Алматы қалалық прокуратурасы Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімін тарату оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның мәліметінше, дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

“2024 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша қылмыстық кодекстің “жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу” бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді”, – делінген хабарламада. 

Қазір қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде “пәк” қыздардың тізімі тарап кеткені туралы жазған едік. Кейіннен студенттердің жеке деректерін таратқан адамның медициналық қызмет көрсететін мекеменің қызметкері екені анықталды. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.