«Жұртым деп соққан жүрегі» Д. А.Қонаевтың туғанына 105 жыл толғанына арналған әдеби портрет сценарийі



жүктеу 109.08 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі109.08 Kb.
түріСценарий

«Жұртым деп соққан жүрегі»

Д.А.Қонаевтың туғанына 105 жыл толғанына арналған әдеби портрет сценарийі
А.Гайдар атындағы

орталық қалалық

балалар кітапханасы

10-30

Әуенді күй ойнап тұрады

«Жұртым деп соққан жүрегі» экранда жазылған шараның аты.

Кітапханашы:



Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар, туған жер деген не? Неге «Туған жердей жер болмас...» дейді?

(балалардың жауабы)


Кітапханашы:



Ия, туған жер... туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар.  Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Тамыры терең бәйтерек іспетті қазақтың Димашы жайлы толғана сәтте ол кісінің туған жері, өскен ортасы, арғы тегі туралы еске алмау мүмкін емес.

Ғасырда  емес,  ғасырларда  бір  туатын,  ел  құрметіне бөленген   адамдар  болады. Олай болса, ұйымдастырылып отырған «Жұртым деп соққан жүрегі» атты әдеби-портрет аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, халқына  сыйлы, заманының дара  туылған  перзент иесі Дінмұхамед Ахметұлы  Қонаевтың 105 жасқа толған мерейтойына арналады.



Алматы қаласында, қызметкерлердің отбасында өмірге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Москваның Түсті металл алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д.Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері және оның директоры болып істеді. 

Оқушылар өлең оқиды

1 оқушы:

Дінмұхамед-Ұлы тұлға ардақты,

           Дінмұхамед-бар асылдан салмақты.


           Дінмұхамед-күллі әлемге танылған,
           Кісіліктің шамшырағы жан-жақты.

           Дінмұхамед заманадан биік тұр,


           Даналығы мәңгілікке сыйып тұр.
           Қасиетті ұл,қабырғалы еліне,
           Шыққан күнмен шапағатын құйып тұр.  

2 оқушы:

Димаш – аға ардақты әке,ұлы ата,


Ұлылығын ұлықтаймыз ұната.
Дінмұхамед Қонаевты біледі,
«Туысым» деп, бар қазақтан сұраса.
Қайратыңды қазағыңа арнадың,
Үлгі болған ұрпақтарға саналы.
Жарқын ісің қай кезде де бағалы
Қазақ қанша дана халық дегенмен,
Күнде тумас сіз секілді дараны.
Ерек жансыз еліктеткен естіні,
Ақиқатқа құлдық болған бес күні.
Еңселі етіп ескерткіштер соққанмен,
Енді өзің бола алмайды ешбірі.





(Слайдта еңбек жолы жылдары көрсетіліп жатады)
1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп «Алтай полиметалл» комбинаты бас инженердің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасы директоры қызметтерін атқарды.

1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды. 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.

1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

1987 жылы маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

Кітапханашы:

Қазақ халқынан шыққан ғасырларда ғана біртуар аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты дүние жүзінің барша жұртшылығы жақсы таниды, құрмет тұтады, оның Қонаев деген фамилиясы әлемге әйгілі. Ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.

Д. А. Қонаев 20 жыл бойы Орталық Комитеттің саяси бюросының толық мүшесі болды. Ел алдындағы оның еңбегі ерекше бағаланып, Еңбек Ері атағымен, көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған. Сонымен қатар, ғылымға да үлкен еңбек етіп, жүзден аса ғылыми еңбектері жарық көрген.


Он  бес  одақтас  Республиканы  Мәскеу  басқарып  тұрған  қиын  да  күрделі

заманда, Қонаев  атамыз  Қазақстанды  жиырма  жеті  жыл  бойы  басқарған әділетті, турашыл, қарапайым  басшы  болды.  Ол  кісінің  алдына елдің

бәрі кіріп, жұмысын айтып шыға алатын. Қонаев  басқарып тұрған  кезде  Қазақстан  он  бес  одақтас  Республиканың  ішінде  екінші  орында  тұрды.

Бірінші: Ресей, екінші: Украина мен Қазақстан қатар тұрды. Бұл Қонаевтың

Қазақстан үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін көрсетеді. Ел ең алдымен  Қонаевтың  кішіпейілдігі,  мәдениеттілігі  жайлы  тамсана  әңгімелейді.  Димаш атамыз  Академик  болған.  Академик  дегеніміз – жан-жақты білімді,  өте  сауатты, бәрін  білетін  адам. Академиктерге  сол  кезде  ай  сайын үш жүз сомнан артық ақша төленетін болған. Сол ақшаны  Қонаев  атамыз  ай  сайын  балалар  үйіне  беріп  отырған.  Бұл  да  Дінмұхамед  атамыздың  Ұлылығының  бір  белгісі.  Осындай кішіпейілділік оның туа біткен қасиеті екені көзге көрініп тұрды және жұрттың оған деген сенімін күшейтті.


Кітапханашы:

(Слайдта көрсетіліп жатады)

  Д.А.Қонаев туралы ой-пікірлер.


«Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі елі еркелетіп Димаш атаған - Д. А. Қонаев. Шүкір, шыққан тауы биік болды. Бір кісідей биліктің шыңына көтерілді. Кісілігін ұлықтыққа жеңдірмеген кім десеңіз, онда да осынау абзал жанның есімі еріксіз еске түседі. Димекең қанағатшыл жан еді. Газет - журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған».
журналист Серік Әбдіраймов
 Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық,ақиқат..Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам.           Н . Назарбаев.



Д. А. Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз.
                                                                          Н.Назарбаев.

Д.А.Қонаев өз халқының көрнекті,адал перзенті бола білген адам..Ондай адамдар тарихта көп болғанымен,әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға.
                                                                           А. Асқаров.


Өткен кеткен бұл фәниден сан алып,
     Тарих үшін емес ол да жаңалық.
     Дінмұхамед – Қонаевтың жай аты,
    Шын аты оның Мейірім мен Даналық.
                     

                                        Н.Қашағанұлы.  




Кітапханашы:

(Слайдта көрсетіліп жатады)
Д.Қонаевтың қалдырған нақыл сөздері:

  • Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.

  • Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,
     Жан таппайды екенсің.

  • Әр заманың  өз әні, өз сәні бар.

  • «Биікке шықтым, бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».




Кітапханашы:

Слайд көрсетіліп жатады (фотолар)
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты. 

1 оқушы:

Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн,
Ұранысыз қазақ деген халықтың.
Саясаттың дауылына сынбаған,
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың.

Мен елімнің перзентімін, гүлімін,
Арқа сүйер азаматы ұлымын!
Елімнен мен аямаймын, жұмсаймын,
Ғұмырымның мағыналы, шырынын.

Үзілмеген достығы, сәлемдері,
Басшылар бар әр қилы, әр елдегі.
Димашқа арнап жыр жаздым жеті шумақ,

 Таулар бар ма, Димаш боп түргелмеген,
Димаш десем жанарым нұрға толған.
Сауыт кеудем, патша өлең жырға толған.
Димаш десем, самғаған көкті айналып,
Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.


Кітапханашы:

Слайда көрсетіледі
Елдің жан-жақты гүлденуіне септігін тигізген Дінмұхаммед Ахметұлы үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанып, сегіз рет Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, тағы басқа еліміздің және шетел мемлекеттерінің ордендері мен медальдарымен марапатталған. 

Д. Қонаев өз заманның ұлы саясаткер бола білді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдарды басында  Н.С Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін  қайта қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді.

Дара тұлға Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың салиқалы саясаты кезінде интернационалдық қарым-қатынас орнатылып, халықтар достастығы нығая түсті.

Д.А.Қонаевтың өнегелі өмірі мен адал қызметіне деген адамдардың қызығушылығы соңғы жылдары арта түсуде. Бұл жай ғана қызығушылық емес, ол қоғамдағы күрделі тарихи қызығушылық жағдайға да байланысты. Сондықтан да 2012 жылдың 12 қаңтарында «Д.А.Қонаевтың мемориалдық пәтер-мұражайының» ашылуы үлкен жаңалық болып табылады.




Слайдта мұражай көрсетіледі


Кітапханашы:

Бұл мұражай өз жәдігерлерінің құндылығымен ерекшеленеді. Мұнда Дінмұхамед Ахметұлының жекелеген заттары, техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөнінде альбомдар, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған кітаптары, жиһаздар, тұрмыстық заттар, мерейтойларына арналған көптеген сыйлықтар мен экспонаттар, басқа да әр алуан заттар бар. Бұлардың бәрі ұзақ жылдар бойы мұқият сақталған және Дінмұхамед Ахметұлының немере інісі Диар Асқарұлы Қонаев мұражайға табыс еткен. 
1986 жылы КОКП Орталық комитетінің Бас Хатшысы болып. Колбиннің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босаталды. Орталықтың жүргізіп отырған «Әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарың білдіріп аланға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.


Кітапханашы:

Слайдта сұрақтар шығады
Сұрақтар:

  • Д.А.Қонаевтың туған жылы?

  (1912 жыл 12 қаңтар)

  • Д.А.Қонаев қай қалада дүниеге келген?
    (Алматы қаласы)

  • Қонаевтың алғашқы бітірген оқу орны?
    (1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар

және алтын институтын бітірген)

  • Ұлы тұлға Д.А.Қонаев қай жылы, неше жасында қайтыс болды?

(1993 жылы 82 жасында)

Кітапханшы:

Қонаев туралы қызықты ақпараттар:
Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген. Хоббиі: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.

Дінмұхамед Қонаев - КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ.

Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан. Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м. Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"- деп таңданады. Д. А. Қонаевтың көзі тірісінде жеке адамдарға жасаған жақсылық, рахым, шапағатында шек жоқ. Абзал азаматтың өмірінің соңына дейін жеке үйі, саяжайы, тіпті кейде желпініп мінерге жекеменшік автомашинасы да болмапты. Неткен қарапайымдылық! Неткен адамгершілік!


Кітапханашы:

Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Өткендерін ескерген,

Өскендіктің белгісі.

Өткендерін ұмытқан,



Өшкендіктің белгісі», - демекші, өмірден өткен ұлы тұлғаларды ескеріп, еске алу кейінгі ұрпақтардың парызы. Ұлыларымызды ұмытпайық! Ендеше, балалар, қоғам қайраткері, аталарың – Дінмұхамед Қонаевтың тұла бойы тұнған талант, қайтпас қаһармандығын өмірлеріңе шырақ ете біліңдер.
Кездескенше сау- саламатта болыңыздар!!!




Әуенді күй ойнап тұрады


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет