Кабенова Гулжазира Сайновна



жүктеу 257.65 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі257.65 Kb.

Кабенова Гулжазира Сайновна
Қазақстан.Атырау облысы,Қызылқоға ауданы,Қоныстану селосы.

Жаңашаруа қазақ орта мектебі.І санатты педагог-психолог
Қиын жағдайлар туындағанда берілетін ақыл кеңестер


  1. Бірінші кезекте ата-аналарға , мұғалімдерге (кейде жағдайға байланысты оқушыларға да) болған жағдайдың сонша шошырлықтай ауыр еместігін, бұндай жағдайдың болатындығын, маңыздылығын ескерту қажет (көптеген балалар кейбір қылықтарды, жағымсыз іс-әрекеттерді кез- келген , үлкен болсын , кіші болсын жасында жасайды).

  2. Ең маңыздысы үлкендердің бойында балаға аяушылық сезімін оятқан жөн (ол құбыжық емес, құрбаны болып тұр)

  3. Келесі кесте бойынша міндетті түрде баланы психологиялық тексеруден өткізу керек : баланың жеке ерекшеліктерін анықтау, баланың өзін-өзі бағалауы, сынып бойынша және жанұядағы қарым-қатынастары бойынша сараптама жасау, баланың ішкі дүниесіндегі ерекшеліктеріне сараптама(баланың тілегі , қалауы , реніші , үрей қорқыныштары)

  4. Баланың қиындықтары жөнінде әңгімені , баланың өзі бастан айта бастағанда қозғаған жөн(«Мені бәрі ренжітеді» , «Мені осы мұғалім өкпелетеді, жынымды келтіреді») Балаға тікелей сұрақ қойып қажеті жоқ( «Сен сұрамастан біреудің затына тиісесің бе? Немесе алдың ба?, «Сен үнемі шыныңды айтасың ба?»).

  5. Өте тәжірибелі әріптесіңізбен ақылдасып , солардан консультация

алған жөн , арнайы оқулықтарды оқыңыз , бірақ осының барысында анық бір жағдайда саралап көрген жөн.

  1. Жұмыстың ең маңызды бөлшегі , ол ата-аналар мен мұғалімдерге берілген ақыл-кеңес.Бұл жағдайда негізгі бірінші жұмыс, ол баланың түскен , қалған жағдайын өзгертуге және үлкендердің ата-аналар мен мұғалімдердің балаға деген көзқарасын , қарым-қатынасын жақсартуға , өзгертуге күш салу.Осындай жағдайдан кейін баланың сыныптастарының көзқарасы және баланың ортаға , өзінің сыныптастарына деген қарым-қатынасы , өз-өзіне деген көзқарасы өзгереді.


Балалар неге өтірік айтады?
Балалар көбінесе қатты ренжіген жағдайда өтірік айтады.

Үлкендердің назары балаға аударылмаған жағдайда , бала үнемі ренжиді, өзінің ренішін солай өтірік айтып ата-ананың ашуын шақыру үшін айтады.Кейбір жағдайда өз қатарларының ортасында балалар бір-бірімен сайысқа түсіп, ата-аналарына көбірек өтірік айтып , алдағандары үшін жарсады.Балалардың өтірік айту себептерінің төрт түрлі негізгі бөлімін атап айтуға болады :

  1. Өздері қиын жағдайда қалғанда, тез құтылу үшін ;

  2. Өзге жолмен ала алмайтын немесе қолы жетпейтін нәрсеге қол жеткізу үшін(ортаның назары мен қызығушылығын тудыру үшін) ;

  3. Ортаны билеп-төстеу үшін , билікті қолға алу үшін (кейде кек қайтару үшін);

  4. Біреуді немесе бірдеңені қорғап қалу үшін(өзіне тиісті нәрсені).

Енді нағыз өтірік пен қиялды айыра білуі керек.Әсіресе, белсенділігі төмен , жолы бола қоймайтын балалар қиялдап , өздерін жақсы жағынан көргілері келеді, тіпті өздері соған бірте-бірте үйреніп сенеді.Мысалы , бала бағалары төмен күнделігін көрсеткісі келмей , жоғалттым деп ата-аналарын сендіреді, өздері де соған сеніп, иланады, немесе жұмысын өте жоғары дәрежеде орындап, мұғалімнен мақтау естігенін айтады.Негізінде сыныптьа сол оқиға болды, бірақ ол емес басқа оқушы мадақтау естіді,сол жайды өзінің басынан өтті деп өзі басқаларды сендіреді.Қиялшыл баланың көзін шындыққа жеткізбесе , өтірік екеніне сендірмесе , бала бірт-бірте өзінің ойынан шығарылған жағдайларға шынымен сеніп,өзінің өтірік, жалған «әлеміне» еніп кетуі мүмкін.Осылай бала түбегейлі түрде тұйықталып қалады.Бірақ басқа да қиялшыл балалар болады.Олар өтірік, алдауды өз-өздерін қорғау үшін немесе біреуді қорғау үшін, өзінің абройын жоғарылату үшін, үлкендердің алдында көтеріліп, назарын аудару үшін, кейде біреулерді күлдіру үшін , көңілдендіру үшін қолданылады.

Бұл жағдайда балаңыздың ойдан шығарылған әңгімелерін толық, сабырмен тыңдап, қағазға жазып алып жүріңіз.

Психолог Л.Б.Филопов(1981) өтіріктің пайда болу себептері мен дамуының негізгі факторларын белгіледі.Өтірік айтудың алғашқы кезеңі

3 жастан кейін 4-5-ке келгенде байқалады.Өтірік айту,жалған сөйлеу, бала қатты қорыққанда жүгінетін іс. Бала ата-ананың айқайынан , жазалауынан қатты қорыққаннан өтірік айтуы мүмкін. Бала тек шындықты айту, шын сөйлеу осының барлығы көмегін тигізбейді деп ойлауы мүмкін.Алғашқыда жазадан қорқып , өтірік айтуы мүмкін, ал артынан баланың санасына біртіндеп сіңіп кетуі мүмкін. Бала оны жалған айту деп ойлайды , қулық жасау деп шатыстырады.Бала әбден өтірікшіге айналмай тұрып балаға өз назарыңызды салыңыз, зер салып қарасаңыз баланың үнемі нені қажет етеді, нені қалайды сонымен санасыңыз.Барлығын өзгертіп жақсартуға тырысы- ңыз , баланың қылығына тек жазалаумен ғана қарамаңыз , жазаны қолданып қажеті жоқ. Жас балалардың өтірігін жою үшін қолданылатын ең нәтижелі әдіс ол жанұя мен мектеп арасында сенімділік орнату , сенімділік үлкен екі жақты сыйластықтың негізінде құрылуы керек.
Баламен сөйлесудің 10 ережесі


  1. Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз ,мазасыз болады.

  2. Өте шаршап қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес.

  3. Кызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін. Кызметіңіз сізге ұнайды, баланы-жақсы көресіз.

  4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында келген баланы итермеңіз . Бала-бұл адам , ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады.

  5. Бала көмекші әрі отбасының теңқұқылы мүшесі. Ыдыс жуу, еден жуу сияқты үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып , баланы жалықтырмаңыз. Неге қоқысты бала төгу керек? Себебі, сіз бұйырасыз!

  6. Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз ,сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне , өз күшіне сенімді болсын десеңіз , бала ересектердей ой түйетінін сезетіндей сөйлесіңіз.

  7. Жұмыс-бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз сезінеді және тез ержетуге асығады.

  8. Тыңдай біліңіз. Көпшілігімізге баланың ісі шала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Ол кішкентай болғанмен «глобальды» болуы мүмкін. Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды. Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды.

  9. Баламен кеңесіңіз. Өз ойларыңыз бен уайыммен бөлісіңіз. Ақыл кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз.

  10. Тілім нан үшін қинай бермеңіз. Балаңыз Сізден материалды тәуелді екенін айтудан қашыңыз. Балада сізге ауыртпалық түсіремін деген ой туады, бұл баланы жаралайды... Қарттық шағыңызда осындай жағдайлардан ұялуыңыз әбден мүмкін.



  • Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла (Ой-санасын ояту).

  • Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса (Айтқанды екі етпейтін естілікке баулып, әр ісін «Талаппен бастап, талғаммен аяқтауға» дағдыландыру).

  • Он бес жастан құрбыңдай сыйлас («Он үште отау иесі» болар тұлғаның ой-санасы мен мінез-құлқының, ар-ожданының қалыптасуын қадағалаотырып, кемшілік объектісіне бағдарлау).


Халықтық педагогикадан

Мақала авторы туралы мәлімет:
Аты-жөні (толықтай құжат бойынша) : Кабенова Гулжазира Сайыновна
Жұмыс орны: Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Лауазымы: І санатты педагог-психолог
Мекен-жайы: Қазақстан.Атырау облысы.Қызылқоға ауданы.Қоныстану селосы
телефоны: +77711540672
e-mail: gulzhazira-k@mail.ru
пошта мекен-жайы: 060505. Атырау облысы.Қызылқоға ауданы.

Қоныстану селосы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет