Ж‡ргенов темірбек Ќара±лы кім



жүктеу 26.23 Kb.
Дата09.05.2019
өлшемі26.23 Kb.
түріСценарий

Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 қазақ орта мектебінде ұйымдастырылған «Темірбек Қараұлы – Түркі халықтарына ортақ қоғам қайраткері, қазақ өнері мен әдебиетінің жасампаз перзенті» тақырыбындағы оқушылар конферанециясының сценарийі

Байекеева Жадыра

Қазалы қаласы

Қ.Нұрмаханов атындағы

95 мектеп кітапханашысы



Жүргізуші: Жүргенов Темірбек Қараұлы (1898-1938) - Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.

Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім, Орта Азия мен Қазақстанға ортақ тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады.

Темірбек Жүргенов - ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист. Оның көсемсөз мұрасы бастауын үш нәрседен: жеке басының бұйдагерлік (лидерлік), саясаткерлік және ұйымдастырушылық үздік қабілетінен алады. Бұған оның «Қазақстандағы мәдениет революциясы», «Қазақстандағы сауатсыздықты жою» кітаптары, «Саяси экономия» оқулығы, «Орта Азиядағы қазақ халқының күйлері», «Қазақ педагогикалық институтын құру», «Қазақ халқының ақындары мен жыршылары», тағы басқа очерктер мен мақалалары жатады. Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал қызмет етті, қалың жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды.

1937 жылы 3 тамызда «халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. Қайраткердің зайыбы, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері, Ленинмен кездескен тұңғыш қазақ Әлімхан Ермековтің қарындасы Дәмеш Ермекова Темірбек Қараұлы атылған күні абақтыға жабылған, 18 жыл ғұмырын АЛЖИР-де өткізген. Күйеуінің де, өзінің де жазықсыз жазаланғандығы жөніндегі ақтау қағазын алғаннан бері 30 жылдан астам уақыт бойы ол бар күш жігерін игілікті іске - Темірбек Қараұлының халқына сіңірген еңбегін кейінгі ұрпаққа жеткізу ісіне сарп етумен келді. Айнымас адал жарының қажырлы ізденістері нәтижесінде Жүргеновтің екінші, мәңгілік өмірі басталды.Өмірі біздей ұрпағы мен ұлағатты елі үшін өлмек емес .Әрине жасай берері анық. Бүгін осы мақсатта жиналып отырған кешімізді бастайық..Мектеп оқушыларына Темірбек Жүргенов туралы зерттеп, оның не бәрі 40 жыл ғұмыры ішіндегі игілікті істері туралы ақпарат жинау туралы тапсырма берілген болатын. Біздің білім шаңырағында да біліктілер мен халық қорғаны болар азаматтар өсіп келеді. Олай болса алдарыңызға өзінің баяндамасын таныстыратын:__________________________________________________________



Тақырыбы: Темірбек Жүргенов - ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист.

Келесі кезекте:__________________________________________________________



Тақырыбы: Темірбек Жүргенов – Қазақстандағы тұңғыш озық мәдениет

революциясының бас жасампазы



Келесі кезекте:__________________________________________________________

Тақырыбы: Қазақ руханиятының жарық жұлдызы
Келесі кезекте:__________________________________________________________

Тақырыбы: Құрсауға түскен тағдырлар


Қорытынды: Кешті қорытындылау үшін сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Көпенов Жаңабек Елемесұлына беріледі.
Жүргізуші: Темірбек Жүргенов – тұңғыш мәдениет революциясын шұғыл жүзеге асыртып, Қазақстанның 1933-37 жылдарда, яғни ертегі-аңызға лайық өте қысқа мерзімде, төрт-ақ жылда әлеуметтік- экономикалық озық дамуға тұңғыш рет жетуіне, халықтың әл-ауқатының жақсаруына баға жетпес шешуші орасан зор үлес қосқан қазақ азаматы.

Темірбек Жүргенов – Қазақстандағы тұңғыш озық мәдениет революциясының бас жасампазы, «жоқты бар қылған, барды зор жасаған» алғашқы асқан дарынды, кемеңгер мемлекет қайраткері. Осындай жасампаз Қазақстанның жалынды ұрпақтары көбейі берсін деген тілекпен кешімізді аяқтаймын.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет