Қазақстанда 26 ​​жастағы украиналық миллионер Вадим Машуровқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/vadimmashurov  

Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, іздеу жариялау бойынша іс 2023 жылдың 28 желтоқсанында тіркелген. Іздеу жұмыстарын бастауды қаржы мониторингі агенттігі сұраған.

Агенттік порталындағы ақпаратқа сәйкес, Вадим Машуров – Sincere немесе S-Group қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың және бенефициарларының бірі. Сондай-ақ Украинаның құқық қорғау органдары да Машуровқа бопсалау, көлік ұрлау және адам ұрлау баптары бойынша іздеу жариялаған.

Вадим Машуров – кәсіби инвестор, қаржы нарығы сарапшысы, крипто биржалары мен криптовалюталар саласындағы жобаларды әзірлеуші, Instime.World компаниясының негізін қалаушы, Украинадағы ең жас және табысты долларлық миллионерлердің бірі.

Айта кетейік, аталған Sincere Systems ( немесе S-group, SS-group) қаржы мониторингі агенттігі жариялаған қаржы пирамидаларының тізімінен табуға болады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.