Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Арман Әшімов спортшы әрі “Қалаулым” жобасының қатысушысы Ақтөре Батырбекті шапалақпен ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Арман Әшімовтің Bokey ютуб арнасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды. 

Арман Әшімов танымал спортшығ әрі “Қалаулым” жобасының қатысушысы Ақтөре Батырбекпен кездесіп, шапалақпен ұрып жібергенін айтты. 

“Әрбір жекпе-жектегі жеңісінен кейін мені шақыру еді ғой. Соңғы жекпе-жектегі жеңісінен кейін мен жайлы айтпапты. Өмірге деген көзқарасы өзгеріпті. Шоуларға жүрген, белі қатпаған бала ғой.  Мен үшін ”Қалаулым” ерді ез қылатын, қызды жүзікші қылатын бағдарлама. Ақтөремен жеке кездестім. Ол спортшы емес, желаяқ екен. Оған шапалағыңды аласың деп ескертіп айтып, шапалақпен ұрғанда қашып кетті. Шыны керек, спортшы болғандықтан одан дәл әрекет күтпедім. Салғыласуға келгенде алдына жан салмайды. Бірақ “намыс” деген қасиет жоқ”, – деді Арман Әшімов. 

Айта кетейік, Ақтөре Батырбек бірнеше рет Арман Әшімовті жекпе-жекке шақырып, мәселені шаршы алаңда шешкісі келетінін айтқан. Бірақ бұл жекпе-жекті еліміздегі ешбір ұйым ұйымдастыруды жөн көрмеді.   


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.