Израиль әскері Газа секторындағы Рафах қаласына қарсы шабуылға дайындықты жалғастыруда және анклавтың оңтүстік аймақтарының тұрғындарын Газа орталығына көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Time of Israel басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

ЦАХАЛ өкілі Даниель Хагаридің айтуынша, халық уақытша баспана, азық-түлік, су және негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етілетін орындарға жіберіледі. Соғыс қашан болатынын нақтыламады.

Гуманитарлық топтар 1,4 миллион адам тығыз орналасқан аймаққа әскери шабуылдың салдарынан қорқады. Израиль Рафахтағы төрт ХАМАС батальонын жоюға ниетті екенін мәлімдеді.

  • Газада он бала аштықтан көз жұмды
  • Газада ұшақтан тасталған гуманитарлық көмек палестиналықтардың үстіне түсіп кеткен: Қаза тапқандар бар

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху халықаралық күштердің мұндай әрекетке бармау үшін қысым көрсетуіне қарамастан, Израиль әскері Рафахқа шабуыл жасайтынын айтты. Тель-Авив Рафах ХАМАС-тың соңғы ірі тірегі екеніне сенімді.

Содырлардың бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қақтығыс кезінде анклавта 31 200-ден астам палестиналық қаза тапқан.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.