Астана мектептерінің біріндегі сегізінші сынып оқушысын топтасып зорлағаны туралы ақпаратқа полиция департаменті жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ата-анасының айтуынша, оқушы қызды 11-сыныптың бірнеше оқушысы зорлаған. 

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі елордалық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер” бойынша тергеуді бастағанын хабарлады.

"Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", – деп атап өтті департаментте.

Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқандықтан, ешқандай ақпарат жария ете алмайтындарын хабарлады.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.