Кадырбаева гулжахан бастауыш сынып мұҒалімі оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету



жүктеу 46.15 Kb.
Дата09.05.2018
өлшемі46.15 Kb.
түріСабақ

КАДЫРБАЕВА ГУЛЖАХАН


БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады. Оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсартады, кеңейтеді. Сыныпта «бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша сұрақ қою үлгісі анықталған. Ол оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік бермейді [2, 34].

Тәжірибе кезеңінде мен әр түрлі сұрақтар қолдануға тырыстым. Бағдарламадан олардың ашық, жабық, төгіп салу сұрақтары деген түрлері және түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты техникаларын үйрендік.

Сабақтың ұйымдастыру сәтінде шартты дамытуға бағытталған сұрақтарды қолдандым. Бүгін қандай тақырып төңірегінде сөйлесеміз? Біздің не білуіміз керек деп ойлайсыңдар? Осы сұраққа жауап беру үшін не істеу керек?

Сұрақтардың біріншісі жабық сұраққа тек бір ғана дұрыс жауап бар. Олар оқушылардың бір нәрсені білетінін, я білмейтінін анықтап береді. 1-сынып дүниетану пәнінен «Топсеруен» тақырыбында жабық сұрақтарды қолдандым. Ағаштың қандай мүшелері болады? Шөптердің діңі бар ма? Бұталарға қараңдар, олардың діңі нешеу? Күзгі өсімдіктердің жапырақтары қандай?

Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.


  • Бұталардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар?

  • Олардың сыртқы көрінісінен қандай ерекшелікті байқадың?

  • Шөптердің бұталар мен ағаштардан қандай айырмашылығы бар?

  • Табиғатты бақылауға, сезінуге, оның сұлулығын көруге адамның қандай мүшелері көмектеседі? деген сұрақтарды түрткі болуға арналған сұрақтар деп ойлаймын.

«Сынақтан өткізу» сұрақтары оқушыларды толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесуі керек. Жоғарыда аталған сабақта «Бүгін сіздерді қандай көріністер қуантты, қандай көріністер ұнамады?» деп сұрақтың осы түрін қолдандым деп ойлаймын.

Сұрақтардың басқа түрі ашық сұрақта көптеген ықтимал жауаптар болады. Ашық сұрақтар талқылауды кеңейте түседі және білім мен «дәлділіктің» растығы негізінде пайымдау жасауға, пікір білдіруге негіз болады.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар[1, 5]. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар.

Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет.

Аталмыш тақырыпта «Қоршаған орта қайтсек таза болады?» сұрағы ашық сұрақ болды. «Ал, сіздер қалай ойлайсыздар» деп сұрақты басқа оқушыларға «қайта бағыттадым».

Мұғалім «төгіп салу сұрақтарының» бірнешеуін жоспарлап қою қажет. Мен осындай сұрақтардың біреуін ұсынар едім. Соңғы шолуда сынып талқыланатын сұраққа барлығы бір мезгілде оралып, мәселені қарастырды. «Сіз табиғаттың жақсы досы бола аласыз ба? Ол үшін не істейсіз?», «Жинаған табиғи материалдардың ішінен жануарға, адамға, басқа заттарға ұқсайтын тұстары бар ма?» деп сұрақтың осы түріне жүгіндім.

Сіз қате жауапқа қалай әрекет етесіз? Оқушылар қойылған сұраққа қате жауап беріп жатса демек материалды ұқпағаны. Сұрақты «қайта бағыттап» екінші оқушының жауабын тыңдаймын. Егер оқушы толық емес, жартылай жауап берсе, «бағытың дұрыс, тағы да ойлан» деп, ал мүлде басқа бағытқа кетсе, «ойланып көр» дер едім.

Өз жауаптарыңызбен балалардың білім алуына қалай қолдау көрсетесіз? Өз жауаптарым арқылы мағынаны күшейту үшін сөзбе сөз қайталаймын, белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталаймын, жауапты мақтаймын, жауапты түзетемін, оқушыларды бұдан әрі де ақпарат немесе түсініктеме іздеуге ынталандырамын, оқушыларға маңызды мәселеге назар аударуға көмектесемін.

Балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту мақсатында сұрақ қоюға қатысты көзқарасым күрт өзгерді. Үздік сабақ үшін сұрақтардың сапасына және жоспарлауға көңіл бөлу керек. Әйтпесе сабақ мақсатына жетуі және бағалау болуы мүмкін емес. Нәтижелі пайдалы ашық сұрақтар қою үшін өзіме шеберлік пен сенімділікті серік етуім керек.

Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне

қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:

• жауапты елемей, назарын басқа оқушыға аудара алады;

жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете алады;

• мағынаны күшейту үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;

• белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;

• жауапты мақтай алады;

• жауапты түзете алады [2, 39];

Тәжірибе кезеңінде «Күн мен түн» тақырыбында күннің айналаға қандай әсері бар деп ойлайсыңдар деп сұрағанда Алижан: күн кемпірқосақтың шығуына әсер етеді деді. Қалайша? дегенде кемпірқосақ шығуы үшін жаңбыр тамшылары мен күн сәулесі қажет екенін анам екеуміз фильмнен көрдік деді. Тыңдап отырған басқа оқушылар күн туралы білімін кеңейтті. Тосын жауап берген оқушылар да болды. Түнде тіршілік ететін жануарларды атай аласыздар ма, дегенде Бекжан үкі, жапалақ және ұрылар деп жауап берді. Неге олай ойлайсың?,-деген сұраққа «Олар да түнде жүреді»,- деді. Бейбарыс: олар жануарлар емес қой деп қарсы пікіріне дәйек келтірді.

Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным:

- оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталанды,

- пәнге қызығушылықты көрсетті, зерттеуге ынталанды,

- оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті,

- оқушылар бір-бірінен үйренді,

- басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпалын тигізді,

- оқытудағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтады.

Болашақта шеберлік пен сенімділікті талап ететін пайдалы ашық сұрақтар, түрткі болу, сынақтан өткізу сұрақтарына және оқушылардың жоғары дәрежедегі сұрақтарды қоюды меңгеруіне жете мән беремін.

Пайдаланылған әдебиеттер:



1. 4_L3W4D1_TrHW4_D1_«Үздік» сабақтың алты белгісі.

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. 41-43 бет.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет