Кафедра меңгерушісі О. Руденко № хаттама ж



жүктеу 246.71 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі246.71 Kb.




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф2 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

Құрылыс құрылымдары ІI


бет 13 тен




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

СҚФ деканы


______________Б. Нухаева

_____________________ ж.


ТЕМІРБЕТОН ЖӘНЕ ТАС ҚҰРЫЛЫМДАРЫ ІI

Силлабус
ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ И КАМЕННЫЕ КОНСТРУКЦИИ ІI

Силлабус


Мамандық: 5В072900 «Құрылыс»

Оқу түрі: күндізгі

Курс: - 3

Семестр: - 6

Кредит саны: - 4

Сағат саны: - 180 сағат

Дәрістер: - 30 сағат

Тәжірибелік сабақтар: - 15 сағат

Зертханалық сабақтар: - 15 сағат

СОӨЖ: - 30 сағат

СӨЖ: - 90 сағат

Курстық жоба: - 6 семестр

Емтихан: - 6 семестр

Өскемен


Усть-Каменогорск

2013


Силлабус ҚР МБСТ 15.04.019-2011 Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде «Үймереттер, ғимараттар және көлік коммуникациясы құрылысы» кафедрасында дайындалып 5В072900 «Құрылыс» мамандығындағы студенттерге арналған.

«Үймереттер, ғимараттар және көлік коммуникациясы құрылысы» кафедрасы отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі О. Руденко
№____ хаттама ________________ ж.

Сәулет-құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төраға Е. Феоктистова
№____ хаттама _________________ ж.

Дайындады


Профессор, т.ғ.к. В. Чернавин
Оқытушы А. Айтказина

Норма бақылаушы Т. Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«Үймереттер, ғимараттар және көлік коммуникациясы құрылысы» кафедрасы, сәулет-құрылыс факультеті (Г-2-402, Г-3-329 дәрісх.)

Пән жүргізетін оқытушы: Чернавин Валерий Юрьевич, т.ғ.к., профессор; Руденко Ольга Владимировна, т.ғ.к., доцент; Айтказина Аяжан Калелхановна, оқытушы.

Жұмыс телефоны: 540-735, 540-670

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.

1. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Оқылатын пәнге сипаттама
Берілген курс темірбетоннан, металлдан, ағаштан және пластмассадан жасалған құрылыс құрылымдары туралы және олардың жүктеменің әсерінен жұмысы туралы түсініктеме береді; статикалық және динамикалық жүктеулер кезінде материалдардың жұмысы (беріктік, тұрақтылық, шыдамдылық, шаршау және т.б.) туралы мәлімет; екі шектік күй бойынша құрылыс құрылымдарының элементтерін есепеу; жүктемелер және әсерлер; материалдардың нормативтік және есептік қарсылықтары; ортадан созылған, сығылған және ортадан тыс жүктелген, сондай-ақ иілген элементтер жұмысы және оларды есептеу; кернеулер түрлері туралы мағлұматтар береді.
1.2 Пәнді оқытудағы мақсат
Пәннің мақсаты мен міндеті металл, темірбетон, ағаш және пластмасса туралы ғылымның қазіргі заманғы жағдайы туралы; осы материалдардан дайындалған құрылыс құрылымдарын есептеу тәсілдерін жетілдіру жолдарының негізгі бағдарлары туралы теориялық және практиалық білім беру.

Түрлі материалдардан дайындалған салмақ көтеретін негізгі құрылымдардыңконструктивтік шешеімдерін дұрыс таңдай алу, сондай-ақ олардың қималарын сапалы және сандық бағалай алу дағдыларын студенттерге баулу.



1.3 Пәнді оқытудың міндеттері

Міндеттер:

Пәнді оқу соңында студент білуге міндетті:

- материалдардың негізгі физико-механикалық қасиеттері;

- шектік күй бойынша құрылыс құрылымдарының элементтерін есепеудің негізгі ережелері.


Дағдылар:

  • конструктивті элементтердің кернеулі жағдайының түрін анықтау;

  • экономикалық тиімді конструктивтік шешімді таңдау;

  • салмақ көтеретін негізгі элементтерді есептеу және құрылымдау;

  • нормативтік, конструктивтік және техникалық әдебиеттерді сауатты қолдану.


Құзыреттер:

Негізгі құзыреттер:



  • ғимараттар мен үймереттердің элементтерін есептеуді және құрылымдауды бағдарламалық кешендерді қолданып жүргізу;

  • өнеркәсіптік және азаматтық құрылыста пайдаланылатын темірбетон, тас, металл және ағаш құрылымдарының элементтері мен түйіндерін есептеу және құрылымдау, конструктивтік элементтердің және жүйелердің жұмыстарын ұғу.




    1. Пререквизиттер

«Құрылыс құрылымдары II» пәнін оқу үшін студенттерге төмендегі базалық пәндер бойынша білім қажет:

1 Математика (дифференциалды және интегралды санау, сызықтық алгебра, дифференциалды геометрия, мүмкіндік теориясы, математикалық статистика);

2 Физика (қатты дене механикасы, тербелгіш қозғалыстар, серпімді толқындар, құрылыстық физика);

3 Химия (бейорганикалық және органикалық: химиялық процесстердің жалпы заңдылықтары, кальций, магнидің табиғи байланыстары, электрохимиялық процесстер және коррозия);

4 Инженерлік графика (сызба геометриясы, құрылыстық сызба, ЕСКД және СПДС);

5 Құрылыс материалдары (арматуралық болаттар, бетон (өндірісі, құрылымы, қасиеттері), коррозиядан қорғау);

6 Инженерлік механика (теориялық механика (статика, динамика), материалдар кедергісі (қиманың геометриялық сипаттамалары, кернеулі жағдай түрлері, беріктік теориясы, сығылуға, созылуға, майысуға, қиылуға есептер, қауашақ теориясы) құрылыс механикасы (арқалықтар, фермалар, аркалар, рамалар, статикалы анықталатын және анықталмайтын жүйелерді есептеу);

7 Сәулеттік құрылымдар (ғимараттардың көлемдік-жобалық және конструктивтік шешімдері, құрылыс құрылымдарының түйіндерін құрылымдау);

8 Құрылыс құрылымдары I (темірбетон негіздері, алдын-ала кернеуленген темірбетон, темірбетон кедергісі теориясының негіздері, қалыпты және көлбеу қима бойынша иілетін темірбетон элементтерінің беріктігін есептеу).


1.5 Постреквизиттер
«Құрылыс құрылымдары II» пәні бойынша білім «Құрылыс құрылымдары III», «Құрылыс өндірісінің технологиясы», «Ғимараттар мен үймереттердің сейсмикаға тұрақтығы», «Сейсмикаға тұрақты ғимараттар мен үймереттерді тұрғызу», «Ғимараттар мен үймереттерді техникалық пайдалану» пәндері үшін постреквизиттері болып табылады.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбек сиымдылығы, сағат

Ұсынылған әдебиеттер

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1. Сығылған элементтер.

Бойлық иілгіш арматурасы бар сығылған элементтердің конструктивтік ерекшеліктері. Тік бұрышты профильді центрден тыс сығылған элементтердің беріктігін есептеу. Қосымша арматурамен күшейтілген сығылған элементтер. Құрама бағаналардың түйістерін есептеу.



4

Негізгі 5,6

Қосымша 3,7



Тақырып 2. Созылған элементтер.

Центрден және центрден тыс созылатын элементтердің түрлері және олардың конструктивтік ерекшеліктері. Тік бұрышты профильді центрден және центрден тыс созылатын элементтердің беріктігін есептеу.



2

Негізгі 5,6

Қосымша 3,7



Тақырып 3. Темірбетон элементтердің жарықшаққа тұрақтылығы.

Жарықшаққа тұрақтылықтың категориялары. Центрден созылатын және иілетін элементтерді қалыпты жарықшақтардың пайда болуына есептеу. Көлбеу жарықшақтардың пайда болуы бойынша есептеу. Қалыпты жарықшақтардың ашылу енін есептеу. Элементтердің бойлық осіне көлбеу жарықшақтардың ашылуы бойынша еспетеу.



4

Негізгі 1-4, Қосымша 1,3,13,10

Тақырып 4. Темірбетон құрылымдарының жылжуын есептеу.

Созылған аймақтағы жарықшақтары бар және жарықшақтары жоқ темірбетон құрылымдарының иілуі. Алдын-ала кернеудің және жүктеменің ұзақ уақытты әсерін ескеру.



4

Негізгі 1-4, Қосымша 1,3,13,10

Тақырып 5. Арқалықтық құрама аражабындар.

Аражабынның конструктивтік схемасын құру. Көпқуысты, қабырғалы және тұтас тақталарды есептеу және құрылымдау. Қиылмайтын ригельді есептеу және құрылымдау. Шектік тепе-теңдік тәсілі. Материалдардың эпюрасын тұрғызу.



6

Негізгі 1-4, Қосымша - 1,3,13,10




Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбек сиымдылығы, сағат

Ұсынылған әдебиеттер

Тақырып 6. Арқалықтық тақталары бар монолиттік темірбетон аражабындар.

Аражабынның конструктивтік схемасын құру. Арқалықтық тақтаны есептеу және құрылымдау. Қосымша арқалықты еспетеу және құрылымдау.



6

Негізгі 1-4

Қосымша 1,3,13,10



Тақырып 7. Контуры бойынша тірелген тақталары бар монолиттік қабырғалы аражабын.

Конструктивтік схема. Тақталар мен арқалықтарды есептеу және құрылымдау. Монолиттік арқалықсыз аражабынды есептеу және құрылымдау принциптері.



4

Негізгі 1,3,6,7,8

Қосымша 1,2,3,9



Практикалық сабақтар

Құрама аражабын тақтасы мысалында иілетін темірбетон элементтерінің жарықшаққа тұрақтылығын есептеу.




Тақырып 1. Келтірілген қиманың геометриялық сипаттамаларын, алдын-ала кернеудің шығынын, алдын-ала қысу күшін анықтау.

2

Негізгі - 4

Қосымша – 11



Тақырып 2. Қалыпты жарықшақтардың пайда болуына тақтаны есептеу. Қалыпты жарықшақтардың ашылуы бойынша тақтаны есептеу.

2

Негізгі - 4, 6

Қосымша – 11, 13



Тақырып 3. Көлбеу жарықшақтардың пайда болуына тақтаны есептеу. Көлбеу жарықшақтардың ашылуы бойынша тақтаны есептеу.

2

Негізгі - 4, 6

Қосымша – 11, 13



Тақырып 4. Созылған аймақтағы жарықшақтары бар және жарықшақтары жоқ тақтаның қисығын есетпеу. Тақтаның иілуін есептеу.

1

Арқалықтық тақталары бар монолиттік қабырғалы аражабынды есептеу және құрылымдау.

Тақырып 5. Аражабынның конструктивтік схемасын құру. Тақтаға және қосымша арқалыққа жүктеме жинау.

2

Тақырып 6. Монолиттік арқалықтық тақтаны есептеу және құрылымдау.

2

Тақырып 7. Қосымша арқалықты есептеу және құрылымдау.

2

Тақырып 8. 1-ші қабат бағанасын есептеу және құрылымдау

1

Тақырып 9. Тас аралық қабырғаны есептеу

1

Негізгі - 4, 6

Қосымша – 11, 13






Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбек сиымдылығы, сағат

Ұсынылған әдебиеттер

Зертханалық жұмыстар

Тақырып 1. Центрен жүктелген темірбетон бағананны сынау.

Зертханалық жұмысқа дайындалу, сынау методикасымен танысу. Зертханалық жұмысты жүргізу. Алған мәліметтерді өңдеу және қажетті графиктерді салу. Зертханалық жұмысты қорғау.



5

Негізгі - 1, 2

Қосымша – 1, 6, 8, 10



Тақырып 2. Қалыпты қима бойынша қирайтын темірбетон арқалықты иілуге сынау.

Зертханалық жұмысқа дайындалу, сынау методикасымен танысу. Зертханалық жұмысты жүргізу. Алған мәліметтерді өңдеу және қажетті графиктерді салу. Зертханалық жұмысты қорғау.



5

Негізгі - 1, 2

Қосымша – 1, 6, 8, 10



Тақырып 3. Көлденең қима бойынша қирайтын темірбетон арқалықты иілуге сынау.

Зертханалық жұмысқа дайындалу, сынау методикасымен танысу. Зертханалық жұмысты жүргізу. Алған мәліметтерді өңдеу және қажетті графиктерді салу. Зертханалық жұмысты қорғау.



5

Негізгі - 1, 2

Қосымша – 1, 6, 8, 10



Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

Тақырып 1. Постреквизиттер бойынша қалған білімді тексеру. Ғимараттың құрама аражабынының конструктивтік схемасын құру.

6

Негізгі - 1, 2

Қосымша – 1, 6, 8, 10



Тақырып 2. Бірінші топтың шектік күйі бойынша құрама аражабын тақтасын есептеу.

6

Тақырып 3. Екінші топтың шектік күйі бойынша құрама аражабын тақтасын есептеу.

10

Тақырып 4. Көлденең раманың ригеліндегі күштерді анықтау.

4

Тақырып 5. Бойлық оське қалыпты қима бойынша ригельдің беріктігін есептеу.

4

Тақырып 6. Бойлық оське көлденең қима бойынша ригельдің беріктігін есептеу.

4

Негізгі - 4, 6

Қосымша – 11, 13



Тақырып 7. Ригельдің арматурасын құрылымдау.

2

Тақырып 8. 1-ші қабат бағанасын есептеу және құрылымдау.

7

Тақырып 9. Бағана астындағы іргетасты есептеу және құрылымдау.

6

Негізгі - 4, 6

Қосымша – 11, 13



Тақырып 10. Тас аралық қабырғаны есептеу.

4

Негізгі - 4, 6

Қосымша – 11, 13



Тақырып 11. ТБҚ жұмыс сызбаларын орындау.

7

Негізгі - 4, 6

Қосымша – 11, 13



2.2 Курстық жобаның мазмұны және орынауға қойлатын талаптар
Курсовой проект по дисциплине «Құрылыс құрылымдары II (ТБҚ)» пәні бойынша курстық жобаның тақырыбы «Қатаң жүйелі, жартылай қаңқалы және сыртқы салмақ көтеретін тас қабырғалы көп қабатты өнеркәсіптік немесе азаматтық ғимарат».

Қорғауға дайын курстық жоба есептік-түсіндірме хаттан және масштабтық қағазда орындалған графикалық схемалардан тұрады. Есептік-түсіндірме хат жазба қағаздарының стандартты 210*297 мм өлшемдегі беттерге жазылады, көлемі 25-35 бет. Барлық беттер таза, түсінікті жазылуы керек, әр бет нөмірленеді.

Курстық жобаның есептік-түсініктеме хатының мазмұны:

- Кіріспе;

- Кереуленген арматуралы құрама арқалықтың аражабын (көпқуысты немесе қабырғалы) тақтасын есептеу және құрылымдау.

- Монолиттік қабырғалы аражабынның арқалықтық тақтасын есептеу және құрылымдау.

- Монолиттік қабырғалы аражабынның қосымша арқалығын есептеу және құрылымдау.

- Бірінші қабаттың монолиттік бағанасын есептеу және құрылымдау.

- Бағана астындағы іргетасты есептеу және құрылымдау.

Графикалық бөлім А2 форматтағы 3 бет (құрама және монолиттік тақтаның, қосымша арқалықтың және бағананың ТБК маркасының жұмыс сызбалары).



2.3 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)
«Құрылыс құрылымдары IІ» пәні бойынша студенттердік өзіндік жұмысы лекциялық курста қарастырылмаған сұрақтарды өз бетінше тереңдетіп оқуды қарастырады.




Тақырып атауы, оның мазмұны

Еңбек сиымдылығы, с

1

Үлкен және кішкентай есептік эксцентриситетпен сығылған элементтерді салмақ көтеру қабілеті бойынша есептеу, соның ішінде номограмманы қолдану. Кездейсоқ эксцентриситетпен сығылған элементтерді салмақ көтеру қабілеті бойынша есептеу.

10

2

Тік бұрышты профильді центрден тыс созылған элементтердің беріктігін есептеу.

8

3

Қалыпты және көлбеу жарықшақтардың пайда болуы, ашылуы және жабылуы бойынша есептер.

10

4

Майысатын элементтердің иілуін анықтаудың инженерлік тәсілдері.

10

5

Шектік тепе-теңдік тәсілі және оны көпаралықты қиылмайтын арқалықтарды есептеуде қолдану.

10

6

Арқалықты тақталары бар монолитті темірбетон аражабынның негізгі арқалығын есептеу және құрылымдау.

8

7

Монолиттік арқалықсыз аражабын элементтерін есептеу және құрылымдау.

8




    1. Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі




Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Курстық жоба




*




*




*

*




*




*







*

*

Тәжірибелік сабақ бойынша тапсырма




*




*




*

*




*




*







*

*

Зертханалық жұмыс







*




*

*
















*




*

*

Өзіндік жұмыс







*







*







*







*







*

Аралық тестілеу



















*






















*

3 ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3.1 Негізгі әдебиеттер

  1. Разақов Н. Ғимараттар мен имараттардың құрылымдары. Оқулық. – Астана: Фолиант, 2010.-573 б.

  2. Кусябғалиев С.Ғ. Металл құрылымдар. Лекциялар конспектісі. - Өскемен: ШҚМТУ, 2008.- 177 б.

3 СНиП 2.01.07-85*. Нагрузки и воздействия /Госстрой России.-М: ГУП ЦПП, 2000-36с.

4 СНиП 2.03.01-84*. Бетонные и железобетонные конструкции. М.: ЦИТП Госстроя СССР, 1989-97с.

5 СНиП II-22-81*. Каменные и армокаменные конструкции / Госстрой России.- М.: ФГУП ЦПП, 2004-40с.
3.2 Қосымша әдебиеттер


  1. Байков В.Н., Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс. М.: Стройиздат, 1991-767с.

  2. Попов Н.Н., Забегаев А.В. Проектирование и расчет железобетонных и каменных конструкций. М.: Высш. шк., 1989-400с.

  3. Мандриков А.П. Примеры расчета железобетонных конструкций.-М.: Стройиздат, 1989.-512с.

  4. Металлические конструкции. Справочник проектировщика. Под ред. Мельникова Н.П., 2-е издание:-М.: Стройиздат, 1980.-776 с.

  5. Металлические конструкции. Справочник проектировщика. СД - М.: ЦНИИпроектстальконструкция, 1999.

  6. Кусябгалиев С.Г. Металлические конструкции. Конспект лекций для студентов строительных специальностей всех форм обучения. Раздел I. - Усть- Каменогорск, 2002.-101 с.

  7. Кусябгалиев С.Г., Губарев В.В., Кенетбаев Б.С. Металлические конструкции. Практикум для студентов строительных специальностей всех форм обучения. Раздел I. - Усть-Каменогорск, 2003.- 61 с.

  8. Слицкоухов Ю.В., Гуськов И.М. и др. Индустриальные деревянные конструкции. Примеры проектирования.-М.: Стройиздат, 1991.

  9. Бакиров К.К., Бедарев В.С. Деревянные конструкции. Проектирование и расчет.- Алматы: КазГАСА, 1995.

  10. Иванов В.А. Конструкции из дерева и пластмасс. Примеры расчета. - Киев, 1992.

  11. Сетков В.И., Сербин Е.П. Строительные конструкции. -М.:ИНФА-М, 2007.-447с.

  12. Сахи Д., Зайцев Ю., Дуамбеков М., Хуснутдинов Р.Основы расчета строительных конструкций.- Астана: Фолиант, 2011.-488с.

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары:

  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.



Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады (кесте 1):
Кесте 1 – Семестрдегі бақылау түрлері

Бақылау түрі

Жұмыстың атауы

Макс. балл

П 1

Тақтаның геометриялық сипаттамаларын және алдын-ала кернеуінің параметрлерін анықтау бойынша практикалық жұмыс.

10

П 2

Қалыпты қиманың жарықшаққа тұрақтылығын бағалау бойынша практикалық жұмыс.

10

Л 1

Зертханалық жұмыс №1 – бағананы сынау

10

П 3

Көлбеу қиманың жарықшаққа тұрақтылығын бағалау бойынша практикалық жұмыс.

10

П 4

Тақтаның иілуін анықтау бойынша практикалық жұмыс.

10

Пз 1

Сабаққа қатысу

10

РК 1

1-ші тесттік бақылау

40




Рейтинг 1

100

П 5

Монолиттік аражабынды құру ойынша практикалық жұмыс

5

Л 2

Зертханалық жұмыс №2 – Қалыпты қима бойынша қирайтын темірбетон арқалықты иілуге сынау.

5

П 6

Монолиттік тақтаны есептеу бойынша практикалық жұмыс.

5

П 7

Қосымша арқалықты есептеу бойынша практикалық жұмыс.

5

П 8

Бағананы есептеу бойынша практикалық жұмыс.

5

П 9

Аралық қабырғаны есептеу бойынша практикалық жұмыс.

5

П 10

Сызбаларды өңдеу бойынша практикалық жұмыс.

15

Бақылау түрі

Жұмыстың атауы

Макс. балл

Л 3

Зертханалық жұмыс №3 – Көлденең қима бойынша қирайтын темірбетон арқалықты иілуге сынау.

5

Пз 2

Сабаққа қатысу

10

РК 2

2-ші тесттік бақылау

40




Рейтинг 2

100

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.
Қорытынды баға есебінің формуласы:
, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған


4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәлімет




Тақырыптар

1.

Жалпы мәліметтер

2.

Темірбетон құрылымдары

3.

Бетон

4.

Бетонның қасиеттері

5.

Арматура

6.

Арматураның қасиеттері

7.

Темірбетонның қасиеттері

8.

ТБҚ алдын-ала кернеуі

9.

Құрылыс құрылымдарын шектік күйлері бойынша есептеу тәсілі

10.

Жүктемелер

11.

Материалдар кедергілерін нормалау

12.

Қалыпты қима беріктігі бойынша иілетін ТБҚ есептеу

13.

Көлденең қима беріктігі бойынша иілетін ТБҚ есептеу

14.

Тас құрылымдар

15.

Тас қалаудың қасиеттері

16.

Металл құрылымдар

17.

Болаттың қасиеттері

18.

Ағаш және пластмасса құрылымдар

19.

Ағаштың қасиеттері

20.

Шартты белгілер


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет