығы өте төмен, жүз грамында бар-жоғы 38 килокалория болады екен. Бірақ тәбетті төмендету үшін арықтағысы келетін жандарға таптырмас құрал бола алады.

Бетті күтіп-әрлеуде де қарбызды қолдануға болады. Халық арасында қарбыздың жұмсағынан бетке арналған жақпа дайындайтынын білеміз. Жұмсағын мыжып, бетке жағып оны 20 минуттан кейін жуып тастаса, бет біраз жасарып қалады.

Қарбыздың тек жұмсағы ғана емес, қатты қабығы да пайдалы бола алады. Оның қабығынан жүрек пен бүйрек ауруларына байланысты пайда болатын ісіну мен домбығудан арылтатын қайнатпа дайындауға болады. Қарбыздың дәндері де пайдалы. Оны құрғатып, кофе ұнтақтағыштан өткізіп, 1:10 қатынасында сүт қосып жіберсе, ағзаны паразиттерден тазартатын қайнатпа дайын. Бірақ мұндай қайнатпаларды дәрігермен кеңесіп барып ішу қажет. Өйткені қарбызды жеуге болмайтын жағдайлар да бар. Созылмалы ішек ауруымен ауыратындарға қарбызды көп жеудің қажеті жоқ. Ол ішті кептіріп жібереді. Қант диабетімен ауыратындарға да пайдалы емес. Сондай-ақ жүктіліктің соңғы үш айында да одан бас тартқан абзал.

Қарбыз шырынының зияны мен қолдануға болмайтын жағдайлар

Қарбыз шырынының да өзге азық-түліктер сияқты қолдануға болмайтын жағдайлары болады. Оны панкреатит, сусамыр, ішек түйілуі немесе несеп тоқтамау сынды диагноздары бар адамдарға тұтынуға болмайды.

Қарбыз шырыны – бүйрегінде тасы бар адамдарға пайдалы да, зиян да. Бір жағынан, ол сол тастарды шығаруға көмектесуі мүмкін, бірақ үгітіліп үлгермеген үлкен тастарды орнынан қозғалтуы да мүмкін. Емшектегі баласы бар аналарға да бұл шырынды абайлап ішу керек, өйткені бұл сәби ішінің бүруін тудыруы мүмкін.

Қарбыз шырынын өндіру өнеркәсібі әлі күнге дейін дамымаса да оны өз бетіңше дайындауға болады. Есесіне шырын отбасы мүшелерін пайдалы дәрумендермен қамтамасыз етеді.

Қарбыз дәнінің пайдасы

Көпшілігіміз қарбызды жақсы көреміз. Алайда оның ішіндегі дәнін көп жағдайда қоқысқа лақтырып жатамыз. Ал оның денсаулығымызға пайдалы екенін бәріміз біле бермейміз. Біз бүгін сіздерге қарбыз дәнінің пайдалы тұстарын айтқымыз келіп отыр. Оны ұнтақтап, шай қылып ішуге болады. Сонда ішек-қарын жолдарын тазартып, ағзамызды түрлі аурудан аман сақтап қаламыз.

Қарбыз дәні адамдарды зиянды паразиттерден құтқарады. Ол үшін оны жылы сүтке салып, араластырып бір апта таңертең және кешке ішу керек. Дәннің құрамындағы цитруллин антиоксидант секілді қызмет етеді. Себебі қан тамырларын кеңейтіп, артериялық қысымды төмендетуге көмектеседі. Ғалымдардың айтуынша, қарбыз дәні бүйрекке де өте пайдалы. Сонымен қатар есте сақтау қабілетін де арттырады. Дәнде А, В, С дәрумендері, темір, магний, марганец, кальций және тағы басқа элементтер бар.

Санитарлық талап қандай?
 Бүгінгі таңдағы базарда сатылатын қарбыздардың зияны туралы да бір ауыз айтып кеткен дұрыс. Тыңдаңыз, базарда қарбыз саудасы қыз-қыз қайнап жатыр. Аптап ыстық, қарбыз көп өтетін шақ. Осыны пайдаланып қалғысы келетін арам пиғылды бағбандар оның тез өсіп, мол жеміс беруі үшін нитраттар егуді әдетке айналдырған. Адам ағзасына аса зиянды, улы нитраттар алғашында батпандап кіреді. Олар жинала келіп, ағзаны әлсіретіп, жүректі айнытып, ұйқыны қашыруы мүмкін. Әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге нитраттар тез әсер етеді. Оған қоса қолдан-қолға өткен қарбыздың сыртқы қабатында микроб көп болады. Оның өскен ортасы, сатылатын жері, сізге жеткенге дейінгі кезеңдер әлбетте тазалық сақтамауы мүмкін. Сондықтан қарапайым қарбыз гигиенасын есте сақтаңыз: 
- Кесілген, жартылай кесілген қарбыз сатып алуға болмайды. Жарық қарбызға жоламаңыз. 
- Дүкендегі кесіліп, тағамдық целофанмен оралған қарбыз қауіпсіз деп ойламаңыз. 
- Үйге әкелген қарбыз бірден үстелге шықпауы керек. Себебі дастарқанда қалған микробтар басқа тағамдарға түсіп кетуі мүмкін.

Біздегі сауданың қызар жері жабайы сауда нүктелері екендігі белгілі. Бұрынырақта қаланың кіреберісіндегі көшелерді жағалап немесе базардың маңайында ғана тізіліп отыратын жеміссатарлар қазіргі таңда әрбір мөлтек ауданның, болмаса көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларына дейін жайылып, саудасын дөңгелетіп отыр. Олардың барлығында бірдей зертханалық тексеріс қағазы мен рұқсат құжаты бар деп айту қиын. Қауын-қарбыздардың басым бөлігі жерде домалап жатады. Бұл өз кезегінде сату талабына сай емес. Ондайды сатушы елесін бе, қайта жанына жолай кетсең болды «кесіп береміз, дәмін татыңыз» деп сайрай жөнеледі. Шаңға салған шалғыдай пышағымен тілік кесіп, микроб... Ал бүгінде тұтынушылардың құқығын қорғайтын мекеме кез келген сауда орнын тексеруге құқы жоқ. Бұл саудагерлер үшін қуанышты жағдай болса, тұтынушылар үшін қауіпті.

Өйткені, жаз айларының ауа райының ыстықтығын ескерер болсақ, қауын-қарбыздың денсаулығыңызға тигізер зиян тұстарын да естен шығармағаныңыз абзал. Тұты-нушылар құқығын қорғайтын мекеме тек шағым түскен орынға алдын ала ескерту беру арқылы ғана тексеру жұмыстарын жүргізе алады. Мамандардың айтуынша, олар жеміс құрамындағы нитраттың мөлшерін тексереді. Негізгі жарамды көрсеткіш қауында- 90 мг/кг, қарбызда - 60 мг/кг болу керек. Сондай-ақ, сала мамандары тұрғындарға көше бойынан қауын-қарбыз сатып алмауды ескертеді. Өйткені, қарбыз автокөліктерден шығатын улы газды бірнеше сағаттың ішінде өзіне сіңіріп алады екен. Ал мұндай қарбыздар түрлі жұқпалы ішек ауруына әкеп соқтыруы әбден мүмкін.

 

Тұрғындар қауын-қарбызды шілде айының соңы мен тамыз айында сатып алғандары жөн. Бұл - өнімнің нағыз пісетін уақыты. Әрі осы кезде жергілікті өнімдер де саудаға шығады. Тағы бір ескертетін жайт, ерте піскен жеміс-жидектер мен көкөністерді тек қана арнайы дүкендер мен базарларда сатылған жағдайда тұтынғаныңыз дұрыс. Себебі ол нысандарды қадағалау органдары үнемі тексереді.



ҚОРЫТЫНДЫ

Мен қортындылай келе тұз байланыс ауруы, шорбуын, атеросклероз, асқазан ауру, Боткин ауру, бауыр ауру, ет қабы, қанның қысымы, қаны аздақ, жүрек ақауы, мұрыннан қан ағу, семіру-ауруларға қарбыз өте пайдалы екенін білдім.Сонымен қатар фолиева қышқылы және А,В6, С-ның витаминдер көзі бар екендігін айтқым келеді. Айта кететін жайт қарбыздың бір-екі үзімі С дәрумендінің күнделік норманың жартысы бар.. Қарбыздың шырыны мен жұмсағы – несеп пен өт айдауда өте пайдалы.Қарбыздан әр түрлі тағам дайындауға болады. Көңіл-күйді да жақсы көтереді. Қарбызды жылы жақтарда өсіргенін бәрі де біледі. Бірақ ұзақ ауқыт бойы сақтауды әр адам білмеу мүмкін. Сондықтан қарбызды пәтерлерде және жер қоймаларда ұзақ мерзім сақтауға болады. Ең бірінші және маңызды шарт қарбыздар бір-біріне тақамау керек. Қыстың ортасында рахаттанып қарбызды жеуге болады. Тағы бір айта кететін жайт Шілде — қарбыз айы (бұл тек халық мейрамы ғана емес, ресми мейрам: «қарбыз айы» туралы резолюция АҚШ-та қабылданған). Ал күні бүгінге дейін қытайлықтар қыркүйек айында «қарбыз мерекесін» жоғары дәрежеде атап өтеді.



Қарбыздан тағамдар өндіретін өнеркәсібі әлі күнге дейін дамымаса да оны өз бетімізше дайындауға болады. Есесіне қарбыздан жасалған тағамдар арқылы отбасы мүшелерін пайдалы дәрумендермен қамтамасыз етесіз.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

  1. http://ru Wikipedia.org/wiki/ - кәдімгі қарбыз

  2. Шаңырақ: Үй – тұрмыстық энциклопедиясы.Алматы қ. 1990ж.

  3. Брокгаузер және Эфронның энциклопедиялық сөздік

  4. Москеу 2009ж.

  5. Интернет желісі

  6. Дәрілік өсімдіктер қазіргі энциклопедиясы. Лавренов В.К.

Москеу 2009ж.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет