К. Солнышкова органиқалық Химия



жүктеу 0.64 Mb.
бет4/5
Дата07.02.2019
өлшемі0.64 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5

Реактивтер: NaOH (30% ерітінді) – 60 мл; жануар майы (немесе өсімдік майы) – 100 г; С2Н5ОН – 15 мл; ас тұзы (конц. ерітінді) – 40 мл.

Эксперименталды бөлім:

1) бастапқы майдың сабындалу санын анықтау. 100 мл конусты колбаға майдың 1 г өлшендісін салады, техникалық таразыда өлшейді. Оған пипеткамен 30 (25) мл 0,1 н HCl (H2SO4) ерітіндісі бойынша алдын ала анықталған NaOH спиртті ерітіндісін құяды. Осының бәрін кері тоңазытқышпен су моншасында 1 сағат бойы қайнатады, кері тоңазытқышты 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосып, сумен шаяды, және, егер қоспа қызғылт түске боялса, колбаны суытады және сілтінің артығын 0,1 н HCl-мен қызғылт түс жойылғанша титрлейді. Майдың сабындалу мөлшерін келесі формула бойынша есептейді



мұндағы VNaOH – май өлшендісін сабындау үшін алынған сілтінің көлемі, мл;

NNaOH – сілтінің нормальдығы, г/моль;

VHCl – титрлеуге жұмсалған тұз қышқылының көлемі, мл;

NHCl – тұз қышқылының нормальдығы, г/моль;

ЭNaOH – 40 г/моль болатын сілтінің эквиваленттік массасы.
Егер фенолфталеин ерітіндісі түссізденсе, тағы 5 мл NaOH қосады да, 15 минут қайнатады.


  1. Жұмыс барысы. 1 л эмаль жағылған (немесе шыны) ыдысқа 100 г май салады да, толық еруіне дейін қыздырады; сонан соң температураны 75 0С дейін көтереді және ағаш күрекшемен араластырып, 30 % NaOH ерітіндісі мен спирттен тұратын қоспаны құяды (сілтінің мөлшері майдың сабындалу санына байланысты алынады, ал сілті ерітіндісі мен спирттің арақатынасы 4:1 болады).

Қоспаны тағы 30 минут араластырады, сонан соң ыдысты қақпақмен жабады және реакционды массаны біржарым - екі сағат бойы қайнайтын су моншасында қыздырады. Түбі жабыспау үшін массаны жиі араластырады. Процесті сабын күрекшеден жіп түрінде аққанша және күрекшеде біртекті мөлдір масса түрінде ұйып қалғанша жүргізеді.

Сабындалу процесінде судың булануы нәтижесінде жоғалуын қайнаған суды қосып толықтыру керек. Қыздыруды тоқтатпай, араластырған кезде қоспаға 40 мл NaCl ыстық концентрленген ерітіндісін (40 мл суға 14 г тұз) қосып, тұзсыздатуға кіріседі, содан кейін ыдысты жабады да, суытады. 15-20 мин кейін біртекті масса жеке қабат ретінде бөлінуі керек. Егер қабат пайда болмаса, онда тағы 5-7 мл NaCl концентрленген ерітіндісін қосып, массаны қыздыру керек.

Сабынды шамамен 2-3 сағат суытады, содан кейін оны сілті қалдықтарынан (астыңғы қабат) бөліп алады. Тазарту және мөлдірлету үшін сабынды электролит ерітіндісімен өңдейді, тығыздайды, бөлшектерге кеседі және кептіреді.

Сабын сары-қоңыр түсті өнім болып табылады; қыздырғанда жұмсарады; суда және спиртте ериді.



Нәтижелерді өңдеу. Алынған сабынды өлшеңіздер, реакция бойынша теориялық шығынды есептеңіздер және шығынның % табыңыздар.
Бақылау сұрақтары
1. Майлар құрамына қандай қаныққан және қанықпаған қышқылдар кіреді? Стеорин мен олеин қышқылдарының үшглицеридтерінің түзілу схемаларын жазыңыздар. Алынған қосылыстарды атңыздар.

2. а) Пальмитин б) олеин үшглицерид қышқылдардың гидролиз реакцияларының теңдеулерін жаыңыздар. Майлар гидролизінің өту жағдайларын атаңыздар.

3. Тристеариннің сілтілік гидролиз реакциясының теңдеуін жазыңыздар. Реакция өнімдерін атаңыздар.

4. Құрамында стеарин қышқылының қалдығы және олеин қышқылының екі қалдығы бар изомерлі триглицеридтердің формулаларын жазыңыздар. Оларды атаңыздар.

5. Сұйық май мен сутегінің катализатор қатысуында және жоғары қысым мен температурада әрекеттесу реакциясын жаыңыздар. Осы реакцияның өндірістік маңызы қандай?

13 Лабораториялық жұмыс. Ацетанилид синтезі
Жұмыстың мақсаты:

- Ароматты аминдерді сірке ангидридімен ацилдеу әдісін игеру;

- Ацетанилидті алу, қайта кристалдаумен тазарту және балқу температурасын анықтау.

Теориялық бөлім. Ацетанилид – түссіз кристалдар; тығыздығы 1,0261; балқу температурасы 114 0С; суда және бензолда нашар ериді, ал спиртте жақсы ериді. Қызуды түсіретін дәрі (антифебрин) ретінде, паранитроанилин синтезінде (бояғыштар синтезінде қолданылатын) қолданылады.

NH2 + CH3–C–O–C–CH3 → NH–C–CH3 + CH3COOH

|| || ||

O O O
Реактивтер: анилин (d = 1,02; 9,3 г; 9 мл); сірке қышқылы (сірке ангидриді) (d = 1,073; 13,4 г; 12,5 мл); тұз қышқылы (конц) (d = 1,18; 8,5 мл); натрий ацетаты (15 г); белсендендірілген көмір; мұз.



Ыдыс: стақан (500 мл); Бунзен колбасы; Бюхнер құйғысы.

Синтезді орындау. 500 мл стақандағы 250 мл суға 8,5 мл концентрленген тұз қышқылын құяды және араластырып отырып жаңа ғана айдалған анилинді қосады. Егер ерітіндінің түсі өзгерсе, онда 3 г белсендендірілген көмірді қосады және 50 минут бойы араластырады (егер ерітіндінің түсі өзгермесе, көмірді қоспайды). Содан кейін ерітіндіні сүзеді. Түссіз ерітіндіні 50 0С дейін қыздырады, сірке қышқылын (сірке ангидридін) құяды және толық ерігенше араластырады. Содан кейін натрий ацетаты ерітіндісін тез құяды (50 мл судағы 15 г). Жақсылап араластырады және мұзбен суытады. Ерітінді суыған кезінде көп мөлшерде тұнба бөлінеді.

Ацетанилид кристалдарын сүзеді және мұзды дистильденген сумен шаяды. Өнімді судан немесе спирттен қайта кристалдайды.



Нәтижелерді өңдеу. Қай зат артығымен алынғанын анықтау және өнімнің стехиометрлік (теориялық) шығынды есептеу қажет. Тәжірибедегі ацетанилидтің массасын анықтау және шығынның % есептеу қажет.

Бақылау сұрақтары мен есептеулері
1. Бензоилхлорид пен натрий пероксидін әрекеттестіргенде түзілетін зат?

2. Май қышқылының ацетамиді мен амидінің қышқылдық және сілтілік гидролизі реакцияларының теңдеулерін жазыңыздар.

3. Аммиак пен келесі ангидридтердің арасындағы реакциялар теңдеулерін жазыңыздар:

а) пропионды;

ә) изомай,;

б) фтал. Түзілетін қосылыстарды атаңыздар.

4. Қандай әдістермен бензоилхлоридті алуға болады? Реакциялар теңдеулерін жазыңыздар.

5. Келесі заттар арасында реакциялар теңдеулерін жазыңыздар:

а) бензой ангидриді мен этил спирті;

ә) фтал ангидриді мен метил спирті. Түзілетін қосылыстарды атаңыздар.



Тест сұрақтары


  1. Келесі бөлшек қалай аталады?

А) конформер

B) карбанион

C) карбкатион

D) конформация

E) конфигурация


  1. CH3COONa натрий ацетаты мен қатты натрий гидроксидін қыздыру нәтижесінде қандай газ түзіледі?

A) көміртек оксиді (IV)

B) метан

C) көміртек оксиді (II)

D) сутек

E) этан




  1. Марковников ережесіне қарсы қос байланысына бромcутекті НВr қосылу реакциясын көрсетіңіз

A) СНF2 –СН=СН2 + НВr

B) СН3СН2-СН=СН2 + НВr

C) СН3-СН=СН-СН3 + НВr

D) СН3-СН=СН2 + НВr

E) СН3-ССН + НВr




  1. Келесі өзгерістердің соңғы өнімін атаңыз:



A) ацетальдегид

B) пропаналь

C) сірке альдегиді

D) пропанол-1

E) этанол




  1. Келесі реакцияда сутек атомы қай көміртек атомына қосылады?



A) бірінші

B) екінші

C) үшінші

D) төртінші

E) бесінші


  1. Алкендерге сапалық реакцияны көрсетіңіз:

A) калий перманганатымен әрекеттесу

B) гидрирлеу реакциясы

C) бромсутекті қосу

D) жану реакциясы

E) 500 оС-та галогендермен реакциясы


  1. 2-метил-2-хлорбутаннан қай алкенді синтездеуге болады?

A) 2-метилбутен-1

B) 2-метилбутен-2

C) 3-метилбутен-2

D) 3-метилбутен-1

E) бутен-2


  1. Келесі өзгерістердің соңғы өнімін көрсетіңіз:



A) бутен-2

B) бутен-1

C) бутин-1

D) бутин-2

E) бутанол-1




  1. Келесі қосылыстарды HBr-мен әрекеттесу жылдамдығының артуы ретінде орналастырыңыз: этилен, пропилен, трифторметилэтилен, аллилхлорид

A) пропилен, этилен, аллилхлорид, трифторметилэтилен

B) этилен, трифторметилэтилен, аллилхлорид, пропилен

C) аллилхлорид, трифторметилэтилен, этилен, пропилен

D) трифторметилэтилен, аллилхлорид, этилен, пропилен

E) трифторметилэтилен, аллилхлорид, пропилен, этилен




  1. Қандай реагенттердің көмегімен келесі өзгерісті іске асыруға болады?



A) калий гидроксидінің спиртті ерітіндісі (қыздыру)

B) цинк шаңы (қыздыру)

C) калий гидроксидінің сулы ерітіндісі (қыздыру)

D) калий гидроксидінің спиртті ерітіндісі (бөлме температурасында)

E) абсолют эфирдегі Гриньяр реактиві




  1. Келесі өзгерістердің соңғы өнімін атаңыз:




A) бутанол-1

B) 2-бутенол-2

C) бутандиол-1,2

D) бутанол-2

E) метилэтилкетон




  1. Келесі өзгерістердің соңғы өнімін атаңыз:



A) этан

B) этилен

C) ацетилен

D) пропан

E) пропилен


  1. Күміс тотығының аммиакты ерітіндісімен әрекеттесетін қосылысты көрсетіңіз:




A) A

B) B

C) C

D) D

E) ABC


  1. Қай реакцияның нәтижесінде ацетальдегид түзіледі?

A) СН3-СºСН + Н2О (Нg2++)

B) СНºСН + Н2О(Нg2++)

C) СН3-СН=СН-СН3 + Н2О (Н+)

D) СН3-СН2-Сl + Н2О(ОН-)

E) СН3-СН2-Br + Н2О(Н+)


  1. Вюрц реакциясы бойынша 2,3-диметилбутанды алу үшін қандай хлортуындыны қолдану керек?

A) хлорметан

B) 1-хлорпропан

C) 2-хлорпропан

D) 3-хлорпропан

E) хлорэтан




  1. SN2 механизммен гидролиз жүретін галоид алкилдерді көрсетіңіз

а) CH3Cl б) C2H5Cl в) CH3– (CH2)-CH2Cl г) C6 H5 CH2 Cl д) (CH3)3CCl

A) а, б, в, г

B) а, б, в, г, д

C) а, в, г, д

D) а, б, г, д

E) б, в, г


  1. Төмендегі реакциялардың ішінде қайсысы SN-типіне жатады?

A) 2-метилбутанға бромның әсері



B) бутанол-2-ге үшбромды фосфордың әсері

C) 2-бромбутанға калий иодидідің әсері

D) 2-метилбутен-2-ге бромның әсері

E) трет-бутилхлоридке натрийэтилаттың әсері




  1. SN2 реакциясында реакциондық қабілеттіліктерінің артуының өсуі ретінде барлық изомерлі хлорбутандарды орналастырыңыз

A) трет-бутилхлорид, втор-бутилхлорид, изобутилхлорид, н-бутилхлорид

B) трет-бутилхлорид, изобутилхлорид, н-бутилхлорид, втор-бутилхлорид

C) втор-бутилхлорид, трет-бутилхлорид, изобутилхлорид, н-бутилхлорид

D) трет-бутилхлорид, изобутилхлорид, втор-бутилхлорид, н-бутилхлорид

E) н-бутилхлорид, изобутилхлорид, втор-бутилхлорид, трет-бутилхлорид




  1. Ең күшті қышқылдық қасиет көрсететін қосылыс

A) (СН3)2С-ОН

B) СН3-СН (ОН)-СН3

C) С2Н5ОН

D) СН3ОН

E) изо-С3Н7ОН


  1. Келесі реакция нәтижесінде түзілетін қосылысты атаңыз

СН3-СН2Сl + С2Н5 –ОNа ® ?

A) диэтил эфирі



B) этилацетат

C) этанол

D) бутанол-1

E) бутанол-2


21. Натрий мен сутекті бөліп әрекеттесетін және мыс гидроксидімен (11) көк тусті қосылыс беретін С2Н6О2 құрылымды қосылысты атаңыз

A) этанол

B) сірке қышқылы

C) диметил эфир

D) этандиол

E) этилацетат




  1. Гидразиннің артық мөлшерлі ацетальдегидпен әрекеттесуі нәтижесінде қандай қосылыс түзіледі

A) гидразондар

B) ацетальдар

C) азиндер

D) азидтер

E) гидроксам қышқылдар


  1. Сілтінің қатысуымен Канниццаро реакциясына түсетін карбонилді қосылыстар:




А) Б) В) Г) Д)


A) Д және А

B) Б және В

C) Г және Д

D) Б және Г

E) А және Б



  1. Келесі реакция нәтижесінде түзілетін қосылысты атаңыз:





A)

B)

C)

D)

E)


  1. Төменде берілген қышқылдырдың арасандағы ең күштісі

A) Вr-СН3-СН2-CH2-СООН

B) СН3-СНBr-CH2-СООН

C) СН3-СН2-CHBr-СООН

D) СН3-СН2-CH2-СООН

E) СН3-СН2- СООН




  1. Ең күшті бірнегізді карбон қышқылы

  1. метан

  1. этан

  1. пропан

  1. 2-метилпропан

E) келтірілген қышқылдырдың күштілігі бірдей



  1. Этерификация реакциясында катализатор ретінде қолданылатын зат

  1. су

  1. палладий

  1. никель

  1. күкірт қышқылы

  1. алюминий хлориді




  1. Күрделі эфирлердің изомерлері

A) екіатомды спирттер

B) жай эфирлер

C) көмірсулар

D) альдегидтер және кетондар

E) карбон қышқылдар


  1. Натрий ацетатына CH3COONa күкірт қышқылымен әсер еткенде қандай қышқыл түзілді?

  1. метан қышқылы

  1. этан қышқылы

  1. пропан қышқылы

  1. көмір қышқылы

  1. оксисірке қышқылы




  1. Молекулалық массаның өсуіне қарай карбон қышқылының судағы ерігіштігі …




A) артады

B) кемиді

C) барлық карбон қышқылдары суда жақсы ериді

D) барлық карбон қышқылдары суда нашар ериді

E) заңдылық байқалмайды




  1. Өндірісте қай зат тотықсыздандырғыш ретінде қолданылады?

  1. капрон қышқылы

  1. сірке қышқылы

  1. май қышқылы

  1. валериан қышқлы

  1. құмырсқа қышқылы




  1. Карбон қышқылдарына сәйкес келмейтін реакция:

  1. металдармен әрекеттесу

  1. спирттермен әрекеттесу

  1. қышқылдық оксидтермен әрекеттесу

  1. амфотерлі оксидтер және гдроксидтермен әрекеттесу

  1. негіздік оксидтермен әрекеттесу




  1. Канниццаро реакциясы бойынша құмырысқа альдегидінен қандай заттар алынады?

  1. изомерлі гликольдер

  1. құмырсқа қышқылының тұздары

  1. метанол және метан қышқылы

  1. параформның олигомерлері

E) метанол және этан қышқылы


  1. Төменде келтірілген қосылыстардың ішінде қандай С-Н қышқылдарға жатады:

а) -дикетондар б) малон эфирі в) ацетосірке эфирі

г) нитроалкандар

A) а,г

B) а, б, г

C) б,в,г

D) а, б, в, г

E)а, в, г



  1. Кольбе реакциясы бойынша сулы ерітіндіде натрий хлорацетаты және натрий нитриті әрекеттесу нәтижесінде қандай

A)


B)


C)


D)


  1. Кандай реактивтерден ацетонды қосқанда изопропиламинді алуға болады?

  1. NH2-NH2, KOH (Pt)

  1. Zn (HCl), NH3

  1. NH2OH, P2O5

  1. NH2OH, LiAlH4

  1. NH3




  1. Ацетосірке эфирінің қышқылдық ыдырауы нәтижесіндегі негізгі өнім:

A) сірке қышқылы

B) ацетилацетон

C) фенилацетилен

D) натрий формиаты

E) натрий ацетаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет