Кафедрасы



жүктеу 401.58 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі401.58 Kb.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Т. Рысқұлов атындағы Қазак Экономикалық Университеті Экономика және қаржы институты


« ___________________________________» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


“__________________________________” пәні

ТАҚЫРЫБЫ:


Орындаған:

Тексерген

Астана 2006

-2-


МАЗМҰНЫ

Кіріспе


I. Валюталық қатынастардың теориялық негіздері

1.1 Ақшаның шығу тегі 3



  1. Валюталық жуйелер және валюталық қатынастардың
    механизмі 7

  2. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану. 18

II. ҚР валютасы - теңге.

  1. Теңгенің шығу тарихы және қалыптасуы 24

  2. Теңгенің қалыптасу кезеңдері мен даму мәселелері 26

  3. Теңгені тұрақтандыру әдістерімен нышандары 27

ІII-тарау Қазіргі кезеңдегі валюта.

3.1 Қазақстанда тенгенің турақтылығы 30.

Қорытынды ?

Қосымша ?



Кіріспе

Жалпы ақшаның дүниеге келуі өткен заманнан келе жатқан, көп ғасырларды қамтитын өте күрделі процесстердің бірі. Мен осы ақшаның шығу тегі, дамуы, қалыптасу кезеңдері, бізге жеткенге дейінгі тарихы, осы кездегі нарық заманында алатын орны туралы зерттеп, өз куртық жұмысымда басып шығардым.

Ақша өмірге келмей тұрып, жалпы адамзат өздерінің қажетінше бір тауарды екінші тауарға айырбастау арқылы адамдарда өзара айырбас пайда болады. Алғашында бұл процесс кездейсоқ түрде жүріп отырады, кейін келе олар сол тауарлардың ішінен айырбасқа жиі ілігіп жүрген тауарды ерекше бөліп шығарады да, оны ақша есебінде пайдалана бастайды. Сол кездері жердің әр аумағында ақша әр халықтың шаруашылығына байланысты болып келген. Мысалға алатын болсақ, мал шаруашылығымен айналысатындар айырбаста малмен өтелетін, егіншілер бидай, арпа, сүлы т.б. Бүл айырбас қолайсыз болды да кейіннен ерекше эквивалент ретінде ақша бөлініп шығады. Алғашында эквивалент рөлін металдар, кейіннен арнайы, өлшемі бар, мөрмен расталатын алтын немесе күміс металдар, одан әрі сол металдарды ыңғайлы түрде монета ретінде болды, содан көп ғасырлы даму сатысынан өтіп, бігінгі таңда қолда біз қағаз ақша үстап отырмыз. Осы жайлы Карл Маркс: "Біз" деген екен.

Және осы орайда ең маңызды, тақырыпты ашатын мәселе жайлы атап айтпай кетуге қүқым жоқ. Осы орайда айта кеткім келіп отырғаны 1993 жылдың 15-қарашасында біздің еліміздің - Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы - теңгенің шығарылуы. Бүл тарихымыздағы елеулі өзгеріс, ол Қазақстан Республикасының, оның халқының, әрине бүл біздің де тарихымыз! Осы кезден бастап, нарықтық экономикада Қазақстан өзінің

-4-тәуелсіздігін жаңадан алды. Ұлттық валютанын айналымға енуі

экономикалық және саяс тұрғыдан алғанда көптеген өзгерістерге әкелді.



І-тарау. Валюталық қатынастардың теориялық негіздері

1.1 Ақшаның шығу тегі.

Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірде - бір шарт және өнім болып табылады. Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез - келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындамаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті түтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас кұны ретінде көрінеді. «Айырбас қүн тауардың өзінен бөлініп шықкан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

Алғашқы қауымдық қүрылым кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас қүнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 қүмыра, 1 қой = 1 қап бидай және т.б.).

Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен қүнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайдың етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.

-5-Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі

айырбасталатын тауар барлық басқа тауарлардың бір - бірімен өзара айырбасталу кұралы бола бастайды. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Қүнның жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.

Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы - шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас қүралы болды. Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда түйе; тундрада -- бүғы жалпы күндық эквивалент қызметін атқарды. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жүмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді қүн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген «біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен түрады». Ол

-6-кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны - «мал ұстайтын

орын» деп аталынды.

«Капитал» сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында қүстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі және т.б.)- Қүс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы күндык эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда -саттық жасауы барысында жүн ең басты күралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.

Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс күралы ретінде бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ ақшалардың келесі атаулары сақталынды, бүлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл - қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендерді Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар қүстардың, жыртқыш аңдардың келбет кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынык мүхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас күралы ретінде пайдаланылды.

Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір түрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар

-7-ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. XX ғасырдың 70-жылдарының

басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны - қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат - қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.

Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мүндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бүрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

Юлий Цезарь патшалығының түсында ақша ретінде қүлдарды пайдаланды. Сонымен, бір қүлдың қүны үш сиыр, алты бүзау, он екі қойға теңестірілді.

Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бүл аз бүзылатын өсімдік өнімдері зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, қүйма түріндегі түздар, т.б.

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды қүйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. XVII ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) үсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.

Металл ақшаларының артықшылығы, олар біркелкі, төзімді, үсақталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Үзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда үзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы «драхма» «бір уыс шеге» деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалкдн түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

Бірақ б.э. дейін ХШ ғасырда салмағы көрсетілген қүймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра бастады.

Монеталардың пайда болуы - ақшаның қүрылуындағы соңғы кезең болып табылады.



1.2 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың механизмдері

Халықаралық валюталық қатынастар бүл үлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері вексель ісі түрінде Ертедегі Грецияда пайда болған. Олардың келесі даму кезеңдері Лиондағы «вексель жәрмеңкелері» мен басқа да Орта ғасырлық Еуропадағы сауда орталықтары болды, онда есеп айырысулар вексель арқылы жүргізілді. Халыкаралық қатынастардың одан әрі дамуы өндіргіш күштерінің өсуімен, дүниежүзілік нарықтардың қүрылуымен, халықаралык еңбек бөлінісінің тереңдеуімен байланысты болды.

-9-Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс

саласьша, сондай-ақ бөлу, айырбас және түтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

Халықаралық шаруашылық байланыстардың дамуы шамасына байланысты валюталық жүйе қүрылды. Экономикалық түрғыдан қарағанда -бүл шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи түрде қалыптасқан валюталық экономикалық қатынастар жиынтығы; үйымдық заңдық түрғысынан қарағанда белгілі бір қоғамдық экономикалық формация шегіндегі валюталық қатынастарды үйымдастырудың мемлекеттік - қүқықтық формасы.

Тарихта мынадай валюталык жүйенің типтері қалыптасқан: үлттық, дүниежүзілік, аймақтық.

Басында елдегі ұдайы өндіріс процесіне қажетті валюталық
ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға, халықаралық айналымды
жүзеге асыруға көмектесетін валюталық - экономикалық қатынастардың
жиынтығы ретінде ұлттык жүйе пайда болды. Ұйымдық зандык
тұрғысынан қарағанда - бүл шаруашылық байланыстарды

интернационалдандыру негізінде тарихи түрде калыптасқан және халықаралық құқық нормаларын ескере отырып ұлттық заңдылықтармен бекітілген, елдегі валюталык катынастарды үйымдастырудың мемлекеттік -құқықтық формасы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып, өзінше дербес және ұлттық шекарадан шыға алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Ұлттық валюталық жүйе мен дүниежүзілік шаруашылықтың даму негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім - шарттармен бекітілген халыкаралық валюталық қатынастарды ұйымдасттыру формасы

- 10-дүниежүзілік валюталық жүйе өзара ажырамастай байланысты. Ұлттық

және дүниежүзілік валюталық жүйелердің мүндай байланыстылығы олардың біртүтас екендігін білдірмейді, себебі олардың міндеттері, қызмет етуі және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасын және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әр түрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық реттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттык банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік құқықтық

ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе арасындағы байланыс пен айырмашылықтар, олардың элементтерінен байқалады (1-кесте).

7 - кесте

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің негізгі элементтері




  1. Ұлттық валюталык жүйе
    Ұлттық валюта

  2. Ұлттық валютаның айналым дәрежесі

  3. Ұлттық валютаның паритеті

  4. Үлттық валюта бағамының тәртібі

  5. Халықаралық валюталық өтімділік

5. Валюталық шектеудің болуы немесе

золмауы


Дүниежүзілік валюталық жүйе

  1. Халықаралық есептесу бірлігі, резервтік
    валюталар

  2. Валюталардың өзара айналымдылығының
    шарты

3. Валюталық паритеттердің біртүтас режимі

4. Валюталық бағамдардың режимдерінің


регламентациясы

5. Халықаралык валюталық өтімділікті


мемлекетаралық реттеу

6. Валюталық шектеуді мемлекетаралық реттеу



7. Халықаралық несиелік айналыс
құралдары, оларды пайдалану
ережелерінің регламентациясы

8. Елдің халықаралық есеп айырысу


регламентациясы

9. Ұлттық валюталық нарық пен алтын


нарығының режимі

10. Елдің валюталық қатынастарын


реттеуші және қызмет көрсетуші үлттық
органдар

- п -

7. Халықаралық несиелік айналыс құралдарын

пайдаланудың біртұтас ережесі

8. Халықаралық есеп айырысулардың негізгі


формаларының біртүтастығы

9. Дүниежүзілік валюталық нарықтар және


алтын нарықтарының режимі

10. Мемлекетаралық валюталық реттеуді


жүзеге асырушы халықаралық үйымдар

Егер ұлттық валюталык жүйе ұлттық валютаға елдің ақша бірлігіне негізделген болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе - бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта - халықаралық төлем және резерв кұралы функциясын орындайды, басқа елдер үшін валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:


  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында
    елдердің билік ету позициясы;

  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік банктік
    мекемелердің дамыған торабы;

  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін,
    халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және
    валюталық шектеуліктің болмауы.

Резервтік валюта мәртебесі эмитент - елдің экономикасын белгілі бір міндеттемелерді жүктейді: осы валютаның түрақтылығын қолдап отыру

-12-қажеттігі, сауда және валюталық шектеулердің болмауы, девальвация

жүргізбеу. Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік дәрежеге көтеру ұлттық шаруашылық үшін төлем балансының тапшылығын ұлттық валютамен автоматты түрде пайызсыз және мерзімсіз халықаралық несие алу жолымен жабу мүмкіндіктері түрінде бірқатар артықшылықтар береді.

Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу қүқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бүл халықаралық активтер қолма - қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолымен: СДР - Халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ - Еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады. Олардың шартты қүны валюталык "қоржынға" кіретін валюталардың орташа өлшемді қүнын және бағамдарын өлшеу негізінде есептеледі.

Валюталық "қоржын" 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталы - несиелік үйымдарды қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компонеттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақсатына байланысты белгіленеді.

Валюталардың орташа өлшемді кұны, топқа кіретін валюталардың АҚШ долларына қатысты нарықтық қүньшың сомасына есептеледі. СДР халықаралық есептесу бірлігінің негізін қүраған валюталық "қоржын" бес валютадан тарады (1.01.1991 ж. Жағдай бойынша): АҚШ доллары - 40%, неміс маркасы - 21%, жапон иені - 17 %, француз франкі 11%, фунт стерлинг -11%.

Елдің экономикалық және валюталық жағдайларына байланысты анықталатын валюталық конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі

- 13-бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валюталарға еркін

айырбасталатын, ақша бірліктері ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады. 1978 жылдан бастап халықаралық валюталық қорлар мынадай ұғымдарды енгізген болатын:

"еркін пайдаланылатын валюта", яғни халықаралық есеп айырбастауларда және валюталық нарықтардың негізгі операцияларында кеңінен қолданылатын;


  • валюталық шектеуліктері бар, жартылай конверсияланған
    елдердің валюталары;

  • валюталар айырбасына тыйым салынған, елдердің
    конверсияланбайтын валюталары.

Валюталық паритет - бұл валюталық бағамныі негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілген екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді. ХВҚ Жарғысы бойынша валюталык паритет СДР негізінде белгіленеді.

Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ мемлекетаралык реттеу объектісі болып саналатын валютамен жасалатын операцияларға шек қою, яғни валюталық шектеу енгізілуде.

Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлык елдердің төлем қабілетін сипаттайтын - халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді.

Халықаралық несиелік құралдарды пайдалану ережелерінің регламенттелуі және халықаралық есеп айырысулар жүйелік халыкаралық нормаларға (Женева вексельдік конвенсия, 193 0 ж.) сәйкес жүзеге асырылады.

Валюталық жүйенің институтционалдық құрылымы ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде реттеледі.

Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты кұру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақты валюталық жүйе -валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялық процессті ынталандыру мақсатына бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік құқтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынстардын жиынтығы болып табылады (Еуропалық валюталық жүйе, 1979 ж. нурыз).

Валюталық жүйенің даму кезеңдері өндірістің, дүниежүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты болып келеді.

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометализмі базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 ж. Париж келісімі алтынды дүниежүзілік валюта және ақша жүйелері біріктірілген болатын, себебі ақша дүниежүзілік нарықта төлемге массасы (салмағы) бойынша қабылданды. Алтын стандарты өндірісті, сыртқы экономикалық байланыстарды, ақша айналыс, халықаралық есеп айырысуларды реттеуші ретінде белгілі роль атқарды.

Кейіннен классикалық алтын монета стандарты өзін түсіріп алды, себебі, ол дүниежүзілік шаруашылықтың шаруашылық байланыстарына сәйкес келмеді. 1914 ж. Валюталық шектеу енгізілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс түсында пайда болған валюталық былықтан соң, алтын және жетекші валюталарға негізделген мемлекетаралық алтын девиз стандарты құрылды.

Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 ж. Генуэз конферециясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девизді стандарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ та фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

-15-Үшінші дуниежүзілік валюталық жүйе 1994 ж. Бреттон

Вудстағы (АҚШ) валюта қаржы конференциясында рәсімделді.

Қатысушылары 44 ел болды, ХВҚ Жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйенің мынадай қағидалары анықталды:

- алтынға және екі резервтік валютаға (АҚІІІ доллары және фунт


стерлингке) негізделген мемлекетаралық алтын девиздік
стандарттың жүйесі белгіленді. Бұл жерде алтын девиздік
стандарттың жүйесі белгіленді. Бүл жерде алтын девиз
стандарты халықаралық қатынастарда сакталып, ал ақша жүйесі
айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

Бреттон Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формасы қарастырылды: валюталардың алтындың алтындық паритеті және олардың Халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халыкдралық валюта өтімділігінің компоненті. АҚШ долларын алтынға теңестіру және оны шетелдік орталық банктерге 31,10352 г (1934 ж.) тең 1 троицк унциясы үшін 35 доллар ресми бағада айырбастау жүзеге асырылып, іс жүзінде долларлық стандарт орын алды;



  • валюталық саясат және валюталық шектеу халықаралық келісім
    - шарттарға бағынды;

  • валюталық паритет алтынмен немесе АҚШ долларымен
    бейнеленді, паритетті өзгерту тек қана Халықаралық валюталық
    қордың рүқсатымен іске асты;

  • валюталық бағамдардың режимі белгіленді (+0,75 % -
    паритеттен ауытқуға болады).

60 - жылдардың аяғынан бастап, үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе қүлдырады. Төртінші дүниежүзілік валюталык жүйенің қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 - 1978 жж. ХВҚ - ға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда Халықаралық валюталық қор Жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:

-16-


  • СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық
    стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп
    айырысуларды көбірке пайдаланды (валюталық "қоржындағы"
    доллардың үлесі - 40 %, ресми валюталық резервтерде - 60 %-ға
    жуық). Бірақ Халықаралық валюталық қорға мүше елдерге
    валюталық паритеттерін кез келген валютада белгілеуге құқық
    берілді, соның негізінде көп валюталы стандартқа өту
    заңдастырылды;

  • Алтынды демонетизациялауға заңды түрде тыйым салынды:
    ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың
    алтынға айырбасталуы тоқтатылды;

  • Валюталық бағамдар режимін таңдауға құқық берілді (1973 ж. 6
    наурыздан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);

  • ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Сонымен дүниежүзілік валюталық жүйенің дағдарысқа ұшырауы ескі жүйені құлатуға және оны жаңамен ауыстыруға әкелді. Жаңа валюталық жүйені кұруда үш кезеңді бөліп карауға болады: 1) жаңа валюталык жүйсні кұру, алғышарттарын қальштастыру, қағидаларын анықтау; 2) қүрылымдық біртүтастығын қалыптастыру, қүруды аяқтау, жаңа жүйенің қағидаларын біртіндеп іске косу; 3) біртүтас және элементтері өзара байланысқан толыққанды қызмет ететін дамыған дүниежүзілік валюталық жүйені күру-

Ямайка валюталық жүйесіне қарсы Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын түрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйесін қүрды. Бүл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамдарының айырмасын бағалауға арналған ЭКЮ еуропа валюта бірлігіне негізделді. ЭКЮ-дің нарықтық кұнының есебі 2 - кестеде берілген.

Еуропалық валюталық жүйе мүше елдердің ресми алтын - доллар резервтерінің 20 % біріктіре отырып, алтынды ЭКЮ-ді жартылай қамтамасыз

- 17-ету үшін пайдаланады. Валюталық бағамдардың режимдері барынша

мүмкін болар қатынастар валюталардың бірлесіп өзгеруі негізінде өзара ауытқу шегінде белгіленген, жаңа мүшелер үшін +6 % және басқа жағдайларда +20,25 %. Еуропаның Орталық банктері белгіленген ауытқулар шегінде интервенция жүргізеді. 1987 жылдан бастап маргинальды және интермаргинальды интервенциялық стратегия жүргізілуде.

Еуропаның экономикалық жүйелері мен монетарлы саясатының жақындасуы, экономикалық билікті көпұлтты институттарға беруі, ЕВО шеңберінде келісім шарттарды реттеу және жүйелендіру барысы 1988 жылы Еуропалық валюталық жүйесін құрудың алғышарттары болып табылады.



2 - кесте

Валюталар

Валюталар қоржынындағы валюталардың үлес салмағы

АҚШ долларының бағамы

USD/ЭКЮ бағамы

DЕМ-DМ

0,6242

1,6798

0,371592

GВР

0,08784

1,6798

0,371592

FRF-FF

1,332

5,6450

0,235961

ІТL-Lit

151,8

1234,0000

0,123015

NLG-hfl

0,2198

1,8915

0,116204

ВЕҒ-bfr

3,301

34,7750

0,094925

LUХ-lfr

0,130

34,7750

0,003738

DКК-Іг

0,008552

1,5961

0,013650

GRD-Dг

1,440

163,30

0,008818

ЕSВ-Рtа

6,885

106,52

0,064636

РТS-Еsс

1,393

148,974

0,009351










1,216364

Ескерту: USВ/DМ- 1,6798. ЕCU/DМ бағамының есебі: 1,216364-1,6798-2,04325.

-18-


Одақты құрудың мақсаты ЕО шегінде тауарлар, көрсетілген қызметтер мен капиталдардың еркін қозғалысы; ақша саясатына, интервенцияның шекарасын қалпына келтіруге, валюталар арасында тұрақты өзара қатынас белгілеу, капиталдар нарығын ырықтандыруға қатысты бірігіп шешімдер қабылдау.

ЕВО 12 елінің мемлекеттерінің басшылары Еуропалық одақ жөнінде жоба дайындап, оған 1992 жылы 7 ақпанда қол қойылды және оны Мастрихт келісім шарты деп атады. Келісім шартта болашақ экономикалық және ақшалай одаққа қатысты ережелер жинағы жасалып және бұрынғы ЕО келісім шарттарына толықтырулар мен түзетулер енгізілді.

Келісім - шартта мемлекеттердің Еуропалық валюта одағына кіру критерийлері анықталды:


  • инфляция деңгейі үш тұрақты қатысушы елдің орташа инфляция
    деңгейінің 1,5 %-нан аспауы тиіс;

  • бюджет тапшылығы да өте өлшеусіз болмауы керек;

  • ЕВО - ға мүше болған екі жыл ішінде валюта қысымға және
    девальвациялануға ұшырамауы тиіс:

  • ұзақ мерзімді пайыз мөлшерлемесі үш тұрақты елдің орташа
    деңгейінің 2 %-нан аспауға тиіс.

Сонымен қатар, қатысушы елдердің ақша саясатын анықтайтын, оның шарттарын жасайтын, валюталық операцияларды жүзеге асыратын және валюталық резервтерді қолдап отыратын, Еуропалық Орталық банк пен қатысушы елдердің орталық банктерін қамтитын орталық банктердің жүйесі қүрылды.

Қазақстан Республикасы Халықаралық валюталық қорға мүше бола отырып, дүниежүзілік валюталық жүйелердің бірден бір қатысушы болып саналады.



1.3 Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық


қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын
қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық
байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы
экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі
көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық
қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені нығайту
үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
құрамындағы әкімшілік аумақтық кұрылымдар деңгейінде де

ортақтандырылған валюта қорлары құрылады.

Мемлекеттің мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар бұл: меншік құқығының және өзге кұкықтардың валюталық құндықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлем кұралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу/әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналды мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.

Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.

Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:

-20-


• тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі

ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін акша аудару;



  • экспорт импорт мәмілелері бойынша 180 күннен
    аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге
    асыру;

  • 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және
    кредиттер алу;

  • депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де
    операциялар бойынша ақша аудару және дивиденттер, пайыздар, тағы басқа
    кірістер алу;

  • сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса
    гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар,
    алиментгер және өзге операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:

инвестициялар;

жылжымайтын мүліктің және басқа да кұқықтарына төленетін ақша аударымдары;

180 күннен астам мерзімге экспорттық - импортгық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.

Валюталык операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын -- валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды үстау, шетелдік іссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалык ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.

Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан сыртқы экономикалық қызметтің аталған

-21-түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан

қаржыланады.

Валюталық ресурстар каржы ресурстарыньщ құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

экономиканың мемлекеттік секторының кәсіпорындарының, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім - ақшадан;

тауарлар мен жүктердің кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;

келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатысушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;

валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;

шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдегі мүлік пен активтерді пайдаланудан алынған табыстардан;

шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралык және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;

валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.

Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады. Басым мәселелерді орындау үшін немесе жалпы мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі жергілікті органдарға берілуі мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта рыногінде сатып ала алады. Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық биржадағы валютаны сатып алушылар бола алады.

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

-22-


1. Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды» - елдегі

тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;

2. Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген
уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық
ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің,
консулдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың
жұмысын қаржыландыру үшін;

3. Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді тауарлар мен


көпшілік қолды бүйымдарды импорттау жөніндегі орталыктандырылған
сатып алуды қанағаттандыру үшін;

4. Басқарудың жергілікті органдары коммуналдық


шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың
жергілікті инфрақүрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім ақша болып табылады. Бүрын валюталық түсім ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлтгық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жүмсалады.

Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер және валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық - құқықтык түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.

-23-Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын

қалыптастырудың келесі көзі банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен немесе кызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттері елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мүнай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдаланушыларға ауысуымен байланысты бірте бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.

Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.

Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісім шарттарды, арбитраж органдары белгілеген контракттар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.

Қайта бөлу ретіндегі валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы буыны тарапынан төменгі шаруашылық биліктерге бөлінуі мүмкін (басқарудың бүл деңгейінде валюта қорларын жасау кезінде).

Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бүл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады. Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:

-24-


1. Дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниялардың,

фирмалардың экспорттық әлуетін ұлғайту;

2. Импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе
мұндай өнімнің қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге
асыру үшін валюталық ресурстар есебнен құрал - жабдык;, саймандар,

материалдар, технологиялар, лицензиялар,ноу - хау сатьгп алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары

Шақырылады, кадрларды оқытады.

3. Валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін


пайыздар өтеу;

4. Мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы


рыноктерде операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін
комиссиялық сыйақылар төлеу;

5. Капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың,
фирмалардьщ каржы және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып
алуға жүмсау;

  1. Сыртқы экономикалық міндеттемелер бойьшша келісімдердің
    шарттарын бүзғаны үшін айыппүлдар, өсімпүлдар, өтемақылар төлеу;

  2. Ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін үлттық валютаны
    сатып алу;

8. Ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
тұтыну және мәдени - тұрмыстык арналымның шетелдік тауарларын, дәрі -
дәрмектерді, медициналык жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген
нормативке сәйкес).

Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.

Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік инфракұрлымының, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізудің, келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді,

-25-маркетингтік зертгеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы

міндеттерін орындау үшін біріктіруге құқылы.

2-тарау Қазақстан Республикасының валютасы - теңге. 2.1 Теңгенін шығу тарихы

Ұлттық валютаны енгізгенге дейін Қазақстанның саяси ұстанымы ТМД елдерінің экономикасын біріктіруге бағытталған еді. Шындығында, бірыңғай валютаны пайдалана отырып, кооперацияның артықшылықтарын толайым қолдануға және өзара тиімділікпен ынтымақтасуға болар еді. Алайда, қазақстандык басшылық пен ТМД-ның басқа қатысушыларының талпыныстарына қарамастан, рубль аймағы ұзаққа бармады. Ресейлік рубльдің енгізілуі шын мәнісінде ыдыраудың басталуын білдірді және басқа мемлекеттерді өз ұлттық валюталарын енгізуге итермеледі.

Қазакстан теңгені тура он екі жыл бүрын енгізді. Тарихи даму тұрғысынан бұл мерзім көп емес, бірак экономикалық тұрғыдан өз валютасының Қазақстан үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті.

Теңгені енгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында жүргізілді. 1992 жылдың қаңтарында бағаны әкімшілік реттеу жағдайында жасырынған инфляцияны босатқан бағаның ырықтану үдерісі басталды. Мемлекет біртіндеп түтыну, өнеркәсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаларды, энергия тасымалдаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты.

1992 -1993 жылдардағы ақша жиынының бақыланбай үлғаюы және банкілердің кәсіпорындарды теріс сыйақы мөлшерлемесімен несиелеуі, елге кеңестік сомдарды лақтыра салу инфляция қарқынын үдете түсті. 1992 - 1993 жылдары еліміздегі инфляция деңгейі 2960,8 пайызды және тиісінше 2165,0 пайызды құрады, сөйтіп экономикада дағдарысты тездетті. КСРО ыдырағаннан кейінгі республикалар арасында

-26-шаруашылық байланыстарының үзілуі, кәсіпорындардың қаржылық

ахуалының нашарлауы, олардың негізгі және айналымдық капиталының, халықтың жинақ ақшаларының құнсыздануы республиканың инвестициялық әлеуетін күрт қысқартты. Халықтың атаулы жалақысы мен басқа табыстарының өсуі бағаның қарқынына ілесе алмады. Оның нәтижесінде олардың сатып алушылық қабілеті төмендеді, халықтың негізгі бөлігі қайыршылыққа ұшырады. Осы үрдістер экономикадағы жиынтык сұраныстың күрт қысқаруына әкеп соқты, ақыр соңында шынайы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 1992 жылы 5,3 %-ға, ал 1993 жылы 9,2 %-ғакеміді.

Республика экономикасын инфляцияны күшейткен теріс үрдістерден қорғау мақсатында Президент пен республика Ұкіметі Ұлттық валютаны енгізу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық валютаны енгізу жөнінде аддын ала жұмыс босалқы нұсқа ретінде 1992 жылдың күзінде басталды. Сол кезде оны енгізу жөнінде бағдарлама жасақталып, Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен еді. Алайда, тек рубль аймағы болмайтыны айқындалған кезде ғана Қазақстан Республикасының Президентінің 1993 жылдың 3 қарашасындағы Жарлығымен Қазақстан Республикасьшың ұлттық валютаны енгізу жөнінде Мемлекеттік комиссиясы және оны енгізуге байланысты іс - шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобы құрылды.

Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі іс -шараларды тым қысқа мерзімде жүргізу керек болды. Мұнда осы қадамға техникалық дайындықты қамтамасыз ету мен ақша - несиелік, салық - бюджеттік, әлеуметтік және сыртқы экономикалық салаларда шаралар кешенін жүргізу қажет еді.

Күрделі экономикалық ахуалда басты назар ескі ақшаларды айырбастау шараларымен байланысты мәселелерді шешуге, сондай - ақ айырбастаудың шынайы ауқымын анықтауға аударылды. Ұлттық валютаны енгізудің әралуан нұсқалары пысықталып жатты. Аралық

-27-немесе қосарлас валютаны, "купондарды" не оның қайсыбір

алмастырғыштарын енгізбей, тез арада толықканды валютаны тікелей енгізу шешілді. Уақыт осындай қадамды ақтады, өйткені уақытша ақша белгілерін енгізген елдер шын мәнісінде екі ақша реформасын бастан кешірді.

Валюталык түзімді ұйымдастыру саласында күрделі мәселелерді шешу күн тәртібінде тұрды. Валюталык бақылаудың дәрежесі мен нысандарын түбірінен өзгерту шешілді. Шетел валютасын Қазақстан банкілеріне шет жерден қайтаруды қамтамасыз ететін уәкілетті банктердің атқарымдары мен экспорттаушылардың міндеттерін айқын белгілеу керек еді. Сондай - ақ ретгелетін құбылмалы айырбас бағамының түзімін тандаудьщ ерекше маңызы болды.

Ұлттык валютаны енгізу тұсында Қазақстан Ұлттық Банкі күрделі, қарама - қайшылық жағдайда 452 млн. доллар мөлшерінде алтын валюталық қорды қүра алды. Жаңа купюралардың қажетті қоры құрылды, олар өз банкнот фабрикамыздың жоқтығынан қатаң кұпия түрде ең қысқа мерзімде Ұлыбританияда басып шығарылды.

Ақша реформасының қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті теледидар ақылы 1993 жылдың 12 - қарашасында Қазақстан Республикасының азаматтарына оның мақсаты мен қажетгігін түсіндіре мәлімдеме жасады. Теңге 1993 жылдың 15 - қарашасьшан еліміздің бүткіл аумағы бойынша айналысқа енгізілді. Бірінші кезеңде қарашаның 15-нен 17-сі бойынша ұлттық валютамен қатар 1-500 сомдық банкноттардың қосарлай жүруіне жол берілді. Ал 1993 жылдың 18-қарашасынан ұлттық валюта Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз заңды төлем кұралы болып табылды. Банктер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің барлық активтері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді.

Айналыстан 1961 1992 жж үлгідегі рубль купюралары 950,6 миллиард сомасында алынып тасталды. Айырбас нәтижелері еліміздің

-28-аумағындағы бар рубльдің мөлшері туралы болжамды растады.

Алдын ала есептеулер бойынша республикада шамамен 1,3 триллион сомға дейін қолма - қол ақша жиналған. Ұлттык банк мекемелерінің резервтік қорындағы қолма - қол ақшасын ескергенде жалпы сомасы 1,2 триллионды құрады.

Дер кезінде жүргізілген дайындық іс шаралары айырбасты белгіленген мерзімде аяқтауға және ақша реформасының мақсаттарына жетуге мүмкіндік берді. Осы мұғдарда әрбір есепшіге, бухгалтерлік жұмыскерге, ақша жинаушыға түскен жүктің бірнеше есе ауыртпашылық жағдайында банк жүйесі мекемелерінің жұмысын айрықша атап өту керек.

Ұлттық валютаны енгізу Ұлттық Банкке экономикалық, ақша несиелік және валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік жасады. Енгізілген түстан теңге құбылмалы айырбас бағамьшың түзімінде қолданыла бастады.

Осы оқиғаладан соң ілезде Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы құрылды. Жаңа қаржы институты валюта бағамын түзілдіру мен реттеу үшін керек болды. Биржалық сауда - саттық алдымен аптасында 2 рет, сонан соң 3 рет және ары қарай 1995 жылдан бастап күнделікті жүргізілді.

1994 жылы Қазақстанның жаңа тарихында алғаш рет егеменді мемлекеттің экономикасы ұлттык валютаға негізделді. Бүл жыл күрделі болды. ТМД-ға қатысушы елдердің қаржылык жүйелерінің бөлінуі тиісті өзара үйлесімсіз, валютаны енгізу мерзімдерін, бүрын қол қойылған келісімдерді бүза жүргізілді. Бүған экономикалық қиындықтар, банк жүйесінің өркендеуі мен қаз түру мәселелері қосылды.

АҚШ долларына катысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бүл бірқатар себептердің салдарынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция шығандап 1158,3 пайызға жетті. Өзара есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің құлдырауы да теріс әсерін тигізді. Импорттық тауарларға қанағаттанғысыз сүраныстың

-29-көлемі едәуір боп қалды. Ал, сыртқы сауданы ырықтандыру импорт

көлемдерінің өсуін және оның экспорттан асуын тудырды. Сөйтіп бұл шетел валютасына сүраныстың артуына, демек, доллар бағамының өсуіне ықпал етті. Осы мезгілде кәсіпорындардың өкілетті банктер арқылы қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасьшдағы (ҚБВБ) тауарлардың, жүмыстарды, ісметгердің экспортынан түскен пайданың 50 пайызын міндетті түрде сатуын енгізуге тура келді. Бүл валютаның түсуін көбейтті және ұлттық валюта бағамын белгілі бір тұрақтандыруға келтірді.

1995 жыл республикадағы толыққанды валюта нарықнамасын түзілдіруде бетбұрыс кезең болды. Жыл қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 60,3 пайызды, ал долларға қатысындағы құнсыздануы 17,9 %-ды құрады.

-30-


3-тарау Қазіргі кезеңдегі валюта.

3.1 Қазақстанда тенгенің тұрақтылығы.

Ұлттық валютаға деген өскелең сенім, сауда саттық теңгерім сальдосының жақсартылуы, көшіп келушілер трансферттерінің кемуі, сондай - ақ жаңа табыстық қаржы құралдарының іске қосылуы қолма -қол және қолма - қолсыз валютаға дүрлітпелік сұранысты жоқ қылуға жәрдемдесті. Нәтижесінде валюта рыногында тұрақтанудың алғашқы белгілері байқала бастады. Біртіндеп валюталық түсімнің міндетті сатып алуы 50-ден 30 пайызға кемітілді, сонан соң мүлдем алынып тасталды. Өз кезегінде бүл жеткілікті түрде өтімділі және көлемдері бойынша едәуір банкаралық валюта нарықнамасының қалыптасуына қол жеткізді.

Ұлттық Банктің теңгенің айырбас бағамын түсілдіруге қатысуы ҚБВБ-на шабуылдармен шектелді. Олар валюта рыногындағы жағдаяттың қысқа мерзімдік өзгертулерінің нәтижесінде бағам тербелісін жою үшін жүргізілді. Жоғары тиімділік көрсеткен реттелетін құбылмалы бағам саясаты аз инфляцияның ауыздықтыруға мүмкіндік берді. Мүндай түсімде түрақтандыруға, сонан кейін экономиканың өркендеуіне қол жеткізілді. 1996 жылы Ұлттық Банк реттелетін өзінің валюталық саясатын жүргізуді жалғастырды.

Теңгенің АҚШ долларьша қатысты бағамының бір мезгілдегі кұлдырау кезеңінде инфляция тежелді. Ұлттық валютаға деген сенім артты. Ал, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылык міндеттемелері және Ұлттық Банк ноталары секілді қаржылық кұралдар енгізу нәтижелері қолма - қол және қолма - қолсыз шетел валютасына елеулі сұранысты әжептәуір азайтуға мүмкіндік жасады. Доллаға қатысты атаулы айырбас бағамының төмендеуі 15,4 %-ды құрады.

1996 жылдың 16-шілдесіндесінде Қазақстан өзіне "Халықаралық валюталық қор келісімдері Баптарының" шарттарына қосылғаннан соң қайсыбір валюталық шектеулерді қолданбауға міндеттеме алды. Біздің

-31 -еліміз сондай - ақ төлемдік балансқа байланысты себептер бойынша

валюталық бағамдардың көбейтілуін іске асырмауға, импортқа шектеулерді енгізбеуге және күшейтпеуге міндеттемелер алды. Халықаралық ағымдык мәліметтер бойынша төлемде мен аударымдар жөнінде шектеулер алынып тасталды. Бұл теңгенің еркін айырбасталымдығын қамтамасыз етуге және шектеулерден азат көпжақты төлемдер жүйесіне көшуге мүмкіндік берді.

Ұлттық Банктің 1997 1998 жж ішкі валюта рыногыдағы басқыншылық жалғасты. Олар теңгені атаулы бағам тербелістерін деңгейлестіру мақсатында жүзеге асырылды. Осы мезгілде республикамыздың тәуелсідігінің 7 жыл ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларына қатысындағы ең төменгі құнсыздану көрсеткішіне 2,8 пайызға қол жеткізілді.

Әсіресе теңге бағамының күрт тербелістері қолма - қол шетел валютасы рьногында байқалды. Қазақстандықтар Ресейдегі оқиғалар бізде де көрініс табады деп күтті. Соның нәтижесінде құнсыздану болып өтті. Тамыз қыркүйек айларында шетел валютасына дүрлікпелік сүраныс туындады.

Қазақстанның сауда саттық серіктес елдеріндегі, ед алдымен Ресейдегі үлттық валютаның елеулі қүнсыздануы, сондай - ақ мүнай мен түсті металдарға әлемдік бағалардың қолайсыз жағдаяты теңгенің шынайы мәнінде айтарлықтай қымбатгауына әкеп сокты (1998 жылдың қаңтарынан желтоқсаны бойынша 21 пайызға, жылына орташа есеппен -14,5 пайызға). Бүл қазақстандык тауарлардың ішкі және сыртқы саудалық операциялар жөніндегі төлемдік баланстың теріс сальдосын үлғайтты, экономикалық өсу қарқынына қолайсыз әсер етті.

Көтеріңкі бағамның еліміздің экономикасына теріс сапдарьшың алдын алу үшін Үкімет пен Ұлттық Банк 1999 жылдың 4 - сәуірінде реттелетін құбылмалы айырбас бағамы түзімінен еркін құбылмалыкка көшутуралы жария жасады.

-32-Валюталық бағам түзімінің ауысуы және соның ізінше болған

теңгенің қүнсыздануы теңге бағамын асыра бағалауды жоюға мүмкіндік берді. Бұл тұтастай алғанда, еліміздің әлемдік нарықнама бәсекеге қабілеттілік айқындамаларын қалпына келтіруге ықпал етті.

Ұлттық банк өзінің ішкі валюталық рынок сауда саттығына қатысуын едәуір қысқартты және енді басым түрде шетел валютасын сатып алушы ретінде бой көрсетті. Сөйтіп өзінің алтын - валюталық резервтерін толықтырып алды. Ұлттық Банктің ішкі валюталық рыноктағы әрекеттері бағамның ұтымды күтістерден асатын тербелістерге жол бермеумен шектелді. Сонда да еркін құбылмалы бағамның түзімі қазақстандык тауарлардың бағалық бәсеке кабілеттігін кемітетін валюталык бағамды артық бағалаудың алдын орады.

1999 жылдың сәуірінде жаңа түзімді енгізген кезде ұлттык валютаның 30,3 пайызға күрт құнсыздануы болды. Сонан соң қүлдырау қарқыны мамырда 12,4 пайызға, маусымда 2,5 пайызға кеміді. Ұлттық Банктің валюталық рыноктағы белсенділігінің едәуір төмендігін ескергенде, бүл валюталық рынокта ағымдағы нарықтық жай -- күйге пара-пар салыстырмалы тепе - теңдікке қол жеткізгені туралы айғақтады. Одан арғы мезгілдерде теңгенің биржалық бағамының орташа айлық тербелістері 0,3 пайыздан аспады. Түтастай алғанда, 1999 жыл үшін теңгенің АҚШ доллары бойынша биржалық бағамы 64,6 пайызға кеміді және жылдың аяғьшда 1 АҚШ доллары үшін 138,25 теңгені кұрады.

1999 жылғы ішкі валюталық рыноктың дамуы көбінесе


экономикадағы оңды алға жылжуларымен айқындалды. Сол жылы евро
бойынша сауда - саттықтың басталуы маңызды жаңалық болды.

2000 жылы теңгенің биржалық бағамының тербелістері ұтымды


күтіс шектерінде болып, орташа айлық өзгерістері 0,1 0,5 пайыз
аралығын алды. Осы жылы АҚШ долларьша қатысындағы теңге бағамы
5,2 пайызға кеміп, жыл аяғында 1 АҚШ доллары үшін 145,4 теңгені
кұрады.

-33-Теңгенің айырбас бағамының қазақстандык кор биржасында

АҚШ долларына қатысындағы өзгеріс серпіні ішкі валюталық рыноктағы тұрақтылық туралы түйіндеуге мүмкіндік берді. Байқалған тыныштық заңды еді. Теңгенің нығаюына көбіне әлемдік өндірістің жандануы мен қазақстандық экспорттың негізгі баптырына арналған баға жағдаятының арқасында оңды төлем балансы, алтын - валюталық резервтерінің өсуі, сондай ақ ресейлік рубльдің долларға қатысты нығаюы ықпал етті. Ұлттық валюталық бағам алып - сатарлық қысымға ұшырамады, шетел валютасының жеткілікті ұсынысы оған деген сұранысты толык канағаттандырды.

Ұлттық Банк теңгенің шынайы мәнінде едәуір нығаюына жол бермеуге бекер ұмтылмады. Бұл әрекеттер қазақстандық экспорттық тауарлардың бәсекелестік қабілет деңгейін сақтауға мүмкіндік жасады. Шынайы айырбас бағамының индексі (бәсекелестік кабілеттің негізгі көрсеткіші) бойынша есептеулер қаржылық саясаттың дұрыстығын растады. 2000 жылы теңге бағамы бар - жоғы 2,8 пайызға өсті.

2001 жылдың бас кезінен ішкі валюта рыногындағы жағдаят айтулы тербелістерге ұшыраған жоқ: теңгенің биржалық бағамының долларға қатысты өзгерістері елеусіз және біркелкі болды, теңгенің АҚШ долларына бағамы 148,95-ті құрады.

Мұнда қазіргі таңдағы экономика өркендеуінің көбінесе дүниежүзілік тауарлық нарықнамадағы (мүнайға, металдарға және т.б. жоғары бағалар) қолайлы жағдаятпен байланысты екенін терістеуге болмайды. Соңғы жылдары мүнай мен металдарға жоғары бағалар сақталып қалды. Алайда, нақ инфляция өсуінің төмен қарқыны және айырбас бағамының салыстырмалы тұрақтылыгы мемлекетіміздің экономикалык саясатына деген сенімнің артуына ықпалын тигізді.

Ұлттык валютаның қалыптасуын қарастыра отырып, таңдалған бағыт дүрыс деген қортынды шығаруға болады. Өз ақша бірлігін енгізу дербес экономикалық саясаттың негізіне кірді және нарықтық түрлендіру

-34-жолында тұтқалы кезең атанды. Мемлекетіміздің валюталық саясатын



дамытудың негізгі бағыттарының біріне Қазақстан Республикасында валюталық тізімді ары қарай ырықтандыруды жүзеге асыру жатады. Мақсаты Қазақстан Республикасы резиденттерінің экономикалық еркіндігін кеңейту болып табылатын ырықтандыру қажеттігі объективтік экономикалық себептерден туындайды. Бүл капитал қозғалысымен байланысты Ұлттық банкте валюталық операциялардың кейбір түрлерін лицензиялауды кезең - кезеңмен жоюды қоса отырып, капиталды кіргізу мен шығаруға валюталық реттеуді және бақылауды меңзейді.

Жақын жылдары Ұлттық Банк қазақстадық тауарлардың бағалық бәсеке қабілетін сақтауға ықпалын тигізетін теңгенің еркін құбылмалы айырбас бағамын сақтауды көздеп отыр. Ұлттық Банк теңгенің айырбас бағамының алыпсатарлық секірістерін алдын алу қажеттігі кезінде ішкі валюталық рынокта өте аз қатысуын жүзеге асыра отырып, айырбас бағамының түзілуіне араласпайды. Ал, жүйеленген оңды үрдістердің сақталуы отандық экономиканың ары қарайғы дамуы мен ұлттық валютаның ұзақмерзімдік келешектегі орнықтылығын сақтауға ықпал етеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет