Кайып Акбота Баймураткызы Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының мұғалімі



жүктеу 75.34 Kb.
Дата19.04.2019
өлшемі75.34 Kb.
түріБағдарламасы

Кайып Акбота Баймураткызы

Ақтөбе қаласы, М.Құрманғалиева атындағы №32 мектеп-гимназиясының мұғалімі

«Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық-мазмұндық аспектілері бастауыш мектептегі оқытудың жаңарған мазмұны ретінде (1-сынып)
Аннотация
Бастауыш мектептегі оқытудың жаңарған мазмұны ретінде «өзін-өзі тану» пәнінің 1-сынып бойынша оқу бағдарламасын тілге тиек етеміз. Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады. «Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымдық-мазмұндық аспектілері оқушыларға рухани-адамгершілік білім беруші ғана емес, сол рухани-адамгершілік білімді өмірде қолдана білуге дағдыландырушы құрал болып табылады.
Затронем разговор об обновленном содержании учебной программы предмета «самопознании» в первых классах начальной школы. Содержание учебной программы предмета самопознания рассматривает использование следующих методических приемов соответственно цели и задачи самопознания. Аспекты содержания предмета «самопознание» заключается как в передаче ученикам духовно-нравсвенного обучения, так и в применении ученикам этих же духовно-нравсвенных знаний.
Annotation
In order to show the new learning methods of teaching in primary schools, we talk for a moment about the curriculum of the subject “self cognition”. The content of this subject is to use different didactic materials to influence the objectives and obligations of self cognition. The structural curriculum aspect of the subject “self cognition” is not only getting moral and spiritual knowledge for students, but also it teaches to use it in life.
«Ар түзейтін бір ғылым табылмаса, зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес» - деп Шәкәрім Құдайбердіұлы «өзін-өзі тану» пәніне анықтама берген тәрізді. Өйткені, «өзін-өзі тану пәні» оқушыларға рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беретін бірден-бір пән.

«Өзін-өзі тану» пәні оқушыларды өздерінің өмірлік айқындамасын анықтауға; түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешуге; өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауға; адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болуға; өзімен-өзі үндестікте өмір сүріп, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болуға баулиды[1] .

«Өзін-өзі тану» пәні - жас ұрпақтың тұлғалық рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі адамгершілік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялары; отандық және шетелдік оқыту теориясындағы педагогика және психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік-психологиялық қырларын қалыптастырудағы тәсілдерін оқыту мен үйретуге арналған [2].

Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға негізделген пән болып табылады.

Бастауыш мектептегі оқытудың жаңарған мазмұны ретінде аталған «өзін-өзі тану» пәні 1-сынып бойынша оқу бағдарламасын тілге тиек етеміз. Өзін-өзі тану пәнінің оқу бағдарламасы мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-міндеттеріне әсер ету үшін оқытудың бірқатар әдістемелік тәсілдерін пайдалануды қарастырады.

Профессор А.Ф.Лосеф: «Тұлға бұл зомби емес, ғажап ғалам және оны қалыптастыру құдіреті ешкімге берілмеген». Бұл қағидат «өзін-өзі тану» пәнін оқыту үдерісінде біз тұлғаны қоғамның тапсырысы бойынша қалыптастырмайтынымызды, оқушы тұлғасының бұрыннан бар рухани-адамгершілік әлеуетін ашып, жарыққа шығаратынымызды көрсетеді. Рухани-адамгершілік білім - ол жүректің терең түкпірінде өтетін ішкі құбылыс. Өзін-өзі тану оқушылардың даму бағдарын сыртқы әлемді зерттеуден өзінің ішкі жан-дүниесін ашып, сананы даму жолына түскеннен кейін оқушы өзіне қажетті барлық білімді өзі айқындайды. Әрине, мұның бәрі педагогикалық арқылы жүзеге асады. Ал педагогикалық үдеріс сабақ жоспарының көмегімен жүргізіледі.

2016-2017 оқу жылында өзін-өзі тану пәні бойынша 1-сыныптың оқу бағдарламасына өзгертулер енгізілген болатын. Осыған байланысты сабақ жоспарында да өзгертулер орын алды.

Сабақтың басында оқушылардан міндетті түрде бес «Т» ережесі сұралуы тиіс. Бұлар: тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық. Ереженің бұлай аталуы оның құрамды бөліктерінің барлығы «Т» әрпінен басталуынан. Аталған ереже 1-сынып оқушыларынан тек сұралып қана қоймай, міндетті түрде орындалуы тиіс. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі бес «Т» ережесі арқылы педагогикалық үдерісті реттеп отырады.

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі әр сабақ үшін мынадай үш мақсат қояды:

1) оқушылардың барлығына қатысты (жаңа білімді меңгереді);

2) оқушылардың көпшілігіне қатысты (анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді, оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды);

3) оқушылардың кейбіріне қатысты (алған білімдерін өмірде қолдана алады). Осылайша, 1-сынып оқушыларының сабақта алған білімдерін меңгеру деңгейлеріне қарай мақсаттар қойылады.

Мақсат дегеніміз - іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, яғни күтілетін нәтиже [3]. Осыған орай әр сабақтың жетістік критерийі болжанады. Жетістік критерийі - әр сабақтағы оқушылардың алған білімдерінің деңгейі, нәтижесі, оны өмірде қолдана алуы. Мысалы, оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады, нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады. Бұдан шығатын қорытынды алдыға қойылатын мақсат пен күтілетін нәтиже бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Яғни, біз қандай мақсат қойсақ, сондай нәтижеге жетеміз:

Сабақ жоспарының реттілігі бойынша өзін-өзі тану пәніндегі жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесінің жіктемесі бойынша оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеуіміз керек. Енді бұл процесті қалай жүзеге асырамыз? Бұл орайда бізге мынадай жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі көмектеседі:



Адамның ойы, сөзі және ісі біртұтас ішкі үйлесімділігіне жету үшін жалпыадамзаттық құндылықтар әрекеті болу керек. Ол мынадай құрылым деңгейіне сәйкес:

1. Ақиқат - интеллектуалдық деңгей (ажырату деңгейі);

2. Дұрыс әрекет - физикалық деңгей (тән іс-әрекетке деген сүйіспеншілік);

3. Сүйіспеншілік - адамгершілік деңгей (менталды, ақыл-ой, сөз);

4. Ішкі тыныштық - эмоциональді деңгей (сезім);

5. Қиянат жасамау - рухани деңгей.



Жалпыадамзаттық құндылықтар - уақыт ағымына өзгермейтін, адамзаттың барлығы үшін маңызды құндылық.

Ақиқат дегеніміз - басқа құндылықтардың қайнар көзі. Оны шын мәнінде танысақ барлық іс-әрекеттер ақиқатпен сәйкестенеді. «Әр адамның шыңы жеке, ақиқат қана бір» - деген даналықты халқымыз бекер айтпаған [4].

Дұрыс әрекет - Жоғарғы Ақиқаттан шыққан іс-әрекет. Адам жамандықтан жақсылыққа бет бұрып, ар-ұятпен жетеленіп келе жатқанын дұрыс әрекет деп білеміз.

Сүйіспеншілік - адам рухының бірлесуге ұмтылысы. осы ұмтылыстан туындайтын әрекет адам өмірінің жоғары және бірден-бір заңы, мұны дүниенің жалған ілімдерімен шатаспайынша, іштей барлық адам біледі әрі сезінеді.

Ішкі тыныштық - өмірді үйлесімділікпен басқара алу. Ол өмірлік энергияға толы. Ол - жердегі біздің өмірімізбен біртұтас. Егер ішіміздегі қажетті жолдарды ашатын болсақ, онда ондай тыныштықты қазір сезінуге болады.

Неліктен ақиқат ағаштың тамыры болады? Өйткені, өмірде барлығы ақиқаттан бастау алады. Адам ақиқатқа көз жеткізсе, дұрыс әрекеттер жасайды. Адамның әрекеттері дұрысталса айналасына сүйіспеншілікпен қарай бастайды. Сүйіспеншілік сезіміне бөлену арқылы адам баласы ішкі жан-дүниесінің тыныштығына қол жеткізеді. Жан-дүниесінде ішкі тыныштығы орнаған адам ғана барлық тіршілік иесіне, қоршаған ортаға, айналасындағы жандарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, жалпы табиғатқа мүде қиянат жасамайды. Осылайша, адам баласы руханилықтың ең биік шыңына шығады.

Махатма Ганди айтпақшы: «Қиянат жасамау - бұл ең қуаттылардың қаруы». Қиянат жасамау - тұлғаның үйлесімді дамуының нәтижесі [5].

Жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін терең, өз мәнінде түсіне білсе, онда оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана алады. Ал оны түсіндіре білу тікелей өзін-өзі тану пәнінің мұғаліміне байланысты.

Өзін-өзі тану пәні сабағында өткізілетін әрбір тақырыптың басқа пәндермен байланысын да көрсету қажет. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пәндермен интеграциясы - ол, ең алдымен меткептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол - біртұтас білім, барлық пәндерді мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандылықтың біртұтастығын көре білу. Мәңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын нәрселеріміздің барлығының біртұтас екендігін көрсетуіміз керек.

Өзін-өзі тану пәні сабағындағы жоспарланатын іс-әрекеттер тізбесінде сергіту сәті, жаттығу, ойындар маңызды орын алады. 1-сынып оқушылары үшін кіші мектеп жасындағы ойын балалары болғандықтан сергіту сәтін жүргізу міндетті.



«Сергіту сәті» - шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті. Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, реакция жылдамдығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді.

«Ойын», «Жаттығу» - оқушылардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойын әрекеттері мен жаттығулар арқылы баланың жеке тәдірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Оқушылар ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбалыстарымен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларына ие болады. Өмірлік дағдыларды меңгереді.

«Бейнематералдар көру» (фильмнен, мультфильмнен үзінділер және т.б.) - оқу ақпараттарын жеткілікті көрнекілік нысанда ұсынуға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Бұл арқылы мұғалім АКТ (ақпараттық-коммуникативтік технологияларды) қолдануына мүмкінлік туады.Айқын көркем бейнелер балалардың өтілген материалдың мазмұнын қабылдауы мен меңгеруін күшейтеді [6].

Сабақтың соңында оқушылар «бас бармақ» тәсілі бойынша бағаланады. Осылайша, өзін-өзі тану пәні жаңа бағытты ұстана отырып, білім беруді ізгілендіруге айтарлықтай үлес қосуда.

Білім беруді ізгілендірудегі маңызды мақсат - адамды әдеттегі үйреншікті сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы өркениетті көтеру.

Өмір мейірімділікті дамытып, зұлымдықтан арылу үшін тоқтаусыз қалыптасып және жаңарып отыру керек. Адам рухани даму деңгейіне жеткенде ғана оның бойында ізгілік болады. Білім ізгілікке бағытталмаса, адам бойында ізгіліктің нышаны байқалмаса, онда білім пайдасыз ұстаным болып табылады. Яғни, керісінше білім беру руханилыққа бет бұрса, онда сөз жоқ өмір бақытқа, тыныштыққа, адамдар арасындағы өзара түсіністікке толы болар еді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт. - Алматы: «Бөбек», ҰҒПББСО 2010.

2. Жалпы орта білім беретін мектептерге арналған өзін-өзі тану пәні бойынша бағдарламалар жинағы. - Алматы, «Бөбек», ҰҒПББСО, Адамның үйлесімді даму институты, 2010.

3. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия. - Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998.

4. А.Сейтақов, А.Қажығалдиева . Ақиқатты тани біл Ғибрат толғамдары /құраст./ - Алматы: «Бөбек» баспасы, 2009. - 320 бет.

5. Ж.Ж.Молдабеков. «Өзін-өзі танудың негіздері»: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқу құралы. - Алматы, 2008.



6. «Өзін-өзі тану» студенттерге арналған хрестоматия. - Алматы: «Бөбек», ҰҒПББСО, 2007. - 308 бет.
Каталог: uploads -> 2018 -> post01
post01 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
post01 -> Кіріспе Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды
post01 -> Оқу ісінің меңгерушісі 2014 ж Пән аты: Информатика
post01 -> Шаян көп салалы лицей жалпы орта мектебі
post01 -> «Доптар мектебі» Білім беру саласы
post01 -> Айнұр Жүнісова Бақтиярқызы
post01 -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу
post01 -> «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет