Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бас директорының орынбасары Бет Бекдол Газа секторының халқы апатты ашаршылық алдында тұр екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aa.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

БҰҰ өкілі атысты шұғыл тоқтатуды сұрады.

7 қазаннан бері 31 мыңнан астам адам Израильдің Газаға жасаған шабуылынан мерт болды.

БҰҰ сарапшылары бірнеше ай бұрын Газаның бүкіл дерлік халқы, яғни 2,2 миллион адам азық-түлік тапшылығын бастан кешіп жатқанын ескертті.

  • "Аш-жалаңаш жүрсе де, өте cалмақты": Газа секторына гуманитарлық көмек көрсетуге барған қазақстандық ерікті сондағы халықтың жағдайы туралы айтты

Біріктірілген азық-түлік қауіпсіздігі сақтау (IPC) шкаласы бойынша азық-түлік қауіпсіздігінің 3-деңгейі дағдарыстық жағдай, 4-деңгейі төтенше жағдай, 5-деңгейі ашаршылыққа жақын апатты жағдай екен. Газа халқы 4-деңгейді бастан кешіріп жатыр.

БҰҰ өкілінің айтуынша, бесінші деңгейге көшетіндердің саны арта түседі.

Бет Бекдол Газа секторында атысты тоқтату туралы халықаралық қауымдастықтың үндеулеріне қосылды. 

Бекдол Израильдің бомбалауы нәтижесінде Газа секторындағы егістік алқаптары мен ауылшаруашылық өндірісі зардап шеккенін баса айтты.

"Бізге келіп түскен деректер бойынша ауылшаруашылық алқаптарының шамамен 43 пайызы қираған, жылыжайлардың 26 ​​пайызы толығымен жойылған және суару, ауылшаруашылық су ресурстары немесе құдықтардың шамамен 30 пайызы қираған", – деді ол.

Оның айтуынша, осыған байланысты қалпына келтіру және қайта құру бойынша түрлі жұмыстарды атқару керек.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.