Сенат депутаттарының сауалына үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова елімізде тегін қан тапсыратын донорларға өтемақы мөлшері арттырылатынын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz коллажы

Тамара Дүйсенова қанды ақысыз тапсыратындар үшін қосымша екі күн демалыс беру заңнамамен бекітілгенін айтты.

"Донорларға энергетикалық шығынды қалпына келтіру үшін бұйрықпен айқындалған 0,25 АЕК (923 теңге) мөлшерінде өтемақы төленеді. Дегенмен есептеулерге сәйкес донордың қан тапсырған күнгі энергетикалық шығынын қалпына келтіру үшін 4 790 ккал-ды қамтамасыз ететін тағам қажет. Бұл ақшаға шаққанда 4 269,11 теңгені немесе 1,25 АЕК-ті (2023 жылғы АЕК-пен есептегенде) құрайды", – деді Тамара Дүйсенова жауабында. 

Бұдан бөлек Тамара Дүйсенова донорларға төленетін өтемақыны көтеру үшін қосымша шамамен 848 миллион теңге қажет екенін атап өтті.

"Қазіргі уақытта денсаулық сақтау министрлігі донорларға төлемнің өлшемшарттары мен мөлшері ережесіне тегін донорларға ақшалай өтемақыны 0,25 АЕК-тен (923) 1,25 АЕК-ке (4 615 теңге) дейін арттыру бөлігінде өзгертулер енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл ұсынысты Республикалық бюджеттік комиссия қарауына ұсыну жоспарланып отыр", – деді үкімет басшысының орынбасары.

  • Халықтың 10%-ы бұл дертке шалдыққан: Бүйрек қызметінің бұзылуы мен гемодиализ процесі туралы не білеміз
  • "Ағзаны алуға туыстары араласпауы керек": Ең алғаш қайтыс болған адамның жүрегін алған қазақстандық қалай өмір сүріп жатқанын айтты

 

Вице-премьер процедурадан кейін ағзаның энергия балансын қалпына келтіру үшін шетелде донорлардың қанша алатынын айтты.

"Ресейде донорға қайтарымсыз ақшалай өтемақы 1 200 рубльді немесе шамамен 6 800 теңгені құрайды. Беларуссияда 31,55 рубль – 5 045 теңге, Германияда тегін тамақтанудан басқа 40 еуроға дейін немесе шамамен 20 200 теңге төленеді", – деді премьер-министрдің орынбасары.

Айта кетейік, 2024 жылы Қазақстандағы АЕК 3692 теңгені құрады.

Еске салайық, Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына бағалап, оны интернет арқылы сатуға тырысқанын жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.