Атырау облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын өсірген кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Облыстағы су тасқынына қарсы жедел штабтың мәліметінше, 2-8 сәуір аралығында бір сауда желісі мен бір бөлшек сауда субъектісі жауапкершілікке тартылған.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алдағы уақытта да бақылауда болады, бағаны негізсіз көтергендер жауапқа тартылады", – деді Атырау облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әлем Уалиев.

Еске салсақ, бұған дейін су тасқыны кезінде Атырау қаласы әкімдігі қызметкерінің автосалонда көліктерді қарап жүргені түсірілген видео тароағыны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.