Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасынан қандай нәтижие күтуге болатынына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Aqmola.gov.kz

Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасы қарсаңында спортшыларымыздың лицензиясы аз және осыған орай, қандай нәтиже күтетуге болатынын белгісіз екенін айтты.

“Спортшыларымыздың қандай нәтиже көрсететінін болжап айту қиын. Өйткені қазіргі таңда, олимпиада алған жолдамамыздың саны өте аз. Әзірше, спорттың 8 түрінен, 19 жолдама ғана бар. Ал Токио олимпиадасының қарсаңында спорттың 15 түрінен, 30 жолдамамыз болды. Дегенмен алда 70 лицензиялық турнир бар. Осы жарыстарда барынша жолдамаға ие болуға тырысамыз. Барлық олимпиада ойындарында 100-ден аса спортшыларымыз қатысып келді. Әлі уақыт бар, олқылықтың орнын толтырамыз” – деді министр мырза.

Айта кетейік, лицензиялық турнирге баратын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болған еді.      

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.